Об утверждении минимальных размеров страховых резервов страховой (перестраховочной) организации Күшін жойған
Басқа 0
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің ең аз мөлшерін бекіту туралы
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5) тармақшасына сәйкес және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін сақтандыру резервтерінің мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
Тармақша 1
1) ерiктi түрде сақтандырудың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, "медициналық сақтандыру" класы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын қоспағанда - қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының кемiнде 50 процентi;
Тармақша 2
2) міндетті сақтандырудың қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша кемінде 65 проценті.
Ескерту: 1-тармаққа толықтыру және өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 қарашадағы N 450 қаулысымен , 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 432 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап алпыс күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, актуарийлер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.