О коммунальных государственных жилищно-эксплуатационных предприятиях города Павлодара Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қаласының коммуналдық мемлекеттік тұрғын үй-пайдалану кәсіпорындарын тарату туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет басқармасы НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 30.11.2001 қорытындысымен. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен. Облыстық коммуналдық мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының таратылуына және пәтер иелері кооперативтерін құрылуына байланысты ШЕШІМ
Тармақ 1
1. № 1-6 коммуналдық мемлекеттік тұрғын үй-пайдалану кәсіпорындары (КМТПК), ПАвлодар қаласының «Надежда» және «Время» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары (КМК) Қазақстан Республикасының заң қағидаттарына сәйкес таратылсын.
Тармақ 2
2. Павлодар қаласы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарын тараты жөніндегі комиссия құрылсын, оған таратылатын кәсіпорындардың істерін басқару өкілеттіктері берілсін (тіркеліп отыр).
Тармақ 3
3. Қалалық коммуналдық меншік басқармасы бұған дейін өткізілген тендерлердің қорытындылары бойынша жалға берілген № 1-6 КМТПК мен «Надежда» және «Время» КМК мүлкін белгіленген тәртіпте қарамағына қабылдап алатын болсын.
Тармақ 4
4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментіне жүктелсін.
Басқа 5. Павлодар қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарын тарату жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің міндетін атқарушының 1998 жылғы «16 шілде» № 236 шешіміне қосымша Павлодар қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарын тарату жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Исаев Н.Н. – облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаменті бастығының орынбасары, төраға. Қалышбеков М.Б. – Павлодар қаласы Индустриалды ауданы әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары. Доронин С.И. – Павлодар қаласы Индустриалды ауданы әкімінің аппараты көркейту және тұрғын үй қоры инфрақұрылымы бөлімінің меңгерушісі, хатшы. Олина Л.В. – Павлодар қаласы Ильич ауданы әкімі аппараты көркейту және тұрғын үй қоры инфрақұрылымы бөлімінің меңгерушісі, хатшы. Комиссия мүшелері: Беленко В.В. - № 1 КМТПК бастығы. Двинянина В.И. - «Надежда» КМК бастығы. Іліясов Н. И. - № 6 КМТПК бастығы. Михайловский А.Б. - № 4 КМТПК бастығы. Муравский С.В. - № 2 КМТПК. Панов С.Г. - Павлодар қаласы қалалық коммуналдық меншік басқармасының бастығы. Садаков Ж.Е. - № 5 КМТПК бастығы. Тихомиров В.Н. – «Время» КМК бастығы.