Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории некоторых сельских округов Жуалынского района Жамбылской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысы Жуалы ауданының кейбір ауылдық округтары аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Инспекция) 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 6-3-5/742 ұсынысы негізінде, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы Жуалы ауданының кейбір ауылдық округтары аумағында залалданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Инспекция (келісімі бойынша), аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Залалданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген Жамбыл облысы Жуалы ауданының кейбір ауылдық округтары аумағы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы «13» қарашадағы № 221 қаулысына қосымша Залалданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген Жамбыл облысы Жуалы ауданының кейбір ауылдық округтары аумағы Аудан атауы Ауылдық округтер атауы Шаруа қожалықтарының атауы Залалдану аумағы (гектар) Картоптың алтын түстес жұмырқұрты (Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens) Жуалы Ақтөбе «Жаңаталап» шаруа қожалығы 128 «Ақмарал» шаруа қожалығы 28 «МААК» шаруа қожалығы 8 «Айкүміс» шаруа қожалығы 10 «Арапат» шаруа қожалығы 2 Ақсай «Айдар» шаруа қожалығы 16 «Жандос» шаруа қожалығы 31,6 Барлығы 223,6