Об утверждении Правил проведения государственного надзора и контроля за соблюдением обязательных требований нормативных документов по стандартизации, сертификации и за сертифицированной продукцией (работами, услугами) в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы Стандарттау, сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы " Стандарттау туралы ", " Сертификаттау туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарын орындауда және аталған заң актiлерiнiң талаптарына сәйкес мемлекеттiк қадағалау жүргiзу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қосымша берiлген Қазақстан Республикасындағы Стандарттау, сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Бөлiм басшылары А.Б.Жағыпаров және Ж.Т.Сүлейменова Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне қосымша берiлген Ереженi 10 күндiк мерзiмде тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасындағы Стандарттау, сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ЕРЕЖЕСI
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап қолданысқа енгiзiледi. Төраға м.а. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi төрағасының м.а. 2002 жылғы 17 мамырдағы N 169 бұйрығымен бекiтiлдi Қазақстан Республикасындағы Стандарттау, сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ЕРЕЖЕСI Осы ереже " Стандарттау туралы ", " Сертификаттау туралы ", "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы", " Өлшемдердiң бiрлiгiн қамтамасыздандыру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң бюджеттiк бағдарламаларының төлқұжаттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы N 138  қаулысына  сәйкес (N 059 "Тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiне сату саласында мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн үлгiлерiн сатып алу және сынау") әзiрлендi және стандарттау, сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмге мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн бекiтедi, бұдан әрi - мемлекеттiк қадағалау, бақылау. Өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын Мемстандарттың және оның аймақтық органдарының лауазымды тұлғалары үшiн, сондай-ақ тексерiлетiн Қазақстан Республикасының аймағындағы жеке және заңды тұлғалар үшiн, шетел фирмаларын қоса, осы Ереже мiндеттi болып табылады.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк қадағалаудың мақсаты - өнiм, жұмыс (қызмет көрсету), (бұдан былай - өнiм), сапасын, олардың азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыздандыру мәселелерiнде мемлекет мүдделерiн және тұтынушылардың құқығын қорғау болып табылады. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау - осы талаптарды бұзу фактiлерiн анықтауға, алдын алуға және жоюға бағытталған стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк органның және оның аймақтық бөлiмшелерiнiң, заң актiлерiнде аталған басқа мемлекеттiк басқару органдарының қызметi. Тiркелген сертификаттау жөнiндегi органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне мемлекеттiк бақылауды заңмен бекiтiлген тәртiп бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк орган және оның аймақтық бөлiмшелерi iске асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк қадағалау мен бақылаудың негiзгi мәселелерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын бұзушылықты анықтау, болдырмау, жоюға бағытталған талаптарының сақталуы;
Тармақша 2
2) сертификаттау ережелерiнiң, сертификатталған өнiм сапасының сақталуын бақылау;
Тармақша 3
3) мiндеттi сертификаттау ережелерi мен нормативтiк құжаттарында белгiленген мiндеттi талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және (немесе) сатылатын өнiм сапасының күйi туралы сенiмдi ақпаратты мемлекеттiк органдарға, басқа мүдделi ұйымдарға ұсыну.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк қадағалау және бақылау объектiлерi:
Тармақша 1
1) Бiрнеше рет өндiруге немесе қолдануға мүмкiн өнiм, процестер (жұмыстар), қызметтер;
Тармақша 2
2) өнiмге (қызмет көрсету, жұмыс) берiлген нормативтiк, техникалық және басқа құжаттама;
Тармақша 3
3) өндiрушiлер (сатушылар, орындаушылар) өнiмiн, сынақ зертханаларын (орталықтарын), сертификаттау органдарын мiндеттi сертификаттау жөнiндегi жұмысы.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк қадағалау Қазақстан Республикасы аумағында шетел фирмаларын қоса, жеке және заңды тұлғаларда өнiмнiң өмiршеңдiк кезеңiнiң кез келген сатысында жүргiзiледi: өнiмдi әзiрлеу және өндiрiске жеткiзу, оны даярлау, тарату (жеткiзу, сату), қолдану (пайдалану), сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату, сондай-ақ процестердi (жұмыстарды) орындау және қызмет көрсету.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк қадағалау Мемстандарт бекiткен тәртiп бойынша аттестатталған және белгiлi үлгідегi куәлiктерiне ие Мемстандарттың және оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органдарының лауазымды тұлғаларымен - мемлекеттiк инспекторларымен жүзеге асырылады. Тексерiске бақылау және қадағалау қызметiн атқарушы басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, сертификаттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар белгiленген тәртiп бойынша қатысуы мүмкiн. Барлық жағдайда тексерiстi Мемстандарттың немесе оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органдарының лауазымды тұлғалары басқарады.
Тармақ 6
6. Мемстандарт құзыретiне жататын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк инспекторы Мемстандарт төрағасы болып табылады. Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - Мемстандарт төрағасының орынбасары болып табылады. Астана және Алматы қалалары мен облыстардың Бас мемлекеттiк инспекторлары - Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органдарының басшылары болып табылады, олардың құрылымдық бiрлiктерiнде - Басқарма басшыларының орынбасарлары - негiзгi бөлiмшенiң тұрғылықты жерiнен тыс орналасқан қалалар бойынша бөлiм басшылары.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк қадағалау барысында сыртқы тексерiс, өнiмдi салыстыру, өлшем және сынақ бақылау және қадағалау нәтижелерiнiң сенiмдiлiгiн және әдiлдiгiн қамтамасыз ететiн басқа әдiстер қолданылады.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғалардың басшылары және жеке тұлғалар тексерiс кезiнде мемлекеттiк инспекторларға тексерiстi iске асыру үшiн қажеттi жағдайды қамтамасыз етуi тиiс:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк инспектор куәлiгiн және заңмен белгiленген талаптарға сай мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органында, және қажеттi жағдайда прокуратура органында тiркелген тексеру тапсырмасын ұсынған жағдайда қызмет және өндiрiстiк бөлмелерiне еркiн кiру;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк қадағалау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi, тексеру кесiмiн ресiмдеу үшiн бөлме мен ұйымдастыру техникасын, өлшем және сынақ құралдарын, үлгiлердi сынауға жеткiзуге арналған көлiк құралдарын ұсыну, аралық кесiмдерге, анықтама қағаздарына қол қоюға құқылы жауапты тұлғаларды бөлу;
Тармақша 3
3) сынақ жүргiзуге (талдау, өлшеу) шығындалған үлгiлер мен шығындардың құны республикалық бюджет, немесе өнiм үлгiлерiн сатып алуға және сынауға бюджет қаражаты бөлiнбеген болса, тексерiлетiн объектiлер шығындары есебiне жатқызып, нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн бақылау үшiн өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу.
Тармақ 2. 2. Мемлекеттiк қадағалауды дайындаудың және жүргiзудiң жалпы ережелерi
2. Мемлекеттiк қадағалауды дайындаудың және жүргiзудiң жалпы ережелерi
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк қадағалау төмендегiлердi ескере отырып, таңдаулы тексерiс арқылы жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жыл сайын Мемстандарт белгiлеген мемлекеттiк қадағалаудың басым бағыттары;
Тармақша 2
2) Үкiметтiң, Мемстандарттың және жергiлiктi атқарушы органдарының мақсатты тапсырмалары;
Тармақша 3
3) тұтынушылардың шағымдары мен басқа органдар тарапынан келген ақпарат;
Тармақша 4
4) тiркелген сынақ зертханалары (орталықтары) және сертификаттау органдары туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тiзiлiмiнiң деректерi.
Тармақ 10
10. Өнiм өндiрушiлер нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын сақтауына жоспарлы тексеру аралығы жылына бiр рет болады. Тауарлардың үлгiлерi аймақтық Басқармаларының басшылары бекiткен кестеге сай сатып алынады. Жеке және заңды тұлғалардың нормативтiк құжаттарында өнiмге қойылған талаптарды бұзу фактiлерi бойынша тұтынушылардың шағымдары мен кiнәрәт-талаптары, жоғарыдағы мекемелер мен жергiлiктi билiк органдарының қосымша тапсырмалары мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органына келiп түскен жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргiзiледi. Тексерiс нәтижесiнде нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптары, мiндеттi сертификаттау ережелерi анықталған жағдайда және заңнамада бекiтiлген ұйғарым берiлгенде, ұйғарымды орындау үшiн берiлген мерзiм аяқталған соң тексерiс ұйымдастырылуы тиiс. Егер ұйғарым алған заңды (жеке) тұлға анықталған бұзушылықтардың жойылуы туралы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi органына хабарласа және тиiстi рұқсаттарды беру туралы өтiнсе, тексерiс бұрын берiлген ұйғарымды орындауға арналған мерзiмге дейiн ұйымдастырылуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Мемлекеттiк қадағалаудың қандай да бiр объектiсiн тексеру жөнiндегi комиссия (инспектор) қызмет көрсететiн аймақтың, облыстың (қаланың) Бас мемлекеттiк инспекторымен құрылып (анықталып), бекiтiледi.
Тармақ 12
12. Тексерiс ұйымдастыру үшiн тексерiлетiн объект басшысына мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының тексерiстердi есептеу журналында және прокуратура органында мiндеттi түрде тiркелуге тиiстi, 1 қосымшасының нысаны бойынша тексерiс жүргiзу кесiмi даярланады.
Тармақ 13
13. Тексерiске әзiрлену барысында:
Тармақша 1
1) алдыңғы тексерiстердiң нәтижелерiне талдау жүргiзiледi, оның iшiнде бақылау және қадағалау жөнiндегi басқа мемлекеттiк органдары жүргізгені;
Тармақша 2
2) тексерiс затына қатысты нормативтiк және техникалық құжаттамаға талдау жүргiзiледi;
Тармақша 3
3) тексерiлетiн объект қызметiнiң нәтижелерi зерттеледi (есептiк деректер, шағымдар және т.б.);
Тармақша 4
4) қажеттi жағдайда тексерiс бағдарламасы әзiрленедi;
Тармақша 5
5) басқа мекемелердiң мамандарын және бақылауға алынған өнiм сапасы саласындағы сарапшыларды қатыстыру қажеттiлiгi жөнiндегi мәселе қарастырылады;
Тармақша 6
6) қаланың, облыстың сынақ зертханаларында (орталықтарында) бақылауға алынған өнiмге сынақ жүргiзу мүмкiндiктерi анықталады.
Тармақ 14
14. Тексерiлетiн объектiге келген соң объект басшысына немесе оны алмастырушы тұлғаға осы құжаттың 12-тармағына сәйкес әзiрленген тексерiс жүргiзу туралы хабарлама берiледi және тексерiс жоспарымен таныстырады. Одан соң комиссия мүшелерi - мемлекеттiк инспекторлар және қатыстырылған мамандар арасындағы жұмыс белгiленедi, және тексерiс объектiсi ұсынатын қажеттi мәлiметтер мен құжаттардың тiзiмi анықталады.
Тармақ 3. 3. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау жүргiзу ережесi
3. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау жүргiзу ережесi
Тармақ 15
15. Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау жүргiзу барысында бекiтiлген талаптарды сақтауға баға берiлуi тиiс. Осы мақсатпен өнiмнiң сыртқы түрi тексерiледi, салыстырылады және сынақ жүргiзу үшiн өнiмнiң үлгiлерi (сынамалары) iрiктеледi. Iрiктеу әдiстемесi және iрiктелетiн үлгiлердiң саны (iрiктеу көлемi) нақты өнiм стандарттарының талаптарына сәйкес болуы тиiс. Егер өнiм стандарты тұтас бақылауды көздейтiн болса немесе үлгiлердi iрiктеу мөлшерi белгiлемесе, iрiктеу мөлшерiн тексерiлетiн объект басшысының келiсiмiмен мемлекеттiк инспектор анықтайды, бiрақ кемiнде тексерiлетiн топтама өнiмiнiң 10%-ы немесе тұтас бақылау кезiнде кемiнде 3 бұйымы. Үлгiлердi iрiктеу 2-қосымшадағы нысан бойынша кесiммен ресiмделедi.
Тармақ 16
16. Өнiмнiң нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiк бағасы стандарттарды көзделген бақылау және сынақ (талдау, өлшеу) негiзiнде берiледi. Өнiмнiң сыртын тексерiлетiн объект мамандарының қатысуымен мемлекеттiк инспектор тексередi. Үлгiлердi сынау тексерiлетiн өнiмдi сынауға тiркелген кез келген зертханада (орталықта) жүргiзiледi. Ірiктелген үлгiлер (сынамалар) басқа өнiмнен оқшауланады, буып-түйiледi, пломба салынады немесе мөр басылады және iрiктеу кесiмiнiң көшiрмесiмен, сынақ бағдарламасы көрсетiлген 3 қосымшадағы нысан бойынша жолдама бағыт хатымен қоса сынаққа жiберiледi. Үлгiлер алынған өнiмнiң топтамасы, тез бұзылатын өнiмдерден басқасы, сынақ аяқталғанға дейiн сатылмайды. Сынақ көлемiн тапсырмаға байланысты тексерiстi басқарушы мемлекеттiк инспектор анықтайды. Сынақ нормативтiк құжаттарда белгiленген тек мiндеттi талаптар бойынша жүргiзiледi. Тұтынушылар шағымдары бойынша тексерулердi жүргiзген кезде өнiмнiң тұтыну қасиетiн негiздейтiн өнiм сәйкессiздiгiне сынақ осы көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 4. 4. Қолданылған үлгілердiң құны және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындар үлгiлердi сатып алуға және сынауға
4. Қолданылған үлгілердiң құны және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындар үлгiлердi сатып алуға және сынауға
Тармақ 17
17. Өнiмдi сынау, өлшеу, сыртқы түрiн тексеру және салыстыру нәтижелерi бойынша, 4-қосымшада ұсынылған нысан негiзiнде хаттама жасалады. Сынақ хаттамасы немесе сынақты жүргiзген тiркелген зертхананың хаттамасы тексерiс кесiмiнiң қосымшасы болып табылады. Сынақ нәтижелері үлгiлер алынған өнiмнiң топтамасын қамтиды.
Тармақ 18
18. Егер өнiмнiң сыртын тексеру және сынау нәтижелерi бойынша бұзушылық анықталмаса, тексерiс аяқталып, осы ереженiң 30-тармағына сәйкес кесiм ресiмделедi.
Тармақ 19
19. Өнiмнiң нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкессiздiгi анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың себептерi зерттеледi және толық бағдарлама бойынша тексерiс жүргiзiледi.
Тармақ 20
20. Мiндеттi сертификатталуға тиiстi өнiмдi бақылау процесiнiң барысында, сонымен қатар, төмендегiлер тексерiледi: уәкiлеттi орган берген сертификаттың болуы, оның түпнұсқалығы, ресімделуінің, тіркелуінің дұрыстығы, қолдану мерзімі немесе сәйкестiк декларациясының болуы; сәйкестiк белгiсiн қолдану құқықтылығы; инспекциялық бақылауды көздейтiн сертификаттау сызбасы бойынша сертификат берген сертификаттау жөнiндегi органы инспекциялық бақылау жүргiзгенiн дәлелдейтiн құжаттардың болуы.
Тармақ 21
21. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуына тексерiс жүргiзумен қатар тексерiлетiн объектіде, Мемстандарт бекiткен әдiстемелер бойынша, өлшем және сынақ құралдарымен қамтамасыздығы және олардың күйi тексерiледi.
Тармақ 22
22. Өнiмнiң сериялық өндiрiсi немесе оны өндiрушi кәсiпорынның сапа жүйесi белгiленген тәртiппен сертификатталған болса, мемлекеттiк қадағалау органдарымен тек келесi жағдайларда ғана тексерiледi:
Тармақша 1
1) тұтынушылардың шағымдары немесе жоғарыдағы мекеменiң тапсырмасы келiп түскенде;
Тармақша 2
2) егер сертификаттау жөнiндегi органының қызметiн тексеру нәтижесiнде өнiмге сәйкестiк сертификатын беру негiзсiздiгi немесе сертификаттау жөнiндегi органының сертификатталған өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзу барысындағы болған бұзушылық анықталғанда.
Тармақ 23
23. Өнiмдi сату сатысында мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн мыналар қажет: тауарлардың үлгiлерiн сатып алу және ақшалай қаражат алу үшiн Комитет Төрағасы мен аймақтық Басқармаларының басшылары арасында: толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасалады; тиiстi Басқарманың басшысы бекiткен кестеге сәйкес, аванс журналы бойынша ақшалай қаражатты алған соң, мемлекеттiк инспекторларға тауарларды сатып алу үшiн ақшалай қаражат берiледi; сату саласында тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн олардың үлгiлерiн сатып алу және сынау заңнамаға сәйкес iске асырылады. Yлгiлердi сатып алу тәртiбi: тауарлардың үлгiлерiн сатып алу орындары: тиiстi Басқарманың басшысы бекiткен кестеге сәйкес сату саласы (дүкен, супермаркеттер); сапасын және қауiпсiздiгiн анықтау үшiн сатып алынатын тауарлардың үлгiлерi - тiзiмге сәйкес (осы ереженiң 5-қосымшасы); тексерiстi ұйымдастыру үшiн тексерiлуге тиiстi объектiнiң басшысына, Басқарманың тексерiстердi есептеу журналында мiндеттi түрде және прокуратура органдарында тiркелуге тиiстi тексерiс жүргiзу туралы тапсырма (осы ереженiң 1-қосымшасы) әзiрленедi; өнiмдi сырттай тексерудi, оны салыстыруды нормативтiк құжаттардың өнiмге қойылатын талаптарының негiзiнде мемлекеттiк инспектор жүзеге асырады; сату саласында тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн тауарлардың үлгiлерi сатып алынады; тауарлардың үлгiлерiн сатып алу кезiнде мемлекеттiк инспектор тексерiске қатысушылар қол қойған тауарлардың үлгiлерiн iрiктеу кесiмiн (осы ереженiң 2-қосымшасы) жасайды және тауарға берiлген чектi тiркейдi; тауардың сатып алынған үлгiсiн мемлекеттiк инспектор тiркелген зертханаларға сынауға тапсырады (осы ереженiң 3-қосымшасы); тiркелген зертханалар тексерiске қатысушылардың қолы қойылған сынақ хаттамасын (осы ереженiң 4-қосымшасы) мемлекеттiк инспекторларға тапсырады; мемлекеттiк инспектор тексерiс нәтижелері, үлгiлердi iрiктеу кесiмi және сынақ хаттамасы негiзiнде тексерiске қатысушылардың қолы қойылған тексерiс кесiмiнiң 3 данасын (осы ереженiң 6-қосымшасы) және орындалған жұмыс кесiмiн (осы ереженiң 7-қосымшасы) жасайды; әрбiр тексерiс бойынша мемлекеттiк инспекторлар аймақтық Басқарма басшысына аванстық есеп бередi; терiс нәтижелер алынған жағдайда аймақтық әкiмшiлiк комиссиялары Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы Кодексiне сәйкес әкiмшiлiк шаралары қолданылады. Тiркелген зертханалардың тауар үлгiлерiне сынақ жүргiзу тәртiбi: тауарлардың үлгiлерiне сынақ жүргiзу үшiн тiркелген зертханаларды Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ашық конкурс жариялау арқылы анықтау; болашақ жеткiзушiлер үшiн нұсқау әзiрлеу; заңмен белгiленген тәртiп бойынша, Мемстандарт және тiркелген зертханалар арасындағы шартына сәйкес тауарлардың үлгiлерiн сынау қызметiн көрсету үшiн төлеу; сынақ зертханаларының ай сайын, ағымдағы айдың 10-на дейiн, Мемстандартқа орындалған жұмыс кесiмiн ұсынуы; аймақтық басқарма басшыларының Мемстандарт бухгалтериясынан тауарлардың үлгiлерiн сатып алуға арналған ақшалай қаражатты тоқсан сайын алуы және ағымдағы айдың 10-на дейiн түпнұсқалы құжаттарды қоса бухгалтерияға аванстық есеп беруi:
Тармақша 1
1) тексерiс кесiмi (iрiктеу кесiмi мен тауарларды сатып алу чегiмен қоса);
Тармақша 2
2) тiркелген зертханаларымен орындалған жұмыс кесiмiн жасау.
Тармақ 5. 5. Сертификаттау жөнiндегi органдарының және сынақ зертханаларының қызметiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу ережесi
5. Сертификаттау жөнiндегi органдарының және сынақ зертханаларының қызметiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу ережесi
Тармақ 24
24. Сертификаттау жөнiндегi органдарының және сынақ зертханаларының қызметiне мемлекеттiк қадағалау олардың қызметiнiң тiркелген талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң талаптарының сақталуын тексеру мақсатында жүргiзiледi.
Тармақ 25
25. Тiркелген сертификаттау жөнiндегi органдарына тексерiс жүргiзу барысында төмендегiлер анықталады:
Тармақша 1
1) өнiмдердi (қызмет көрсетулердi), сапа жүйелерiн, өндiрiстi сертификаттау жөнiндегi органның тiркеу аттестатының болуы;
Тармақша 2
2) нормативтiк құжаттамаларының қажеттi қорының болуы және оның көкейтестi ету уақыттылығы;
Тармақша 3
3) тиiстi персоналдың болуы және оның бiлiктiлiгi;
Тармақша 4
4) органға бекiтiлген өнiмдi сертификаттау ережесi мен тәртiбiн белгiлейтiн құжаттардың болуы;
Тармақша 5
5) сертификаттау жөнiндегi орган ережесiнде және мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң құжаттарында белгiленген талаптардың сақталуы;
Тармақша 6
6) тiркеу саласына сәйкес өнiмге берiлген сәйкестiк сертификаттарының дұрыс ресiмделуi және берiлуiнiң негiздiлiгi;
Тармақша 7
7) берiлген сертификаттардың дұрыс тiркелуi;
Тармақша 8
8) өнiмнiң нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкессiздiгiне байланысты сертификат беруден бас тартқан жағдайлар;
Тармақша 9
9) қосалқы мердiгерлермен жұмыс iстеу ережесi;
Тармақша 10
10) сертификатталған өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзудiң дұрыстығы;
Тармақша 11
11) iшкi аудит жүргiзу.
Тармақ 26
26. Тiркелген сынақ зертханаларына тексерiс жүргiзу барысында төмендегiлер анықталады:
Тармақша 1
1) сертификаттау сынақтарын жүргiзу құқығына сынақ зертханасының тiркеу аттестатының болуы;
Тармақша 2
2) сертификаттау сынақтарынан өтетiн өнім түрінің зертхананың тiркелген саласына сәйкестiгi;
Тармақша 3
3) қажеттi персоналдың болуы, оның бiлiктiлiгi, қызмет нұсқауларының және бiлiктiлiгiн арттыру нысандарының болуы;
Тармақша 4
4) нормативтiк құжаттамаларының қажеттi қорының болуы және оның көкейтестi ету уақыттылығы;
Тармақша 5
5) сертификаттау сынақтары барысында қолданылатын өлшем құралдары мен әдiстемелерiнiң, сынақ құралдарының және сынақ әдiстемелерiнiң күйi, сынақ және өлшем құралдарын салыстырып тексеру уақыттылығы, стандарттық үлгiлердi қолдану дұрыстығы;
Тармақша 6
6) сыналатын өнiм үлгiлерiн iрiктеу кесiмiнiң және белгiлеу жүйесiнiң (таңбалау) болуы;
Тармақша 7
7) өнiм үлгiлерiнiң нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiгiн сынау толықтығы;
Тармақша 8
8) сынақ жүргiзу бағдарламалары мен әдiстемелерiнiң сақталуы;
Тармақша 9
9) сертификаттық сынақ хаттамаларының дұрыс ресiмделуi және сенiмдiлiгi;
Тармақша 10
10) сынақ сапасына iшкi бақылау және зертхананың сапаны басқару жүйесiне iшкi тексеру жүргiзiлуi;
Тармақша 11
11) өтiнушiлермен, басқа сынақ зертханаларымен, сертификаттау жөнiндегi органдарымен өзара әрекетi.
Тармақ 6. 6. Тексерiс нәтижелерiн ресiмдеу
6. Тексерiс нәтижелерiн ресiмдеу
Тармақ 27
27. Заңды және жеке тұлғаларды тексеру нәтижелерi бойынша 6-қосымшадағы нысан бойынша кесiм ресiмделедi.
Тармақ 28
28. Тексерiс кесiмi - қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиiстi шаралар қолдану туралы ұйғарымдар мен қаулылар беруге негiздеме болып табылатын құжат. Тексерiс кесiмiне қойылатын негiзгi талаптар:
Тармақша 1
1) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарының, мiндеттi сертификаттау ережелерiнiң бұзылуы туралы анықталған фактiлердiң және оның себептерiнiң сенiмдiлiгi және негiздiлiгi;
Тармақша 2
2) барынша қажеттi ақпараттың баяндалу қысқалылығы;
Тармақша 3
3) тексерiс нәтижелерiнiң толықтығы;
Тармақша 4
4) тексерiс нәтижелерiнiң объективтiлiгi.
Тармақ 29
29. Бұзушылық анықталған тексерiс кесiмi келесi бөлiмдерден тұрады:
Тармақша 1
1) бастапқы деректер;
Тармақша 2
2) нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi;
Тармақша 3
3) өлшем және сынақ құралдарының күйiн тексеру нәтижелерi;
Тармақша 4
4) бұзушылық себептерi;
Тармақша 5
5) тұжырымдама. Негiзгi кесiмге аралық кесiмдер қоса берiледi: үлгiлердi iрiктеу кесiмi, сынақ хаттамалары, анықталған бұзушылықтарды куәләндыратын құжаттардың көшiрмесi және т.б. Кесiмде тексерiлген объектiнiң қысқаша сипаттамасы берiледi, анықталған бұзушылықтар мен олардың себептерi, сондай-ақ қолданылатын шаралардың негiзi бола алатын басқа мәлiметтер көрсетiледi. Кесiмге тексерiстiң барлық қатысушылары қол қояды. Кесiмде баяндалған деректердiң толықтығы, сенiмдiлiгi және объективтiлiгi үшiн тексерiс жетекшiсi жауапты. Кесiм мазмұны тексерiлген объект басшысына жеткiзiледi, және ол кесiмге қол қоюға тиiс. Егер ол қол қоюдан бас тартса, кесiмге тиiстi белгi жасалады. Тексерiлген объекттiң лауазымды тұлғалары кесiмге қоса, тексерiс нәтижелерi бойынша өздерiнiң айрықша пiкiрлерiн жазуға құқылы.
Тармақ 30
30. Бұзушылықтар анықталмаған тексерiс кесiмi тек мынадай бөлiмдерден тұрады:
Тармақша 1
1) бастапқы деректер;
Тармақша 2
2) нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi. Сонымен қатар, кесiмге қоса үлгiлердi iрiктеу кесiмi және сынақ хаттамасы берiледi.
Тармақ 31
31. Өнiмнiң өмiршеңдiк кезеңiнiң түрлi сатыларында тексеру жүргiзу және оны ресiмдеу бойынша, өнiмнiң нақты түрлерi мен тексерiс объектiлерi бойынша қосымша талаптар Мемстандарт бекiткен тексеру әдiстемелерiнде немесе тексеру жүргiзуге техникалық тапсырмаларында белгiленедi.
Тармақ 7. 7. Мемлекеттiк қадағалау мәлiметтерiн жүзеге асыру
7. Мемлекеттiк қадағалау мәлiметтерiн жүзеге асыру
Тармақ 32
32. Тексерiс кесiмiнiң бiр данасы, қосымшалары мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк қадағалау берген ұйғарымдарды қоса, тексерiлген тұлғаға жiберiледi.
Тармақ 33
33. Тексерiс кесiмiнiң бiр данасы Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының iстерiнде сақталады, ал республиканың бас мемлекеттiк инспекторы тарапынан шара қолдану қажеттiлiгi туындаған жағдайда кесiм көшiрмесi Мемстандартқа ұсынылады.
Тармақ 34
34. Үзiндi немесе жалпы мәлiметтерi түрiндегi тексерiс кесiмдерiнен алынған деректер, қажеттi жағдайда, сондай-ақ арнайы сұраулар бойынша, мүдделi тұлғаларға заңмен белгiленген тәртiппен жiберiледi.
Тармақ 35
35. Тiркелген сертификаттау жөнiндегi органдары мен сынақ зертханаларының қызметiн тексеру кесiмiнiң бiр данасы тексерiс нәтижелерiне қатыссыз Мемстандартқа ұсынылады.
Тармақ 36
36. Тексерiлген тұлға кесiм мен ұйғарымдарды алған соң анықталған бұзушылықтар мен олардың себептерiн жою жөнiнде шаралар қолданады. Қажеттi жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiндегi шаралардың жоспары әзiрленедi және мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық бөлiмшелерге хабарланады. Шаралар жоспарларының орындалуы туралы анықтамалар, ұйғарымдарды орындау туралы хабарламалар мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық бөлiмшелерiне жiберiледi және берiлген ұйғарымдардың орындалуына тексеру кезiнде пайдаланылады.
Басқа 103. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитетi (Мемстандарт)
Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне 1-қосымша Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитетi (Мемстандарт) ____________________________________________________________________ (мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының атауы) Мекен-жайы: _________________                 N _________________ Телефондар __________________            2002ж. _________________ ТАПСЫРМА (ХАБАРЛАМА) _______________________________________________ _____________________ (Тексерiлетiн объект атауы) ____________________________________________________________________ (аты-жөнi) Стандарттау туралы, Сертификаттау туралы, Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы, Өлшемдердiң бiрлiгiн қамтамасыздандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына және ____________________________________________________________________ (мемқадағалау жоспарына, шағым, ұйғарыммен) ____________________________________________________________________ сәйкес Сiздің қарамағыңыздағы кәсiпорыныңызда тексерiс жүргiзіледi. Тексерiс жүргiзу ___________________________________________________ инспекторларына тапсырылды. Тексерiс басшысы __________________________________________________ Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсiпорынның Жарғысын, лицензияны, патент немесе жеке тұлжеке тұлға куәлiгiн ұсынуыңызды және 200_ ж. ______________________________________________________ дейiнгі белгiленген мерзiмде тексерiс жүргiзу үшiн қажеттi жағдай жасауыңызды өтiнемiн. ______________________ (қаласының, облысының) _______________   ___________________ Бас мемлекеттiк инспекторы        (қолы)           (аты-жөнi)
Басқа 104. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (Мемстандарт)
Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне 2-қосымша Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (Мемстандарт) ____________________________________________________________________ (мемлекеттік қадағалау жөнiндегi аймақтық органының атауы) Yлгiлердi (сынамаларды) iрiктеу "___" _____________2002 ж. ____________________________________________________________________                   (кәсiпорын, ұйымның, мекеменiң атауы) Мен, мемлекеттiк инспектор_________________________________________                                          (аты-жөнi) ____________________________________________________________________ (тексерілетiн объект өкiлдерiнiң аты-жөнi, лауазымы) көзiнше ____________________________________________________________ (нормативтiк құжаттың белгiсi, атауы) талаптарына сәйкестiгiн тексеру үшiн сатуға дайын өнiмнiң үлгiлерiн iрiктедiм. ____________________________________________________________________ Тексе. | өлшем   | Топтама | Топта. | Дайын. |Iрiктелген  үлгілердің рiле.  | бірлік. | (бұйым) | маның  | далған |      (сынамалардың) тiн    | терінің | нөмірі  | көлемі.|  күні, |  саны немесе салмағы өнiм   | Заттай/ |         |  нің   |іріктеу |____________________ үлгісі | құнды   |         |Заттай/ | уақыты,|  Сыртқы    |  Сынақ (сына. | түрі    |         | құнды  |(тез бұ.| тексеріс   |  өлшем малар) |         |         |  түрі  |зылатын |   және     |  үшін атауы  |         |         |        | өнiмдер| салыстыру  | |         |         |        |  үшiн) |   үшін     | ____________________________________________________________________ 1        2         3         4          5             6         7 ____________________________________________________________________ Yлгiлер iрiктелген өнiм (тез бұзылатынынан басқасы) топтамасын жөнелтуге тексерiс аяқталғанға дейiн және мемлекеттiк инспектордың тиiстi рұқсатынсыз тыйым салынады. Мемлекеттiк инспектор ____________________    ____________________ (қолы)                   (аты-жөнi) Тексеруге қатысушылар ____________________    ____________________ (қолы)                   (аты-жөнi)
Басқа 105. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (Мемстандарт)
Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне 3-қосымша Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (Мемстандарт) ____________________________________________________________________ (мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының атауы) ____________________________________________________________________ (тiркелген сынақ зертханасының атауы) өнiмге сынақ жүргiзу БАҒЫТЫ ______________ 2002 ж.                      N _____________________ Үлгiлер атауы___________________________________________________ Өндiрушi _______________________________________________________ Жеткiзушi_______________________________________________________ Үлгiлердi iрiктеу кесiмi________________________________________ (күнi, айы, жылы) Зертханаға жiберiлген үлгiлер саны______________________________ Үлгiлер күйiн сипаттау__________________________________________ (мөр басылған, пломбыланған және т.б.) ________________________________________________________________ (құжаттардың белгiсi) (көрсеткiштердi көрсетiңiз) сәйкестiгiне анықталатын көрсеткiштердiң тiзбесi. Сынақтар хаттамасын мына мекен-жай бойынша ұсынуыңызды сұраймын: ________________________________________________________________ Мемлекеттiк инспектор ________________     _________________ (қолы)               (аты-жөнi)
Басқа 106. Сыртқы тексеру, салыстыру және сынақ ХАТТАМАСЫ
Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне 4-қосымша Сыртқы тексеру, салыстыру және сынақ ХАТТАМАСЫ ____________________________________________________________________ Сынақ жүргізілген жер ____________________________________________________________________ өнімнің атауы ____________________________________________________________________ Өнім атауы|Нормативтік|Нормативтік|Өлшем|Параметр  |Өнім сынамалары. түрі,   |құжаттардың|  құжаттың |бір. |мағынасы  |ның (үлгілері. сипаты,  | белгілері |талаптарына|лігі |(сипаты,  |  нің) саны маркасы   |   және    |   сәйкес  |     | көрсет.  |(натуралды және және т.б. | тармақта. | келмейтін |     |кіштері)  |      құнды |   рының   | параметр. |     |          |   сипатында) | нөмірі    |  лердің   |     |__________|______________ |           |   атауы   |     |Норма|Фак.|тексе. | НҚ |           |           |     | тив.|сі  | ріл   | сәйкес |           |           |     | тік |бой.| ген   |келмей. |           |           |     |құжат|ынша|       |  тін |           |           |     |бойын|    |       | |           |           |     |  ша |    |       | ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 ____________________________________________________________________ Мемлекеттік инспектор ______________ ______________________ (қолы)                (аты-жөнi) Тексеріске қатысушы тұлғалардың қолы
Басқа 107. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысымен бекiтiлген мiндеттi сертификатталуға тиiстi өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiне сәйкес сапасы мен қауiпсiздiгiн анықтау үшiн сатып алынатын өнiмдердiң ТIЗБЕСI
Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне 5-қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысымен бекiтiлген мiндеттi сертификатталуға тиiстi өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiне сәйкес сапасы мен қауiпсiздiгiн анықтау үшiн сатып алынатын өнiмдердiң ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Адамның терiсiмен жанасатын, тамақпен және сумен байланысты халық тұтынатын тауарлар
Тармақ 2
2. Құрылыс материалдары және конструкциялар
Тармақ 3
3. Дәрiлiк заттар
Тармақ 4
4. Медициналық бұйымдар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар (3005**, 901831, 901890500)
Тармақ 5
5. Тамақ өнеркәсiбiнiң өнiмдерi
Тармақ 6
6. Отандық шикiзаттар
Тармақ 7
7. Ойыншықтар
Басқа 115. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi (Мемстандарт)
Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне 6-қосымша Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi (Мемстандарт) ____________________________________________________________________ (мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының атауы) КЕСIМ "___" 2002 ж.                                 N __________________ ____________________________________________________________________ (тексерiс түрi, өнiмнiң өмiршеңдiк кезеңi) Тексерiлген заңды тұлғаның басшысы__________________________________ ____________________________________________________________________ (кәсiпорын мекен-жайы, РНН) Негiздеме: тапсырма_________________________________________________ (тапсырма берген органның атауы, құжаттың күнi және нөмiрi) ____________________________________________________________________ Нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуына және өлшем құралдарына мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттік инспекторларымен құрастырылды________________________________________________________ (аты-жөнi, лауазымы) Қатысушылар_________________________________________________________ (аты-жөнi, лауазымы) ____________________________________________________________________
Тармақ 1
1. Бастапқы деректер ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Нормативтiк құжаттар мен мiндеттi сертификаттау ережесi талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Өлшем және сынақ құралдарының күйiн тексеру нәтижелерi ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Бұзушылықтардың себептерi ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 5.Тұжырымдамалар ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Қосымша_____________________________________________________________ Кесiм ____ п. 3 данада жасалды және
Тармақ 1
1. ________________________________________________
Тармақ 2
2. ________________________________________________
Тармақ 3
3. ________________________________________________ жiберiлдi (ұсынылды) Тексерiс басшысы, мемлекеттiк инспектор ________________       _____________________ (қолы)                    (аты-жөнi) Тексеруге қатысушылар ________________       _____________________ (қолы)                    (аты-жөнi) Кесiмнiң бiр данасын Кәсiпорын басшысы алды ________________      _____________________ (қолы)                        (аты-жөнi)
Басқа 123. Орындалған жұмыс КЕСІМІ
Стандарттау, сертиФикаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру ережесіне 7-қосымша Орындалған жұмыс КЕСІМІ "___" 2002 ж.                                   N __________________ Тiркелген сынақ зертханасы Орындаушы басшы ретiнде ____________________________________________________________________ Бiр жағынан және ___________________________________________ бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасының басшысы ___________________________________________ екіншi жағынан Төмендегiлер туралы келiстi. 059 мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес Орындаушы күнтiзбелiк жоспардың жалпы көлемiнiң ______________________________________________________________ сома мөлшерiнде жұмыс атқарылды.
Тармақ 1
1. Шарттың жасалу мерзiмiнен бастап жалпы жұмыстың құны ______________________________________________________
Тармақ 2
2. Бұдан бұрын жұмсалған сома ______________________________________________________
Тармақ 3
3. Тапсырушының орындаушыға ескерулерi жоқ. ТАПСЫРУШЫ                              ОРЫНДАУШЫ ____________ бойынша                   тiркелген СЗ басшысы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқарма Тараптардың реквизиттер _____________________                     _______________________ _____________________                     _______________________ _____________________                     _______________________ _____________________                     _______________________ "___" _________ 2002ж.                    "___" _________ 2002ж. қолы _________________                    қолы __________________