Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к административным и жилым зданиям» Күшін жойған
Басқа 0
«Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық
қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
24 ақпандағы № 125 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10637 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 26 қазандағы
№ ҚР ДСМ-29 бұйрығымен
бекітілген
«Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-1-бабының 1-тармағының
2) тармақшасына, 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес әзірленген және:
Тармақша 1
1) жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға;
Тармақша 2
2) тұрғын үй-жайларды, тұрғын үй құрылысының аумағын сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына, физикалық факторларға;
Тармақша 3
3) әкімшілік және тұрғын ғимараттарын (бұдан әрі – ғимараттар) жөндеуге және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әкімшілік ғимарат – мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің басқарушы аппаратының жұмысы үшін орта құрудың ортақ сәулеттік міндетімен біріктірілген құрылыс, оның ішінде кеңселер;
Тармақша 2
2) жатақхана – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезінде студенттердің (курсанттар, аспиранттардың) және білім алушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимараты;
Тармақша 3
3) жертөле қабаты (жерасты) – үй-жайлардың едені үй-жай биіктігінің жартысынан асатын жердің жоспарлы белгісінен төмен белгіленген қабат немесе бірінші жерасты қабаты (үй-жайдың барлық биіктігі бойымен);
Тармақша 4
4) инсоляция – алаңды, үй-жайларды, ғимараттарды гигиеналық бағалау үшін күн радиациясының нормаланатын көрсеткіші;
Тармақша 5
5) тұрғын ғимараты – негізінен тұрғын үй-жайлардан (пәтерлерден) және үйдің ортақ пайдаланылатын бөліктерінен, сондай-ақ тұрғын емес
үй-жайлардан тұратын құрылыс;
Тармақша 6
6) цокольдық қабат – үй-жайдың едені үй-жай биіктігінің жартысынан аспайтын биіктікте жердің жоспарлы белгісінен төмен белгіленген қабат;
Тармақша 7
7) шудың рұқсат етілетін деңгейі – адамның айтарлықтай мазасыздануын және шуға сезімтал жүйелер мен анализаторлардың функционалдық жағдайы көрсеткіштерінің елеулі өзгеруін тудырмайтын фактордың деңгейі.
Тарау 2. 2-тарау. Ғимараттардың жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-тарау. Ғимараттардың жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 3
3. Ғимараттардың жер учаскесін таңдау, жобалау, реконструкциялау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орган бекітетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 4
4. Ғимараттарды жобалау, реконструкциялау және пайдалану кезінде цокольдық және (немесе) жертөле (жерасты) қабаттарында тұрғын үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Аумақты функционалдық аймақтау инсоляцияға қойылатын мынадай гигиеналық нормативтерді сақтаумен қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) тұрғын ғимараттарды жобалау, жаңадан жобалау және селитебті аумақты қайта жоспарлау кезінде инсоляцияның 2,5 сағаттық ұзақтығы:
бір, екі, үш бөлмелі пәтерлердің кем дегенде бір тұрғын бөлмесінде;
төрт, бес, алты бөлмелі пәтерлердің кем дегенде екі тұрғын бөлмесінде;
жатақханада тұрғын бөлмелердің кемінде 60%-да қамтамасыз етілуі тиіс;
Тармақша 2
2) инсоляцияның 3 сағаттық ұзақтығы мектепке дейінгі ұйымдардың ойын және топтық бөлмелерінде, жалпы білім беретін, бастауыш мектептердің,
мектеп-интернаттардың сыныптарында және мектеп-интернаттардың жатын үй-жайларында, тұрғын үйлердің балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарының ойын құрылғылары, мектепке дейінгі ұйымдардың топтық алаңдары, спорт аймағы, жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың демалыс аймақтары аумақтарында қамтамасыз етіледі;
Тармақша 3
3) ғимараттар орналастыру және олардың бағдары үй-жайлар мен аумақтарда үздіксіз инсоляцияның мынадай ұзақтығын қамтамасыз етеді:
орталық аймақ үшін (580 – 480 солтүстік ендік географиялық ендіктер ауқымында) 22 наурыздан бастап 22 қыркүйек аралығында күніне кемінде
2,5 сағат;
солтүстік аймақ үшін (580 солтүстік ендіктен солтүстікке қарай)
22 сәуірден бастап 22 тамыз аралығында күніне кемінде 3 сағат;
оңтүстік аймақ үшін (480 солтүстік ендіктен кем) 22 ақпаннан бастап
22 қыркүйек аралығында күніне кемінде 2 сағат;
Тармақша 4
4) жылдың ыстық уақытында үй-жайларда инсоляцияның артық жылулық әсерін шектеу ғимараттың тиісті жоспарлануымен және бағдарымен; күннен қорғау құрылғыларын қолдана отырып аумақтарды абаттандырумен, қажет болған жағдайда ауа баптау және ішкі салқындату жүйелерімен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 5
5) аумақты инсоляцияның жылулық әсерінен шектеу арнайы көлеңкелеу құрылғысымен және оңтайлы көгалдандырумен ғимараттан көлеңкелену арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын ғимараттарды жобалау және реконструкциялау кезінде бір адамға тұрғын алаңның өлшемі кемінде 15 шаршы метр (бұдан әрі – м2) есебімен айқындалады.
Тармақ 7
7. Әкімшілік ғимараттарды жобалау және реконструкциялау кезінде үй-жайлардың алаңы бір қызметкерге 6 м2, кресло-арбаларды пайдаланып жұмыс істейтін мүгедектер үшін тиісінше 5,65 және 7,65 м2 есебімен қабылданады.
Тармақ 8
8. Жұмыс орындарын ірі габаритті жабдықпен жарақтандыру және жұмыс үй-жайларында ұжымдық пайдаланылатын жабдықты (электрондық есептеуіш машиналар терминалдарын, микрофильмдер көру аппараттарын және басқасын) орналастыру кезінде үй-жайлардың алаңы жабдықты пайдалануға арналған техникалық құжаттарға сәйкес ұлғайтылады.
Тармақ 9
9. Жатақханаларды жобалау және реконструкциялау кезінде тұрғын бөлмелердің алаңы бір адамға кемінде 6 м2 есебімен айқындалады.
Тармақ 10
10. Жатақханалардың әр қабатында санитариялық торапталар, қол жуатын орындар, асүйлер көзделеді.
Жатақханалардағы санитариялық-техникалық аспаптардың саны:
4-6 адамға 1 себезгі, 1 қолжуғыш және 1 унитаз есебімен көзделеді.
Әкімшілік ғимараттарда және жатақханаларда санитариялық тораптарға қойылатын, оның ішінде халықтың қимыл-қозғалысы шектелген топтары үшін талаптар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес көздеу керек.
Тармақ 11
11. Әкімшілік ғимараттарда мен жатақханаларда демалуға және тамақ ішуге, жеке және арнайы киімді сақтауға арналған бөлмелер (орындар), себезгі, санитариялық тораптама бөлінеді.
Тармақ 12
12. Ғимараттарда:
Тармақша 1
1) санитариялық тораптарды тұрғын бөлмелер үстінде орналастыруға;
Тармақша 2
2) қоқыс камераларын тұрғын үй-жайлар астында орналастыруға;
Тармақша 3
3) қоқыс құбырларын тұрғын бөлмелерге жанастыруға;
Тармақша 4
4) тұрғын үй-жайларды мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді;
Тармақша 5
5) осы Санитариялық қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген есептулерге сайкес келмейтін үй-жайларды пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 13
13. Ғимараттардың үй-жайларын әрлеу үшін олардың сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар құрылыс материалдарын пайдаланады.
Ғимараттарға кіретін жердегі және баспалдақ алаңдарындағы еден тайғақ, сондай-ақ деңгейі әртүрлі болмауы тиіс.
Тармақ 14
14. Ғимараттар объектілеріне қолжетімділік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 15
15. Лифт шахталарын сыртқы және ішкі қоршау конструкциялары дыбыстан оқшауланған жағдайда тұрғын емес бөлмелермен көршілес орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 16
16. Ғимараттарға кіретін жерде қоқысқа арналған урналар және аяқкиімді тазартуға арналған торлар орнатылады.
Тармақ 17
17. Тұрғын ғимараттарында сауықтыру және ойын-сауық мақсатындағы ұйымдарды, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерін, қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарын, басқарма, ақпарат және байланыс мекемелерін орналастыру кезінде:
Тармақша 1
1) дербес кіруді орнату;
Тармақша 2
2) көршілес және (немесе) жоғарыда жатқан тұрғын үй-жайларды дыбыстан оқшаулау бойынша іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-жайлар үшін рұқсат етілетін көрсеткіштерден аспайтын, шу және діріл тудырмайтын инженерлік технологиялық және басқа да жабдықты қолдану көзделеді.
Тармақ 18
18. Жобалау кезінде балаларға арналған ойын алаңдарын магистральды көшелерден, коммуналдық және өндірістік кәсіпорындардан, гараждардан алыс оңаша жер учаскелерінде орналастыру керек. Ойын алаңдарының аумақтары арқылы қалалық (селолық) мақсаттағы инженерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) өтпеуі тиіс.
Тармақ 18-1
18-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа кеңселердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес талаптарға сай әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қамтамасыз етіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Ғимараттардың сумен жабдықтау,
су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету жүйелеріне,
микроклиматына, физикалық факторларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3-тарау. Ғимараттардың сумен жабдықтау,
су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету жүйелеріне,
микроклиматына, физикалық факторларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 19
19. Ғимараттарда шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету және ауа баптау жарамды күйінде көзделеді.
Тармақ 20
20. Ғимараттар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің белгіленген талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 21
21. Селолық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көзделеді.
Тармақ 22
22. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су тұратын жерлердегі, медициналық мақсаттағы үй-жайлардағы барлық ванналарға, себізгілерге, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, сондай-ақ ас блогындағы технологиялық жабдықтарға жүргізіледі.
Технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін сумен жылыту жүйесінен ыстық су пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Селолық елді мекендерде ғимараттарды кәрізделмеген және ішінара кәрізделген жерлерде орналастыру кезінде жергілікті су бұру құрылғысы көзделеді. Сарқынды суды қабылдау ғимараттар аумақтарындағы шаруашылық аймақта орналасқан, гидравликалық бекітпелері бар қақпақтармен (сифондармен) жарақталған ортақ немесе бөлек су өтпейтін жерасты сыйымдылықтарына (шұңқырларға, тұндырғыштарға) жүзеге асырылады, оларды тазарту уақтылы жүргізіледі.
Сарқынды суларды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа шығаруға, сондай-ақ сіңіретін құдықтар орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Қойма және тұрмыстық үй-жайларда су бұру үшін кәріз тікқұбырларын сыланған қораптарда жүргізеді.
Тармақ 25
25. Ғимараттар орталықтандырылған жылу жүйелерімен жабдықталады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болмаған жағдайда дербес қазандық немесе басқа да жылумен жабдықтау көздері көзделеді.
Тармақ 26
26. Селолық елді мекендерде пешпен жылытуды орнатуға жол беріледі.
Тармақ 27
27. Ғимараттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы
23 мамырда № 11147 болып тіркелген) бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтердің талаптарына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес табиғи және жасанды жарықтандыру көзделеді.
Тармақ 28
28. Табиғи жарықтандырусыз санитариялық тораптар, себезгілер, қоймаларды, мәжіліс залдарын және басқа да адамдар қысқа уақытта болатын қосалқы үй-жайларды орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 29
29. Ғимараттар желдету және ауа баптау жүйелері көзделеді. Ғимараттар желдету және ауа баптау жүйелерін жобалау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Ғимараттардың үй-жайларында микроклиматтың параметрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда № 11147 болып тіркелген) бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тармақ 31
31. Тұрғын ғимараттардың үй-жайларында ауаның есептік параметрлері және ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық қағидаларға қосымшаға сәйкес көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.
Тармақ 32
32. Ғимараттардың үй-жайларында инфрадыбыстың және шудың рұқсат етілетін деңгейлері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда
№ 11147 болып тіркелген) бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келеді.
Тармақ 33
33. Айнымалы тоқтың әуемен электр беру желісінен және басқа да объектілерден 50 герц өнеркәсіптік жиіліктегі электр өрісінің кернеуі жер бетінен 1,8 метр биіктікте метріне 1 киловаттан аспайды.
Тарау 4. 4-тарау. Ғимараттардың аумағына, жөндеуге
және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4-тарау. Ғимараттардың аумағына, жөндеуге
және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 34
34. Ғимараттарға іргелес аумақ абаттандырылады, кіретін жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың қатты жабындысы болады, таза ұсталады.
Тармақ 35
35. Қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау Кодекстің 144-бабының
6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес реттеледі.
Тармақ 36
36. Әкімшілік ғимараттар мен жатақханалардың үй-жайларын жөндеу қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Әкімшілік ғимараттар мен жатақханалардың барлық үй-жайлары жуу құралдарын қолдана отырып күнделікті ылғалды жиналады.
Жабдықтарды, мүкәммалды, әкімшілік ғимараттар мен жатақханалардың үй-жайларды жуу және дезинфекциялау үшін технологиялық нұсқаулыққа, дайындаушының қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес Қазақстан Республикасының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдаланады.
Тармақ 38
38. Жылыту радиаторлары жинау үшін жеңіл қолжетімді болуы тиіс.
Тармақ 39
39. Үй-жайлар фрамугалар, желкөздер немесе басқа да құрылғылар арқылы желдетумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 40
40. Санитариялық тораптарды жинауға арналған жинау мүкәммалына (шелек, швабралар) сигналды таңбалау жазылады, жинау мүкәммалы (шелек, швабралар, шүберек) мақсаты бойынша пайдаланылады. Жинау мүкәммалын сақтау үшін үй-жайлар (орын) бөлінеді.
Тармақ 41
41. Жатақханаларда жұмсақ мүкәммал (матрастар, жастықтар, көрпелер) эпидемиялық көрсеткіштер бойынша Кодекстің 144-бабының
6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес дезинфекцияланады.
Тармақ 42
42. Матрастар ластануына қарай жуылып тұратын ауысымды матрас қаптармен қамтамасыз етіледі. Төсек-орын тысын ауыстыру ластануына қарай, бірақ күнтізбелік 7 күннен сиретпей жүргізіледі. Жұмсақ мүкәммал дайындаушы көрсеткен пайдалану мерзіміне сәйкес ауыстырылады.
Тармақ 43
43. Төсек-орын жабдықтарының жиынтықтары (матрас қаптар, жастықтар, көрпелер), таза төсек-орын қойма үй-жайларында шкафтарда (стеллаждарда) сақталады.
Тармақ 44
44. Жатақханалардың асүйлерінде күнделікті және толуына қарай босатылып тұратын тамақ қалдықтарына арналған тығыз жабылатын сыйымдылықтар орнатылады.
Тармақ 45
45. Ғимараттардың жертөле үй-жайлары таза ұсталады, құрғақ және жарықтандырылған болуы тиіс.
Ғимараттардың жертөле үй-жайларында су ағу, авариялар және коммуникациялардың бітеліп қалуы уақтылы жойылады. Авария жойылғаннан кейін жертөле үй-жайларындағы кәріз желілерінде профилактикалық дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
Тармақ 46
46. Ғимараттардағы дезинфекциялық, дезинсекциялық және деразитарлық іс-шаралар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Басқа 1. Тұрғын ғимараттардың үй-жайларындағы ауаның есепті
параметрлері және ауа алмасу жиілігі
«Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
қосымша
Тұрғын ғимараттардың үй-жайларындағы ауаның есепті
параметрлері және ауа алмасу жиілігі
Р/с №
Үй-жай
Жылдың салқын мезгіліндегі ауаның есепті температурасы, оС
Ауа алмасу жиілігі немесе үй-жайдан шығарылатын ауаның мөлшері
Ауаның кіруі
Ауаның сорып шығарылуы
1
2
3
4
5
1
Пәтердегі немесе жатақханадағы тұрғын бөлме
20
Тұрғын үй-жайлардың 1 шаршы метріне (бұдан әрі – м2) сағатына 3 текше метр (бұдан әрі – м3/сағ)
2
Пәтер және жатақхана асүйі, электрлі плиталары, газ плиталары бар су қайнататын бөлме
18
-
2-конфоралы плиталарда кемінде 60 м3/сағ, 3-конфоралы плиталарда 75 м3/сағ және 4-конфоралы плиталарда 90 м3/сағ
3
Пәтерлердегі киім және аяқкиім кептіретін шкаф
-
-
30 м3/сағ
4
Ванна бөлмесі
25
-
25
5
Жеке санитариялық торап
18
-
25
6
санитариялық торап мен ванна біріктірілген үй-жай
25
-
50
7
Жатақханадағы киім тазартатын және үтіктейтін гардероб, қол жуатын орын
18
-
1,5
8
Пәтерлі тұрғын ғимаратындағы немесе жатақханадағы вестибюль, ортақ дәліз, кіреберіс, баспалдақ торлары
18
-
-
9
Кір жуатын орын
15
Есеп бойынша, бірақ кемінде 4
7
10
Жатақханалардағы киім үтіктейтін, кептіретін орын
15
Есеп бойынша, бірақ кемінде 3
3
11
Жатақханалардағы жеке заттарды, спорттық мүкәммалды сақтайтын, шаруашылық және төсек-орын сақтайтын қоймалар
12
-
0,5
12
Лифтілердегі машина үй-жайы
5
-
Есеп бойынша, бірақ кемінде 0,5
13
Қоқыс жинағыш камера
5
-
1 (қоқыс салғыш діңгегі арқылы)
Ескертпе:
1 ғимараттардың бұрыштағы үй-жайларында ауаның есепті температурасы жоғарыда көрсетілген кестеден 2 градусқа (бұдан әрі - оС) жоғары қабылдануы тиіс.
2. Жылдың жылы мезгілінде лифтілердің машина үй-жайындағы ауа температурасы 40оС-тан аспауы тиіс.
Басқа 2. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, басқа да кеңселерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
«Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына
2-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, басқа да кеңселерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Объектіге кіруге рұқсат:
кіретін жерде (өткізу пункті) жұмыскерлердің дене температурасын бақылау;
ауру белгілері жоқ қызметкерлер;
кіреберісте, холлдарда, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату.
Тармақ 2
2. Жұмыс процесін ұйымдастыру:
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау (дене температурасын өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау);
мүмкіндігінше қызметтік автобуста/автокөлікпен жұмысқа және жұмыстан орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастыру;
санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептика) қамтамасыз ету;
қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен 1 метрден кем емес қашықтықта болатын жағдайларды қамтамасыз ету (әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып);
жұмыс орындарын антисептиктермен қамтамасыз ету;
жұмыскерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу.
Тармақ 3
3. Аумақты және үй-жайларды күтіп ұстау:
объектілердің аумағы мен барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыс пен ластан тазартылады;
барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен жүргізіледі және желдетіледі.
Тармақ 4
4. СОVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделенген кезеңде асханалар, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады.
Тармақ 5
5. Жиһазды, терезенің алдын, шкафтарды, есіктің тұтқаларын, компьютерлердің клавиатураларын (жиі жанасатын орындар) кемінде 2 рет дезинфекциялау құралымен сүртеді.
Тармақ 6
6. Дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
Тармақ 7
7. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.
Тармақ 8
8. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілген нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.
Тармақ 9
9. Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін бөлек шүберек көзделеді.
Тармақ 10
10. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңіде сақталады.
Тармақ 11
11. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Беттерді дезинфекциялау үшін кейіннен жабатын қақпағы бар қоқыс контейнеріне кәдеге жарата отырып, бір рет қолданылатын сулықтарды (үстелдер, есік тұтқалары, кушеткалар және т. б.) пайдалану керек.
Тармақ 13
13. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 14
14. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.
Тармақ 15
15. Жинау мүкаммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады.