О работе акимов сельских округов Урджарского района по решению экономических и социальных вопросов в свете Послания Президента страны народу Казахстана Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданы селолық округтер әкімдерінің Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі жұмысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен. Үржар ауданы селолық округтерiнiң әкiмдерi Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу жөнiнде белгiлi жұмыс жүргiзуде. Селолар әкiмдерiнiң iс-қимылдар бағдарламасына түзетулер енгiзiлдi, олар үйлермен, телефон байланысымен қамтамасыз етiлген, даярланған кадрлармен толықтырылған. Селолық округтердiң 27 әкiмдерiнен 20-сы халық шаруашылығының мамандары болып табылады, 25-нiң жоғары бiлiмдерi бар. Аудан әкiмi олардың iс-қимылдарына қолданылып жүрген заңдылық шеңберiнде басшылықты мақсаткерлікпен жүзеге асыруда. Олардың есептерi мен хабарламалары алқа мәжiлiстерiнде, ақпараттық кеңестерде үзбей тындалып отырады. Агроөнеркәсiп кешенiндегi реформалардың нәтижесiнде бұрынғы кеңшарлар мен ұжшарлар негiзiнде жауапкершiлiгi шектеулi 28 серiктестiк, 424 шаруа шаруашылықтары құрылды. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге көңiл бөлiнедi. Аудан селоларында май шығаратын, шұжық цехтары, диiрмендер, нан, жарма өндiретiн орындар бар. "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдау мен жандандыруды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын және осы мәселе бойынша басқа да заңды актiлердi орындау жөнiнде белгiлi жұмыс жүргiзiлуде. 260 жекеменшiк дүкендер, 31 базар ашылды, моншалар, шаштаразылары жұмыс iстейдi. Шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң өсуi қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етуде. Шағын және орта бизнестiң 41 құрылымы және 368 адам тиiсiнше 10,2 және 12,0 миллион теңге сомасында кредиттер және шағын кредиттер алды. Азық-түлiк бағдарламасын шешу мақсатында ауданда 32 мың гектардан артық бидай, 19,9 мың гектар күнбағыс, басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары егiлдi. Үржар ауданы облыста бiрiншiлердiң қатарында шөп қорын жасау тапсырмаларын орындады, 161 мың тонна жемшөп дайындады. Бюджеттiк ұйымдарға жалақы төлеуде берешектер жоқ. Аз қамтамасыз етiлген азаматтарды қолдауға елеулi көңiл бөлiнуде, олардың бәрi есепке алынған. Олар барлық деңгейдегi әкiмдер аппараттарының қызметкерлерiне, шаруашылық басшыларына бекiтiлген, оларға заттармен, тағам өнiмдерiмен, отынмен қайырымдылық көмек үзбей көрсетiлуде. Азаматтардың ауызша және жазбаша өтiнiштерiне тиістi құлақ асылады, олар негiзiнен белгiленген мерзiмдерде қаралады. Сонымен қатар селолық округтердiң әкiмдерi экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешуде әлi де болса жеткiлiктi шара қолданбауда. Елеулi кемшiлiктер жойылған жоқ, шаруашылыққа икемсiздiк және шараларды жүзеге асыруда дәйексiздiк орын алған. Малдың барлық түрiнiң азаюына жол берiлген. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1997 жылғы тиiстi мерзiммен салыстырғанда iрi қара саны 15,5 мың басқа, қой мен ешкi 120,7 мыңға және жылқы 6,9 мыңға кемiген. Соның нәтижесiнде 1,3 мың тонна ет, 4,7 мың тонна сүт, 137 тонна жүн кем өндiрiлдi. 424 шаруа шаруашылықтарынан жерге мемлекеттiк актiлердi 410 шаруашылық алды, жұмыс iстейтiн 14 серiктестiктен тек бiреуi ғана алды, қалғандарының мұны алуға қаражаттары жоқ. Өнеркәсiп кәсiпорындары өнiм өндiру көлемiн төмендетуге жол бердi, жолаушылар паркiнiң кiрiс бөлегi үш есе кемiген, аудандық коммуникация торабы шығын шегумен жұмыс iстедi. Жол ұйымдарының көрсеткiштерi олардың мүмкiндiктерiнен төмен. Бiлiм жүйесiнде реформалар баяу жүруде, мектептер кадрлармен толық толықтырылмаған, Қазақстан Республикасы Президентiнiң оларды компьютерлендiру жөнiндегi тапсырмасы орындалмауда. Қаражаттардың жоқтығынан стихиялық апаттардан зардап шеккен мектептердiң төбелерiн, емдеу мекемелерiн жөндеу аяқталмаған. Жалпы бiлiм беретiн 62 мектептен оқу жылының басталуына дейiн 20 мектеп толық дайын етiлген, денсаулық сақтаудың 29 объектiсiнен қыс жағдайындағы жұмысқа тек 6 объект әзiрленген. Оларды отынмен қамтамасыз етуге нақты шара қолданылмаған. Балалары бар отбасыларына бiржолғы жәрдемақы төлеу жөнiндегi берешек 39397 мың теңге болып отыр. Денсаулық сақтау жүйесiнде проблемалар жинақталуда, емдеу мекемелерiнiң материалдық базаларын нығайту мәселелерi нашар шешiлуде. Эпидемиологиялық жағдай күрделi қалпында қалуда. Туберкулезбен ауыратындар, аналар мен балалар өлiмi көбейе түсуде. Мәдениет мекемелерiн оңтайлау салдарларын ескермей жүргiзiлген. Ауданда бұрын болған 55 кiтапханадан, 27 селолық клубтардан небәрi үш мәдениет және үш кiтапхана жұмыс iстеуде. Селолық округтердiң әкiмдерi қылмысқа қарсы күрес жөнiнде 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны орындауды толық көлемiнде жүзеге асырмауда. Соның нәтиежесiнде 232 қылмыс тiркелген, есiрткенi сақтау мен тұтынудың 4 фактiсi ашылған, оның ұстiне қылмыстарды ашу төмендеген. Учаскелiк инспекторлардың 84 процентiнде қызметтiк көлiк жоқ, әкiмшiлiк комиссиясы жеткiлiктi жұмыс iстемеуде, алкогольдiкке қарсы насихат тиiстi дәрежеде емес. Экономикалық және әлеуметтiк проблемалар көшi-қон процесiне елеулi әсер етуде. Селолық округтер әкiмдерi қолданып жатқан шараларға қарамастан еңбек рыногындағы жағдай күрделi қалпында қалуда, 2778 адам жәрдемақы алады, жұмыспен қамту қызметiне өтiнiш берген 2875 адамнан тек 141 адам жұмысқа орналастырылған, жасырын жұмыссыздық фактiлерi орын алған. Бюджетке, зейнеткерлiк қорға мiндеттi төлемдер және халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудiң мемлекеттiк қорына қаражаттар аудару жөнiндегi берешектердi өтеу жөнiнде нақты шаралар қолданылмауда. Жоғарыда баяндалғанға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қолданылып жүрген шараларға қарамастан Үржар ауданы селолық округтерi әкiмдерiнiң Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы тұрғысында экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу жөнiндегi жұмысында елеулi кемшiлiктер бар деп атап көрсетiлсiн.
Тармақ 2
2. Үржар ауданының әкiмi Д.М.Селиханов осы шешiмдi алқа мәжiлiсiнде талқыласын, оған селолық округтер әкiмдерiн, құрылымдық бөлiмдер басшыларын шақырсын. Айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескерiп, бұдан былайғы iс-қимылдардың бағдарламасына түзетулер енгiзiлсiн. Мыналар жөнiнде шаралар қолданылсын:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру;
Тармақша 2
2) малдың барлық түрiнiң санын көбейту және өнiмдiлiгiн арттыру, егiншiлiк өнiмдерiн өндiрудi арттыру;
Тармақша 3
3) шағын және орта бизнес кәсiпорындарын қолдау және дамыту;
Тармақша 4
4) бiлiм, денсаулық сақтау жүйелерiнiң, бүкiл әлеуметтік саланың жағдайын жақсарту;
Тармақша 5
5) қылмысқа қарсы күрес жөнiнде 1998-2000 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламаны орындау;
Тармақша 6
6) аз қамтамасыз етiлген және басқа басымдық бағыттағы азаматтарды әлеуметтiк қорғау. Бұл мәселе бойынша облыс Әкiмiнiң атына 1998 жылғы 1 қарашаға жазбаша ақпарат берiлсiн.
Тармақ 3
3. Д.М.Селихановқа селолық округтер әкiмдерiнiң оларға сенiп тапсырылған жұмыс учаскесiндегі iстiң жағдайына дербес жауапкершiлiктерiн арттыру, олардың iс-қимылдарын рейтингтiк бағалауды әзiрлеп, енгiзу, оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан тұрғындарының естерiне жеткiзу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Жоғарыда тұрған органдардың нормативтiк актiлерiн, жиындар шешiмдерiн, азаматтар өтiнiштерiн, өз шешiмдерiн орындауға бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 5
5. Кадрларды iрiктеу, орналастыру жұмысы жақсартылсын. Сапалық резервтер құрылсын, оған жас мамандар, оның iшiнде кәсiпкерлiк құрылымдардың мамандары енгiзiлсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмi аппаратының ұйымдық-инспекторлық және кадр жұмысы, аумақты дамыту бөлiмiне (Мұхтарханов Ә.М.) жүктелсiн.