Об охране нерестующих промысловых видов рыб Күшін жойған
Басқа 0
Уылдырық шашатын балықтардың өндірістік түрлерін қорғау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хатымен.
Уылдырық шашатын мезгілде балықтардың өндірістік түрлерін ұдайы өндіруді, қорғауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында және "Қазакстан Республикасының су қоймаларында балық қорларын қорғау мен балық аулауды реттеу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414, "Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа су жануарларын өндірудің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулыларына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылдың 15 сәуірінен 1 қыркүйекке дейін Торғай мемлекеттік қорығы су қоймаларынан балықтың барлық түрлерін өндіру мен спорттық аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық басқа балык шаруашылығы су қоймаларында балықты өндірістік және спорттық- әуесқойлық әдіспен:
аққайранды, көксеркені, ақмарқаны, шортанды, жебе мұртты, тортаны 2002 жылдың 20 сәуірінен 20 мамырына дейін;
мөңкені, оңғақты, жайынды, қызыл қанатты, сазанды, табан балықты, тұқыларды 2002 жылдың 20 мамырынан 30 маусымына дейін;
шаяндарды барлық жерде 2002 жылдың 15 қазанынан 2003 жылдың 30 маусымына дейін аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөнінде қоса беріліп отырған іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы (С. А. Есімов) уылдырық шашу кезінде балық қорын қорғауға тиісті көмек берсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулыньщ орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Қ. Елеусізовке жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 23.04. № 52 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
№
Іс-шаралардың атаулары
Орындау
мерзімі
Орындауға жауаптылар
1
2
3
4
1
Су ұстағыш ғимараттарды пайдаланушылардың су қоймаларын
шаруашылық-тұрмыстық қалдықтармен ластауына жол бермеуге бақылау орнатуды жүзеге асыру
Үнемі
Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма, облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) және облыстық жануарлар және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
2
Облыстың балық шаруашылығы су
қоймаларында уылдырық шашатын
кезеңде тұрақты балық күзеті
қостарын қою
2002 жылғы 23.04.-тен 1.07. дейін
Облыстық орман жөне биоресурстар жөніндегі аумақтық баскарма, облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) жөне облыстық жануарлар және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
3
Балық қорғау заңдарын бұзғандарды анықтау үшін облыстың су қоймаларында бірлескен рейдтер өткізу
Үнемі
Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма, облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) және облыстық жануарлар және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
4
Тұрғындар арасында уылдырық
шашатын балықтарды қорғау жө-
нінде тұсінік жұмыстарын ұйым-
дастыру
2002 жылғы 23.04.-тен 1.07. дейін
Облыстық орман жөне
биоресурстар жөніндегі аумақтык басқарма, облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) жөне облыстық
жануарлар және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы (келісім бойынша), облыстық ақпарат
және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша)