О реорганизации акционерного общества «Фонд проблемных кредитов» и акционерного общества «Компания по реабилитации и управлению активами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации акционерного общества «Фонд проблемных кредитов» и акционерного общества «Компания по реабилитации и управлению активами»
- Атауы (қаз.)
- «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 766
- Қабылданған күні
- 16.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2018 126225_372429.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000766
- ЭКБ идентификаторы
- 126225
- Редакция идентификаторы
- 126225_372429
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:36
0 «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы оған «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы қызметінің түрлері:
1 1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсарту;
2 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетші банкіне республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан берілген кредиттерді қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
3 3) бұрын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен берілген кредиттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері жөніндегі міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражат бойынша берешекті республикалық бюджетке өндіріп алу;
4 4) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға және мемлекеттік қарыздарға қызмет көрсету;
5 5) дебиторлық берешекті өндіріп алу;
6 6) оңалту рәсімдерінде қатысу;
7 7) салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің иелігіндегі шектелген мүлікті және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды сату болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5 5. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1316 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 766 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-15-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 217-15-жол алып тасталсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы» деген 1-тармақ алып тасталсын.