Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің штаттық лимит санын көбейту туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің штаттық лимит санын көбейту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы №701 «Қоғамдық тәртіпті нығайту және ішкі істер органдарының полициясы учаскелік инспекторларының рөлін арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына, облыстық мөслихаттың IX сессиясыньщ 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған бюджет туралы» шешіміне, облыстық мәслихаттың X сессиясындағы 2002 жылғы 20 наурыздағы «2001 жылғы 21 желтоқсаңдағы облыстық мәслихаттың IX сессиясының «2002 жылға арналған бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа алып, Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасының жұмысын жетілдіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің штаттық лимит саны 109 штаттық бірлікке көбейтілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық ішкі істер басқармасына (X. Досқалиев) өзіне бағынышты органдардың штаттық кестелерін берілген штаттық сан лимитінің шегінде қайта бекіту ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ. Әжібеков) осы қаулыдан туындайтын шығындардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне (Ә. Бәкіров) жүктелсін.