Об отпуске горюче-смазочных материалов Күшін жойған
Басқа 0
Жанар-жағармай материалдарын босату туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 18 тамыздағы N 778 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының орман қоры аумағында 1997 жылы болған орман өрттерiнiң зардаптарын жою, өртендiлердi тазарту, iске жарамды ағашты тасып шығару және орманның өртену қаупiнiң алдын алу үшiн ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiнiң жалпы сомасы 60 (алпыс) млн.теңге бөлген жанар-жағармай материалдары -1600 тонна автобензин мен 2600 тонна дизель отынын босату облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы арқылы қайтарымды негiзде жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасымен республика бюджетiне 60 млн теңгенiң 1998 жылдың 1 желтоқсанына дейiн қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiнде шарт жасассын.
Тармақ 3
3. Облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы алған жанар-жағармай материалдарының мақсатты пайдаланылуын және қаржылардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.