Қолданыстағы ред. 03.06.2002

Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы от 03.06.2002 г. № 501 (Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы)

0

Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 531 P020531_ "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері облыстық әскери комиссариаттық шақыру пунктіне офицерлік құрамның лауазымдарына әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлердің келуін қамтамасыз етсін.

2

2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сай бекітілсін.

3

3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) запастағы офицерлерді дәрігерлік тексеруден өткізу үшін қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

4

4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):

1

1) жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын 2 қосымшаға сәйкес бөлсін;

2

2) запастағы офицерлердің Қызылорда қаласындағы облыстық диагностикалық орталығында, облыстық медицина орталығында, сондай-ақ арнайы емдеу-профилактикалық мекемелерінде тегін және кезектен тыс тексеруден өткізілуін ұйымдастырсын.

5

5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Х.Досқалиев) және оның жергілікті жерлердегі органдары міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарған запастағы офицерлерді іздестіру және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін және тиісті әскери комиссариаттарына анықтау немесе алдын-ала тергеу жүріп жатқан запастағы офицерлер туралы жүйелі түрде хабарласын.

6

6. Қызылорда облысының сот әкімшісі (А.Белесов) запастағы офицерлердің қылмыстық ісі сотта қаралғандары және запастағы офицерлерге қатысты заңды күшіне енген сот әкімдері жөнінде жеті күн ішінде тиісті әскери комиссариаттарға хабарласын (Қазақстан Республикасы ҚК-нің қандай бабы және қай уақытта бас бостандығынан айырылғандығы көрсетілген әкімдердің көшірмелері немесе анықтамалар).

7

7. Облыстық әділет басқармасы (А.Әлібаев) запастағы офицерлердің тегі мен аты, әкесінің аты өзгергені және азаматтық хал актілерін тіркеуде туған жылдары мен туған жерлерінің өзгергені, сондай-ақ запастағы офицерлердің арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді жеті күн ішінде тиісті әскери комиссариаттарға хабарласын.

8

8. Облыстық прокуратураға (Қ.Төлегенов) міндетті әскери қызметке
шақырудан жалтарғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын күшейту
ұсынылсын.

9

9. Запастағы офицерлерді шақыруды өткізу үшін тартылған шақыру
комиссиясы мүшелерінің, медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ қызметші
тұлғалардың шақыруға байланысты атқарған кезінде жұмыс орны, лауазымдық
қызметі сақталсын.

10

10. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық әскери
комиссариаты (С.Тоқманбетов), облыстық ішкі істер (Х.Досқалиев), әділет
(А.Әлібаев), денсаулық сақтау (Д.Дәулетбаев) және қаржы (Қ.Әжібеков)
басқармалары осы шешімді орындауға байланысты атқарған жұмыстары жайлы
2002 жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей облыс әкімін хабардар етсін.

11

11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары,
облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н.Ерімбетовке жүктелсін.

14. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:

Облыс әкімінің
2002 жылғы "4" маусым
N 501 шешіміне
1 қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Н.Ерімбетов - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
С.Тоқманбетов - облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссары,
комиссия төрағасының орынбасары
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
С.Тұңғышбаев - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының
орынбасары
Г.Ташенова - облыстық бас терапевт
М.Қаниев - облыстық әскери-дәрігерлік комиссиясының
төрағасы
А.Сансызбаева - облыстық Диагностикалық орталығының аяжаны

15. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:

Облыс әкімінің
2002 жылғы "4" маусым
N 501 шешіміне
2 қосымша
Облыстық шақыру пункті жанындағы
облыстық дәрігерлік комиссияның
ҚҰРАМЫ:
М.Қаниев - комиссия төрағасы
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ә.Әбішев - облыстық жүйке аурулары ауруханасының психиатры
В.Н.Сороколетов - тері-жіңішке аурулар диспансерінің дәрігері
Е.Бисенов - облыстық медициналық орталығының ЛОР-дәрігері
Б.Мантаев - облыстық медициналық орталығының хирургі
А.Сапаров - облыстық медициналық орталығының травматологі
З.Берікболова - облыстық медициналық орталығының терапевті
Л.Шоманова - облыстық Диагностикалық орталығының кардиологі
И.Садықов - облыстық медициналық орталығының көз-дәрігері
О.Смаханов - Казлепрозорийдың лепр-дәрігері
А.Аханов - қалалық "Дента-люкс" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің тіс дәрігері
Б.Мақашев - облыстық наркодиспансерінің наркологі
Ж.Бодықов - облыстық өкпе аурулары диспансерінің фтизиатры
Р.Бисенбаева - облыстық медициналық орталығының невропатологі
Ғ.Ақтаева - облыстық жүйке аурулары ауруханасының психологі
Г.Ибраева - облыстық Диагностикалық орталығының педиатры
М.Есенбекова - облыстық балалар ауруханасының балалар кардиологі
П.Мұсабаева - облыстық балалар ауруханасының балалар
невропатологі