Об утверждении Правил расчета платы за сдаваемые в имущественный найм помещения государственного нежилого фонда коммунальной собственности по Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы бойынша коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк тұрғын-жайға жатпайтын қордағы орын-жайларды мүлiктiк жалдауға беру төлемдерiн есептеу Ережесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.03.2008 № 231 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 "Жекешелендiру туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiрудi басқару Тұжырымдамасына сәйкес, облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы бойынша коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк тұрғын-жайға жатпайтын қордағы орын-жайларды мүлiктiк жалдауға беру төлемдерiн есептеу Ережесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. "Маңғыстау облысы бойынша коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк тұрғын-жайға жатпайтын қордағы орын-жайларды мүлiктiк жалдауға беру төлемдерiн есептеудiң тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 7 ақпанындағы № 12 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.М.Бортникке жүктелсiн.
Басқа 4
Маңғыстау облысы
әкiмиятының
29.04.2002 жылғы
№ 93 шешiмiне қосымша
Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiндегi
мемлекеттiк тұрғын-жайға жатпайтын орын-жайларды мүлiктiк жалға беру төлемдерiн
есептеу туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне , "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы заң күшi бар № 2721 жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру Тұжырымдамасына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 1
1. Осы Ережеде қолданылатын терминдер:
"Жалға берушi" - Маңғыстау облысы коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi.
"Жалға алушы" - мемлекеттiк мүлiктi жалға алған кез келген заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 2
2. Облыстың коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiк тұрғын-жайға жатпайтын орын-жайларды жалға беруден түскен қаражаттар толық облыстық бюджетке жiберiледi.
Тармақ 3
3. Егер, орын-жайларды Жалға алушы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме немесе мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорын болса, онда алаңды жалдау төлемi алынбайды немесе Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментiнiң шешiмi бойынша төменде анықталған тәртiпке сәйкес есеп айырысу 10% көлемiнде белгiленедi.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк тұрғын-жайға жатпайтын қордың жалгерлiк
төлемдерiнiң есеп айырысу ставкiсiн анықтау және
қолданылатын коэффициенттердiң мөлшерi
2. Мемлекеттiк тұрғын-жайға жатпайтын қордың жалгерлiк
төлемдерiнiң есеп айырысу ставкiсiн анықтау және
қолданылатын коэффициенттердiң мөлшерi
📌 Ескерту. 2 тарауы жаңа редакцияда - облыс әкімиятының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 247 қаулысымен .
1 шаршы метр үшiн жалгерлiк төлемдердiң есеп айырысу ставкасы 71,0 теңге.
________________________________________________________________
Р\т| Коэффициенттердiң түрi |Коэффициенттердiң
№ | | мөлшерi
___________________________________________________________________
| |
1 | Аумақтық орналасуды ескеретiн коэффициент |
| облыс орталығында | 1,5
| қалада | 1,2
| аудан орталығында | 1,0
| поселкеде | 0,8
| селода | 0,8
___________________________________________________________________
2 | Орын-жайлардың түрлерiн ескеретiн |
| коэффициент: |
| бөлек тұрған | 1,5
| қосымша салынған | 1,0
| жер қабатындағы | 0,5
| қоймалық | 1,0
___________________________________________________________________
3 | Жалға алушының қызмет түрлерiн ескеретiн |
| коэффициент: |
| мемлекеттiк кәсiпорындар және мекемелер | 1,0
| мемлекеттiк емес кәсiпорындар: |
| а) өндіріс қызметімен айналысатындар | 1,2
| б) өндіріс емес қызметімен айналысатындар | 1,3
| в) білім беру қызметімен айналысатындар | 1,0
| қоғамдық бiрлестiктер және қоғамдық қорлар | 0,7
| сауда мекемелерi және қоғамдық тамақтандыру| 1,5
___________________________________________________________________
4 | Орналасқан жерiн ескеретiн коэффициент: |
| орталық көшелердiң фасадтарымен | 1,2
| шағын аудандар мен орымдар iшiнде | 1,1
| өнеркәсіп аймағы | 0,8
___________________________________________________________________
5 | Орын-жайларды жабдықтардың барын | 1,1
| ескеретін коэффициент |
___________________________________________________________________
2000 шаршы метрден артатын алаңы бар орын-жайлар үшін жалға
берудің төлемдерін есептеген кезде төлемдететін
коэффициент қолданылады (Кп)-0,5.