О Мангистауской областной комиссии по предупреждению и действиям при чрезвычайных ситуациях Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайлар кезiнде алдын алу және iс-қимыл жасау жөніндегі Маңғыстау облыстық комиссия туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2005 № 97 қаулысымен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына сәйкес және кадрлардың өзгерiстерiне байланысты, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың кезiнде алдын алу және iс-қимыл жасау жөніндегі Маңғыстау облыстық комиссиясының құрамы жаңартылсын және облыстық мәслихаттың кезектi сессиясының бекiтуiне ұсынылсын (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың кезiнде алдын алу және iс-қимыл жасау жөніндегі Маңғыстау облыстық комиссиясы туралы Ереже бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 4
Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 11 сәуiрдегi № 84 қаулысына № 1 қосымша Төтенше жағдайлар кезiнде алдын алу және iс-қимыл жасау жөніндегі Маңғыстау облыстық комиссиясының құрамы 📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - облыс әкімиятының 2003 жылғы 30 мамырдағы № 108 қаулысымен . Керелбаев Сақып Бүркiтбайұлы - облыс әкімінің бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы Хайрушев Қажымұрат Сейiлзанұлы - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Билашов Арман Мұғаллімұлы - жұмылдыру жұмыстары және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Әміров Табылды Әмірұлы - Батыс-Қазақстан темір жолының Маңғыстау тасымалдау бөлімшесінің бастығының орынбасары (келісім бойынша) Маматов Хамит Абдуллұлы - Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқарманың бастығы, (келісім бойынша) Калиев Бейсенбай Абдуллаұлы - Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының әскери комиссары (келісім бойынша) Досекенов Асқар Әдиханұлы - Маңғыстау облысы прокурорының бiрiншi орынбасары (келісім бойынша) Абыров Сағынғали Мүслімұлы - Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры | (келісім бойынша) Абылғазин Талғат Байтемірұлы - "Ақтау" теңіз сауда порты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша) Филиппов Борис Валентинович - Ақтау қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары (келісім бойынша) Мырзабаев Қайырғали Жұмабайұлы - Маңғыстау облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы (келісім бойынша) Қырымқұлов Сағын Ерқаұлы - "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) Құрбанбаев Мұрат Ізбергенұлы - "Өзенмұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) Көшеров Әділбек - Маңғыстау облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасының бастығы (келісім бойынша) Төрәлиев Сағыныш Көшербайұлы - Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (келісім бойынша) Ошамбаев Берік Қапасұлы - Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Маңғыстау облысы бойынша Департаментiнің бастығы (келісім бойынша) Сәрсембеков Александр Төлеуұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi шекаралық қызметiнің "Батыс" аймақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Иванов Владимир Александрович - "МаЭК-Қазатомөнеркәсібі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) Ноғаев Ықылас Ноғайұлы - Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы (келісім бойынша) Сарман Байшылық Төребайұлы - Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары - мемлекеттiк инспекция бастығы (келісім бойынша) Сәрсенқұлов Жансейiт - облыстық қаржы басқармасының бастығы Аймағамбетов Майлыбай Әминұлы - "Маңғыстау электржүйелік тарату компаниясы" ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) Жолдасов Ерғазы Әбирұлы - "Евроазия Эйр" ашық акционерлiк қоғамының Маңғыстау филиалының директоры (келісім бойынша) Ақбұзау Мереке Әбдірахманұлы - Облыстық гидрометеорология орталығының директоры (келісім бойынша) Баймұхамбетов Мұрат Әлмұратұлы - Маңғыстау облысы бойынша кеден басқармасының бастығы (келісім бойынша) Тоқмырзиев Бейбіт Биғалиұлы - "Маңғыстауоблгаз" ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) Тазова Ольга Владимировна - Қызыл жартыай және Қызыл крест қоғамының Маңғыстау облыстық төрайымы (келісім бойынша)- дауыс беру құқысыз Артеменко Александр Николаевич - 36739А әскери бөлімінің командирі (келісім бойынша) Зиатдинов Ахат Илтазарович - 6656 әскери бөлімінің командирі (келісім бойынша) Шоқпытов Ахметжан Мәулесұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Жоғарғы әскери-теңіз училищесінің бастығы (келісім бойынша) Абылазимов Махсұтхан Нұғманұлы - Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы жол полициясы басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Басқа 5
2002 жылғы 11 сәуiрдегi № 84 қаулысына № 2 қосымша Төтенше жағдайлардың кезiнде алдын алу және iс-қимыл жасау жөніндегі Маңғыстау облыстық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ Төтенше жағдайлар кезiнде алдын алу және iс-қимыл жасау жөніндегі Маңғыстау облыстық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және авариялардан, апаттардан, табиғи және өзге де нәубеттерден және олардың зардаптарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою саласында бiрыңғай саясатты қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеп жасау және барлық қажеттi шараларды жүргiзу мақсатында құрылып отыр. Комиссия өз өкілеттігін олардың меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындармен және ұйымдармен, сондай-ақ өзге де мекемелермен және облыстың жергілікті атқарушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасай отырып жүзеге асырады. Комиссияның негiзгi міндеттерi мыналар болып табылады: авариялардан, апаттардан, табиғи және өзге де нәубеттерден және олардың зардаптарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою саласында бiрыңғай саясатты қалыптастыру және жүргiзу; төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстар ұйымдастыру және басшылық ету; төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасаудың облыстық жүйесiн жетiлдiру мен оны одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштерін мен құралдарын құру және дамыту; ықтимал қауiптi техногендiк және табиғи құбылыстарды байқау, бақылау, болжау мен зардаптарын бағалау құралдарының жүйесiн, сондай-ақ төтенше жағдайларда iс-қимыл жасау үшiн басқару және байланыс жүйесiн дамыту; төтенше жағдайларға қарсы iс-қимыл жасау, өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiгi, халық шаруашылығы объектiлерi басшыларының мiндеттерi, құқықтары мен жауапкершiлiктерi, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасаушы басқару органдары мен күштерi мәселелерi жөнінде облыс әкiмi шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына , "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысына және облыс әкiмиятының оған жүктеген мiндеттерiне сәйкес Комиссияның мынадай құқықтары бар: олардың аумағында ықтималды қауiптi тиiстi өндiрiстерi бар облыстың аудандарын айқындауға (табиғи апат пайда болуы мүмкiн объектiлердi, қысылтаяң шақта тәуекелдi бағалауды және олардың пайда болу нәтижесiндегi есептiк шығындарды); халықты қорғаудың жаңа құралдары мен әдiстерiн жасау және төтенше жағдайлардың зардаптарынан болған ықтимал шығындар мен қирауларды азайту жөнiндегi жұмыстарды (ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық) ұйымдастыру; облыс кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң (меншiк нысанына қарамастан) басшыларына авариялардың, апаттар мен табиғи апаттардың алдың алуға, олардың пайда болған жағдайында қирау зардаптарын азайтуға бағытталған iс-шараларды әзiрлеп жүзеге асыру тапсырылсын және олардың орындалысына бақылау жасауды жүзеге асыру; облыс халқының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, халық шаруашылығы объектiлерiнiң сенiмдi әрi тұрақты жұмыс iстеуiн арттыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiруге және бақылауға; төтенше жағдайларда алдын алу, iс-қимыл жасау жөнiндегi облыстық жүйеге олардың күштерi мен құралдары кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң тiзбесiн айқындауға; бiрнеше аудандар мен қалалардың аумақтарын қамтыған немесе облыс үшiн аса қауiптi сипат алатын төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiнде тiкелей басшылық жасауды өзiнiң қолына алуға; көлiктiң барлық түрiнде, сондай-ақ аса қауiптi жүгi бар көлiктiң қозғалысы кезiнде, авариялар мен апаттарды болдырмау және жою жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн үйлестiруге және бақылауға; басқа да жергiлiктi атқарушы органдармен комиссияның құзыретiне жататын мәселелердi шешуге қатысуға; өндiрiс қауiпсiздiгiнiң және олардың адамға және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң жай-күйiне байланысты мәселелердi зерделеу жөнiндегi жұмысқа қатысуы үшiн мамандарды тартуға және жiберуге; комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың жұмысын бақылауға, өзiнiң мәжiлiстерiнде олардың басшыларының есептерiн, ақпарламаларын, хабарламаларын тыңдауға, орындауы үшiн мiндеттi төтенше немесе қатерлi жағдайлардың пайда болу себептерiн түзету және аймақтағы (кәсiпорындағы) жағдайды қалыпқа келтiру жөнiнде шұғыл шаралар алу туралы оларға нұсқамалар беруге; комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдарды кәсiпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден сұратып алуға. Комиссия ведомстволық аумақта авариялар, апаттар мен зiлзала нәубеттерi кезiнде, iздестiру-құтқару және авариялық қайта қалпына келтiру, сондай-ақ төтенше жағдайларда алдын алу және iс-қимыл жасау жөнiндегi облыстық жүйеге кiретiн және облыстың аумағында тұрған күштер мен құралдарды аталған мақсаттар үшiн тарту құқығымен зардап шеккен халыққа көмек көрсетудi ұйымдастырады. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасына жүктеледi. Комиссия өз қызметiн, оның төрағасы бекiткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Комиссияның мәжiлiсi қажетiне қарай, алайда кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мәжiлiстерiнiң аралығындағы кезеңде Комиссия төрағасы шешiмдер қабылдайды, ол болмаса оның орынбасары арқылы тапсырма түрiнде орындаушылардың қаперiне жеткiзiледi. Оның құзыретiне сәйкес комиссия қабылданған шешiмдер ұсынымды сипатта болады. Комиссия төрағасына, төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға тiкелей басшылық етудi жүзеге асыруы кезiнде мынадай құқықтар берiледi: олардың меншiк нысаны мен тиесiлiгiне қарамастан, облыстағы қолда бар қажеттi көлiктiк-құтқару, қайта қалпына келтiру, медициналық және басқа да күштер мен құралдарды тарту.