Об организации и проведении учебно-полевых сборов с юношами допризывного и призывного возрастов Мангистауской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысындағы әскери шақыруға дейінгі және шақырылатын жастағы жастардың оқу-далалық жиындарын өткізу туралы “Бастапқы әскери даярлық туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысына сәйкес, шешім етемін:
Тармақ 1
1. Шақыруға дейінгі және шақырылатын жастағы жастармен оқу- далалық жиыны 2002 жылғы маусымның 1-нен 10 аральщьінда өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері оқу-далалық жиындардың өткізілуіне байланысты, оқу-далалық жиындарды уақытылы өткізу мен каржы-шаруашылық мәселелерін шешу жөнінде шаралар алсын.
Тармақ 3
3. Облыс аумағында тұрған және оқу орындарына шефтік етуші әскери бөлімдердің командирлеріне оқу-далалық жиындарды өткізуге білім беру үйымдарына ықпалды жәрдем көрсету үсынылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық білім басқармасы (Ж.Н. Сағымбаева) оқушыларды оқу- далалық жиындарға дайындауды үйымдастырсын және олардың өткізілетін жерге мерзімінде келуін камтамасыз етсін. Жиындар кезеңінде жастардың бастапқы әскери, дене тәрбиесі даярлығы мен әскри - патриоттық тәрбиесіне бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (С. Төралиев) оқу- далалық жиындар өткізілетін аумақтарда санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін, тамақ блоктары мен тамақ даярлануының сапасының санитарлық жай-күйіне қатаң бакылау орнатсын. Оқу-далалық жиындар кезінде дәрігерлік-с^нитарлық даярлықтан өтуі үшін 10 сыныптың оқушы қыздарын медициналық мекемелерге бекітуді үйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы (А.А. Драч) оқу- далалық жиындарды ұйымдастыруға тікелей қатыссын, жастардың дене тәрбиесі дайындығына, спорт түрлерінің нұсқаушыларын іріктеуге, жарыстар үйымдастыруға көмек көрсетсін, дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларымен бірлесіп, төзімділікке, күштілікке, шалт қимылдар мен ептілікке баулуға бағытталған көпшілік спорттық жүмыстар өткізсін.
Тармақ 7
7. Облыстық әскери комиссар (Е. Уразов), қалалық және аудандық комиссариаттар бастапқы әскери даярлыққа оқу-әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырсын, оқу-далалық жиындардың басталар алдында бастапқы әскери даярлықты өткізу үшін тағайындалған адамдармен сабақ өткізсін 'және оларға оқу-далалық жиындарды жоспарлауға және үйымдастыруға көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Керелбаевқа жүктелсін.