Об утверждении Правил использования средств резерва акимата области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімияты резервінің қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 27.07.2005 № 434 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңын іске асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Қоса тіркеліп отырған облыс әкімияты резервінің қаражатын пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері бір айлық мерзімде жергілікті атқарушы органдар резервінің қаражатын пайдалану ережесін жасасын және бекітсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Дүйсеноваға жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 29 мамырдағы № 207 қаулысына қосымша Облыс әкімияты резервінің қаражатын пайдалану ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Осы ереже облыс әкімияты резервінің қаражатын облыстық мәслихаттың шешімімен тиісті қаржы жылына бекітілген сома шегінде бөлудің және пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Резерв қаражаты Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13 бабына сәйкес облыстық бюджеттің құрамында ағымдағы жыл бюджетін жасау кезінде жоспарланбаған және кейінге қалдыруға болмайтын шығыстарды қаржыландыру үшін құрылады. Облыс әкімияты резервінің құрамында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, басқа да көлденең шығыстарға арналған қаражат, сот шешімдері бойынша облыстық бюджет бағдарламаларының әкімшілері міндеттемелерін өтеуге арналған қаражат және кассалық айырмашылықтарды жабуы үшін төменгі бюджеттерді несиелеуге арналған арнайы резерв қаражаттары қарастырылған.
Тармақ 3
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаса, облыс әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы ұсынысты төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма қарайды.
Тармақ 4
4. Облыс әкімияты резервінен қаражат бөлуді облыс әкімиятының қаулысы негізінде, белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің шығыстарының құрамында бекітілген мөлшерлер шегінде облыстық қаржы департаменті жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтару мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Облыс әкімияты резерві қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және облыс әкімиятының резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғалардың резервтен қаражат бөлу туралы өтініштерін облыс әкімінің тапсыруымен облыстық қаржы департаменті оларға алушымен келісілген негіздемелі есептері болған жағдайда ғана және мынадай шарттарды ескере отырып қарайды:
Тармақша 1
1) резерв қаражаты бағытталатын мақсатқа облыстық бюджетте ағымдағы жылға қаржының болмауы;
Тармақша 2
2) резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болды және сот шешімі бойынша міндеттемелерін өтеу жағдайын қоспағанда оларға деген қажеттілік алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты емес. Резервтен қаражат бөлу туралы мәселені қараудың қорытындысы бойынша облыс әкімиятының қаулысы қабылданады.
Тармақ 7
7. Сот шешімдері бойынша облыстық бюджет бағдарламалары әкімшілерінің міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда облыс әкімияты резервінің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Сот шешімдері бойынша төлем жасауға міндетті болған облыстық бюджет бағдарламаларының әкімшілері, егер қолданылып жүрген заңдарда қарастырылған негіздемелері болса барлық сот инстанцияларына аталған шешімге міндетті тәртіппен шағым жасауына болады. Облыстық бюджет бағдарламаларының әкімшілері өздерінің қабылдаған заңсыз актілері үшін, сондай-ақ өздерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз әрекеттері үшін, оларға "әкімшілік шығыстары" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауапты болады.
Тармақ 8
8. Төмен тұрған бюджеттерді кассалық айырмашылықтарын жабуы үшін несиелеу барысында міндетті түрде мына шарттар ескерілуі тиіс:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте облыстық аудандары мен қалаларының бюджетін несиелендіру үшін көзделген соманың болуы;
Тармақша 2
2) аудандық (қалалық) мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есеп беру кезеңінде жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың бағыты;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша жергілікті атқарушы органдардың мерзімі өткен берешегінің болмауы.
Тармақ 9
9. Төменгі тұрған бюджеттерді кассалық айырмашылықтарын жабуы үшін несиелеуге қаражат бөлу қаржы жылының шегінде алты ай мерзімге дейін жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Облыс әкімиятының резервтен қаражат бөлу жөніндегі қаулысы қаржы жылы аяқталған соң күшін жояды.
Тармақ 11
11. Резерв қаржысының мөлшері облыстық бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан асып кетпеуі тиіс.
Тармақ 12
12. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға, қоғамдық және шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдарға резервтен қаражат бөлуге жол берілмейді.
Тармақ 13
13. Резервтен бөлінген қаражатты алушылар облыстық қаржы департаменті белгілеген тәртіппен және мерзімінде олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
Тармақ 14
14. облыстық қаржы департаменті ай сайын облыс әкімиятына резерв қаражатының нақты бары және оның пайдаланылуы тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
Тармақ 15
15. Алушы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен облыс әкімиятының резервінен бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуына жауап береді.
Тармақ 16
16. Резерв қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды облыстық қаржы департаменті жүзеге асырады.