О распределении средств Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаражаттар бөлу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан қаражаттар бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 тамыздағы № 756 Қаулысын орындау мақсатында 1998 жылғы сәуiр айында облыс аумағында болған дауылдың зардаптарын жоюға бөлiнген қаражаттар мына қалалар мен аудандардың әкiмдерiне бөлiнсiн: Тарбағатай ауданы 18 Зайсан ауданы 14 Зырян ауданы 4,3 Күршiм ауданы 6,3 Көкпектi ауданы 10 Үржар ауданы 20 Катонқарағай ауданы 3,0 Семей қаласы 4,2 Аягөз ауданы 2,8 Жарма ауданы 0,9 Ұлан ауданы 0,2 Абай ауданы 2.0 Барлығы: 85,7 миллион теңге
Тармақ 1
1. Аудандардың әкiмдерiне мiндеттелсiн:
Тармақша 1
1) бөлiнген қаражаттарды қатаң нысаналы бағытта бюджеттiк ұйымдарды қалпына келтiру және зардап шеккен тұрғындарға (Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне, көп балалы және тұрмысы төмен жанұяларға) көмек көрсету үшiн жүмсасын.
Тармақша 2
2) 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға дауыл зардаптарын жою жөнiндегi атқарылған жұмыстардың көлемi және құны туралы ақпарат берсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық қазынашылық басқармасы (Юркина А.И.) бөлiнген қаражаттардың нысаналы пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға (Темный Г.В.) жүктелсiн.