О порядке решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан, Премьер-Министром Республики Казахстан, по согласованию с ним или по его представлению Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар;
Тармақша 3
3) бірінші басшылары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдардың тізімі бекітілсін. 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 22.09.2021 № 656 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келiсiм бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттiк органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 наурыздағы N 373 қаулысы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы N 101 өкімі.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2002 жы­л­ғы 16 шіл­де­де­гі № 784 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі 📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2015 N 153; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 25.04.2019 № 226; 10.07.2019 № 497; 31.12.2020 № 952 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.09.2021 № 656 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.08.2022 № 540 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.02.2023 № 149 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2023 № 862 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.10.2023 № 866 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. Ла­у­а­зы­мы Кім та­ғай­ын­дай­ды Кім ұсы­на­ды Кім­мен ке­лі­сі­ле­ді (ұсы­ным бер­ген) 1 2 3 4 Премьер-Министрдің орынбасарлары Президент Премьер-Министр Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері Президент Премьер-Министр Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Президент Премьер-Министр Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер) Үкімет министрлер Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы** Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары министрлер министрлер Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Төтенше жағдайлар министрі Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы** Үкімет Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Парламенттегі өкілі, Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары Үкімет Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Үкімет Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі бас­шы­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры, бас ин­спек­тор­лар, Пре­мьер-Ми­ни­стр­дің ке­ңес­ші­ле­рі мен кө­мек­ші­ле­рі Пре­мьер-Ми­нистр Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы Пре­мьер-Ми­ни­стр­дің штат­тан тыс ке­ңес­ші­ле­рі Пре­мьер-Ми­нистр Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары министрлер Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен** Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың комитеттері төрағаларының орынбасарлары аппарат басшылары комитет төрағалары Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары министр министр Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағаларының орынбасарлары Төтенше жағдайлар министрі Төтенше жағдайлар министрі Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен** Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарлары министр министр Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің басшылары министр министр Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен Мем­ле­кет­тік қыз­мет са­ла­сын­да­ғы Өңір­лік ха­б­тың Бас­қа­ру­шы ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы Үкі­мет БҰ­ҰДБ тұ­рақ­ты өкі­лі Яд­ро­лық зерт­те­улер бі­рік­кен ин­сти­ту­ты­на мү­ше-мем­ле­кет­тер­дің өкі­лет­ті өкіл­дер ко­ми­те­т­ін­де­гі (Дуб­на қа­ла­сы) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің өкі­лет­ті өкі­лі Үкі­мет Энер­ге­ти­ка ми­ни­стрі Ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары* министрлер Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен "Са­мұ­рық-Қа­зы­на" ұлт­тық әл-ауқат қо­ры" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­қар­ма тө­ра­ға­сы* Үкі­мет Пре­зи­дент­пен "Бәй­те­рек" ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­қар­ма тө­ра­ға­сы Үкі­мет Пре­зи­дент­пен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен "Са­мұ­рық-Қа­зы­на" ұлт­тық әл-ауқат қо­ры" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на кі­ре­тін же­ке­ле­ген ұлт­тық да­му ин­сти­тут­та­ры­ның және ұлт­тық ком­па­ни­я­ла­ры­ның бас­қар­ма тө­ра­ға­ла­ры* "Са­мұ­рық-Қа­зы­на" ұлт­тық әл-ауқат қо­ры" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­қар­ма­сы Пре­мьер-Ми­нистр Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на кі­ре­тін же­ке­ле­ген ұлт­тық да­му ин­сти­тут­та­ры­ның неме­се ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың бас­қар­ма тө­ра­ға­ла­ры* ди­рек­тор­лар ке­ңе­сте­рі хол­динг­тер­дің бас­қар­ма тө­ра­ға­ла­ры Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы­мен Холдингтердің құрамына кірмейтін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары директорлар кеңестері министрлер Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Мәдениет және ақпарат министрі Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы директорлар кеңесi Мәдениет және ақпарат министрі Премьер-Министрмен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры», «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары директорлар кеңесi министрлер Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd» басқарушы компаниясының басқарма төрағасы директорлар кеңесi Премьер-Министр Ескертпе: *Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес осы кадрлар бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдарының тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкімшілігі Басшысымен міндетті түрде келісуден өтеді. ** кандидатураларды талқылау «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабы 8) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар 📌 Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2015 N 153; 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – Премьер-Министр) тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату туралы ұсыныстарды – тиісті мемлекеттік органның басшысы, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының мемлекеттік қызметшілерін – Үкімет Аппаратының Басшысы, өзге де лауазымды адамдарды тиісті ұйымдардың басшылары ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептері мен дәлелдерін, сондай-ақ тиісті лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына кандидаттың өзінің сәйкес келуін көрсете отырып, қағаз жеткізгіште және (немесе) электронды түрде Премьер-Министрдің қарауына енгізеді. Үкімет, Премьер-Министр тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға тағайындау және (немесе) тағайындауды келісу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына (бұдан әрі – Үкімет Аппараты):
Тармақша 1
1) кандидаттың іскерлік және жеке қабілеттері көрсетілген ұсыным;
Тармақша 2
2) кандидаттың суретімен бірге қызметтік тізімі;
Тармақша 3
3) міндетті арнайы тексерістен өткендігі туралы мәліметтері жіберіледі. Үкімет, Премьер-Министр тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымнан босату және (немесе) босатуды келісу үшін Үкімет Аппаратына:
Тармақша 1
1) қызметтен болжамды босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсыныс;
Тармақша 2
2) кандидаттың суретімен бірге қызметтік тізімі;
Тармақша 3
3) өтініші (қызметтен өз тілегі бойынша босатылған жағдайда) жіберіледі. Ұсынылған материалдарды Үкімет Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тіркейді және осы Қағидаларды белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізу үшін Үкімет Аппаратының Кадр жұмысы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) дереу жібереді. Ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаса, кандидаттар біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, қызметтік тізімі дұрыс болмаса Бөлім құжаттарды қараусыз қалдыруға және материалдарды мемлекеттік органға қайтаруға құқылы.
Тармақ 2
2. Премьер-Министрдің немесе Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша лауазымға тағайындауға не атқаратын лауазымынан босатуға ұсынылатын кандидаттарды Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары алдын ала зерделей алады. Ұсынылған материалдарды талдау барысында тағайындалатын немесе босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттері оны Үкімет Аппаратына әңгімелесуге шақыру арқылы зерделенеді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін. Келісілетін кандидатураларды зерделеу мақсатында Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарға сұрау салулар жіберілуі мүмкін. Бөлімде материалдарды қарау мерзімі жеті жұмыс күнінен аспайды. Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар Үкімет Аппараты Басшысының қарауына беріледі, ол өз кезегінде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды. Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерінің мамандары және Үкімет пен Үкімет Аппараты Басшылығының көмекшілері арқылы беруге жол берілмейді. Қабылданған шешім туралы мемлекеттік органдарға хабарламаны Бөлім бір күн ішінде жібереді.
Тармақ 3
3. Премьер-Министрдің келісімін алғаннан кейін Бөлім лауазымды тұлғаларды тағайындау немесе босату бойынша Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін дайындайды. Премьер-Министрдің тиісті келісімін алғанға дейін кандидаттарды лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату туралы шешім қабылдауға жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Үкімет тағайындайтын не Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет аппаратының Басшысымен келісу бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келісу нәтижесі ұсынысқа Үкімет Аппараты Басшысының қарары түрінде ресімделеді және тиісті орталық атқарушы органға жіберіледі.
Тармақ 5
5. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі — Президент Әкімшілігі) Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісу бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиіс мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдар жөніндегі тиісті орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Бөлімге енгізілген ұсыныстар Үкімет Аппараты Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келісілгеннен кейін лауазымға тағайындауға немесе лауазымнан босатуға келісім беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне жолданады. Ол Президент Әкімшілігінде келісуді ұйымдастырады, содан кейін Бөлімге ұсынылатын не босатылатын кандидатура жөнінде жауапты хабарлайды. Келісу рәсімі аяқталған соң лауазымға тағайындау не лауазымнан босату туралы дайындалған құжаттарды Үкімет Аппаратының Басшысы Премьер-Министрге қол қоюға енгізеді.
Тармақ 6
6. Ротация шеңберінде саяси мемлекеттік қызметшілерге және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне жатқызылған лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. ____________________________
Басқа 23. Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдарының тізімі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2002 жы­л­ғы 16 шіл­де­де­гі № 784 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдарының тізімі 📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.09.2021 № 656 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. Ескерту. Қаулы тізіммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2015 N 153; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.11.2016 № 696; 01.03.2017 № 100; 10.03.2017 № 112; 05.10.2017 № 622; 19.04.2019 № 215; 20.12.2019 № 955 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.09.2020 № 557 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2020 № 952 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.09.2021 № 656 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.12.2021 № 865 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.08.2022 № 540 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.12.2023 № 1123 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. 1. "Са­мұ­рық-Қа­зы­на" ұлт­тық әл-ауқат қо­ры" АҚ 2. "Қаз­Мұ­най­Газ" ҰК" АҚ 3. "Қа­за­то­мө­нер­к­ә­сіп" ұлт­тық атом ком­па­ни­я­сы" АҚ 4. "Қа­з­ақ­те­ле­ком" АҚ 5. "Қаз­поч­та" АҚ 6. "Қа­зақ­стан те­мір жо­лы" ҰК" АҚ 7. "KEGOC" АҚ 8. "Қа­зақ­стан Ин­жи­ни­ринг" ҰК" АҚ 9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1123 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 10. "Эйр Аста­на" АҚ 11. "Са­мұ­рық-Энер­го" АҚ 12. "Бәй­те­рек" ұлт­тық бас­қа­ру хол­дин­гі" АҚ 13. "Қа­зақ­стан да­му бан­кі" АҚ 14. "Да­му" кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры" АҚ 15. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 16. Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 17. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.09.2020 № 557 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 18. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ 19. Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 20. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 540 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 21. Алып та­стал­ды - ҚР Үкі­ме­ті­нің 11.11.2016 № 696 қа­улы­сы­мен 22. "Ұлт­тық ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар" АҚ 23. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 952 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 24. "Азық-тү­лік ке­лі­сім-шарт кор­по­ра­ци­я­сы" АҚ 25. Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 26. "Қа­зақ­стан Ға­рыш Са­па­ры" ҰК" АҚ 27. "QazExpoCongress" ҰК" АҚ 28. "Каз­гео­ло­гия" ұлт­тық гео­ло­ги­я­лық бар­лау ком­па­ни­я­сы" АҚ 29. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.12.2019 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 30. "KAZAKH INVEST" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" АҚ 31. Алып тасталды -ҚР Үкіметінің 06.12.2021 № 865 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 32. "СК-Фар­ма­ция" ЖШС 33. "Қаз­те­ле­ра­дио" АҚ 34. Әл-Фа­ра­би атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық уни­вер­си­те­ті 35. Л.Н. Гу­ми­лев атын­да­ғы Еура­зия ұлт­тық уни­вер­си­те­ті 36. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті 37. Абай атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық пе­да­го­ги­ка­лық уни­вер­си­те­ті 38. Қа­зақ ұлт­тық аг­рар­лық уни­вер­си­те­ті 39. Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық кон­сер­ва­то­ри­я­сы 40. Қа­зақ ұлт­тық өнер уни­вер­си­те­ті 41. Т.Қ. Жүр­ге­нов атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сы 42. С.Д. Асфен­ди­я­ров атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті 43. "KazakhExport" экс­порт­ты сақ­тан­ды­ру ком­па­ни­я­сы" АҚ 44. «Kazakh Tourism» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ 45. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ 46. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» КеАҚ 47. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ 48. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd басқарушы компаниясы 49. Қазақ ұлттық хореография академиясы Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АҚ - акционерлік қоғам ҰК - ұлттық компания ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғам