Об утверждении государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 443) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ҚР ҚН 3.04-01-2018 «Гидротехникалық құрылыстар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ҚР ҚН 3.04-03-2018 «Гидротехникалық құрылыстар негіздері» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ҚР ҚН 3.04-09-2018 «Өзендік гидротехникалық құрылыстар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ҚР ҚН 3.04-10-2018 «Теңіз және өзен гидротехникалық көліктік құрылыстары» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы: заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігімен
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігімен
Басқа 1. АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс
жәнет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
комитеті төрағасының
2018 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 249-нқ бұйрығына
1-қосымша
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 249-нқ бұйрығымен
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН:
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
5 ПРЕДСТАВЛЕН:
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
6 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 5 декабря 2018 года № 249-нқ
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Мазмұны
1-тарау
Қолдану саласы
2-тарау
Нормативтік сілтемелер
3-тарау
Терминдер және анықтамалар
4-тарау
Мақсаттары және функционалдық талаптары
1-параграф
Нормативтік талаптардың мақсаттары
2-параграф
Функционалдық талаптары
5-тарау
Жұмыс сипаттамаларына талаптар
1-параграф
Гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
2-параграф
Гидротехникалық құрылыс классын белгілеу
3-параграф
Жобалау кезеңінде гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4-параграф
Гидротехникалық құрылыстарды салу кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету
6-тарау
Гидротехникалық құрылыстардың пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі
1-параграф
Жалпы ережелер
2-параграф
Судың ең көп шығындарын өткізген кездегі өзеннің гидротехникалық құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3-параграф
Гиротехникалық құрылыстардың механикалық жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4-параграф
Арнайы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (кеме жүзетін, сұйық қалдықтардың порттық қоймалары мен жинаушылары)
5-параграф
Ерекше табиғи жағдайларда пайдаланылатын гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
6-параграф
Гидротехникалық құрылыстар мен механикалық жабдықтар жағдайының техникалық бақылауы
7-параграф
Гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау мен жою кезіндегі қауіпсіздігі
7-тарау
Қоршаған ортаны қорғау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
____________________________________________________
ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР
ГИДРОТЕХНИЧЕСКИЕ СООРУЖЕНИЯ
____________________________________________________
Қолданысқа енгізілген күні - 2018-ХХ-ХХ
Тарау 1. 1-тарау. Қолдану саласы
1-тарау. Қолдану саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыс нормалары жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын барлық түрдегі және класстағы өзен және теңіз құрылыстарына қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы құрылыс нормалары гидротехникалық құрылыстарды жобалау және құрылысын салу кезінде олардың барлық құрылу және пайдалануға берілу кезеңіне техникалық реттеу объектілеріне ең төменгі қажетті талаптарды анықтайды
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексі;
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Заң);
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 Қаулысы (бұдан әрі – Техникалық регламент).
Ескертпе: Осы құрылыс нормаларын қолдану кезінде кезінде ағымдағы жылға қарағанда жыл сайын жасалатын «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативті құқықтық және нормативті-техникалық актілер тізімі», «Мемлекет аралық нормативті құжаттар нұсқаулығы» және «Қазақстан Республикасы стандарттау бойынша нормативті құжаттарының нұсқаулығы» бойынша сілтемелік құжаттарының қолданысын тексеру мақсатқа лайық болады. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат өзгертілмей ауыстырылса, онда осы сілтемеге қатысты емес бөлімге қатысты ереже қолданылады».
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер және анықтамалар
3-тарау. Терминдер және анықтамалар
Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
Тармақша 2
2) гидродинамикалық апат - төтенше техногенді жағдайдың пайда болу қаупін жасайтын және судың жайылуының үлкен жылдамдығымен байланысты, гидротехникалық құрылыстағы апат;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігі - адамдардың заңды мүдделерін, өмірі мен денсаулығын, қоршаған орта мен шаруашылық етуші объектілерді қорғауды қамтамасыз ететін гидротехникалық құрылыстың жағдайы;
Тармақша 4
4) гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік декларациясы - гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігі негізделген құжат, гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның сыныбы мен шаралар кешенін ескере отырып, апаттардың алдын алу мақсатында шаруашылық қызмет субъектісі қабылдаған, сондай-ақ оқшаулануды қамтамасыз ету, апаттар мен олардың зардаптарын жою шаралары анықталады;
Тармақша 5
5) гидротехникалық құрылыс апаты тәуекелділігінің рұқсат етілген деңгейі - нормативті құжаттармен белгіленген гидротехникалық құрылыс апатының тәуекелінің мәні;
Тармақша 6
6) гидротехникалық құрылыс қауіпсіздігінің өлшем-шарттары: - гидротехникалық құрылыс күйінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің шекті мәндері және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын атқарушы билік органдарының орнатылған тәртіппен бекіткен және гидротехникалық құрылыс апаттарының тәуекелінің рұқсат етілген деңгейіне сәйкес келетін пайдалану шарттары;
Тармақша 7
7)гидротехникалық құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету - гидротехникалық құрылыс апаттарының алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) ғимараттар мен құрылыстардың кернеулі-өзгертілген күйіне мониторинг жасау - ғимараттар немесе құрылыстардың негіздемесі мен құрылымдарының өзгеруі мен беріктілік сипаттамаларының өзгеруін бақылау мен стационарлы қадағалау жүйесі;
Тармақша 9
9) ғимараттар мен құрылыстардың аумақтарын инженерлік қорғау: - ғимараттар мен құрылыстар, аумақтарына, сондай-ақ олардың салдарынан қорғауға табиғи және табиғи-техногенді шарттардың қауіпті әсерінің алдын алуға бағытталған шаралар мен құрылыстардың кешені;
Тармақша 10
10) қоршаған ортаның құраушыларына мониторинг жасау - табиғи және табиғи-техногенді шарттардың өзгерісі мен күйін бақылау және стационарлы қадағалау жүйесі;
Тармақша 11
11) мүлтіксіздігі - белгілі бір уақыттың ағымында істен шығу ағыны параметрін, кепілдік атқарымды, жұмысқа қабілеттілігін үздіксіз сақтау сияқты объектінің қасиеті;
Тармақша 12
12) пайдалану қауіпсіздігі - жануарлар мен өсімдіктердің өмірі немесе денсаулығына, мемлекеттік немесе муниципалды мүлік, заңды немесе жеке тұлғалардың мүлкіне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына залал келтірумен байланысты жол бергісіз тәуекелі жоқ күй;
Тармақша 13
13) пайдаланушы ұйым - балансында гидротехникалық құрылыс бар мемлекеттік кәсіпорын немесе басқа ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйым;
Тармақша 14
14) техногенді әсер - ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану мен құрылысы процесінде табиғи жағдайлардың өзгеруі н нәтижесінде пайда болатын қауіпті әсер;
Тармақша 15
15) төзімділігі - объектінің техникалық қызмет көрсету және жөндеудің орнатылған жүйесі кезінде шекті күйі басталғанға дейін жұмысқа қабілеттілігін сақтау қасиеті, яғни жұмыстағы мүмкін болатын үзілістерімен. Төзімділік көрсеткіштері қызметтің жөндеу аралық қызметі, бірінші күрделі жөндеуге дейінгі мерзім, қызметтің орташа мерзімі болып табылады;
Тармақша 16
16) төтенше жағдай - адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.
Тарау 4. 4-тарау. Мақсаттары және функционалдық талаптары
4-тарау. Мақсаттары және функционалдық талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Нормативтік талаптардың мақсаттары
1-параграф. Нормативтік талаптардың мақсаттары
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормаларының мақсаттары:
Тармақша 1
1) жасалатын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайлардың пайда болуынан немесе әсерінен адамдарды қорғау;
Тармақша 3
3) объекті бұзылған жағдайда материалды және физикалық залалды азайту болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Функционалдық талаптары
2-параграф. Функционалдық талаптары
Тармақ 5
5. Гидротехникалық құрылыстарды жобалау және құрылысын салу келесі функционалдық талаптарды қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өзінің мақсатына қарай құрылыс өнімінің сәйкестігін қамтамасыз ету және халықтың өміріне қолайлы жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) құрылыс процесінде, және ұзақ уақыт бойы пайдалану кезінде, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін құрылатын құрылыс объектілерінің қауіпсіздігі;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылыстың механикалық төзімділігі мен беріктілігі (оның ішінді құрылыс конструкцияларында сызаттың, деформацияның пайда болуының, тұрақсыз жағдайға өтуінің, тепе-теңдікті жоғалтуының немесе барлық қызмет ету мерзімінде құлауының төменгі ықтималдығы);
Тармақша 4
4) адамдар мен жануарлардың тіршілік ету қоршаған ортасы үшін қауіпсіздік;
Тармақша 5
5) шудан қорғау;
Тармақша 6
6) жылуды сақтау және энергияны үнемдеу;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелділігін ескере отырып, қолайсыз әсерлерден адамдар мен құрылыс өнімін қорғау;
Тармақша 8
8) ғимараттар мен құрылыстар, инженерлік жабдық жүйелері, негіздемелер мен құрылыс құрылымдарының сапасы мен сенімділігі;
Тармақша 9
9) экологиялық талаптарды сақтау, табиғи, материалды және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану;
Тармақша 10
10) халықаралық қызметтестікте техникалық тосқауылдарды жою және су ресурстарын пайдалану, құрылыс қызметін жүзеге асыру процесіндегі қатынастарды реттеу.
Тарау 5. 5-тарау. Жұмыс сипаттамаларына талаптар
5-тарау. Жұмыс сипаттамаларына талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
1-параграф. Гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 6
6. Гидротехникалық құрылысты салуға жобалау құжаттамасының құрамы, әзірлеу, келісу, бекіту Заң мен Техникалық регламент талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Гидротехникалық құрылыстардың жүйелері (гидротехникалық құрылыстар, бөгеттер, жер дамбалары, шағын гидроэлектростанциялар, оның ішінде гидро шоғырландырылған, сорғы станциялар, су жинайтын, су лақтыратын, суды ағызатын құрылыстар, тұндырғыштар, құбырлар, тәуліктік реттеу бассейндері, резервуарлар, су электростанцияларының арынды бассейндері және тағы да басқалар) оларға жанасып жатқан елді мекендерді есепке ала отырып жобаланады және тұрзызылады.
Тармақ 8
8. Гидротехникалық құрылыстарды уақытша және тұрақтыға бөледі. Уақытшаға тұрақты құрылыстарды жөндеу мен құрылыс кезеңінде қолданылатын құрылыстар жатқызылады.
Тармақ 9
9. Мақсатына қарай тұрақты гидротехникалық құрылыстар негізгі және қосалқы болып бөлінеді.
Тармақ 10
10. Негізгі гидротехникалық құрылыстарға зақым тигізетін немесі құлауға жеткізетін:
Тармақша 1
1) электростанциялардың бірқалыпты жұмысының бұзылуы немесе тоқтауы;
Тармақша 2
2) суару мен сумен жабдықтауға арналған судың берілуін азайту немесе тоқтату;
Тармақша 3
3) қорғалатын аумақтың су басуы мен су жайылуы;
Тармақша 4
4) кеме құрылысы мен кеме жөндеу кәсіпорын, теңіз порттарының қызметі, кеме жүрісінің қысқаруы немесе тоқтатылуы;
Тармақша 5
5) теңіз ұңғымалардан, қоймалар, құбырлар, балық запастарының залалынан мұнай мен газдың лақтырындыларына немесе табыстың тоқтатылуына әкелуі жатады.
Қосалқыларға бұзылуы немесе ақаулығы гидротехникалық құрылыс жұмысындағы істен шығуды тудырмайтын, бірақ белгілі бір шамада гидротехникалық құрылыстардың негізгі жұмысына теріс әсерін көрсете алатын гидротехникалық құрылыстарын жатқызуға болады.
Тармақ 11
11. Гидротехникалық құрылыстар, әдетте, қала құрылысы құжаттары мен басқа басшылыққа міндетті құжаттар, өндірістік күш пен өнеркәсіптік объектілерді орналастыру мен дамыту, шаруашылық құрылымын жетілдіру бағдарламаларында қамтылған ережелер мен деректер, қысқы мерзімді және ұзақ мерзімді болжам базасында суды тұтыну мен су ағындарын қолдану кестесінің есебімен, үстірттік су ағынын реттеу бойынша инженерлік есептері негізінде су ресурстарын кешенді пайдалану талаптарына негіздей отырып жобалануы керек.
Тармақ 12
12. Жаңа құрылатын гидротехникалық құрылыстардың түрлері, олардың параметрлері мен жинауын келесі факторларды есепке ала отырып, техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің нұсқаларын жан-жақты салыстыру негізінде таңдау керек:
Тармақша 1
1) жоғары және төменгі бьефтерінде өзендердің үстірттік ағыны мен гидрологиялық режимнің ауытқулары мен өзгерістердегі су шаруашылық болжам, оның ішінде температуралық режим мен мұз құрамын жасау, түптегі шөгінділерін құрамының зерделенуі, су қоймалары мен теңіздері, өзен жағалауы мен арнаны қайта бұру мен сорғылардың тұнбалану мүмкіндіктері; ғимараттар мен құрылыстардың орналасқан инженерлік қорғау мен аумақтардың су басуы мен судың жайылуы;
Тармақша 2
2) құрылыстың функционалды мақсатын;
Тармақша 3
3) ауданның табиғи жағдайлары, құрылысты салу орындарын (топографиялық, гидрологиялық, климаттық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, сейсмикалық, биологиялық және тағы да басқа);
Тармақша 4
4) жұмыстарды жасаудың әдістері мен шарттары, еңбек ресурстарының болуын;
Тармақша 5
5) халық шаруашылығының салаларын келешекті дамыту, өзгерту және орналастыру, оның ішінде энергияны тұтыну, көлік ағыны және жүк айналымы, суару және құрғату объектілерін дамыту, су басу, сумен жабдықтау, кеме құрылысы мен кеме жөндеу, теңіз жағалауының учаскелерін кешенді игеру, оның ішінде мұнай мен газдың шельфтегі кен орындарын әзірлеуді қоса алғанда;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаға әсерін;
Тармақша 7
7) халықтың шарттары мен халықтың денсаулығына объектінің пайдалану мен құрылыстарын ықпалын;
Тармақша 8
8) мелиоративті жүйелер жұмысының режимі мен сумен жабдықтау, балық шаруашылығы, кеме жүрісінің міндеттері мен шарттарын өзгертуін;
Тармақша 9
9) табиғатты қолданудың орнатылған режимін (ауыл шаруашылық жер-сулары, қаумал қорық және тағы да басқалар);
Тармақша 10
10) халықтың демалысы және тұрмыстық шарттарын (жағажай, курорттық-санториялық аймақтар және тағы да басқалар);
Тармақша 11
11) судың сапалы сақталуын қамтамасыз ететін шаралар: шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары емес судағы мөлшерін қамтамасыз етумен ластайтын заттар мен биогенді элементтерден түсімді шектеу, суды қорғайтын аймақтың санитарлы тиісті режимін сақтауын, су қоймасының ложасын қолдану есебімен;
Тармақша 12
12) құрылысты тұрақты және уақытша пайдалану шарттарын;
Тармақша 13
13) негізгі құрылыс материалдарын үнемді шығындау талаптарын;
Тармақша 14
14) пайдалы қазбалар, жергілікті құрылыс материалдар кенін әзірлеу перспективаларындағы пайдалану мүмкіндігін;
Тармақша 15
15) мұнай мен газды тасымалдау, жинау, сақтау, теңіз шельфтерінің аквториясындағы мұнай газ өнеркәсіптік кен орындарын әзірлеу технологияс;
Тармақша 16
16) өнеркәсіпті тарату мен пайдалануының аяқталуы кезінде құрылымды демонтаждау технологиясын;
Тармақша 17
17) су ағыны, су қоймасы мен теңіздер жағалауында орналасқан құрылыстарға эстетикалық және сәулет талаптарын қамтамасыз етуін;
Тармақша 18
18) су қоймаларының ложалары мен жанасып жатқан аумақтарын әзірлеуді қамтамасыз етуіе;
Тармақша 19
19) балық қорғау шараларын ұйымдастыруын;
Тармақша 20
20) пайдалы қазбалар кен орнын қорғау;
Тармақша 21
21) құнды ауылшаруашылықты жерлер мен қорлардың сақталуын;
Тармақша 22
22) кеме шаруашылықтарының қажетті шарттары;
Тармақша 23
23) су пайдаланушылар мен су тұтынушылар мүдделерінің есебімен төменгі бьефте сулардың жылдамдықты және тең қолайлы режимдер, минималды қажетті шығындарды, игерілген жерлер үшін топырақ суының деңгейінің табиғи режимді сақтау шарттарын;
Тармақша 24
24) құрылыс пен пайдалану кезінде өрт сөндіру құралдары мен өрт қауіпсіздігін.
Тармақ 13
13. Гидротехникалық құрылыстарды жобалау кезінде:
Тармақша 1
1) пайдалану мен құрылыстың бүкіл кезеңдерінде құрылыс сенімділігін;
Тармақша 2
2) құрылыстың максималды экономикалық тиімділігін;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылымның инженерлік құрылыстары мен тау кенінің массиві, сондай-ақ оларға деген табиғи және техногенді әсерінің күйін үнемі инструменталды және көзбен шолу (мониторинг) бақылауын;
Тармақша 4
4) гидротехникалық құрылыстар торабын тиісті сәулетті ресімделуін;
Тармақша 5
5) жергілікті құрылыс материалдарын анағұрлым толық пайдалануын;
Тармақша 6
6) анағұрлым аз еңбек шығындары мен жұмыстардың механизация жоғары деңгейдегі құрылыстың нормативті ұзақтығын;
Тармақша 7
7) пайдалы қазбалар кен орындарын қорғауды;
Тармақша 8
8) құнды ауылшаруашылық жерлерінің сақталуын;
Тармақша 9
9) су қоймалары мен жанасып жатқан аумақтар мен өнеркәсіптердің сұйық қалдықты қоймалардың ложасын дайындауды;
Тармақша 10
10) кеме шаруашылығына арналған қажетті жағдайларды жасау бойынша талаптарды;
Тармақша 11
11) мал және өсімдік әлемін сақтау, жекелей алғанда балық қорғау шараларының ұйымы;
Тармақша 12
12) минималды қажетті су шығыны, су пайдаланушылар мен суды тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып бьефтердегі қолайлы тең және жылдамдықты режимдер қарастырылады және қамтамасыз етіледі.
Тармақ 14
14. Гидротехникалық құрылысты жобалау кезінде мүмкіндік пен техникалық-экономикалық мақсатқа лайықтылық қарастырылады:
Тармақша 1
1) түрлі пайдалану функцияларын орындайтын құрылысты сыйыстыру;
Тармақша 2
2) іске қосу кешендерімен пайдалануға құрылысты енгізу және салу;
Тармақша 3
3) құрылыстық-монтаждау жұмыстарын өндіру әдістері мен мөлшері және құрылымы мен жабдығын жинақтауының бірегейлендіру;
Тармақша 4
4) энергетика мақсаттары үшін көлік, мелиоративті, балық шаруашылық және басқа мақсаттағы гидротораптарда жасалатын арынды пайдалану;
Тармақша 5
5) бар құрылыстардың реконструкциясы.
Тармақ 15
15. Тау топырақтары мен таулы массив ішінде гидротехникалық құрылыстарды жобалаған кезде табиғи кернеулі күйі мен газ тасушылығын, сулылығы мен жер массивтерінің құрылымын ескеру қажет; құрылымның сенімділігіне әсер ететін факторларды ескеру қажет; қолданылатын элементтердің саны мен сапасын; элементтер мен бөлшектердің жұмыс режимін; дайындаудың бірегейлігі мен стандарттауды, жөндеу мен қарау үшін тораптар мен бөлшектердің қолжетімділігін ескерген жөн.
Тармақ 16
16. Сейсмикалық аудандардағы құрылыс Заңның 20 бабындағы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес гидротехникалық құрылысты сейсмикалық аудандарда жобалауды қарастыру керек.
Бап 2. 2-параграф. Гидротехникалық құрылыс классын белгілеу
2-параграф. Гидротехникалық құрылыс классын белгілеу
Тармақ 17
17. Гидротехникалық құрылыстарға негіздемелер топырағы түрі мен биіктігіне, әлеуметтік-экономикалық жауапкершілікке және мүмкін болатын гидродинамикалық өзгерістер салдарына қарамай келесі топтарға бөлінеді.
Ескертпе: Гидротехникалық құрылыс жобасының тапсырыс берушісі өзінің шешімімен құрылыс классын бір деңгейге көтеруге құқылы.
Тармақ 18
18 Негізгі гидротехникалық құрылыстар классын (21, 24 және 25 тармақтарында айтылғаннан басқа) анағұрлым биік мәніне тең қылып қабылдау керек.
Тармақ 19
19. Қосалқы гидротехникалық құрылыстар классын берілген гидротораптың негізгі құрылыс классынан төмен, бірақ ІІІ классынан жоғары емес етіп қабылданады..
Тармақ 20
20. Уақытша құрылыстарды, әдетте, ІV классына жатқызу керек. Егер осы құрылыстардың бұзылуы І және ІІ класстарының негізгі құрылыстарын салудың елеулі іркілісі немесе апатты сипатының салдарын тудырған жағдайларда, оларды ІІІ класстың тиісті негіздемесіне жатқызуға рұқсат беріледі. Гидравликалық, гидроаккумуляцияланатын және жылу электростанциялардың су тіректі гидротехникалық құрылыс классы төменгі бьефте орналасқан объектілері мен аумақтары үшін қорғаныс құрылыстарының есебімен белгіленеді..
Су шаруашылық кешенінің бірнеше қатысушыларының қажеттіліктерін бірмезгілде қамтамасыз ететін кешенді гидротораптың негізгі гидротехникалық құрылыстардың классын (энергетика, көлік, мелиорация, сумен жабдықтау, су тасқындарымен күресу және басқалары) анағұрлым жоғары классқа жатқызылған құрылыс бойынша орнату керек.
Түрлі мақсаттағы (мысалы, арқанды қоршау) екі немесе бірнеше функциялардың бір құрылысында сыйыстырған кезде классты анағұрлым жоғары классқа жатқызылған құрылыс бойынша орнату керек. Арынды фронт құрамына кіретін негізгі құрылыс класстары анағұрлым жоғары классқа жатқызылған құрылыс бойынша орнатылуы тиіс.
Тармақ 21
21. 1,0 миллион кВт кем қуаттылықпен орнатылған жылу және гидравликалық электростанциялардың негізгі гидротехникалық құрылыстарының классын, егер осы электростанциялар энергетикалық жүйелерден оқшауланған болса және ірі елді мекендерді, өнеркәсіптерді, көлік және басқа тұтынушыларға қызмет көрсетсе немесе егер осы электростанциялар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ірі елді мекендерді жылумен, ыстық сумен және бумен жабдықтаса, бір бірлікке арттыру керек.
Тармақ 22
22. Бірінші, екінші және үшінші санатты өзен порттарының негізгі гидротехникалық құрылыстарын ІІІ классқа жатқызу керек, қалған құрылыстарды ІV классқа жатқызған дұрыс.
Жүк айналымы мен жолаушы айналымы ішкі су жолдарындағы өзен порттарын технологиялық жобалау нормаларымен анықталады.
Тармақ 23
23. Түрлі класстарға жатқызылуы мүмкін гидротехникалық құрылыстар жанасқан немесе қиылысқан кезде, барлық құрылыстар үшін анағұрлым жауапты құрылыстың классы қабылданады..
Тармақ 24
24. Басты су жинағыштан реттеуіш су бірінші қоймасына дейін арна учаскесінің классын, сондай-ақ реттеуші су қоймалары арасындағы арналар учаскелері, егер негізгі су тұтынушыға су беру арнадағы апаттың салдарын жою кезеңінде су қоймалары реттеуші сыйымдылық немесе басқа көздері есебінен қамтамасыз етілсе, бір бірлікке төмендетілуі мүмкін.
Тармақ 25
25. Жағалауды күшейтетін құрылыстарды ІІІ классқа жатқызу керек. Жағалауды бекітетін құрылыс апаты апатты сипаттағы салдарға әкелетін жағдайларда (сырғыма, су шаю және тағы да басқа) құрылысы ІІ классқа жатады.
Тармақ 26
26. Теңіз мұнай газ өнеркәсіп гидротехникалық құрылыстары, оның ішінде мұнай газ құбырлары мен су асты мұнай қоймалары, құрылымы мен пайдалану шарттарына қарамастан І классқа жатқызылады. Теңіз мұнай газ өнеркәсіп гидротехникалық құрылыстарының классын төмендетуге жол берілмейді.
Тармақ 3. 3-параграф. Жобалау кезеңінде гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3-параграф. Жобалау кезеңінде гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 27
27. Гидротехникалық құрылыстар жобасын әзірлеу кезінде гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативті талаптарды басшылыққа алу керек.
Тармақ 28
28. Гидротехникалық құрылыстар жобасының құрамында гидротехникалық құрылыстардың кернеулі-деформацияланған күйіне мониторинг жасаудың автоматтандырылған жүйесінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарына сай арнайы тарауын әзірлеу керек. Гидротехникалық құрылыстардың негіздемелері мен конструкциясын өзгерту мен төзімді ерекшеліктерінің өзгерісін бақылау мен стационарлы қадағалау жүйесі құрылыс процесінде де, кешенге кіретін ғимараттар мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану кезінде де автоматтандырылған режимде жұмыс істейді.
Тармақ 29
29. Қолайсыз процестер мен ақаулықтарды уақытылы анықтау, апаттар мен істен шығулардың алдын алу, жөндеу шараларын белгілеу және жүзеге асыру, қауіпсіздік қаупін және деңгейін бағалау және белгілеудің пайдалану режимдерін жақсарту үшін бақылаулы құрал-қадағалардан алынған параметрлік деректер талдауы орындалады. Оқылатын бастапқы деректердің құрамына мыналар қосылуы керек:
Тармақша 1
1) құрылысқа әсер мен бақыланатын жүктемелер тізімі;
Тармақша 2
2) құрылыстар мен олардың негіздемелері күйінің бақыланатын және диагностикаланатын көрсеткіштерінің тізімі, оның ішінде қауіпсіздік өлшем-шарттарымен бірге;
Тармақша 3
3) бақылау-өлшеу аппаратурасы және қадағаларды, құрылғылар мен өлшеу құралдарының ерекшеліктерін орнатуға сызбалар мен техникалық шарттар;
Тармақша 4
4) құрылыстардың күйіне, оларға табиғи және техногенді әсерлеріне, оның ішінде анықталатын негізгі техникалық және бағдарламалық құралдарына, мониторинг жасау жүйесінің техникалық шешімдері мен құрылымдық кестелері;
Тармақша 5
5) құрылыстардың күйі мен жұмысын қалыпты бақылауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулы құжаттар.
Тармақ 30
30. Гидротехникалық құрылыстар жобасының құрамында олардың қауіпсіздігінің өлшем-шарттары әзірленеді. Пайдалануға енгізер алдында және гидротехникалық құрылыстарды пайдалану процесінде қауіпсіздік өлшем-шарттары сындарлы шешімдер, негіздемелер мен құрылыстардың материалдар ерекшеліктері, әсерлер мен жүктемелер, құрылыстардың күйлерін қадағалау нәтижелері негізінде нақтыланады.
Тармақ 31
31. Зақымдалуы пайдалану мен оларды жасаудың барлық сатыларында төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздікті декларацияуға жатқызылады.
Тармақ 32
32. Қауіпсіздік декларациясы жобаны келістіру кезінде гидротехникалық құрылыс қауіпсіздігін бақылау органдарында бекітуге жатқызылады және жобаның міндетті бөлігі болып табылады.
Тармақ 33
33. Функциясы жоғары қауіптермен байланысты гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін декларациялау, объектідегі төтенше жағдайларды тарату мен алдын алу бойынша шаралардың тиімділігі мен жеткіліктілігін бағалау, қауіпсіздік шараларын сақтауды жүйелік бақылауды қамтамасыз ету мақсаттарында жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Қауіпсіздік декларациясы түзетілуге жатқызылады:
Тармақша 1
1) объектіні пайдалануға енгізер алдында;
Тармақша 2
2) пайдаланудың алғашқы екі жылынан кейін;
Тармақша 3
3) пайдаланудың әр келесі бес жылында бір реттен жиі емес;
Тармақша 4
4) гидротехникалық құрылыстардың реконструкциясы, олардың күрделі жөндеуі, қалпына келтірілуі мен пайдалану шарттарының өзгеруінен кейін;
Тармақша 5
5) пайдаланудан шығару кезінде және консерваттау кезінде;
Тармақша 6
6) гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік облысындағы нормативті құқықтық актілер, ережелер мен нормалар өзгерген кезде;
Тармақша 7
7) апатты жағдайлардан кейін.
Тармақ 35
35. Гидротехникалық құрылыс жобаларында, олардың мүмкін болатын апаттарын жою және жерлендіру үшін жедел әрекет етудің апатқа қарсы құралдары; электр беріліс желілері мен электро энергияның резервтік және автономды көздері, объектінің аумағында және ауданда жол жүру жолдары мен көпірлер, құрылыс базаларының жабдығы мен көлік, өндірістік объектілер, топырақ резервтері мен кариерлердың құрылыстық және пайдалану кезеңдеріне пайдалану бойынша техникалық шешімдер қарастырылуы керек.
Тармақ 36
36. Гидротехникалық құрылысты жобалау кезінде құрылыс пен пайдалану кезеңдерінде пайда болуы мүмкін апатты жағдайлар мен мүмкін болатын қауптердің дамуының алдын алу бойынша сындарлы-технологиялық шешімдер қарастырылады.
Тармақ 37
37. Гидротехникалық құрылыстар жобаларында арынды фронттың бұзылуымен құрылыстың әлеуетті апатынан әлеуметтік және материалды залалды бағалау бойынша есептер орындалуы керек. Сондай-ақ қоршаған ортаға құрылыстардың мүмкін апаттарының теріс әсерлерін төмендету бойынша шараларды қарастыру қажет.
Тармақ 38
38. Су арынды гидротехникалық құрылыстар жобаларында арынды фронттың қаупі туралы гидротехникалық құрылыстың төменгі бьефінде өзеннің бойында тұратын халық пен персоналға хабарлаудың жергілікті жүйелері қарастырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Гидротехникалық құрылыстарды салу кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4-параграф. Гидротехникалық құрылыстарды салу кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 39
39. Гидротехникалық құрылыстарды салу кезінде жобалау құжаттамасының талаптарын, техникалық регламенттерді, қауіпсіздік техникасын сақтау қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақ 40
40. Құрылыс шығындарын өткізу кезінде төменгі бьефте салынып жатқан құрылыстардың, олардың элементтері мен оларға жақын жатқан арна телімдерінің сақталуына қауіп төндіретін режимдерді жасауға жол берілмейді.
Тармақ 41
41. Гидротехникалық құрылыстарды қысқы уақытта жүргізу, салынып жатқан құрылыстың қауіпсіздігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне алып келмеуі тиіс.
Тармақ 42
42. Қысқы мерзімде жұмыстар жүргізген кезде:
Тармақша 1
1) мұздаған негіздегі құрылыс (егер бұл жобада қарастырылмаса);
Тармақша 2
2) құрылыс затына төселетін құрылыс материалдарын мұздату;
Тармақша 3
3) қатуының аяқталуына және нормативтік беріктігіне жетуіне дейінгі бетонды құрылғылар заттарын мұздату;
Тармақша 4
4) жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес топырақтың консалидациясы немесе тығыздалуына дейін топырақты құрылыс заттарын мұздатуды болдырмау шаралары жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Гидротехникалық құрылыстардың пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі
6-тарау. Гидротехникалық құрылыстардың пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 43
43. Гидротехникалық құрылысты жобалау кезінде оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қарастырылуы керек. Әрбір гидротехникалық құрылыста құрылыстың техникалық жағдайының түрақты және жүйелі бақылауы (тексерулер, техникалық куәландырулар, зерттеулер) ұйымдастырылуы, сонымен бірге олардың жағдайы мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты, техникалық және технологиялық бақылауының қызметкерлері тағайындалып, олардың лауазымдық қызметтері бекітілуге тиіс.
Тармақ 44
44. Өлшемдердің мөлшерлік көрсеткіштері пайдалану үрдісінде пайдалану мен зерттеу тәжірибесі негізінде түзетуге ұшырауы мүмкін. Қауіпсіздік өлшем-шарттары мен олардың мөлшерлік көрсеткіштері 5 жылда бір реттен жиі емес қарастырылуы тиіс.
Апатты жағдайлар белгілері болғанда және жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін және (немесе) құрылыстың пайдалану режимдерінің өзгергенде қауіпсіздік өлшем-шарттарының көрсеткіштері кезектен тыс тәртіпте нақтылануға жатады.
Тармақ 45
45. Мониторнгтің нәтижелері гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік декларациясында көрсетіледі.
Тармақ 46
46. Пайдаланатын ұйым құрылыстың жағдайының сапалық мониторнгін жүргізуге арналған бақылау-өлшеу аппаратуралық жүйені дамытуды және қорғауды қамтамасыз етеді.
Істен шыққан аппаратура ауыстырылуға жатады; қайтадан орнатылатын аппаратура қажетті ақпаратты береді.
Тармақ 47
47. Пайдалануда 25 (жиырма бес) жылдан артық уақыт болған гидротехникалық құрылыстар, жағдайына қарамастан 5 (бес) жылда бір рет, олардың беріктігі, төзімділігі және пайдалану сенімділігінің кешенді талдауы жүргізілуі тиіс.
Құрылыстың материалдарының шын мәніндегі физикалық-математикалық сипаттамалары негізінде және қажет болған жағдайда олардың негіздерінің (апат алдындағы белгілер болғанда) құрылыстың жағдайының кешенді талдауына кезектен тыс ұшырайды.
Тармақ 48
48. Әрбір гидротехникалық құрылыс үшін оның жағдайының, құрылымы мен материалдарының ерекшеліктерін талдау негізінде, ықтимал апаттарды, мүмкін болатын лаңкестік актілер нәтижесінде, олардың даму сценарийлерінің жобалау құжаттамасының құрамы негізінде дайындалған, апаттарды болдырмау және оқшаулау жөніндегі жобалау шешімдер жасалынады.
Тармақ 49
49. Гидротехникалық құрылыстардың пайдалану режимдері: су қоймаларының тәртібі (осы құрылыс нормасының 44 және 45-тармақтарына сәйкес) және толтырылуы, төменгі бьефтердегі судың тұрақты деңгейлерін еркіне жіберу және қолдау жобалау ұйымы жасаған су қоймаларын пайдаланудың қолданыстағы санитарлық ережелері мен нормаларына негізделеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Судың ең көп шығындарын өткізген кездегі өзеннің гидротехникалық құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2-параграф. Судың ең көп шығындарын өткізген кездегі өзеннің гидротехникалық құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 50
50. Суды су жинау құрылыстары арқылы өткізу жобалау құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады және құрылыстың тұрақтылығына әсер етуі мүмкін, түбінің шайылуын, құрылыстың зақымдалуын болдырмауы тиіс.
Тармақ 51
51. Су тасуының алдында және оның келесі толысуының жұмыс режимі:
Тармақша 1
1) су тасқыны және (немесе) сел кезінде су қоймасын қалыпты тірек деңгейіне дейін толтыру; бұл ережеден ауытқу тек су шаруашылығы кешенінің ерекше талаптары жағдайында және көп жыл реттелген су қоймаларына арналған жағдайда ғана рұқсат етіледі;
Тармақша 2
2) құрылыс арқылы артық суды ағзуға, қоқырларды, сонымен бірге мұздарды өткізуге арналған қолайлы жағдайлар, егер жобалау құжаттамасында қарастырылса;
Тармақша 3
3) қалыпты кеме шаруашылығы, балық шаруашылығы, суландыру мен сумен қамтамасыз ету үшін қажетті келісілген жағдайлар, гидротехникалық құрылыстар жұмысының және су тасқынымен күрес жұмыстарының қауіпсіздік және сенімділік талаптарын ескере отырып, ағу шығындарын реттеу.
Тармақ 52
52. Су өткізу құрылысын пайдалану жобалау құжаттамасында қарастырылған су шығындарының ең көп есептік шығындары өткізуге арналған, басқа меншік иесіне тиесілі (мысалы, кеме жасау шлюзінің) гидротораптарда, осы құрылғының жұмысқа қосылу тәртібі мен шарттарын белгілейтін, нұсқау осы меншік иесімен келісіліп жасалынады.
Тармақ 3. 3-параграф. Гиротехникалық құрылыстардың механикалық жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3-параграф. Гиротехникалық құрылыстардың механикалық жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 53
53. Көктемгі су тасқыны алдында су жіберетін құрылыстардың жапқыштары және олардыңсу тасқынын өткізу кезінде пайдаланатын тығындау бөліктері, олардың жылдамдық мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, мұз дәнекерлері мен жабысқан мұздардан босатылып, жөнделген және жұмысқа дайындық жағдайында болуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 54
54. Негізгі жапқыштары ашудың биіктігінің көрсеткіштерімен жабдықталуы тиіс.
Жапқыштардың жеке көтергіш тетіктері мен жапқыштардың тығындау бөліктері негізгі қадабелгілерге байлаулы болуы тиіс.
Тармақ 55
55. Арынды су ағызғыштарды орнатылған жапқыштардың толық жабылуы, тек аэрационды құрылғылардың жөнделген жағдайында ғана жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 56
56. Су электростанциясының қуатпен қоректендірілуінің меншікті мұқтаждығы жоғалған кезде жапқыштардың жылдамдығын қамтамасыз ету үшін, жапқыштардың жетектерінің резервтік қуатпен қамтамасыз етуін қосуды (су баспайтын аймақтарда немесе герметикалық үй-жайларда орналасқан, электр қуатының резервтік көздерінен) және қол жетегін пайдалануды қарастыру қажет.
Тармақ 57
57. Сорды ұстап қалатын құрылғылар (торлар, шілтерлер, қалқыма кедергілер) жүйелі түрде қоқыстан тазаланып отыруы тиіс.
Әрбір құрылыс үшін сорды ұстап қалатын торларда деңгейдің ауысу мәндерінің үнемділігі мен беріктігі жағдайлары бойынша шекті құрылғылар орнатылуы тиіс. Торлар мен олардың алдындағы кеңістікті тазалау осы мақсаттар үшін қарастырылған механизмдер – тор тазалағыш машиналармен, грейферлермен немесе басқа құрылғылармен жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 58
58. Жапқыштар мен сор ұстағыш торлар жұмыстың барлық пайдалану режимдерінде олардың төзімділігіне қауіп төндіретін, тебеліске ұшырамауы тиіс.
Тармақ 59
59. Гиротехникалық құрылыстардың механикалық жабдықтары коррозиядан, балдырлар мен молюскалардың өсуінен қорғалады.
Тармақ 4. 4-параграф. Арнайы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (кеме жүзетін, сұйық қалдықтардың порттық қоймалары мен жинаушылары)
4-параграф. Арнайы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (кеме жүзетін, сұйық қалдықтардың порттық қоймалары мен жинаушылары)
Тармақ 60
60. Кеме жүзетін құрылыстарды пайдаланған кезде (шлюздер, каналдар) механикалық жабдықтардың (қақпалар, жапқыштар) және шлюздерді босату камераларының жұмысқа қабілеттілігі қамтамасыз етіледі.
Кемелерді өткізу олардың жабық қақпаларға соғылу мүмкіндігін болдырмайды.
Тармақ 61
61. Айлақтық құрылыстарды пайдаланған кезде олардың аймақтарының жылжуы, отыруының және басты, сонымен бірге сусымалы жүктерінің орналасуының бақылау ұйымдастырылады. Жүктердің орналасу ережелерінен шегінуге және айлақтың төзімділігін төмендететін, айлақтық қабырғалардың негізінің түбінің шайылуына жол берілмейді.
Тармақ 62
62. Күл және шлак үйінділерін, сонымен бірге тау жыныстарының үйінділерін пайдаланған кезде:
Тармақша 1
1) үйінділердегі су деңгейінің;
Тармақша 2
2) су деңгейінен дамбаларды қоршайтын қырқаның көтерілуін;
Тармақша 3
3) жағажай баурайларының жағдайын;
Тармақша 4
4) үйінді аймағының шайылып кетуінің жуылу жобасына сәйкестігін;
Тармақша 5
5) су ағызу пен сорғыту жүйелерін;
Тармақша 6
6) жылдың құрғақ кезедріндегі үйінділердің шаңдануын;
Тармақша 7
7) аймақтың үйіндісіне жақын жатқан жер асты сулары мен ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелеріне, су ағызғыштарға қарқынды сулардың түспеуін бақылау жүзеге асырылады.
Тармақ 63
63. Құрылыстың пайдаланылуы мен жағдайының анықталған жөнсіздіктерінің жедел жою, сонымен бірге олардың алдын-алу мен болдырмау бойынша шаралар қабылданады.
Тармақ 64
64. Сұйық қалдықтардың тұндырғыштары мен қоймаларын пайдаланған кезде:
Тармақша 1
1) сұйықтықтың деңгейінен қоршаудың қырқасының көтеріліуін, қоршау құрылғыларын жағдайын;
Тармақша 2
2) жауын және еріген суларды ұстап алу және бұрып жіберу жүйесін;
Тармақша 3
3) сүзгілеуге қарсы құрылғыларды(экрандар, қабырғалар);
Тармақша 4
4) сұйық қалдықтардың тұндырғыштар мен қоймалар аймақтарының шегінен тыс өтк мүмкіндігін қадағалайтын, бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау жүзеге асырылады.
Тармақ 65
65. Құрылыстың пайдаланылуы мен жағдайының жөнсіздіктері анықталған кезде, оларды жедел жою, сонымен бірге олардың алдын-алу мен болдырмау бойынша шаралар қабылданады.
Тармақ 5. 5-параграф. Ерекше табиғи жағдайларда пайдаланылатын гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
5-параграф. Ерекше табиғи жағдайларда пайдаланылатын гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 66
66. Қатқақ түрдегі топырақ құрылыстары, олардың негіздері мен жағалаумен түйіскен жерлері үнемі мұздаған қалыпта сақталады.
Тармақ 67
67. Мерзімдік қатыру және ерітуге ұшірайтын аймақтардағы берік призманың ірі сыну материалдары, аязға төзімділік бойынша нормативтік (жобалау) көрсеткіштерге сәйкес келеді. Әрбір 15 (он бес) жыл сайын берік призмалардың материалының нақты физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтау негізіндегі құрылыстың төзімділігінің тексеру жүргізіледі.
Тармақ 68
68. Мұзды негіздерде көп жылдар қатып жатқан топырақты құрылыстарды пайдалану кезінде температуралық режимін, сонымен бірге топырақтың еріген жағдайға ауысуына байланысты өзгерістерін бақылау ұйымдастырылады.
Тармақ 69
69. Сейсмикалығы 7 баллдан жоғары аудандарда орналасқан, I классты гидротехникалық құрылыстарда және сейсмикалығы 8 балл және одан жоғары ІІ классты құрылыстарда арнайы бақылаулар мен сынақтардың келесі түрлері жүргізілуі тиіс:
Тармақша 1
1) құрылыстар мен жағалаулық қабысулар жұмысын инженерлік-сейсмометриялық бақылаулар (сейсмометриялық мониторинг);
Тармақша 2
2) құрылыстың жармаларына жақын арна аймақтарында және оған жақын жатқан аймақтардағы инженерлік-сейсмологиялық бақылаулар (сейсмологиялық мониторинг);
Тармақша 3
3) динамикалық төлқұжаттарын жасау арқылы гидротехникалық құрылыстардың (динамикалық сынағ) динамикалық сипаттамаларын анықтау бойынша тесттік сынақтар.
Тармақ 6. 6-параграф. Гидротехникалық құрылыстар мен механикалық жабдықтар жағдайының техникалық бақылауы
6-параграф. Гидротехникалық құрылыстар мен механикалық жабдықтар жағдайының техникалық бақылауы
Тармақ 70
70. Гидротехникалық құрылыстардың жағдайының көрсеткіштерін табиғи және техногендік әсерлермен бақылау, үнемі жүзеге асырылуы тиіс; бақылаудың нәтижелері мониторинг режимінде дереу талданады. Заттың өзіне қарап жасаған бақылаулардың деректері жүйелі түрде, 5 жылда бір реттен жиі емес талданады, және нәтижелері бойынша қауіпсіздік декларациясына қосылатын, тұтастай гидротораптың және гидротехникалық құрылыстың жағдайының бағалануы жасалады. Бақылау бойынша жұмыстар тиісті рұқсаттары бар, қажет болған жағдайда мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы ұйымның пайдаланушы қызметкерлерімен орындалады.
Тармақ 71
71. Гидротехникалық құрылыстарда орнатылатын бақылау көлемі және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрамы, жобалау құжаттамасымен белгіленеді.
Тармақ 72
72. Қажет болған жағдайда құрылыстың тербелісінің, оларға сейсмикалық жүктемелердің, бетонның су өткізгіштігі мен беріктігінің, құрылғының кернеулік жағдайы мен температуралық режимінің, металл мен бетонның коррозиясының, металл құрылғылардың дәнекерленген тігістерінің жағдайларының, гидротехникалық құрылыстардың жекеленген телімдерінің және басқалардың бақылаулары ұйымдастырылады. Гидротехникалық құрылыстардың пайдалану жағдайларының айтарлықтай өзгерістері кезінде қосымша бағдарламалар бойынша бақылаулар жүргізіледі.
Тармақ 73
73. Техникалық куәландыруларды меншік иесінің (пайдаланушы ұйым) комиссиясы нормативтік құжаттарға сәйкес мерзімде, бірақ 5 жылда бір реттен жиі емес, қажет болған жағдайда жобалау және (немесе) ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын тарту арқылы жүргізіледі.
Тармақ 74
74. Қоршайтын дамбылары пайдалану үрдісінде өсірілетін, шлам-күл үйінділерінің техникалық куәландыруының жүйелілігі жобалау құжаттамасында белгіленеді.
Тармақ 75
75. Техникалық куәландырулар нәтижелері бойынша арнайы ұйымдарды тарту арқылы зерттеу бағдарламалары белгіленеді.
Тармақ 7. 7-параграф. Гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау мен жою кезіндегі қауіпсіздігі
7-параграф. Гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау мен жою кезіндегі қауіпсіздігі
Тармақ 76
76. Тұрақты гидротехникалық құрылыстардың реконструкциясын:
Тармақша 1
1) сыртқы әсерлерден арттыру немесе құрылыстар мен негіздердің ескіруінен апаттың тәуекелінің артуы кезінде, сонымен қатар ықтимал апаттардың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зардабы артқан жағдайда, олардың негіздері мен негізгі гидротехникалық құрылыстар мен олардың негіздерін күшейту;
Тармақша 2
2) негізгі гидротехникалық құрылыстардың су өткізу қабілетін қамтамасыз ету (арттыру);
Тармақша 3
3) электр қуатын өндіруді арттыру;
Тармақша 4
4) сұйық қалдықтардың қоймасының сыйымдылығын арттыру;
Тармақша 5
5) тозуына байланысты жабдықты ауыстыру;
Тармақша 6
6) суландыру жүйелерін сумен қамтамасыз етуді арттыру, каналдардың тас жолдары бойындағы жақын жатқан аймақтарда және суландырылатын немесе құрғатылатын алаптардағы жер асты суларының режимін жақсарту;
Тармақша 7
7) кеме жүзетін құрылыстар мен порттардың жүк және кеме өткізу қабілетін арттыру;
Тармақша 8
8) стапельді және көтеру-түсіру құрылыстарының жұмыстарын қарқындату;
Тармақша 9
9) гидротораптың әсер ету аймағыныңң экологиялық жағдайларын жақсарту үшін жүргізу керек.
Тармақ 77
77. Гидротехникалық құрылыстың реконструкциясын пайдалану жағдайлары (ауданның сейсмикалығы жоғарылаған, есептік шығару шығынының өзгеруі, жаңа салынған нысандармен кешенді құрылыс жұмыстары және тағы сондайлар) өзгерген жағдайда, нормативтік өзгерістер кезінде жүргізіледі.
Тармақ 78
78. Реконструкция кезінде қалыпты пайдалану жағдайындағы, қолданыстағы құрылыстар мен құрылыс элементтерін барынша пайдалануды қарастыру керек.
Тармақ 79
79. Негізгі құрылыстардың реконструкциясын, әдеттегідей, олардың негізгі пайдалану қызметтерін орындауын тоқтатпай жүргізу керек: сонымен бірге реконструкцияланатын нысандармен бірге, тұтастай гидротораптың пайдаланудың жобалау режимдері мен жағдайларын уақытша шектеуге рұқсат етіледі. Бұл шектеулер жобалау құжаттамасында негізделуі тиіс және реконструкцияланатын құрылыста мүмкін болатын апат деңгейін төмендуіне әкелмейді.
Тармақ 80
80. Негізгі құрылыстарды реконструкциялаған кезде олардың ықтимал лаңкестік актілерден барынша қорғау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 81
81. Реконструкцияланатын құрылыстардың және олардың элементтерінің техникалық жағдайын реконструкция жөніндегі жобалау құжаттамасын жасау кезінде қабылданған, негіздің топырағы мен құрылыс материалдарының нақты сипаттамаларының зерттеулері мен есептеулері негізінде белгіленеді.
Тармақ 82
82. Гидротехникалық құрылыстардың жойылуы жобалау құжаттамасы негізінде жүргізіледі және:
Тармақша 1
1) толық жою;
Тармақша 2
2) ішінара жою түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Гидротехникалық құрылыстардың жойылуы қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі тиіс.
Тармақ 83
83. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында гидротехникалық құрылысты жою үрдісі басталғанға дейін су қоймасының істен шығуын жүзеге асырып, гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарды кез-келген қуат көздерінен ажырату жүргізіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
7-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 85
85. Гидротехникалық құрылыстар жобасын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін және инженерлік және шаруашылық ету қызметі кезіндегі табиғи ортаны қорғауға талаптарды орнататын нормативті құжаттарын басшылыққа алу керек. Жоғарғы және төменгі бьефтерде су қоймасының ықпал ету аймағында, экологиялық жағдайларды жақсартуға әкелетін шараларды кешенді тұрғыны қамтамасыз ету, рекреакция қағидаларын пайдалану, жерді қалпына келтіру және оларды шаруашылық ету қызметіне енгізу, туризм, спорт және демалысты дамыту үшін гидротехникалық құрылыстарға жанасып тұрған аймақтар мен су қоймаларын оңтайлы пайдалану шараларын жүзеге асыру және қарастыру керек,
Тармақ 86
86. Гидротехникалық құрылысты құруға байланысты, қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды оны өзгерту болжамы негізінде кешенді жобаланады.
Тармақ 87
87. Гидротехникалық құрылысты жобалау кезінде осы өзара әрекеттестіктің болуы мүмкін салдарының алдын алатын және табиғи кешен және экологиялық өзара әрекеттестікті оңтайландыруды қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді қарастыруы керек.
Тармақ 88
88. Негізгі құрылыстар, су қоймалары, төменгі бьефтері, арналар және тағы сол сияқты тікелей ықпал ету учаскелерінде өсімдік, балық, жануар, балықтардың сирек кездесетін түрлерін сақтап қалу бойынша биотехникалық шаралары әзірленеді
Тармақ 89
89. Жоспарлау мен әзірлеуге, қорғау астындағы берілген аумақ үшін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін қорғау талаптарын зерделеу, аймақтың фаунасының замани күйі мен қалыптастыру тарихы бойынша мәліметтер мен деректерді жиналуы керек. Шаралардың негізі ретінде туристер, аңшылар, орманшылардың құжаттамалық сауалнамасы, әдебиет көздері, көпжылдық дала зерттеулерінің материалдарын алады.
Сонымен бірге биотехникалық шараларды жүзеге асыруға талаптар гидротехникалық құрылыстар кезеңіне және оларды пайдаланудың келешектегі кезеңіне де қарастырылуы керек.
Тармақ 90
90. Гидротехникалық құрылыстар жобаларында қоршаған ортаға оларды жасауға ілеспе болатын инфрақұрылымдар мен шаруашылық қызметтің ықпалын қарастыру және теріс факторларды бейтараптандыру бойынша шараларды қарастырады.
Тармақ 91
91. Табиғатты қорғау сұрақтарын шешу құрылыс түрін таңдау мен объектіні жобалаудың ерте кезеңдерінде басталадыжәне қалған техникалық сұрақтарды қарастыру кезінде ескеріледі. Табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге табиғи ортаның бастапқы күйін зерделеу, оны өзгерту болжамын құру, антропогенді араласудың қолжетімді деңгейін орнату, қорғау шараларын әзірлеу, сондай-ақ құрылысты пайдалану процесінде экологиялық жағдайды жақсарту мен сақтау бойынша мүмкін болатын қосымша шаралар мен ортаның әр элементінің күйін бақылау кіреді (осы құрылыс нормасының 97-тармағына сәйкес).
Тармақ 92
92. Гидротехникалық құрылысты жобалау кезінде келесіні орындау кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы шаралар қарастырылады:
Тармақша 1
1) топырақты шығару, осы тасымалдау мен үйінділерді жасауды қосатын түп тереңдету жұмыстары;
Тармақша 2
2) суға топырақ және тас материалдарын шашу жолымен бөгеттер, дамбалар, тосқауылдар, тас жатындары, кері үйінділер және тағы басқа жасау;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік кәсіпорындардың сұйық қалдықтарын сақтайтын қоршау құрылымдарының құрылысы;
Тармақша 4
4) негіздеме топырағын тығыздау, оның ішінде жарылыс әдісімен жасалатын;
Тармақша 5
5) қоршаған ортаның ластану көзі болып келетін материалдарды қолданумен құрылыс;
Тармақша 6
6) топырақты бекіту, жасанды мұздату немесе химиялық әдіспен жүзеге асырылатын;
Тармақша 7
7) су асты бетондау және тағы да басқа.
Тармақ 93
93. Арынды гидротехникалық құрылыс жобаларында келесі шаралар қарастырылады:
Тармақша 1
1) сұйық қалдықты сақтау мен су сақтау ложаларын дайындау бойынша;
Тармақша 2
2) адамның, жануар денсаулығына және өсімдік әлеміне қауіпті су ортасының ластануының мүмкін болатын көздерін жою бойынша;
Тармақша 3
3) аспалы ағаш, шымтезек аралдар мен тағы да басқалар және ағаш өсімдігінің басылған су сапасына теріс әсерді жою бойынша;
Тармақша 4
4) қоқыс пен жүзіп жүрген ағаш массасын жою мен шығару бойынша;
Тармақша 5
5) зиянды қоспалар концентрациясын төмендету бойынша және ластанудың мүмкін болатын ошақтарын жерлендіру бойынша.
Тармақ 94
94. Сұйық қалдықтарының қоймасынан сүзгі суы мен су қоймасының нормативті сапасын қамтамасыз ету қарастырылады:
Тармақша 1
1) гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша (рН көрсеткіші бойынша, химиялық элементтері мен қоспаларыынң құрамы бойынша);
Тармақша 2
2) гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша (түсіне, оттекті биологиялық тұтыну бойынша);
Тармақша 3
3) санитарлы көрсеткіштер бойынша.
Тармақ 95
95. Ластаушы заттардың қолжетімді шекті концентрациясы артқан кезде зиянды қоспалар концентрациясын төмендету мен ластаудың мүмкін болатын ошақтарын жерлендіру бойынша қосымша шараларды ұйымдастыру жөн.
Тармақ 96
96. Осы құрылыс нормаларының 92-тармағының талаптарын орындау үшін болжам мен бағалау жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) геологиялық және гидрогеологиялық шарттардың өзгерісі – деңгейлі режим, қоректену шарттары, жер асты суларының химизмі, әсіресе минералды, топырақтың тұздалуының өзгеруі;
Тармақша 2
2) сұйық қалдықтар қоймасы мен су қоймасынан судың сүзгілік шығындары;
Тармақша 3
3) су қоймасын жасау нәтижесінде табиғи жағдайдың өзгеруі;
Тармақша 4
4) арналы процесі барысындағы өзгеріс, төменгі бьефтері арнасының трансформациясы, су қоймасы жағалауын қайта өңдеу мен тұнбалануы;
Тармақша 5
5) көтерілу электростанциялары және гидроаккумуляцияланатын электростанциялар бассейндерде, термиялық және мұз режимдерінің өзгерістері, оның ішінде іркіліс және қар астындағы су жағдайларын күшейту, ұзақ ермендердің пайда болуы;
Тармақша 6
6) сейсмологиялық жағдайдың өзгеруі (оның ішінде «келтірілген сейсимкалық» арқылы тудырылған ) - ең алдымен жер сілкіністерінің жиілігі мен қарқындылығы, таратылуы және тағы сондайлар;
Тармақша 7
7) құрылыс ауданының ландшафтының өзгеруі мен оның қалпына келтірілуі;
Тармақша 8
8) балық, құстардың ұя салуы, сүтқоректілердің тіршілік ету ортасы және тағы да басқалардың жандануы мен уылдырық шашу жағдайларында су ағыны мен су бұру арналы, гидравликалық, термиялық және мұзды режимдері өзгерістерінің ықпалы;
Тармақша 9
9) гидротораптың төменгі бьефі және су қоймаларын жасау ауданындағы микроклиматтық өзгерістердің – температуралық режим мен ауа ылғалдылығының, жел мен жауын-шашынның режимі мен мөлшерінің және тағы сондай сияқты негіздеме тектерінің қасиеттері мен инженерлік-геологиялық процестерге, сондай-ақ табиғи орта мен әлеуметтік-демографиялық ортаға, инфрақұрылым объектілеріне ықпалы.
Тармақ 97
97. Гидротехникалық құрылысты жобалау кезінде негіздемелеріндегі геодинамикалық процестер, келесі теріс физикалық-геологиялық негіздемелерді белсендету мен дамытуға әкелуі мүмкін табиғи шарттардың өзгеруі ескеріледі:
Тармақша 1
1) жақын жердегі сейсмо-генерацияланатын жарылымдардың белсенділігін арттыру;
Тармақша 2
2) аумақтың су басуы мен судың жайылуы, оларды бағалауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтердің ережелерін басшылыққа ала отырып орындау керек;
Тармақша 3
3) су қоймаларының тұнбалануы мен жағалаудың қайта өңделуі;
Тармақша 4
4) карбонатты және галогенді карсттың ерітілетін кен орындарының химиялық суффозиялары, негіздемеден топырақтың шайылуы мен оларда әлеуетті зиянды химиялық және радиоактивті заттардың жиналуы; терең жер асты суларынан қатты минералды, термиялық және радиоактивті сулардың сығылуы;
Тармақша 5
5) суффозионды карст, құм топырақтарының механикалық суффозиясы;
Тармақша 6
6) көшкін құбылыстарының белсендетілуі мен пайда болуы;
Тармақша 7
7) шымтезектік қалқып шығуы мен еруіне, олардың су қоймасындағы судың химиялық құрамына ықпалына, негіздеме кен түрінің қасиеттерінің өзгеруіне, төменгі бьефтегі арын астындағы ағын мен топырақты жер суларының гидрохимиялық режиміне ықпалы.
Тармақ 98
98. Осы құрылыс нормаларының 97-тармағында көрсетілген процестерді дамытуды басқару үшін табиғатты қорғау шаралары ретінде әдетте келесіні қосатын шаралар кешенінің гидротехникалық құрылыстарды жобалау кезінде әзірлеу және қарастыру керек:
Тармақша 1
1) ірі жарықтарды бетондау және әрлеу, дренажды-сүзгіге қарсы құрылғылар, тығыздау, цементтеу, инъектілеу: химиялық қоспалар мен қорғау (қабаттар, тосқауыл және тағы сондай);
Тармақша 2
2) жоспарлау жұмыстары, топырақты алмастыру, шымтезекті жүктеу және жою, жағалауды бекіту құрылымдар, қоршау және су бұру құрылымдары (дамбалар, арналар, құбырлар), су қоймасының деңгейлі режимін реттеу, жерді қалпына келтіру;
Тармақша 3
3) жер бұру қорғау және рекреациялық аймақтар (қорық, парктер, жайылым), көлік және тағы сол сияқты пайдаланудың ерекше ережелері.
99.Құрамына қуаттылықты тәуліктік реттеуді жүзеге асыратын гидроэлектростанция кіретін гидротораптар, ауданның микроклиматына ықпал ететін ұзақ жылым байқалатын гидротораптардың төменгі бьефтерінде, төменгі бьефте әлеуметтік жағдай мен инженерлік объектілер, табиғи процестерге негізгі гидротораптарға теріс ықпалын төмендетуге мүмкіндік беретін контрреттеуіш – гидротораптарды салудың мақсаттылығын қарастыру керек.
Тармақ 100
100. Гидротехникалық құрылыстарын пайдалану процесінде экологияға елеулі түрде ықпал ететін жобаларында, табиғи кешенмен гидротехникалық құрылыстардың өзара әрекеттестігі процестерін тұрақтандыру кезеңіне дейін және объекті құрылысының басынан бастап болжамдар мен бағалауды түзету, нақтылау, тексеру, табиғи қоршау шараларының жобасымен қабылданған нақтылық, экологиялық процестердің бағалауды қамтамасыз ететін су, жер үсті және әуе экожүйелерінің мониторингі қарастырылады.
ӘОЖ 626/627 СХЖ 01.120: 91.040.01
_____________________________________________________________________________
Негізгі сөздер: Гидротехникалық құрылыстар, класстар, апаттар қаупі, судың есептік
максималды шығындары, жобалау, құрылыс, пайдалану, реконструкция, жою
_____________________________________________________________________________
Басқа 2. АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті төрағасының
2018 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 249-нқ бұйрығына
2-қосымша
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2018 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығымен № 249-нқ
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН:
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
5 ПРЕДСТАВЛЕН:
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
6 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 5 декабря 2018 года № 249-нқ
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Мазмұны
1-тарау
Қолдану саласы
2-тарау
Нормативтік сілтемелер
3-тарау
Атаулар мен анықтамалар
4-тарау
Мақсаты және қызметтік талаптар
1-параграф
Нормативтік талаптардың мақсаты
2-параграф
Қызметтік талаптар
5-тарау
Жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф
Жалпы ережелер
6-тарау
Негіздердің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін талаптар
1-параграф
Негіздер топырақтары үшін қойылатын талаптар
2-параграф
Таутасты емес және таутасты негіздердегі орнықтылықты есептеу
3-параграф
Негіздердің сүзілулік есептеулері
4-параграф
Таутасты негіздердің жергілікті беріктігін есептеу
5-параграф
Таутасты емес негіздердегі құрылыстар үшін түйісу кернеулерін анықтау
6-параграф
Құрылыстар мен топырақтық материалдардан тұратын бөгеттер негіздерін деформациялар бойынша есептеу
7-параграф
Сейсмикалық аудандарда тұрғызылатын құрылыстар негіздерін жобалау ерекшеліктері
7-тарау
Негіздердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары
8-тарау
Құрылыстардың негіздерімен тоғысуын қамтамасыз ету
9-тарау
Негіздер топырақтарын нығайту және тығыздау
10-тарау
Энергия үнемдеу және табиғи қорларды ұтымды пайдалану
1-параграф
Энергия тұтынушылықтың азайтылуына қойылатын талаптар
2-параграф
Табиғи қорларды ұтымды пайдалану
11-тарау
Қоршаған ортаны қорғау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
___________________________________________________
ОСНОВАНИЯ ГИДРОТЕХНИЧЕСКИХ СООРУЖЕНИЙ
ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР НЕГІЗДЕРІ
__________________________________________________
Қолданысқа енгізілген күні - 2018-ХХ-ХХ
Тарау 1. 1-тарау. Қолдану саласы
1-тарау. Қолдану саласы
Тармақ 1
1. Осы құрылыстық нормалары барлық топтардағы гидротехникалық құрылыстардың, соның ішінде, гравитациялық, аркалық және контрфорстық бөгеттердің, сүйеме қабырғалардың, шлюздердің, шельфтік және кемежайлық құрылыстардың негіздерін, гидротехникалық құрылыстар орналасқан жерлердегі табиғи беткейлер мен жасанды құламаларды жобалауға арналған нормативтік талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы нормалардың талаптары жерасты гидротехникалық құрылыстарды және су шығындары секундына 5 метр кубтан (бұдан әрі – м3/с) аспайтын мелиорациялық каналдардағы сушаруашылық құрылыстарын жобалауға тарамайды, сондай-ақ, су тереңдіктері 1 метрден (бұдан әрі – м) аспайтын кездерде.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыстық нормаларды қолдану үшін келесі нормативтік құқықтық құжаттарға сілтемелер керек:
«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексі;
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Заң);
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 13 қаңтардағы Заңы;
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 Қаулысы;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501 (бұдан әрі – Техникалық регламент).
Ескерту: Ұсынылған құрылыстық нормаларын қолдануда, сілтеме жасалған құжаттарды жыл сайын жаңартылып отыратын «Қазақстан Республикасы шекарасында қызмет атқаратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық тізім», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сілтеу», «Қазақстан Республикасының мемлекет аралық нормативтік құжаттарға сілтеу» құжаттары бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда ұсынылған құрылыс нормасын қолданғанда ауыстырылған (өзгертілген) құжатты қолданған жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырымсыз алынып тасталса, онда оған сілтеме берілген ереженің бөлігі ғана қолданылады.
Тарау 3. 3-тарау. Атаулар мен анықтамалар
3-тарау. Атаулар мен анықтамалар
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормаларында, анықтамаларына сай келетін, келесі атаулар қолданылады:
Тармақша 1
1) жұмысшы сипаттамаларға қойылатын талаптар - құрылыс нысанының техникалық сипаттамаларына жауап беретін тұтынушыларға арналған және оларды қолдану кезіндегі нысанның талаптарын қамтамасыз ететін уәкілетті органдармен мақұлданған нормативтік талаптар;
Тармақша 2
2) жүктеме - бүкіл пайдаланылу мерзім бойы, орта мәнімен салыстырғанда уақытша өзгерісі елеусіз немесе белгілі бір шекті мәніне жеткенше әрқашан бір бағытта жүретін (бірқалыпты) шама түріндегі әсер;
Тармақша 3
3) негіз - құрылыспен әрекеттестенетін және ондағы, құрылысты орнату және пайдалану нәтижесінде, кернеулік-деформациялану күй мен сүзілулік жағдай өзгеретін топырақ сілемінің алабы (соның ішінде жағалаулық тұтасулар, құламалар мен беткейлер);
Тармақша 4
4) шөгулер - топырақтың, құрылымы түпкі өзгерістерге ұшырамаған жағдайдағы, сыртқы жүктемелер, кейде өз салмағы әсерінен нығыздалу деформациялары;
Тармақша 5
5) кедергi - құрылыс элементінің немесе оның көлденең қимасының механикалық бұзылыстарсыз әсер қабылдау қабілеті, мысалы: топырақтың ығысуға деген беріктігі, майыстыру кедергісі, бойлық иілуге орнықтылық жоғалтпау кедергісі, созылу кедергісі.
Тарау 4. 4-тарау. Мақсаты және қызметтік талаптар
4-тарау. Мақсаты және қызметтік талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Нормативтік талаптардың мақсаты
1-параграф. Нормативтік талаптардың мақсаты
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты гидротехникалық құрылыстар негіздерінің, оның барлық өмірлік кезеңдерінде қауіпсіздікті, беріктікті, төзімділікті жер беті деформацияларының түрі мен шамасын болжау мүмкіндіктері болғанда, өмір, адам мен жануарлар денсаулығы, мүлікті сақтау пен қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық тиімділікті қамтамасыз ету, сонымен қатар өндірістік процесс пен еңбек шарттарын, оның технологиялық және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Қызметтік талаптар
2-параграф. Қызметтік талаптар
Тармақ 5
5. Гидротехникалық құрылыстардың негізі техникалық, технологиялық және экологиялық өлшемдерге байланысты жобаланады:
Тармақша 1
1) пайдалану кезінде ақаулар мен бұзылуларсыз жобада қарастырылған барлық механикалық және технологиялық әсерлерге төзе алатын гидротехникалық құрылыстардың беріктігі мен ұзаатығы;
Тармақша 2
2) нысанның өрт қауіпсіздігі – өрттің шығуы мен өрбуін болдырмау мүмкіндігімен, сондай-ақ, өрттің адамдарға және материалдық құндылықтарға тигізетін қауіпті әсерлерімен сипатталатын нысан күйі;
Тармақша 3
3) санитарлық-гигиеналық жағдайлар бойынша талаптарды сақтау;
Тармақша 4
4) сейсмикалық әсерлерден қорғау;
Тармақша 5
5) арнайы жобамен анықталған басқа талаптар.
Гидротехникалық құрылыстардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, негіздерін қауіпсіздік әсерлер мен еселіктердің сипаттық сандық мәндерін қолдану арқылы жобалау керек. Гидротехникалық құрылыстардың негізін технологиялық нормаларды сақтау арқылы орнату керек, сонымен бірге, алдын ала ескерту және қорғау шараларын сақтай отырып пайдаланған жөн.
Тарау 5. 5-тарау. Жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
5-тарау. Жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 6
6. Гидротехникалық құрылыстардың негіздері келесілер негізінде жобаланады:
Тармақша 1
1) топырақ сілемінің аймақтарындағы құрылымдық, физикалық-механикалық және сүзілулік сипаттамалар, топырақтағы су деңгейлері, оның қоректену және жайылу шектері жайындағы деректер енген инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық ізденістер мен зерттеулер нәтижелері;
Тармақша 2
2) гидротехникалық құрылыстарды ұқсас инженерлік-геологиялық жағдайларда және жергілікті құрылыс жағдайларында орнату тәжірибесі;
Тармақша 3
3) орнатылатын гидротехникалық гимаратты сипаттайтын мәліметтер (түрі, конструкциясы, өлшемдері, орнату технологиясы, әсер ететін жүктемелер, әсерлер, пайдалану жағдайлары және тағы сондайлар);
Тармақша 4
4) құрылыс орнатылатын ауданның сейсмикалық белсенділігі жайындағы мәліметтер;
Тармақша 5
5) жобалық шешімдер нұсқаларының техникалық-экономикалық салыстырылуы және орнатылатын гимараттың материалы мен негіз топырақтарының беріктік және деформациялық қасиеттерінің толық пайдалануын қамтамасыз ететін, ең аз келтірінді шығындарға сай, оңтайлы нұсқасын қабылдау.
Тармақ 7
7. Гидротехникалық құрылыстардың пайдаланылу сенімділігін, төзімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жобада келесі қарастырылады:
Тармақша 1
1) негіздің есептік үлгісі қоса құрастырылған, құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық бағалануы; негіздің көтеру қабілеті мен құрылыс орнықтылығының, табиғи және жасанды беткейлер мен құламалар орнықтылығының, жергілікті беріктіктің, негіздің сүзілулік беріктігінің, судың кері қысымы мен сүзілулік шығындардың есептеулері;
Тармақша 2
2) негіз деформациялану салдарынан туындайтын құрылыс ауытқуларының, құрылыс пен негіздің түйісуіндегі кернеулердің шамаларын анықтау және көтеру қабілеттің ұлғаюына, ауытқулардың азаюына және қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін инженерлік шаралар.
Тармақ 8
8. Негізге түсетін жүктемелер мен әсерлер, нормативтік құжаттар талаптарына сай, құрылыс пен негіздің біріге жұмыс атқаруына сүйенетін есептеулермен анықталады. Негіз есептеулеріндегі жауапкершілік дәрежесі сәйкес еселіктер, оларға орнатылатын құрылыстар үшін анықталғандай болып қабылданады.
Тармақ 9
9. Гидротехникалық құрылыстар негіздерінің есептеулері шекті күйлердің екі тобы бойынша жүргізіледі. Бірінші топ бойынша құрылыс-негіз жүйесінің жалпы орнықтылығы мен негіздің сүзілулік беріктігі есептелінеді. Екінші топ бойынша құрылыстар ауытқуларының, негіздің жергілікті беріктігінің және каналдың немесе арнаның бітеліп қалуын тудыратын беткейлер мен құламалар орнықтылығының, топырақтың жылжымалылығы мен жарықтар пайда болуының есептеулері орындалады.
Тарау 6. 6-тарау. Негіздердің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін талаптар
6-тарау. Негіздердің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Негіздер топырақтары үшін қойылатын талаптар
1-параграф. Негіздер топырақтары үшін қойылатын талаптар
Тармақ 10
10. Гидротехникалық құрылыстар негіздері топырақтарының атаулары мен олардың физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтайды. Топырақтардың физикалық-механикалық сипаттамалардың мәндері жіктеулік шамалар сияқты қарастыру керек.
Тармақ 11
11. Гидротехникалық құрылыстардың негіздерін жобалау үшін топырақтардың келесі физикалық-механикалық сипаттамалары анықталады:
Тармақша 1
1) сүзілу еселігі;
Тармақша 2
2) меншікті сусіңіру;
Тармақша 3
3) топырақтардың сүзілулік беріктігінің көрсеткіштері (қысымның жергілікті және орташаланған шекті градиенттері және сүзілудің шекті жылдамдықтары);
Тармақша 4
4) тығыздалу еселігі;
Тармақша 5
5) суға еритін тұздар мөлшері;
Тармақша 6
6) жылжымалылық, жарықтар (жарықшақтық модулі, құлау және жайылу бұрыштары, ашылуының ұзындығы, ені);
Тармақша 7
7) жарықтар толтырылымының (толтырылу дәрежесі, құрамы, қасиеттерінің сипаттамалары) өлшемдері;
Тармақша 8
8) сілемдегі бойлық және көлденең толқындардың таралу жылдамдықтары;
Тармақша 9
9) аяздан қабару еселігі;
Тармақша 10
10) қабарудың меншікті тік және жанама күштері және жекешеленген (элементарлық жыныстық блоктың) таутасты топырақтың біркелкі сығылу беріктік шегі;
Тармақша 11
11) жекешеленген таутасты топырақтың біркелкі созылу беріктік шегі;
Тармақша 12
12) таутасты топырақ сілемінің жапырылу, біркелкі сығылу, біркелкі созылу беріктік шектері;
Тармақша 13
13) топырақтың серпінді су қайтару еселігі;
Тармақша 14
14) топырақтың гравитациялық су қайтару еселігі.
Тармақ 12
12. Топырақтарды жіктегенде сипаттамалардың нормативтік мәндері қолданылады, ал жобалау есептерін шығарғанда-есептік мәндері. Топырақтар сипаттамаларының нормативтік мәндері, қарастырып отырған құрылыс-негіз жүйесіндегі топырақ жұмысының жағдайларына өте жақын жағдайларда өткізілген далалық және зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде, анықталынады. Барлық сипаттамалардың нормативтік мәндері ретінде олардың орташа статистикалық мәндері қабылданады. Топырақтар сипаттамаларының есептік мәндері, сипаттамалардың нормативтік мәндерін топырақ бойынша сенімділік еселігіне бөліп анықталады.
Тармақ 13
13. Үш бағытта сығу әдісі, I топтағы өзендік гидротехникалық құрылыстардың барлық түрдегі негіздердің топырақтары үшін және иленгіш күйлердегі сазбалшықты топырақтардың, соның ішінде, тұрақсыз күйдегі сипаттамаларды алу үшін қолданылады. Сипаттамаларды түрақсыз күйде анықтауға негіздеме болса, тез қию(ығыстыру) әдісін қолданады. I–III топтардағы құрылыстардың барлық түрдегі негіздер топырақтары үшін, аталған зертханалық әдістерге қосымша, далалық жағдайларда штамптарды (бетонды және темірбетонды гимараттар үшін), топырақтық кентіректерді (топырақтық құрылыстар үшін) ығыстыру, сонымен қатар, зондтау және айналдыра қию әдістерімен де (құрылыстардың барлық түрлері үшін) сынақтаулар жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Қысымның жергілікті шекті градиентінің есептік мәні, топырақтарды зертханалық немесе табиғи жағдайларда суффозиялық орнықтылыққа сынақтау жолымен, топырақтардың суффозиялық орнықтылығын есептік бағалау әдістерін пайдалана анықталады.
Тармақ 15
15. Серпінді және гравитациялық су қайтару еселіктерінің нормативтік мәндері, табиғи жағдайларда, белгілі бір нүктедегі (мысалы сынақтық ұңғымада) қысым өзгергендегі негіздің инженерлік-геологиялық элементіндегі судың қысымдары мен деңгейлерінің өзгеруін бақылау нәтижелері бойынша анықталады.
Тармақ 16
16. Деформация модулінің, тығыздалу және көлденең деформациялар, сүзілу, серпінді және гравитациялық су қайтару еселіктерінің, жылжымалылық өлшемдерінің есептік мәндері нормативтік мәндеріне тең етіліп қабылданады.
Тармақ 17
17. Таутасты топырақтың біркелкі сығылу және созылу, сондай-ақ таутасты топырақ сілемінің жапырылуы беріктік шектерінің нормативтік мәндері жеке сынақтардан алынған осы сипаттамалардың жекеменшік мәндерінің арифметикалық орташасы ретінде қабылданады. Біркелкі сығылу беріктік шегін анықтау үшін, таутасты кентіректерді біркелкі сығу әдісімен жүргізу ұсынылады, ал біркелкі созылу беріктік шегін-бетондық штамптарды немесе таутасты кентіректерді түйісуі бойынша жұлу әдісімен, сондай-ақ, таутасты топырақ сілемінің жапырылу, біркелкі созылу және біркелкі сығылу беріктік шектері топырақ бойынша сенімділік еселігін ескере отырып немесе біржақты сенімгерлік ықтималдық талаптарына сай анықталады.
Тармақ 18
18. Таутасты топырақтар сілемінің деформациялану сипаттамаларының (деформация модулінің, көлденең деформациялар еселігінің, бойлық және көлденең толқындардың таралу жылдамдықтарының) нормативтік мәндері осы инженерлік-геологиялық элемент үшін жеке сынақтардан алынған бұл сипаттамалардың жекеменшік мәндерінің арифметикалық орташасы түрінде анықталады. Және де, деформация модулі мен көлденең деформация еселігінің жекеменшік мәндерін алуға арналған сынақтар таутасты топырақ сілемін статикалық жүктеу, ал бойлық және көлденең толқындардың таралу жылдамдықтарының-динамикалық (сейсмоакустикалық немесе ультрадыбыстық) әдістерімен жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Жарықтардағы (қабатшалардағы, тектоникалық ұсақтану аймақтарындағы) су жылжуының аумалық жылдамдылығының нормативтік мәндері, жарықтардың (қабатшалардың, ұсақтану аймақтарының) толтырғышының суффозиялық сынақтарының нәтижелері бойынша анықталады. Су жылжуының аумалы жылдамдығының есептік мәндері нормативтік мәндеріне тең етіп қабылданады.
Тармақ 20
20. Серпінді және гравитациялық су қайтару еселіктерінің нормативтік және есептік мәндерін табиғи жағдайлардағы сынақтар нәтижелері бойынша анықтайды.
Тармақ 21
21. Таутасты топырақтарда әртүрлі бағыттарда деформациялануы және беріктігі бойынша изотроптық және анизотроптық қасиеттері ескеріледі. Анизотропия еселігі берілген екі бағыттағы сипаттаманың үлкен мәнінің кіші мәніне деген арақатынасы деп түсіндіріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Таутасты емес және таутасты негіздердегі орнықтылықты есептеу
2-параграф. Таутасты емес және таутасты негіздердегі орнықтылықты есептеу
Тармақ 22
22. Жүктемелердің бірігу еселігі ескерілгендегі қорытындыланған ығыстыратын күштердің есептік мәндері, шекті кедергі күшіне немесе бұрғысы (аударуы) және құрылысты ұстап қалғысы келетін және құрылыстардың жауапкершілік дәрежесінің сенімділігі мен жұмыс жағдайларының еселіктері ескеріле анықталған бұраушы күштерден кем немесе тең болу шарты құрылыстың, құрылыс-негіз және беткейлер (сілемдер) жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету өлшемі болып табылады.
Тармақ 23
23. Құрылыстар мен топырақтық сілемдердің орнықтылығының есептеулері шекті күйлердегі тепе-теңдіктің барлық шарттарын қамтамасыз ететін әдістермен жүргізіледі. Нәтижелері құрылыстардың жобалану, құрылыс және пайдалану тәжірибесімен тексерілген басқа да есептеу әдістерін де қолдануға болады. Орнықтылықтың есептеулерінде құрылыстардың, құрылыс-негіз және беткейлер (сілемдер) жүйесінің орнықтылық жоғалтуының барлық физикалық және кинематикалық мүмкін деген сұлбалары қарастырылғаны жөн.
Тармақ 24
24. Таутасты емес негіздердегі гравитациялық құрылыстар орнықтылығының есептеулерінде жазықтық, аралас және терең ығысу сұлбалары бойынша орнықтылық жоғалту мүмкіндіктері қарастырылады. Ығысу сұлбасы құрылыс түріне, негіздің жіктеулік сипаттамасына, жүктелу сұлбасына қарасты қабылданады. Аталған ығысу сұлбалары ығысудың үдемелі және бұрала ығысу түрлерінде де байқалады. Құрылыстар, негіздері табиғи немесе жасанды құламалар немесе олардың қырлары болған жағдайда да құламаның онда орналасқан құрылыспен бірге қирауының жалпы сұлбасы қарастырылуы тиіс.
Тармақ 25
25. Негіздерін құмды, ірі кесекті, қатты және жартылай қатты, қатқыл және оңай иленетін сазбалшықты топырақтар құрайтын гравитациялық құрылыстар (кемежайлықтан басқа) орнықтылығының есептелуі жазықтық бойынша ығысу сұлбасына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, нығая сығылатын құрылыс табанын ені дренаж орналасқан бөліктегі қабаттың есептік қалыңдығын су таяныш пен негізде дранажды қабаттың бар болуына байланысты ескереді.
Тармақ 26
26. Құрылыстар орнықтылығы жазықтық бойынша ығысу сұлбасына сәйкес есептелінгенде, есептік ығысу беті келесі жазықтықтар түрінде қабылданады:
Тармақша 1
1) құрылыстың табаны жазық болғанда – орнықтылықты, құрылыс табанының жоғарғы шеті арқылы өтетін ығысу жазықтығы бойынша міндетті түрде тексерілген, оның негізге орнатылу жазықтығы;
Тармақша 2
2) құрылыс табанында жоғарғы және төменгі тістер болғанда: жоғарғы тістің салу тереңдігі төменгілердікінен кем болмаса – тістер табаны арқылы, сондай-ақ жоғарғы тіс табаны арқылы;
Тармақша 3
3) төменгі тіс салу тереңдігі жоғарғылардікінен асқан жағдайда – жоғарғы тіс табаны бойынша (бұл жағдайда төменгі тістің түгел тереңдігі бойынша анықталатын, төменгі бьеф жағындағы топырақтан берілетін кері қысымды қарастырмағандағы, барлық күштерді аталған жазықтыққа жатқызған жөн) өтетін көлденең жазықтықтар;
Тармақша 4
4) құрылыс негізінде тасты төсем болғанда – құрылыс пен төсем және төсем мен топырақ түйісулері арқылы өтетін жазықтықтар;
Тармақша 5
5) тасты төсем топыраққа ендірілген болса, көлбеу немесе сынық жазықтықтарды да қарастырған жөн.
Тармақ 27
27. Құрылыстар орнықтылығы жазықтық бойынша ығысу (бұрылыссыз) сұлбасына сәйкес есептелінгенде шекті кедергі мен ығыстыру күшінің есептік мәндері анықталынады.
Тармақ 28
28. Есептік ығыстыру күш табан жазықтығында ортадан тыс түскен кезде, құрылыс орнықтылығының есептелуі жазықтық бойынша құрылыс жоспарында бұрылумен ығысу сұлбасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Құрылыстар орнықтылығының аралас ығысу сұлбасына сәйкес есептелінуі біртекті негіздердегі құрылыстар үшін барлық жағдайларда жүргізіледі. Және де ығысуға деген негіздің кедергісі жазықтық бойынша ығысу және жоғары қарай да ығысу кедергілерінің қосындысына тең етіп қабылданады. Құрылыстар орнықтылығын аралас ығысу сұлбасына сәйкес есептегенде шекті кедергі күш Мор-Кулон заңы ескеріле анықталынады. Кемежайлық құрылыстар үшін орнықтылық есептелуін аралас ығысу сұлбасына сәйкес жүргізбеуге болады.
Тармақ 30
30. Құрылыстар орнықтылығының терең ығысу сұлбасына сәйкес есептелінуі тек қана тік жүктемені көтеретін құрылыстардың барлық түрлері үшін жүргізіледі, ал кемежайлық құрылыстар үшін-жүктеме түріне қарамастан, сонымен қатар тік және көлденең жүктемелерді көтеретін және әртекті негіздерде орналасқан құрылыстар үшін белгілі бір жағдайларда.
Тармақ 31
31. Кемежайлық құрылыстар орнықтылығы, ығыстырылатын топырақ сілемінің құрылыспен бірге ығысудың сынық жазықтықтары бойынша үдемелі және ығысудың дөңгелекцилиндрлі беттері бойынша айнала ауытқуларын қарастыратын екі әдістермен жүргізіледі. Әдістердің екеуі де пайдаланылған жағдайда, құрылыстың кішірек сенімділігін көрсететін шарт қойылған әдістің нәтижелері орнықтылық есептелінуінің анықтағыш нәтижелері болып қабылданады.
Тармақ 32
32. Суға қаныққан сазбалшықты топырақтардан құралған негіздердегі құрылыстар орнықтылығын есептегенде, топырақтың нығая сығылу дәрежесіне сай ішкі үйкеліс бұрышы мен ілініс күшінің мәндері қабылданады немесе топырақтың тұрақталған күйіндегі сәйкес сипаттамаларға кеуектілік қысым (тәжірибелік немесе есептік жолмен анықталған) еңгізіледі.
Тармақ 33
33. Таутасты негіздердегі құрылыстар, таутасты құламалар мен беткейлер орнықтылығы жазықтық немесе сынық есептік беттер бойынша ығысу сұлбаларына сәйкес есептелінеді. Таутасты негіздердегі бетонды және темірбетонды құрылыстар үшін құрылыс төменгі қырының астындағы негіздің қоса қирауымен шекті бұрылыс (аударылу) сұлбасы қарастырылады. Бұл жағдайда құрылыстың (құламаның, беткейдің) кішірек сенімділігін көрсететін шарт қойылған сұлба бойынша жүргізілген есептеулер нәтижелері орнықтылық есептелінуінің анықтағыш нәтижелері болып табылады. Ығысудың есептік беті жазық болғанда орнықтылық бұзылуының екі мүмкін деген сұлбалары қарастырылады: үдемелі ығысу және жоспарда бұрала ығысу. Ығысудың есептік беті сынық сызық түрінде болғанда үш мүмкін деген сұлбалары ескеріледі: сынық беттің қабырғаларын бойлай ығысу (бойлық); сынық беттің қабырғаларына көлденең ығысу (көлденеңдік) және сынық беттің қабырғаларына бұрыш бойынша ығысу (қиғаш); Құрылыстың немесе құламаның (беткейдің) орнықтылық жоғалтуының сұлбасын таңдау және ығысудың есептік беттерін анықтау, таутасты сілемнің жарықшақтығын бейнелейтін негізгі құрамдастар (орналасуы, ұзақтығы, қалыңдығы, жарықтардың кедір-бұдырлығы, олардың жиілігі және с.с) және әлсізденген қабатшалар мен аймақтардың бар болуы жайындағы инженерлік-геологиялық құрылымдық үлгілерді саралау мәліметтерін пайдалану арқылы жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Құрылыстар мен таутасты құламалар (беткейлер) орнықтылығын үдемелі және бойлық ығысулар сұлбалары бойынша есептегенде шекті кедергі мен ығыстыратын күштердің есептік мәндері анықталып, белсенді ығыстыру күштің (ығысу бағытына тусетін есептік жүктеме теңәсері проекциясының) мәндерімен салыстырылады.
Тармақ 35
35. Тіректік сілемдердің немесе қайта толтырылымдардың кедергі күштерінің есептік мәндерін кері кедергі күштің есептік мәнін ескере анықтайды. Осы сілем ығысып кетуі мүмкін әлсіздену беті бар тіректік сілем үшін кері кедергі күшінің мәнін ішкі үйкеліс бұрышы мен ілініс күші сипаттамаларын ескермей анықтайды.
Тармақ 36
36. Құрылыстар мен таутасты құламалар (беткейлер) орнықтылығын жоспарда бұрала ығысу сұлбасы бойынша есептегенде, үдемелі қозғалыс болжамымен анықталатын күштермен салыстырғанда ығысу кедергісінің азаю мүмкіндігі ескеріледі.
Тармақ 37
37. Құрылыстар мен таутасты құламалар (беткейлер) орнықтылығын көлденең ығысу сұлбасы бойынша есептеуді қирау(ығысу) призмасын өзара әрекеттесетін элементтерге жіктеп жүргізеді. Қирау (ығысу) призмасы ығысу бетінің түріне, призма таутасты сілемінің құрылымына және оған әсер ететін күштердің таралуына сай жіктеледі. Ығысу беті бойынша әрбір элемент шектерінде таутасты топырақтың беріктік сипаттамалары тұрақты болып қабылданады. Қирау призмасының жіктелу бағыттарының және есептеу әдістерінің таңдалуы сілемнің геологиялық құрылымына байланысты жүргізіледі. Қирау(ығысу) призмасын қиып өтетін әлсізденген беттер болса, онда призманы шекті тепе-теңдік күйге жеткізуі мүмкін элементтер арасындағы ажыратылу жазықтықтары осы әлсізденген беттер бойынша өткізіледі.
Тармақ 38
38. Орнықтылықтың қиғаш ығысу сұлбасы бойынша есептелуі, сілемнің ығысу бағыты, ығысу жазықтықтарының қабырға бағытымен сәйкес келмегенде жүргізіледі, мысалы, аркалық бөгеттердің жағалаулық тіректерінің орнықтылығын және ұқсас сілемдердің орнықтылығын есептегенде.
Тармақ 39
39. Бетонды құрылыстар орнықтылығы шекті бұрылыс (аударылу) сұлбасы бойынша есептелінгенде аударатын күштер әсері тудырған құрылыстың астыңғы қырындағы негіздің жапырылуға деген беріктігі бұзылу салдарынан оның бұрылуынан немесе еңкеюінен орнықтылықты жоғалтуын тексереді.
Тармақ 3. 3-параграф. Негіздердің сүзілулік есептеулері
3-параграф. Негіздердің сүзілулік есептеулері
Тармақ 40
40. Гидротехникалық құрылыстың негізін жобалағанда негіз топырақтарының сүзілулік беріктігі қамтамасыз етіледі, техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша рауалы сүзілулік шығындар мен сүзілетін судың құрылыс табанына түсіретін кері қысымы белгіленеді. Бұл ретте келесі жайттар анықталынады:
Тармақша 1
1) сүзілулік ағынның еркін бетінің түрі (депрессиялық бет) және оның шығу жерлерінің орналасуы;
Тармақша 2
2) сүзілулік ағын қысымының, оның бәсеңдеу жерлеріндегі және сүзілулік қасиеттерімен және кеуектілік кеңістік құрылымымен ерекшеленетін топырақтар тоғысатын жерлердегі , ең алдымен құрылыстың жерасты пішінін жағалай таралуы,;
Тармақша 3
3) негіздің ерекшеленген жерлеріндегі сүзілулік шығындар;
Тармақша 4
4)сүзілулік ағынның негіз топырақ сілеміне деген күштік әсері;
Тармақша 5
5) негіздегі топырақтардың жалпы және жергілікті сүзілулік беріктігі және де жалпы сүзілулік беріктікті тек негіздің таутасты емес топырақтары үшін ғана бағалайды, ал жергіліктісін-топырақтардың барлық түрлері үшін.
Тармақ 41
41. Сүзілулік ағын сипаттамаларын, оны үлгілеу жолымен, сүзілулік ағынның белсенді аймақтарына түсетін, әдетте, топырақтардың суөткізгіштігі мен суффозиялық орнықтылық жағынан ең бастылыларын ерекшелеп топырақ сілемінің геологиялық құрылымын білдіретін негіз үлгілерін (сұлбаларын) пайдалана негіздің физикалық немесе математикалық сүзілулік үлгілері арқылы анықтайды. Бұл аймақтар шекаралары, құрылыстың жерасты пішінінің белгіленген өлшемдері мен үйлесімдеріне сүйенген алдын-ала есептеулер арқылы анықталады.
Тармақ 42
42. Таутасты емес негіздің жалпы сүзілулік беріктігін қамтамасыз ету өлшемі ретінде, негіздің қарастырылатын аймағындағы жергілікті сүзілулік беріктігі сенімділік еселігі ескерілген жағдайдағы қысымның шекті градиентінің орташаланған есептік мәнінен кіші немесе тең деген шарт қабылданады. I және II топтағы құрылыстар негіздерінің жергілікті сүзілулік беріктігі ұзартылған пішіндік сызықтар әдісімен анықталынады. Жекеленген жағдайларда басқа да жуық әдістер қолданылады.
Тармақ 43
43. Таутасты емес негіздің жергілікті сүзілулік беріктігін қамтамасыз ету өлшемі ретінде, негіздің қарастырылатын аймағындағы жергілікті сүзілулік беріктігі қауіпсіздік еселігі ескерілген жағдайдағы қысымның шекті градиентінен кіші немесе тең деген шарт қабылданады. Таутасты емес негіздің жергілікті сүзілулік беріктігін тек келесі аймақтарында анықтайды:
Тармақша 1
1) сүзілулік ағынның негіз қабатынан төменгі бъефке, құрғату құрылғысына және сондай сипаттағы шығу (бәсеңдеу) жерлерінде, суффозиялық-орнықсыз топырақтар қабатшаларында;
Тармақша 2
2) сүзілулік ағын қысымының құлауы үлкен, мысалы, жерасты бөгеттерді айналып ағу жерлерде, сүзілулік қасиеттері мен құрылымдары едәуір басқа топырақтардың түйісу жерлерінде.
Тармақ 44
44. Таутасты негіздердің жергілікті сүзілулік беріктігін қамтамасыз ету өлшемі ретінде, негіз сілемінің жарықтарындағы су қозғалысының орташа жылдамдығы, қауіпсіздік еселігі ескерілген жағдайдағы, жарықтар ішіндегі су қозғалысының шекті жылдамдығынан кіші немесе тең деген шарт қабылданады.
Тармақ 45
45. Қысымдық құрылыстардың жерасты пішіндерін жобалау, әрекеттегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жобаланатын құрылыс негізіндегі құрғату жүйесі мен сүзілуге қарсы құрылғыларды таңдағанда, оның пайдаланылу, инженерлік-геологиялық жағдайлары және су деңгейінің көтерілуі, жапсарлас аймақтардың батпақтануы, карст-суффозиялық үрдістердің жандануы және тағы сол сияқты жайларға қарасты қоршаған ортаны қорғау талаптары ескеріледі.
Тармақ 46
46. Таутасты емес негіздерде сүзілуге қарсы бүркеулерді жобалағанда, қысымның аумалы градиенттері ескеріледі: майдатасты және малтатасты топырақтардағы, ұсақ, ірі және ірілігі орташа құмдардағы инъекциялық бүркеулерде жеке-жеке. «Топырақтағы қабырға» әдісімен орнатылатын бүркеуде сүзілу еселіктері..
Тармақ 47
47. Таутасты негіздегі сүзілуге қарсы(цементтелетін) бүркеу жобаланғанда, бүркеудегі қысымның аумалы градиенті бүркеу бойынша меншікті су сіңірулікке байланысты қабылданады. Бүркеу (жеке өзі немесе басқа да сүзілуге қарсы құрылғылармен бірге) негіздегі еритін топырақтарды сілтісізденуден қорғайтын болса, рауалы меншікті су сіңірулік есептеулермен және тәжірибелік зерттеулермен негізделеді.
Тармақ 48
48. Қысым градиенттері бірге жуық сүзілулік ағын негіз бетіне шығатын жерлерде топырақтың жоғары ығысуын болдырмау үшін, жобада өткізгіш қатарлас жүк немесе қысым түсіретін құрғатқыш қарастырылады. Қатарлас жүк материалы, негіз топырағын түйісулік суффозиядан қорғайтын кері сүзгі қағидаты бойынша таңдалады. Бірыңғай өткізгіш және біртекті негіз үшін қатарлас жүктің қажетті қалыңдығы анықталады.
Тармақ 4. 4-параграф. Таутасты негіздердің жергілікті беріктігін есептеу
4-параграф. Таутасты негіздердің жергілікті беріктігін есептеу
Тармақ 49
49. Гидротехникалық құрылыстардың таутасты негіздерінің жергілікті беріктігін келесі жағдайларды анықтауға есептейді: сүзілуге қарсы құрылғылардың істен шығу мүмкіндігін болдырмайтын шараларды белгілеу; құрылыстардың беріктігін, орнықтылығын жоғарылататын шараларды және құрылыс пен негіздің кернеулік-деформациялық күйінің есептеулеріндегі жергілікті беріктіктің шегіне жетуін ескеру үшін. Жергілікті беріктіктің есептелуі I топтағы құрылыстар негіздері үшін шекті күйлердің екінші тобы бойынша, жүктемелердің негізгі бірлесу түріне сай, жүргізіледі.
Тармақ 50
50. Жартас негіздерінің беріктілігін жергілікті тексеруді есептік алаңдар бойынша жүргізеді:
Тармақша 1
1) массивтің жарықтарына бейімделген, жазықтықтармен сәйкес келетін; жазықтықпен сәйкес келетін, байланысқа бейімделген құрылыс – негіз;
Тармақша 2
2) жазықтықтармен сәйкес келмейтін, жарықтар мен байланысқа бейімделген құрылыс – негіз.
Тармақ 51
51. Жеке жазықтық бойынша жергілікті беріктіктің қамтамасыз етілу шарты оның есептік жазықтықта шекті жанама кернеулердің пайдалану кернеулерден аспауы. Жарықтар мен түйісуге жатқызылмаған есептік жеке жазықтықтардағы жанамалық және тік кернеулер арасындағы байланыс, ішкі үйкеліс бұрышы мен ілініс күшін анықтау барысында, ортақ сызықты тәуелділік арқылы үлкен дәлсіздікпен сипатталатын жағдайларда, бұл байланыстың кесек-сызықты жуықтау немесе шаршы парабола түріндегі сызықты емес тәуелділіктерді пайдалану ескеріледі. Цементтелетін бүркеулер шектерінде жергілікті беріктік шарттары орындалмаса, сүзілулік жағдайдың өзгерулерін ескеретін сүзілу есептеулері жүргізіледі.
Тармақ 52
52. Кернеулер анықталғанда тұтас орта механикасы мен геомеханикалардың есептеу және тәжірибелік әдістері қолданылады. Негізді құрылыспен бірге, түйісулерінде тепе-теңдік шарттары және ауытқулар теңдігі орындалатын сызықты-деформацияланатын денелер жүйесі түрінде де қарастыруға болады. Негіздеме болганда, бір немесе бірнеше жазық қималарға қолданылатын серпінділік қағидасының жазықтық есебін шығаруға мүмкіндік беретін құрылыс-негіз жүйесін сұлбалауға да болады. Бұл жағдайда негіз беті жазықтық түрінде қабылданады, ал негіз – біртекті немесе бірнеше біртекті бөліктерден немесе сипаттамалары үздіксіз өзгеретін болып құралған деп саналады. Негіз бетінің табиғи бедері, құрылыс – негіз жүйесі жұмысының кеңістік сипаты, сондай-ақ, негіздің механикалық сипаттамаларының таралу талдануы ескеріледі. Егер негіз аймақтарының кейбіреулерінде кернеулерді анықтағанда бір (немесе бірнеше) шарттар орындалмаса, есеп шешімі айқындалады. Айқындау, кернеулер мен деформациялар араларындағы сызықты емес тәуелділікті пайдалану немесе қима геометриясын, аталған аймақтарды қарастырудан шығарып өзгерту, арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Таутасты емес негіздердегі құрылыстар үшін түйісу кернеулерін анықтау
5-параграф. Таутасты емес негіздердегі құрылыстар үшін түйісу кернеулерін анықтау
Тармақ 53
53. Түйісу кернеулерін (құрылыс-негіз түйіскен жеріндегі тік және жанама кернеулер) конструкциялар мен құрылыстардың беріктігін есептеу үшін анықтайды, сонымен қатар, негіздердің көтеру қабілеті және деформациялар бойынша есептеулерінде. Түйісу кернеулерін анықтағанда құрылыстың конструктивтік ерекшеліктері, негіздің орнату реті мен түрі ескеріледі. Конструкциялардағы немесе құрылыс элементтеріндегі есептік күштерді азайту мақсатында жобалау барысында құрылыстардың түйісу беттерінде дөңестер орнатылуы, негіздің жеке жерлерінің тығыздалуы және құрылыстың сәйкес орнатылу реттері ескеріле, түйісу кернеулерінің оңтайлы таралуын туғызу мүмкіндігі қарастырылады.
Тармақ 54
54. Таутасты негіздердегі құрылыстар үшін түйісу кернеулері ортадан тыс сығу әдісімен анықталады, ал қажетті жағдайларда I және II топтардағы құрылыстар үшін құрылыс-негіз жүйесінің кернеулік күйін, тұтас орта механикасының әдістерін пайдалана жүргізілген есептеулер нәтижелері бойынша.
Тармақ 55
55. Таутасты емес негіздердегі құрылыстар үшін түйісу кернеулерді анықтағанда құрылыстың иілу көрсеткіші ескеріледі.
Тармақ 56
56. Жазық деформация сұлбасы бойынша есептелінетін I және II топтардағы қатқыл құрылыстар үшін, тік түйісу кернеулері тұтас орта механикасының (сызықты немесе сызықты емес серпімділік, иленгіштік қағидаларының) әдістерімен анықталынады. Бұл кернеулер III және IV топтардағы құрылыстар үшін ортадан тыс сығу немесе төсем еселігі әдістерімен анықталады. Борпылдақ құмды негіздер үшін тәжірибелік эпюралар әдісі қолданылады.
Тармақ 57
57. Гидротехникалық құрылыстардың беріктігін есептеу үшін түйісу кернеулердің эпюралары тұтас орта механикасы, ортадан тыс сығу, төсем еселігі және тәжірибелік эпюралар әдістері бойынша анықталады. Егер, бұл жағдайда иілуші момент күштердің белгілері әр түрлі болса, онда беріктікті есептеу барысында осы шамалардың 10 % азайтылған екі мәнің де қолдану ұсынылады, ал белгілері бірдей болса, онда тек көрсетілген шамаға сәйкес азайтылған үлкен иілуші момменттің мәндері қолданылады.
Тармақ 58
58. Түйісу кернеулерін құрылыстың иілгіштігін ескере анықтағанда, төсем еселігі әдісі, сондай-ақ, серпінді және серпінді-иленгіштік есептер шешімдері де қолданылады. Және де құрылыс, оның сұлбасына байланысты, жазық немесе кеңістік конструкция (арқалық, тақта, қаңқа) түрлерінде қарастырылады. Конструкциялар элементтерінің иілгіштігі жарықтар пайда болу мүмкіндігі ескеріле анықталады. Төсем еселігі және ортадан тыс сығу әдістері қолданылғанда, жанама кернеулер біркелкі таралған деп қабылданады. Тік күштер әсерінен пайда болған жанама кернеулер құрылыстар беріктігін есептегенде ескерілмейді.
Тармақ 59
59. Әртекті негіздердегі құрылыстар табаны бойынша әсер ететін тік түйісу кернеулері біртекті негіздер үшін де қолданылатын әдістер бойынша анықталады. Серпімділік және иілгіштік қағидаларының әдістерін пайдаланғанда топырақтардың әртектілігі негіздің әр тұрлі аймақтарында сәйкес есептік деформациялану және беріктік сипаттамаларын белгілеу арқылы ескеріледі. Түйісу кернеулерін ортадан тыс сығу әдісімен анықтағанда негіздің әртектілігін ескереді немесе төсем еселігі, тәжірибелік эпюралар әдістері пайдаланылады.
Тармақ 60
60. Түйісу кернеулерін, қабаттары тік және құламалы негіздер жағдайында есептеп анықтағанда, тұтас орта механикасының әдістері пайдаланылады, соның ішінде, әр қабаттың өлшеулеріне және жүктеме тыс түсуіне байланысты, топырақтың деформация модуліне тура тәуелді түрінде қабылданатын есептер шығарудың сандық немесе жуықтау әдістері де. Әрбір қабат шектерінде түйісу кернеулер сызықты түрде таралған деп қабылданады.
Тармақ 61
61. Негіз, қалыңдығы ауыспалы немесе көлбеу жатқан қабаттардан құралған болса, түйісу кернеулерін есептеп анықтағанда тұтас орта механикасының әдістері пайдаланылады, соның ішінде, қалыңдықтары ауыспалы немесе көлбеу орналасқан қабаттар жағдайларындағы негіздің келтірінді есептік сұлбаларына негізделген есептер шығарудың сандық немесе жуықтау әдістері де. Қалыңдығы тұрақты топырақ қабаттары көлденең орналасқанда негіз әртектілігін ескермеуге болады.
Тармақ 62
62. Тік түйісу кернеулері тәжірибелік эпюралар және төсем еселігі әдістерімен анықталғанда, негіздің әртектілігі, біртекті деп қабылданған негіз үшін анықталған эпюралар ординаталары мен қосымша эпюра ординаталарының қосындысы арқылы ескеріледі. Қосымша эпюра ординаталары әртекті және біртекті негіздер жағдайларында ортадан тыс сығу әдісімен салынған эпюралар айырымына тең етіп қабылданады.
Тармақ 6. 6-параграф. Құрылыстар мен топырақтық материалдардан тұратын бөгеттер негіздерін деформациялар бойынша есептеу
6-параграф. Құрылыстар мен топырақтық материалдардан тұратын бөгеттер негіздерін деформациялар бойынша есептеу
Тармақ 63
63. Құрылыстар мен топырақтық материалдардан тұратын бөгеттер негіздерінің деформациялар бойынша есептелінуі, ауытқулар (шөгулер, көлденең ауытқулар, жантаюлар, көлденең бағытты айнала бұрылулар және тағы да басқа ) бүкіл құрылыстың немесе оның жеке бөліктерінің қалыпты жағдайларда пайдаланатынына кепілдік беретін шамалармен шектеліп және қажетті төзімділікті қамтамасыз ететін құрылыс – негіз жүйелері конструкцияларын таңдау мақсатымен жүргізіледі. Және де конструкцияның беріктігі мен жарық пайда болуына деген төзімділігі, құрылыстың негізбен әрекеттестену кезіндегі әсерлер ескеріліп, есептелумен дәлелденеді. Деформациялар бойынша есептеу жүктемелердің негізгі бірігу түріне, құрылыстың құрылыс барысында және пайдалану кезінде (құрылыстың тұрғызылу реті мен жылдамдығы, су қоймасының толтырылу графигі және тағы сол сияқты) олардың әсер ету сипаты ескеріліп, жүргізіледі. Құрылыс барысындағы құрылыстар негіздерінің ауытқуларын ескермеуге болады, егер олар құрылыстың пайдалану жарамдылығына әсер етпейтін болса.
Тармақ 64
64. Деформациялар бойынша есептеу негіз бен құрылыстың ортақ біріккен деформациясы (шөгулер, көлденең ауытқулар, жантаюлар, тік бағытты айнала бұрылулар және тағы да басқалар) негіз бен құрылыстың ортақ деформациясының шекті мәнінен аспайды деген шарт бойынша жүргізіледі.
Тармақ 65
65. Негіз бен құрылыстың ортақ деформациясының шекті мәндері сәйкес құрылыстар жобалау нормаларында белгіленеді.
Тармақ 66
66. Ортақ деформациялар есептелуі кеністік есеп жағдайы бойынша жүргізіледі. Ұзындығы енінен үш есе асатын құрылыстар үшін есептелу жазық деформация жағдайлары бойынша жүргізілу мүмкін. Құрылыс ені сығылатын қабат қалыңдығынан екі және одан көп есе асатын жағдайда есептелуді бірөлшемдік (компрессиялық) есеп жағдайлары бойынша жүргізуге болады.
Тармақ 67
67. Деформациялар бойынша есептелуде барлық санаттағы топырақтар үшін шекті (тұрақталған) негіз топырақтарының деформациялануының аяқталған үрдісіне сай келетін ауытқулары, ал сазбалшықты топырақтар үшін-одан басқа, аяқталмаған деформациялану үрдісіне сай келетін тұрақталмаған ауытқулар мәндері және негіз топырақтарының жылжымалығынан пайда болатын ауытқулар анықталады.
Тармақ 68
68. Негіз деформацияларын иленгіштік деформациялардың пайда болуы мен дамуын ескермейтін есептік сұлбалар пайдаланылуымен жүргізілген есептеулерде құрылыс табанының астындағы орташа қысым негіз топырағының есептік кедергісінен аспайды.
Тармақ 69
69. Таутасты емес негіздерде орналасқан құрылыстардың шөгу шегі, құрылыстар табанының астындағы орташа қысым негіз топырағының есептік кедергісінен аспаған жағдайда, сығылатын қабат бойынша, қабаттап жинақтау әдісімен анықталынады.
Тармақ 70
70. Құрылыс табанының астындағы орташа қысым негіз топырағының есептік кедергісінен асатын болса шөгуді, топырақтар деформациялануының серпінді-иленгіштік сипатын, кеңістік кернеулік күйді, құрылыстың орнатылу ретін ескеретін сандық әдістермен анықтайды.
Тармақ 71
71. Белгілі бір уақыттағы тұрақталмаған шөгу топырақтың бастапқы және жалғасқан нығая сығылу дәрежелері мен жылжымалылық өлшемдері ескеріле анықталынады. Топырақтың жылжымалылық өлшемдері суы сығыла нығаю сұлбасы бойынша компрессиялық сынақтаулар нәтижелерінен анықталады. Бастапқы нығая сығылу дәрежесі нығая сығылудың бірбағыттық, жазықтық немесе кеңістік есептер шешімдерінен анықталады. Жалғасқан нығая сығылу дәрежесін бірбағыттық, жазықтық немесе кеңістік есептер шешімдері бойынша, топырақтың жылжымалылық қасиеттерін ескеріп, анықтайды.
Тармақ 72
72. Құрылыстардың жантаюы (еңкеюі) құрылыс енінің шектеріндегі ортадан тыс түсетін жүктемеден, құрылыс табанынан тыс қатарлас жүктен және құрылыс денесіндегі салынған топырақтың нығыздалуынан негізге түсетін жүктеменің ортадан тыс түсу жағдайында анықталады.
Тармақ 73
73. Табаны тікбұрышты құрылыстардың, құрылыс енінің шектеріндегі тік жүктеменің ортадан тыс түсуінен пайда болған жантаюы, сүзілулік күштер ескерілмеген, біртекті және көлденең қабаттасқан негіз жағдайында, құрылыс табанының үлкен және кіші жақтары бойынша анықталады.
Тармақ 74
74. Құрылыс жантаюын, сондай-ақ, құрылыс табанынан тыс, негізге түскен қатарлас жүктен де анықтайды. Қатарлас жүк, толтырылатын құрылыс шұңқырының пішініне байланысты тікбұрышты, үшбұрышты немесе трапеция тәріздес эпюралармен жуықтатылады.
Тармақ 75
75. Құрылыстардың және олардың көлденең жүктеме қабылдайтын (сүйеме қабырғалар, анкерлік құрылғылар) элементтерінің көлденең ауытқулары, иленгіштік деформациялар аймақтарының дамуын (иленгіштік ағу қағидасы бойынша) ескеретін әдістермен анықталады. Кемежайлық гидротехникалық құрылыстардың гравитациялық және анкерленген шпунттық сүйеме қабырғалар негіздерінің көлденең ауытқуларын тексермеуге болады.
Тармақ 76
76. Құрылыстың беріктігімен және орнықтылығымен байланысты анкерлік құрылғыларының және басқа элементтерінің көлденең ауытқуларының есептеулері топырақ сипаттамалары мен жүктемелердің шекті күйлердің бірінші тобына сай жағдайларда орындалады.
Тармақ 77
77. Құрылыстардың тұрақталмаған көлденең ауытқулары белгілі уақыт мезгіліне анықталады. Құрылыстың көлденең ауытқуы құрылыс-негіз жүйесінің көлденең ығысу бойынша шекті тепе-теңдікке жетуіне сай келеді. Есептелуде сызықты емес серпімділік қағидасының, нығая сығылу немесе тұтқырлыиленгіштік қағидаларының шешімдері пайдаланылады. Және де бөгеттер өзектерінің иленгіш топырақтар өткізгіштігінің нығая сығылу барысындағы тығыздықпен, суға қанығумен және басқа жайттармен байланысы ескеріледі.
Тармақ 78
78. Бөгеттің шөгуі негіз бен бөгет денесі шөгулерінің қосындысы түрінде анықталады. Бөгет денесі мен негізінің шөгулерін есептік тік бағытта қабаттап жинақтау әдісімен анықтауға болады. Таутасты негіздің шөгулері мен көлденең ауытқуларын ескермеуге болады.
Тармақ 79
79. Есептеулер арқылы:
Тармақша 1
1) құрылыстық шөгулер - құрылысы аяқталған кездегі бөгет нүктелерінің тік бағыттағы ауытқулары;
Тармақша 2
2) пайдаланулық шөгулер - құрылысы аяқталған кезден негіз топырақтарының және бөтет денесінің нығая сығылуларының аяқталуына дейін өтетін бөгет нүктелерінің тік бағыттағы қосымша ауытқулары;
Тармақша 3
3) бөгет денесі және негізі топырағының қосынды шөгулері анықталынады.
Тармақ 80
80. Құрылыстық көтеруді есептеу үшін бөгет жотасының шөгуін анықтайды. бөгетке салынатын топырақтың қосымша көлемін нақтылау үшін нығая сығылу біткен кездегі топырақтың қосынды сығылуы мен бөгет пішіні нүктелерінің пайдаланулық шөгулері арасындағы айырмашылық анықталынады.
Тармақ 81
81. Таутасты негіздердегі құрылыстардың ауытқулары тек I топтағы құрылыстар үшін есептелінеді.
Тармақ 82
82. Ауытқуларды есептегенде егер, құрылыстың қысым ені мен құрылысқа түсетін қысым арақатынасы бестен аспаса-кеңістік есеп, ал асатын болса жазық есеп қарастырылады. Бұл жағдайда құрылыстар ауытқуларын есептеу үшін сызықты және сызықты емес серпімділік қағидасының әдістері қолданылады. Есептеулерде негіздің сығылу қабатының шартты қалыңдығы құрылыс табанының еніне тең етіліп қабылданады. Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздеме кезеңінде таутасты негізді сызықты-деформацияланатын орта түрінде қарастыруға болады.
Тармақ 83
83. Құрылыстардың ауытқуларын анықтағанда су қоймасының аңқа төсеміне түсетін топырақ (үйінділер немесе салындылар) қысымы, негіздегі көлемдік сүзілу күштері, құрылыстан негізге берілетін жүктемелер және су қоймасы толтырылғандағы жағалауларындағы судың қалқыту әсерлері ескеріледі. Тар каньондардағы беткейлердің ауытқулары есептелінгенде судың қалқыту әсері мен су қоймасы жобалық белгіге дейін толтырылғандағы сүзілулік күштер ескеріледі.
Тармақ 7. 7-параграф. Сейсмикалық аудандарда тұрғызылатын құрылыстар негіздерін жобалау ерекшеліктері
7-параграф. Сейсмикалық аудандарда тұрғызылатын құрылыстар негіздерін жобалау ерекшеліктері
Тармақ 84
84. Сейсмикалылығы 7, 8 және 9 баллдан жоғары аудандарда тұрғызылатын құрылыстар негіздері, сейсмикалық аудандардағы үймереттер мен құрылыстарды жобалау талаптары ескеріле жобаланады. Сейсмикалылығы 7 баллдан төмен аудандарда негіздерді сейсмикалық әсерлерді ескермей-ақ жобалауға болады.
Тармақ 85
85. Негіздерді сейсмикалық әсерлерді ескеру арқылы жобалау, жүктемелер және әсерлер бойынша талаптарға сәйкес анықталынатын жүктемелердің ерекше біріктірілу түріне сай, көтеру қабілеті (орнықтылығы) бойынша есептеулер негізінде орындалады.
Тармақ 86
86. Негіздерді көтеру қабілеті (орнықтылығы) бойынша есептелуі, құрылыстан берілетін ерекше біріктірілу түріндегі есептік ортадан тыс жүктеменің тік құрамдасы әсеріне және оны сейсмикалық әсерлер кезінде жұмыс жағдайының сейсмикалық және құрылыстың қолданылуы бойынша сенімділік еселіктері ескеріліп, негіздің шекті кедергі күшінің тік құрамдасымен салыстыру арқылы орындалады. Жүктеменің көлденең құрамдасы құрылысты табаны бойынша ығысуға есептеу кезінде ескеріледі.
Тармақ 87
87. Екі бағытта аударатын жүктемелердің әсері кезінде негізді көтеру қабілеті (орнықтылығы) бойынша есептеу, әр бағыт бойынша күштердің және аударатын күштердің әсеріне жеке-жеке орындалады.
Тармақ 88
88. Негіздерді, сейсмикалық әсерлерді ескере, жүктемелердің ерекше біріктірілу түріне есептегенде, құрылыс табанының топырақтан жартылай ажыратылуы, келесі шарттардың орындалуы кезінде, мүмкін:
Тармақша 1
1) аударатын күш әсер ететін жазықтықта есептік жүктеменің ортадан тыс түсуі табан енінің үштен бір бөлігінен аспағанда;
Тармақша 2
2) негіздің шекті кедергі күші, аударатын күш әсер ететін бағыттағы табанының өлшемі, сығылу аймағының өлшеміне тең шартты құрылыс үшін анықталғанда;
Тармақша 3
3) топыраққа толық тірелмегені ескеріле есептелген құрылыс табаны астындағы ең үлкен шеткі қысым, негіздің шекті кедергі эпюрасының шеткі ординатасынан аспағанда.
Тармақ 89
89. Құрылыстың немесе оның бөлігінің табанын таутасты емес топырақтарда бір денгейге тереңдету мүмкін болмағанда, топырақтың ішкі үйкеліс бұрышының есептік мәні, есептік сейсмикалылыққа байланысты азайтылады.
Тарау 7. 7-тарау. Негіздердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары
7-тарау. Негіздердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары
Тармақ 90
90. Гидротехникалық құрылыстардың негіздерін жобалағанда, олардың құрылыстары мен пайдалануларының барлық кезеңдеріндегі негіздер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шешімдер қарастырылады. Ол үшін, жобалау барысында:
Тармақша 1
1) құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларының бағалануы және олардың өзгеруінің болжамы;
Тармақша 2
2) негіздің көтеру қабілетінің және құрылыс орнықтылығының есептелуі;
Тармақша 3
3) негіздің жергілікті беріктігінің есептелуі; табиғи және жасанды беткейлер мен құрылысқа тұтасатын құламалардың орнықтылығының есептелуі;
Тармақша 4
4) құрылыстың өз салмағынан, судың, топырақтың және сол сияқты қысымдардан құрылыс-негіз жүйесі деформацияларының және құрылыстың құрылысы мен пайдаланылу барысында топырақтардың физикалық-механикалық (деформациялық, беріктік және сүзілулік) қасиеттері өзгерулерінің есептелуі, соның ішінде, олардың тоңдануы мен жібуі ескеріле;
Тармақша 5
5) негіздегі және құрылыстың негізбен түйісуіндегі кернеулердің және олардың уақыт бойынша өзгерулердің анықталуының есептелуі;
Тармақша 6
6) негіздің сүзілулік беріктігінің, судың құрылысқа тұсіретін кері қысымы мен сүзілулік шығындардың, сонымен қатар, қажет болғанда- сүзілулік көлемдік күштердің және негіздің кернеулік күйінің өзгеруіндегі сүзілулік жағдайдың өзгеруінің есептелуі;
Тармақша 7
7) негіздердің көтеру қабілеті мен құрылыс орнықтылығын, құрылыстың және оның негізінің қажетті төзімділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ, қажет болғанда-ауытқуларды азайту, құрылыс-негіз жүйесінің кернеулік-деформациялық күйін жаксарту, кері қысым мен сүзілулік шығындарды төмендету инженерлік шаралары қарастырылып, орындалады.
Тармақ 91
91. I–III топтағы құрылыстарды жобалағанда, құрылыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрылыс күйіне және олардың негіздеріне құрылыс барысында да және оларды пайдалану кезінде де құрылыс-негіз жүйесінің сенімділігін бағалау, ақауларды өз уақытында анықтау, апаттарды болдырмау, сондай-ақ, қабылданған есептеу және жобалық шешімдер әдістерінің дұрыстығын бағалау үшін болмыстық бақылау жүргізу үшін бақылаулық-өлшеу аспаптарының орнатылуы қарастырылады. IV топтағы құрылыстар мен олардың негіздері үшін көзбен шолып бақылау қарастырылады.
Тармақ 92
92. Негіздер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи бақылаулардың құрамы мен көлемі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) құрылыстың және оның негіздерінің шөгулері, қисаюлары және көлденең ығысулары;
Тармақша 2
2) негіздердегі топырақ температурасы; құрылыстар негізіндегі судың пьезометрлік арыны;
Тармақша 3
3) құрылыстың негізі бойынша сүзілген судың шығындары;
Тармақша 4
4) дренаждардағы (ағызымдардағы), сондай-ақ коллекторлардағы сүзгіден өткізілген судың химиялық құрамы, температурасы және лайлылығы;
Тармақша 5
5) дренаждық және сүзгілеуге қарсы құрылғылардың тиімділігі;
Тармақша 6
6) құрылыстар негіздеріндегі кернеулер мен деформациялар;
Тармақша 7
7) құрылыстар негіздеріндегі кеуектілік қысымы; сейсмикалық әсерлер кезіндегі негіздердің орын ауыстырулары, жылдамдықтары және үдеулері.
Тармақ 93
93. IV сыныпты құрылыстар үшін аспаптық бақылаулар, егер олар жобада қарастырылған болса, құрылыстардағы және оның негіздеріндегі сүзуді, шөгулерді және ығысуларды бақылаумен шектелуі мүмкін.
Тарау 8. 8-тарау. Құрылыстардың негіздерімен тоғысуын қамтамасыз ету
8-тарау. Құрылыстардың негіздерімен тоғысуын қамтамасыз ету
Тармақ 94
94. Құрылыстар негіздерін жобалағанда құрылысты негізбен тоғыстыратын, құрылыстың орнықтылығын, негіздің беріктігін (соның ішінде сүзілулік), жүктемелер мен әсерлердің барлық есептік бірігу түрлеріндегі құрылыстың және оның негізінің рауалы кернеулік-деформациялық күйін, қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады. Құрылыстың негізбен тоғысуын жобалағанда, барлық жағдайларда, құрылыстың орнатылу және пайдалану барысында сүзілулік сипаттамалар мен топырақтардың беріктік және деформациялану сипаттамаларының мүмкін деген өзгерулері ескеріледі.
Тармақ 95
95. Құрылыстың негізбен тоғысуын жобалағанда, осал (немесе құрылыс барысында осалданған) топырақтардың, жер бетінен бүкіл орналасу тереңдігі бойынша алынуы немесе алмастырылуы қарастырылады, және де осы тереңдіктен төмен топырақтардың сипаттамары (олардың жақсартылу мүмкіндігін ескергенде) құрылыстың орнықтылығын, негіз беріктігін және берілген сүзілулік жағдайдың шарттарын қамтамасыз етеді. Құрылыстардың жағалаулық тұтасу құламаларының тіктігі құламаның өзінің, сондай-ақ құрылыстардың құрылыс және пайдалану кезеңдеріндегі орнықтылықтарын қамтамасыз ету шарттары бойынша таңдалады.
Тармақ 96
96. Құрылыстың таутасты негізбен тоғысуын жобалағанда, топырақты аршып алып тастау экономикалық тұрғыда тиімсіз болса, құрылыстың немесе оның жағалаулық таяныштарының орнықтылығы, негіздің беріктігі мен деформациялануы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, таутасты топырақты аршып алып тастау көлемін азайту үшін келесі шаралар қарастырылады:
Тармақша 1
1) қысымды құрылыстардың негізіндегі және тұтасулардың жағалаулық сілемдеріндегі кері қысымды төмендету;
Тармақша 2
2) құрылыс пен негіздің түйісуінде жоғарғы бьеф жағына қарай еңіс жасау;
Тармақша 3
3) төменгі бьеф жағынан негізде таяныш жасау;
Тармақша 4
4) негіз бен құрылыстың жағалаулық тұтасуларына күштер мен әсерлердің қолайлы бағыттарын қамтамасыз ететін конструкциялардың қолданылуы;
Тармақша 5
5) құрылыс секцияларын мен жағалаулық тұтасулардың анкерленуі;
Тармақша 6
6) негіз топырақтарының инъекциялық бекітілуі.
Аталған шаралардың техникалық-экономикалық тиімділігі жеткіліксіз болғанда, құрылыс табанының таутасты топырақтардың артығырақ сақталған аймақтарына тереңдетілуі қарастырылады.
Тармақ 97
97. Таутасты емес негіздердегі құрылыстардың орнықтылығын, құрылыс пен негіздің тоғысуын жобалағандағы беріктікті, рауалы шөгулер мен ауытқуларды қамтамасыз ету үшін, қажетті жағдайларда, жоғарғы және төменгі тістердің орнатылуы, негіздің өткізгіштігі шамалы қабаттарының құрғатылуы, топырақтардың тығыздалуы мен инъекциялық бекітілуі және басқа шаралар қарастырылады. Кемежайлық құрылыстарды жобалағанда, қажетті жағдайларда, тасты төсем орнатылуы, түсіргіш және анкерлі құрылғылар, сондай-ақ, қабырғаның арғы жағындағы топырақтағы гидростатикалық (сүзілулік) қысымды түсіру қарастырылады. Мелиоративтік қызметке арналған, пайдаланылу кездерінде су ағыны құрғатылатын және негізі тоңданатын, сазбалшықты немесе ұсақ құмды топырақтарда орнатылатын құрылыстар үшін, жобаларында сәйкес инженерлік шаралар (құрғатқыштарды, ауысуға қарсы қалқандарды орнату, негіз топырағының бөлігін қажетті қасиеттері бар топырақпен алмастыру және сондай сипатта) қарастырылады.
Тармақ 98
98. Таутасты емес негізде орнатылатын топырақтық бөгеттер негіздерінің жобаларында негіздің дайындалуы мен тегістелуі, өсімдік және ағаштар мен бұталардың тамырлары, жер қазатын жануарлар жасаған жолдары өтетін қабаттарды, сондай-ақ, массасы бойынша рауасыз мөлшердегі органикалық қосындылар немесе сондай мөлшердегі суда тез еритін тұздар енетін топырақты сырып алып тастау қарастырылады.
Тармақ 99
99. Топырақтық материалдардан жасалған бөгеттердің негізімен тоғысуын жобалағанда бөгет орнықтылығын қамтамасыз етуге, негіз бен құрылыстың әркелкі деформацияларының азайтылуын, суффозияны және негіз топырағының суға қаныққандағы беріктігінің рауасыз төмендеуін болдырмауға бағытталған шаралар (негіз бетін тазарту, бөгет табанын тереңдету, таутасты топырақтардағы жарықтарды бітеу, құрғату және сондай сипатта) қарастырылады. Негіздеме болғанда, топырақтық бөгеттерді суға еритін қосындылар мен биогендік топырақтар енетін негіздерде салуға болады.
Тармақ 100
100. Таутасты негіздерде орнатылатын топырақтық бөгеттердің су өткізбейтін элементтерінің тоғысуын жобалағанда қираған жартасты, соның ішінде, жатқан үлкен тастар мен жиналған тастарды аршып алып тастау, барлаулық-геологиялық және құрылыстық қазбаларды, ірі жарықтарды өңдеу және бетондау шаралары ескерілу қажет. Негізде су еріте алмайтын, су өткізгіштігі нашар таутасты топырақтар бар болса, онда су өткізбейтін бөгет элементі табанының астындағы негіз бетінің тегістелуі ғана қарастырылады. Басқа жағдайларда келесі шаралар қарастырылады: бетон тақта орнатылуы, таутастың торкретпен жабылуы, су өкізбейтін элемент табанына іргелес негіз бөлігінің инъекциялық тығыздалуы. Топырақтық бөгеттердің сүзілуге қарсы элементтерінің таутасты жағалаулардың еңкейген түзу емес беттерімен тоғысқан жерлерінде, жағалаулық тұтасулар құламасының, экономикалық негізделуі ең төмен тұтасудың жалпы еңкеюімен, бөгет жотасынан негізіне қарай күрт сынықсыз біртіндеп еңістелуі қарастырылады. Құламаның шығыңқы жерлерін тіліп сыру және қуыстарды бетонмен толтыру қарастырылады. Су өткізгіштігі, сүзілуге қарсы құрылғылармен салыстырғанда, жоғарырақ материалдан жасалатын бөгеттің қима бөліктерінің негізбен тоғысатын жерлерінде босаңсыған қираған (жемірілген) таутасты қозғамауға болады.
Тармақ 101
101. Құрылыстар негіздерінің жобасында топырақтардың, құрылыс барысында, тоңдану, жемірілу, босаңсу және қоймалжыңданулардың, сондай-ақ, құрылыс шұңқырының түбі арқылы қысымды сулардың сүзілу мүмкіндігінің болмауын қамтамасыз ететін шаралар көрсетіледі.
Тармақ 102
102. Құрылыстар табанының салу тереңдігі, мүмкін деген ең азы болып, келесі жайттар ескеріле, қабылданады: құрылыстардың түрі мен конструктивтік ерекшеліктері; негізге түсетін жүктемелер мен әсерлердің сипаты; құрылыс алаңының геологиялық жағдайлары (топырақтардың құрылыстық қасиеттері, негіз құрылымы, осалданған беттер-осал қабатшалар, тектоникалық бұзылыстар аймақтарының болуы және тағы да басқалар); құрылыс төңірегінің топографиялық жағдайлары; гидрогеологиялық жағдайлар (топырақтардың су өткізгіштігі, қысымдар, топырақ суларының деңгейлері мен жегілігі және тағы да басқалар); төменгі бьефтегі топырақтардың шайылу аймақтары; топырақтардың кезеңдік тоңдану және жібу тереңдіктері; судың кеме жүзетіндік деңгейі және тағы да басқалар.
Тармақ 103
103. Бетонды және темірбетонды құрылыстардың таутасты негізбен тоғысуын жобалағанда:
Тармақша 1
1) біртекті негіздер үшін – беріктік және деформациялық сипаттамалары төмен және жарықтарындағы балшықты толтырғыштар бар болу салдарынан тұтастырылуы оңайға түспейтін, қарқынды жемірілген топырақтарды (босаңсыған қабаттың) алып тастау (негіздеме болғанда осал топырақтарды құрылыстың тек төменгі жағынан алып тастауға болады);
Тармақша 2
2) ірі бұзылымдар мен терең талғамалы жемірілу аймақтары бар әртекті негіздер үшін – көлемі, негіздің босаңсыған аймақтарының мүмкін деген бекітілуі мен жарықтардың бітетілуі ескерілген, кернеулік күйдің және құрылыстың орнықтылығының саралану нәтижелері негізінде қабылданатын, топырақты алып тастау.
Тарау 9. 9-тарау. Негіздер топырақтарын нығайту және тығыздау
9-тарау. Негіздер топырақтарын нығайту және тығыздау
Тармақ 104
104. Құрылыстар негізіндегі топырақтардың нығайтылуы мен тығыздалуы, топырақтардың беріктік және деформациялық сипаттамаларын, негіздердің көтеру қабілетін жоғарылату, шөгулер мен ауытқуларды азайту, сондай-ақ, жоба талап ететін су өткізгіштік пен сүзілулік беріктікті қамтамасыз ету мақсатымен, өзгерту үшін қарастырылады. Топырақтардың беріктік және деформациялық қасиеттерін өзгерту шаралары ретінде цементтелу, нығайтылудың химиялық әдістері, топырақтарды тоңдату, механикалық тығыздау, сілемді құрғату, толтырылатын қадаларды орнату және тағы басқа ұсынылады. Жобада, құрылыс астындағы сүзілуді азайту немесе оны айналып өту және сүзілудің қауіпті салдарын жою мақсатымен қарастырылған су тірейтін құрылыстар негізіндегі топырақтарды нығайту және тығыздау, соның ішінде, топырақты механикалық және иньекциялық тығыздау, сүзілуге қарсы тосқауылдар (бүркеулер, тістер, шпунттық қатарлар, «топырақтағы қабырғалар», понурлар және тағы да басқалар) орнатуға енеді.
Тармақ 105
105. Тірегіш құрылыстарды жобалағанда, бірінші кезекте құрылыстың төменгі қырымен тұтасатын аймақтардағы топырақтардың нығайтылуы, сондай-ақ, құрылыс пен негіздің пішін шектерінен ірі жарықтардың, тектоникалық аймақтардың және басқа ажыраулық бұзылымдар мен босаңсыған топырақтар қабатшаларының шығуын нығайту және тығыздау қарастырылады. Негіздің тұтас күшейтілуінің негіздемесі болуға тиісті.
I және II топтардағы тірегіш құрылыстарды жобалағанда, негізді бекіту жұмыстарының тәсілдері мен көлемдері есептеулермен, ал I топтағы құрылыстар үшін, қажет болғанда құрылыс пен негіздің кернеулік-деформациялық күйінің тәжірибелік зерттеулерімен де негізделеді. III және IV топтардағы құрылыстар жобалануының барлық кезеңдерінде, ал I және II топтардағы құрылыстардың техникалық-экономикалық негізделуінде негізді бекіту жұмыстарының тәсілдері мен көлемдерін ұқсастықтар бойынша белгілеуге болады.
Тармақ 106
106. Қатты деформацияланатын және беріктігі шамалы топырақтардағы кемежайлық құрылыстарды жобалағанда, өңдік және анкерлік қабырғалардың алдындағы кері қысым аймағындағы, сондай-ақ, үйінді көлемі бойынша топырақтардың нығайтылуы қарастырылады. Бұл жағдайда, техникалық-экономикалық негізделу кезеңіндегі нығайту тәсілі де ұқсастықтар бойынша белгіленеді. Жоба және жұмыстық құжаттар кезеңдерінде топырақтың нығайтылу тәсілі мен жұмыстар көлемі есептелулер мен тәжірибелік зерттеулер негізінде анықталады.
Тармақ 107
107. Негіз, сүзілгіш суға деген орнықтылығы нашар және тез еритін топырақтардан құралған жағдайларда, сүзілуге қарсы бүркеулер (тосқауылдар) міндетті түрде орнатылады. Суга төзімді топырақтар жағдайында бүркеулер орнатылуының негіздемесі болуға тиісті. При водостойких грунтах устройство завесы принимаются обоснованными. Сүзілуге қарсы бүркеулердің тереңдігі мен ені есептелумен немесе тәжірибелік зерттеулер нәтижелерімен негізделеді. Бетон бөгеттердің таутасты негіздерін жобалағанда, сүзілуге қарсы бүркеулердің жарықшақтар пайда болу аймағынан тыс, қысымды қырының астында, сонымен қатар, олардың жоғарғы бьеф жағына қарай еңкейте орналастырылу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Тармақ 108
108. Бүркеудің құрылыс табанымен тоғыстырылатын жерінде, ең үлкен қысым градиенттерінің аймақтарында сүзілуді болдырмау үшін, жобада негізгі қатарға (немесе қатарларға) қатарлас немесе бүркеудің өз шектерінде, құрылыстың қысымды қырының алдында орналастырылатын, бүркеудің қосымша терең емес ұңғымалар қатарларымен жергілікті күшейтілуі қарастырылады. Қосымша ұңғымалар араларындағы қашықтықты, бүркеудегі негізгі ұңғымалар араларындағыдан үлкенірек етіп қабылдауға болады.
Тармақ 109
109. Сүзгілеуге қарсы құрылғылар негіздермен немесе жағалаулармен жанасу орындарында (тістері, диафрагмалар (қалқандар), шпунттар және тағы басқалар) мұқият топырақты төсеуді және нығыздауды көздейді, осы мақсат үшін жартасты негіздердердегі жарықшақтарды бітеуге (кольматациялауға) қабілетті суффузияларға (жарылуға) неғұрлым төзімді серпімді және пластикалық топырақты пайдаланады..
Тармақ 110
110. Суды ұстайтын құрылыстардың негіздеріндегі жобаларда дренаж құрылғысы кері қысымның төмендеуі үшін пайдаланылған іс-шаралар ретінде ретінде қарастырылады. Жартасты негіздерде дренаж негізінен құрылыстың арынды беттерінің жағында, ал қажет болған жағдайда - оның табанының ортасында орналастырылады.
Тарау 10. 10-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи қорларды ұтымды пайдалану
10-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи қорларды ұтымды пайдалану
Тармақ 1. 1-параграф. Энергия тұтынушылықтың азайтылуына қойылатын талаптар
1-параграф. Энергия тұтынушылықтың азайтылуына қойылатын талаптар
Тармақ 111
111. Негізді Қазақстан Республикасының «Энергияны қорғау және энергия тиімділігін жоғарлату жөніндегі» Заңының талаптарына сәйкес, гидротехникалық құрылыстар үшін энергияны тиімді пайдалану бойынша жобаланады.
Тармақ 112
112. Жобалау барысында нысандардың энергия тиімділігін жоғарылататын талаптарына және басқа да қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес шешім және шаралар кешенін қарастыру қажет.
Тармақ 113
113. Гидротехникалық құрылыстарды жобалағанда, қойылатын негізгі талап пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану
2-параграф. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану
Тармақ 114
114. Гидротехникалық құрылыс негіздерін жобалау кезінде қоршаған ортаға келтірілетін шамамен мүмкін болатын жүктемелер ескеріледі, сенімді және тиімді ескерту шаралары, оларды зиянды қоқыстардан тазарту, жою, қор үнемдеуді енгізу, аз шығынды және шығынсыз технологиялар мен өндірістер қарастырылады.
Тармақ 115
115. Гидротехникалық құрылыстардың негіздерін жобалағанда, мемлекеттік қорлардың, мысалы: су, жер, биологиялық әр түрлілік, энергетикалық қорлар, ауаның сапасы және басқа да қоғам мүдделеріндегі табиғи қорлардың саналы сақталуы кіреді.
Тармақ 11. 11-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
11-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 116
116. Гидротехникалық құрылыстардың негіздерін жобалағанда, іргелес жатқан төңіректерді су басудан және жерасты сулар деңгейінің көтерілуінен, жерасты суларының ластануынан қорғау, сондай-ақ, жағалаулық беткейлердің шөккіндерін болдырмау шаралары қарастырылады.
Тармақ 117
117. Гидротехникалық құрылыстарды жобалау кезінде, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының экология кодексі талаптарын ескеру қажет.
Тармақ 118
118. Негізді дайындау және құрылыс кезінде келесі жайттар есепке алынуға тиісті:
Тармақша 1
1) тура әсерлер – нысанның орналасқан аймағына тікелей әсер ететін негізгі және серіктес жоспарлы әрекеттер түрлерінің әсерлері;
Тармақша 2
2) жанама әсерлер – қоршаған ортаға әсер ететін, жанамалық (соңындағы) себептерге байланысты жобаның іске асырылуынан пайда болған әсерлер;
Тармақша 3
3) кумулятивтік әсерлер – үнемі өсетін өзгерістер нәтижесінде пайда болып, жобаның іске асырылуымен қатар жүретін, өткен, кәзіргі немесе негізді болжанған әрекеттер тудырған әсерлер.
Тармақ 119
119. Қоршаған ортаға деген ықпалына байланысты:
Тармақша 1
1) көшетханалық газ шығымдарының әсерлерін ескермегендегі, атмосфералық ауаға;
Тармақша 2
2) жер беті және жерасты суларына;
Тармақша 3
3) су қоймалар түбінің бетіне;
Тармақша 4
4) ландшафттарға;
Тармақша 5
5) жер қорларына және жер қыртысына;
Тармақша 6
6) өсімдік әлеміне;
Тармақша 7
7) экологиялық жүйелердің күйіне әсер тиюінің бағалауын жүргізу ұсынылады.
Тармақ 120
120. Гидротехникалық құрылыстар негіздерін жобалағанда құрылыс аланының радон қауіптілік дәрежесі, техногендік радиоактивтік ластанудың болуы және құрылыс конструкцияларының радиоактивтігі ескерілуге тиісті. Бұл ретте радиация қауіпсіздігінің талаптарын гигиеналық нормативтерге сәйкес орындау керек.
ӘОЖ 624.15 МСЖ 083.74
___________________________________________________________________
Түйін сөздер: негіз, іргетас, шөгу, көтеру қабілеті.
___________________________________________________________________
Басқа 3. АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті төрағасының
2018 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 249-нқ бұйрығына
3-қосымша
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 249-нқ бұйрығымен
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН:
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
5 ПРЕДСТАВЛЕН:
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
6 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 5 декабря 2018 года № 249-нқ
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Мазмұны
1-тарау
Қолдану саласы
2-тарау
Нормативтік сілтемелер
3-тарау
Терминдер мен анықтамалар
4-тарау
Мақсаты және функционалдық талаптары
1-параграф
Нормативтік талаптардың мақсаттары
2-параграф
Функционалдық талаптар
5-тарау
Өзендік гидротехникалық құрылыстарда жұмыс атқару кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1-параграф
Негізгі ережелер
2-параграф
Топырақ материалдарынан құрғақ тығыздау арқылы үйінділерді орналастыру талаптары
3-параграф
Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйінділерді орналастыру талаптары
4-параграф
Жер құрылыстарының және өзендер жағаларының
құламаларын бекіту талаптары
5-параграф
Бұрғылау-жару жұмыстарына қойылатын талаптар
6-параграф
Жер асты қазуларын (камераларды) орналастыру
талаптары
7-параграф
Бетон жұмыстарын орындау талаптары
8-параграф
Құрылыстардың технологиялық жабдықтарын жинақтау талаптары
9-параграф
Топырақтарды цементтеу талаптары
10-параграф
Құрылыс кезеңіндегі өзен шығындарын өткізу және маңдайшаларды тұрғызу талаптары
11-параграф
Өзен арналарын бөгеу талаптары
6-тарау
Сапаны бақылау мен жұмыстарды қабылдап алуды қамтамасыз ету талаптары
7-тарау
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
____________________________________________________
ГИДРОТЕХНИЧЕСКИЕ СООРУЖЕНИЯ РЕЧНЫЕ
ӨЗЕНДІК ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР
____________________________________________________
Қолданысқа енгізілген күні – 2018-ХХ-ХХ
Тарау 1. 1-тарау. Қолдану саласы
1-тарау. Қолдану саласы
Тармақ 1
1. Бұл құрылыстық нормалар ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі техникалық регламенттердің дәлелдеу қорының нормативтік құжатының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы нормалаудың параметрикалық әдісін енгізуге бағытталған.
Тармақ 2
2. Осы құжат жаңа өзендік гидротехникалық құрылыстарды жаңадан тұрғызу, қайта құралымдау, кеңейту бойынша жұмыстарды атқаруға таралады:
Тармақша 1
1) бетон, темірбетон және топырақ материалдарынан жасалған бөгеттер;
Тармақша 2
2) гидроэлектр станциялары;
Тармақша 3
3) сорғы станциялары;
Тармақша 4
4) тіреуіш қабырғалар;
Тармақша 5
5) кеме шлюздері;
Тармақша 6
6) балық өткізу және балық қорғау құралымдары;
Тармақша 7
7) су тасқынынан, селден және жыраның пайда болуынан қорғайтын құрылыстар.
Тармақ 3
3. Осы құрылыс нормалары гидротехникалық теңіз және өзен транспорттық құрылыстарға, гидротехникалық құрылыстардың негіздері мен іргетастарына таралмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі сілтемелер қолданылады:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң);
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 Қаулысы;
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде №15501тіркелген).
Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын басып шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың көрсеткіші» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың көрсеткіші» ақпараттық каталогтары бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамасы бар келесі терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) байланыстырушы топырақ – созылу күштерін төтеп беріп құламаларды қалпында сақтай алуға қабілеті бар сазды топырақ;
Тармақша 2
2) габиондық құралымдар – тас материалдармен толтырылған, топырақтарды эрозиядан қорғау үшін қолданылатын, алтыбұрышты ұяшықты, қос бұралған сым тордан жасалған көлемді құралымдар;
Тармақша 3
3) георешетка – өзара полиэтилен таспалармен байланысқан композитті таспалар жиынтығынан құралған жалпақ кеуекті құрылыстық элемент;
Тармақша 4
4) гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
Тармақша 5
5) құмды матреиал – гидротехникалық имараттар мен олардың элементтерін тұрғызуға пайдаланылатын жартастық емес топырақтар (сазды, құмды және ірі кесекті);
Тармақша 6
6) карта – үйілмелі бөгендермен бөлінген және берілген және бұдан кейінгі үлескіде жұмыс құрамы мен көлемі қайталанатын ағымды жұмыс атқаруға арналған тоған учаскесі;
Тармақша 7
7) құрылыстық блок – уақытша жұмыс жіктерімен шектелген, үзіліссіз бетондалатын құрылыстардың бөлігі.
Тармақ 5
5. Құрылыстық нормаларда сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында қабылданған құрылыстық терминология пайдаланылады.
Тарау 4. 4-тарау. Мақсаты мен функционалдық талаптары
4-тарау. Мақсаты мен функционалдық талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Нормативтік талаптардың мақсаттары
1-параграф. Нормативтік талаптардың мақсаттары
Тармақ 6
6. Нормативтік талаптардың мақсаттары - өзендік гидротехникалық құрылыстарды жаңадан тұрғызу, қайта құралымдау және кеңейту жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру үшін талаптарды белгілеу және нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша техникалық, технологиялық және экологиялық талаптарды қалыптастыру.
Тармақ 2. 2-параграф. Функционалдық талаптар:
2-параграф. Функционалдық талаптар:
Тармақ 7
7. Құрылыс салу және қайта құралымдау немесе қолданыстағыларды кеңейту бойынша атқарылатын жұмыс техникалық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жүзеге асырылу және мына жағдайлардың алдын алу қажет:
Тармақша 1
1) жекелеген бөліктерінің немесе толықтай қирауы (бұзылуы);
Тармақша 2
2) рұқсат етілген шамадан тыс деформациялардың пайда болуы;
Тармақша 3
3) ғимарат құрылысы кезінде қолданылған бұйымдар мен элементтердің ғимараттың көтергіш құралымдарының едәуір деформациялануы салдарынан бүлінуі (зақымдануы);
Тармақша 4
4) ғимаратта өрттің пайда болуы және таралуы;
Тармақша 5
5) өрттің көршілес нысандарға таралуы;
Тармақша 6
6) су мен топырақтың ластануы немесе улануы;
Тармақша 7
7) пайдаланылған суды орынсыз төгу.
Тармақ 8
8. Одан бөлек нормативтік талаптардың мақсатына жету үшін мыналар қажет:
Тармақша 1
1) топырақ және құрылыс материалдарын, элементтері мен құралымдарын қолдануға қажетті тәртіп пен жағдайлардың орнатылуы;
Тармақша 2
2) жұмыстарды атқарудың сенімді тәсілдерін, әдістерін және технологияларын қолдану;
Тармақша 3
3) жер құрылыстарының құламаларын бекіту жағдайы мен тәртібін анықтау және жағалауды бекіту жұмыстарын белгілеу;
Тармақша 4
4) құрылыстық кезеңдегі өзен шығындарын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) өзен арналарын бөгеуге қажетті жағдайларды орнату және тиісті қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5-тарау. Өзендік гидротехникалық құрылыстарда жұмыс атқару кезіндегі қауіпсіздік талаптары
5-тарау. Өзендік гидротехникалық құрылыстарда жұмыс атқару кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Негізгі ережелер
1-параграф. Негізгі ережелер
Тармақ 9
9. Өзендік гидротехникалық құрылыстарды жаңадан тұрғызу, қайта құралымдау және қолданыстағыларды кеңейту жұмыстарын атқару кезінде осы нормалардың талаптарынан бөлек тиісті жұмыстарды орындау талаптарын белгілейтін басқа нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын орындау керек.
Тармақ 10
10. Қолданыстағы өзендік гидротехникалық құрылыстарды қайта құралымдау немесе кеңейту жұмыстарын атқару кезінде, құрылыс аумағында орналасқан және құлатылмайтын қолданыстағы имараттар мен жерасты коммуникациялардың сақталынуын қамтамасыз ету керек.
Тармақ 11
11. Кеме қатынайтын өзендерде атқарылатын жұмыс тәртібі қауіпсіз болуы және қажетті қарқындылықта кемелер мен жүзу құралдарының өтімділігін қамтамасыз ету керек. Құрылыс өңіріндегі су айдынының кеме қатынайтын учаскелерін навигациялық қоршау белгілерімен белгілеу қажет.
Тармақ 12
12. Өзендік гидротехникалық құрылыстарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту кезеңінде аяқталмаған және уақытша құрылыстар немесе олардың бөліктері тасқын су, мұздың жылжуы, дауылдар, толқынды әсер, кемелердің, жүзу құралдарының және су бетінде жүзіп жүрген заттардың басқылары мен соққылары кезінде қорғалуын қамтамасыз ету керек.
Тармақ 13
13. Осы құрылыс нормалары топырақ материалдарынан бөгеттерді екі тәсілмен тұрғызу талаптарын қарастырады, атап айтқанда, топырақтарды құрғаққа төсеу және топырақтарды суға төсеу. Топырақ материалдарынан бөгеттерді жуып шаю тәсілімен немесе лақтыру және опырылуға жаппай бағытталған жарылыстар тәсілімен орнату кезінде ғылыми-зерттеу ұйымдары әзірлейтін арнайы техникалық жағдайларды басшылыққа алу қажет.
Тармақ 14
14. Сүзуге қарсы құрылғылардың материал түріне байланысты, сонымен бірге, тұрғызу тәсілдеріне байланысты бөгеттердің типтері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес болу керек.
Тармақ 15
15. Бөгеттердің әр элементі үшін материалын, жұмыстарды атқару тәсілін, климаттық және басқа жергілікті жағдайларды ескере отырып оның тұрғызылуына бөгеттердің сенімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін жұмыс сапасын бақылауды қарастыратын техникалық жағдайлар әзірленіп қолданылу керек. Құрылыс барысында техникалық жағдайларды тиісті негізделген кезде өзгертіп, нақтылауға рұқсат етіледі.
Тармақ 16
16. Тұрғызу және пайдалану кезіндегі өзендік гидротехникалық құрылыстардың күй-жайын бақылауды Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес атқару керек. Сонымен бірге жоба құрамында өзендік гидротехникалық құрылыстар негіздерін және оларды қоршаған топырақ алқаптарын геотехникалық мониторингілеу жөнінде іс-шараларды әзірлеп, орындау керек.
Тармақ 17
17. Өзендік гидротехникалық құрылыстарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту бойынша жұмыстар атқару кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің ережелерінде қарастырылған еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша талаптары сақталуы керек.
Тармақ 18
18. Өзендік гидротехникалық ғимараттар құрылысы барысындағы өрт қауіпсіздігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өрттің алдын алу, өртке қарсы қорғаныс жүйелерін және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жасау және қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 19
19. Құрылыстық құралымдар мен түйіндер параметрлерінің ауытқуларының бастапқы пайда болу кезеңіндегі есептік мәндерден ауытқуына ұшырату есебінен құрылыс барысында және келешек пайдалану үдерісінде нысан қирауының тәуекелдік деңгейін төмендету мақсатымен жобалық құжаттама мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес нысан мониторингісі жүргізіледі..
Тармақ 2. 2-параграф. Топырақ материалдарынан құрғақ тығыздау арқылы үйінділерді орналастыру талаптары
2-параграф. Топырақ материалдарынан құрғақ тығыздау арқылы үйінділерді орналастыру талаптары
Тармақ 20
20. Бөгеттерді, бөгетшелерді, сүзуге қарсы элементтерді, арынды құрылыстарды тұрғызу үшін және топырақ құрылыстарының бетон құрылыстарымен түйіспелерінде экрандар, ядролар, понурлар түріндегі үйінділерді құрғаққа орнықтыру тәсілі қолданылады.
Тармақ 21
21. Топырақ материалдарынан құрғаққа үйінділерді орналастыру кезінде осы құрылыс нормаларының талаптарынан бөлек сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын орындау қажет.
Тармақ 22
22. Үйіндінің топырақ материалын таңдауды оның түйіршік-метрикалық құрамын, жаншылуға, тығыздалуға, судың сіңірілуіне, созылымдылыққа, көлемін өзгерту қабілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарымен қарастырылған басқа да факторларға қарсы тұруын ескере отырып, кешенді түрде жүзеге асыру керек. Бұл ретте, топырақ материалын таңдау үйінділерді тығыздаудан соң, қажетті беріктікті, қаттылықты, ұзақ мерзімділікті және су өткізгіштікті қамтамасыз ету жағдайы негізінен атқарылады.
Тармақ 23
23. Үйінділер топырақ материалдарын қабаттап төсеу, тегістеу және тығыздау арқылы жобалық тығыздығы қамтамасыз етіліп орналастырылады. Байланысқан топырақтарды пайдалану кезінде, төселіп қойылған және жаңадан төселетін қабаттар арасында берік байланысты қамтамасыз ету керек .
Тармақ 24
24. Үйіндіні тығыздау технологиясын таңдау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарымен қарастырылған тығыздыққа қойылатын талаптарды және материалдың шығу тегі мен қасиеттері, үю әдісі, төсеу ылғалдығы мен мүмкін болатын вариациялары, бастапқы және соңғы қалыңдығы, жергілікті климаттық жағдайлар, тығыздық біркелкілігі, астына төселетін табанының сипаттары сияқты факторларды ескере отырып жүзеге асыру керек.
Тармақ 25
25. Үйінділердегі топырақ материалдарын қабат-қабатымен механикалық тығыздауды жобалық тығыздықты немесе талап етілетін қабаттардың тығыздалу коэффициентін қамтамасыз ететін ылғалдықта атқару керек. Үйінділердің тығыздалатын қабаттарының қалыңдығы жұмысты атқару жобасында көрсетіледі және тәжірибелік жұмыстар атқарылғанда нақтыланып отыру керек.
Тармақ 26
26. Бөгеттер мен бөгетшелерді тұрғызу кезінде үйінділерді, орналасу алаңдары беттерінің белгілерін ескере отырып орналастыру керек. Үйінділер қабаттарын құрғатылмайтын топырақтардан төсеу кезінде атмосфералық жауын-шашынмен шайылудан қорғалуын қамтамасыз ету керек.
Тармақ 27
27. Тұрғызылатын құрылыс немесе оның бөлігі (үстінгі сына, ядро, ауыспалы өңір, экран және тағы да басқа) шеңберіндегі үйінділерді негізгі өндірістік операциялардың кезегімен атқарылуын қамтамасыз ете отырып үздіксіз орындау керек.
Тармақ 28
28. Әр түрлі топырақтардың бірнеше өңірлерінен құрылған әр тектес бөгеттер мен бөгетшелерді салу үшін үйінділерді орнықтыру кезінде бір өңірден екіншісіне топырақтың ауыспауын қамтамасыз ететін шараларды қарастыру керек.
Тармақ 29
29. Жартасты негіздерде үйінділерді орналастыру кезінде, негіздердің бөгеттердің ядросымен және экранымен берік байланысын қамтамасыз ету керек.
Тармақ 30
30. Ірі кесекті топырақтар қосылған жер бөгеттерін орналастыру үшін, көрсетілген топырақтардың ірі түйіршіктерінің рұқсат етілген мөлшерлемесін орнату керек және төсеу жағдайларын анықтау керек.
Тармақ 31
31. Бөгеттерді тұрғызу технологиялылығын қамтамасыз ету үшін, бөгеттер понурын, тістерін, экранды және басқа элементтерін орнату жағдайлары мен тәртібін орнату керек.
Тармақ 32
32. Жер-тасты және тас-тастанды бөгеттерді тұрғызу үшін қолайлы тастау (тасты, тау жынысты, жұмыртасты топырақ) тәсілдері және қолданылатын тас материалдарының рұқсат етілген шекті ірілігі белгілену керек. Бөгеттерге арналған тас материалдарының жарамдылығы, құрамы және физика-механикалық сипаттамалары Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес бекітілу керек.
Тармақ 33
33. Құламаларын қатты бекітпеген кезде (шөп егу, тас тастау, малтатасты-жұмыртасты материалды төсеу және тағы да басқа), үйінділер жобалық пішінді кеңейтусіз орналастырылу керек. Құламаларын қатты бекіту кезінде (бетон монолитті тақталармен, дәстүрлі және күш түскен арматуралы құрама және монолитті темірбетон тақталармен), үйінділердің жобалық тығыздығын қамтамасыз ету үшін құламаларын кеңейтуді қарастыру керек.
Тармақ 34
34. Бұрын тұрғызылған құрылыс бөліктерімен үйінділер құламаларының түйіскен жерлерінде тығыздалмаған топырақ материалдарын төсеуге тыйым салынады. Құрылыс осіне дұрыс орналасқан құламаның беті қисық пішінді болу керек .
Тармақ 35
35. Үйінділерді қыста орналастыру үшін, төселіп, қабаттар құрамында тығыздалғанға дейін топырақ материалдары тоңбайтын жағдайдағы шекті рұқсат етілген төмен температураны белгілеу керек. Үсіген кесектер пайда болған кезде, олардың төселетін топырақ материалының жалпы көлеміндегі рұқсат етілген шекті үлесі анықталады.
Тармақ 36
36. Төселген қабаттың байланысатын бетінің еруін қамтамасыз ететін іс-шараларды атқармай, топырақ материалын үсіген қабатқа төсеуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 37
37. Бөгеттердің сүзуге қарсы элементтерін (понурды, ядроны, экранды, тісті) орнықтыруды әзірленетін техникалық жағдайларға сәйкес қысқы жағдайда атқару керек. Тиісті негіздемесі бар техникалық жағдайлар құрылыс барысында өзгеріп, нақтылануы мүмкін.
Тармақ 38
38. Топырақ материалдарынан құрғаққа үйіндіні орнықтыру технологиясын қалыптастыру үшін және негізгі жұмыстар атқарылғанға дейінгі қажетті технологиялық параметрлерді белгілеу үшін, тұрғызылатын құрылыстардың тектес телімінде тәжірибелік жұмыстарды орындау керек.
Тармақ 3. 3-параграф. Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйінділерді орналастыру талаптары
3-параграф. Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйінділерді орналастыру талаптары
Тармақ 39
39. Топырақ материалдарын суға төсеу тәсілі (сулы тәсіл) экрандар, ядролар, понурлар түріндегі бөгеттерді, бөгетшелерді, сүзуге қарсы элементтерді, арынды құрылыстарды тұрғызуға және жер құрылыстары мен бетон құрылыстарының түйіскен жерлеріне төсеуге арналған.
Тармақ 40
40. Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйіндіні орнықтыру тәсілін сазды және құмды топырақтарға қолдану керек. Сонымен қатар құрамында ірі кесекті топырақтар мен жартасты жыныстар қоспаларының болуы рұқсат етіледі.
Тармақ 41
41. Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйіндіні орналастыруды пионерлік тәсілмен (өздігінен жүк түсіргіштермен) жоспардағы көлемі салынатын құрылыстар көлеміне сәйкес келетін жасанды және табиғи суаттарда атқарылу керек. Жұмыстың қауіпсіз және сапалы орындалуын қамтамасыз ететін суаттарды орналастыру жағдайлары белгілену керек.
Тармақ 42
42. Тұрғызылатын құрылыс немесе оның бөлігінің шеңберіндегі үйіндіні орналастыруды үйіндінің жасанды және табиғи суаты болып алдын ала бөлінетін карталардағы негізгі өндірістік операцияларды, технологиялық реттілікті қамтамасыз ете отырып, үздіксіз атқару керек.
Тармақ 43
43. Суаттар карталарының мөлшері және қоршау бөгетшелерінің көлемі жұмыстарды атқару жобасында көрсетілу керек және олардың тұрақтылығын, топырақ материалдарын суға төсеу тәжірибесін және пайдаланатын құрылыстық техниканың техникалық мүмкіншіліктерін ескере отырып, қабылдау керек.
Тармақ 44
44. Топырақ материалдарын суының тереңдігі 4,0 метрге дейінгі табиғи суаттар карталарына төсеу кезінде төселетін қабаттың қалыңдығы топырақ материалының түрін және төселген соң құрылыстық техниканың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып белгілену қажет. Табиғи суаттар карталарындағы судың тереңдігі 4,0 м асқанда, топырақтарды төсеу мүмкіндігі тәжірибе жұмыстарының нәтижелері бойынша анықталу керек.
Тармақ 45
45. Карталардағы топырақ материалдарын төсеу, ондағы судың деңгейінің тұрақтылығы қамтамасыз етіліп орындалады.
Тармақ 46
46. Үйіндінің төселетін қабатын тығыздауды төселген топырақ материалының бетін тегістеуге пайдаланылатын транспорттық құралдардың немесе басқа құрылыстық техниканың салмағының әсерімен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарын қамтамасыз ете отырып, бірқалыпты атқару керек.
Тармақ 47
47. Топырақ материалын скреперлермен тасымалдап әкелу кезінде, топырақ материалын тікелей суға тастауға тыйым салынады. Бұл жағдайда топырақ материалын тастау үшін бульдозерлер қолданылады.
Тармақ 48
48. Қысқы жағдайда жұмыс атқару үшін, топырақ материалын және суды тоңудан қорғау жөніндегі арнайы іс-шаралар және оларды жүзеге асыру жағдайлары белгіленеді.
Тармақ 49
49. Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйіндіні орналастыру технологиясын жаттықтыру үшін және негізгі жұмыстарды атқарғанша қажетті технологиялық параметрлердің белгіленуі үшін тұрғызылатын құрылыстардың сипаттас телімінде тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Жер құрылыстарының және өзендер жағаларының құламаларын бекіту талаптары
4-параграф. Жер құрылыстарының және өзендер жағаларының құламаларын бекіту талаптары
Тармақ 50
50. Құламалар бекіткіштерінің түрлері, олардың геометриялық параметрлері, материалдар мен қолдану жағдайлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес болу керек.
Тармақ 51
51. Өзендік гидротехникалық құрылыстардың әсері кезінде құламалар мен жағалауларды бекітуді, әдеттегідей, құрғаққа орындау керек.
Тармақ 52
52. Олардың су үстіндегі бөлігіндегі құламалар мен жағалар жайғастырылады, ал су асты бөлігінде тралмен тегістеліп, тазаланып және қажет болған жағдайда жайғастырылады.
Тармақ 53
53. Шөптің қаптап өсуінің алдын алу үшін және жер қазатын жануарлар мен жәндіктерді жою үшін қатты бекіткіштерді орнату қажеттілігі кезінде, құламалар мен жағалаулардың беті химиялық заттармен өңделуге жатады (улы химикаттармен, гербицидтермен).
Тармақ 54
54. Құламалар мен жағаларды қатты бекіту қажеттілігі кезінде, олардың астындағы табандарын (негіздерді) жобалық тығыздыққа дейін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарын ескере отырып, тығыздау керек.
Тармақ 55
55. Ауаның температурасы төмен болған кезде, сүзгіні төсеуді және құламалардың қатты бекіткіштері үшін дайындық құрылғысын қолданылатын топырақ материалдарын тоңдырмайтын және төсеу сапасын төмендетпейтін шараларды ескере отырып атқарылады.
Тармақ 56
56. Құламаны сырғып кетуінен сақтайтын тіреулерді орналастыруды құламаларды бекіту жұмыстарына дейін атқару керек.
Тармақ 57
57. Ірі кесекті топырақ қабатынан немесе қиыршықтас қабатынан тас тастау арқылы құламалар бекіткіштерін тік құламаларда орнату үшін, тиісті құрылыстық техниканы қолдану керек. Сонымен бірге тас тастаудың жайғастыру жағдайлары белгілену керек.
Тармақ 58
58. Жағаларды су астында тас тастау арқылы бекіткен кезде, бекіткіштің тұрақтылығы қамтамасыз етілу керек.
Тармақ 59
59. Басқа бекіту түрлерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда, тастарды төсеу арқылы құламалар мен жағаларды бекіту рұқсат етіледі. Сонымен бірге тиісті техника-экономикалық негіздеме қажет.
Тармақ 60
60. Бұрыштары көлденеңінен > 45˚ болғанда құламалардың монолитті бетон және темірбетон бекіткіштерін орнату жолақ арқылы (екі кезекпен) бетон маяктар бойынша орнатылатын қалыпты қолдана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 61
61. Құламалар мен жағалар бекіткіштерін монолитті асфальтбетон жабындардан орналастыру үшін, жұмыстардың реті мен жағдайын, жабынды шегендеу қажеттілігі мен қалыңдығын белгілеген жөн.
Тармақ 5. 5-параграф. Бұрғылау-жару жұмыстарына қойылатын талаптар
5-параграф. Бұрғылау-жару жұмыстарына қойылатын талаптар
Тармақ 62
62. Осы параграф талаптары ойымдарды, қазаншұңқырларды өңдеу кезінде және жартасты негіздер мен өзендік гидротехникалық құрылыстар құламаларын тазалау кезіндегі бұрғылау-жару жұмыстарына таралады.
Тармақ 63
63. Бұрғылау-жару жұмыстарын атқарған кезде, осы нормалар талаптарынан бөлек сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары, жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары және ашық тәсілмен пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталыну керек.
Тармақ 64
64. Өзендік гидротехникалық құрылыстарды тұрғызу кезіндегі бұрғылау-жару жұмыстары әзірленіп жатқан бұрғылау-жару жұмыстарын атқару жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 65
65. Бұрғылау-жару жұмыстарын атқару кезінде жартасты негіздер мен құламаларды сақтау бойынша тұрғызылатын құрылыстар екі санатқа бөлінеді, олардың тәуелділігі 1-кесте бойынша белгіленеді.
Тармақ 66
66. І санатты құрылыстарды тұрғызу кезіндегі бұрғылау-жару жұмыстары арнайы сақтандыру іс-шараларынсыз атқарылады, ал ІІ санатты құрылыстарды тұрғызу кезінде- ондай іс-шаралармен атқарылады.
Тармақ 67
67. ІІ санатты құрылыстарды тұрғызу кезіндегі бұрғылау-жару жұмыстарын әзірленіп жатқан техникалық жағдайларға сәйкес, ішінде сапалы және қауіпсіз жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін негізгі техникалық параметрлер мен факторлар көрсетілу керек. Тиісті негіздемесі болған жағдайда, техникалық жағдайлар құрылыс барысында өзгертіліп, нақтылануы мүмкін.
Тармақ 68
68. ІІ санатты нысандарда жартасты топырақтарды өңдеуді негізін және оның құламалармен түйісу өңірлерін жарылыс кезінде табиғи және жаңадан пайда болған сызаттардың үлкеюінен сақтайтын сақтандыру қабатын қалыптастыра отырып керпештермен жүзеге асыру керек.
Тармақ 69
69. Тікелей сақтандыру қабатының үстінде орналасқан жартасты топырақтарды қопсытуды ұңғымалы зарядтарды оларға арналған ұңғымаларды орналастыру және орнатылу жағдайларын алдын ала белгілей отырып атқару керек.
Тармақ 70
70. Сақтандыру қабатының жартасты топырағын қопсыту және тазалауды құрылыстық техниканы тиімді қолдануды және жұмыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық реттілікпен орындаған жөн.
Тармақ 71
71. Құрама темірбетон құралымдарына арнап құрылысытың жартасты негізін жайғастыру кезінде, сақтандыру қабатын жарылғыш заттар зарядтарымен қопсытуды атқаруға рұқсат етіледі.
Тармақ 72
72. ІІ санатты нысандарда қазаншұңқырлардың құламалары маңында жару жұмыстарын атқару үшін, алдын ала параметрлерін белгілей отырып, пішінді жарылысты қолданған жөн. І санатты нысандар үшін пішінді жарылыстың тиімділігі құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленіп, бұрғылау-жару жұмыстарын атқару жобасында нақтылану керек.
Тармақ 73
73. Қолайсыз геологиялық жағдайда пішінді жазықтық сыртындағы жартасты беттің сақталынуын қамтамасыз ету және атмосфералық құбылыстардың ұзақ әсер етуінен желге мүжілуінен құламаларды сақтау үшін пішінді жарылысты, сақтандыру қабатын қалыптастыра отырып, атқарған жөн.
Тармақ 74
74. Пішінді жарылыстан кейін құламаларды тазарту және өңдеу жұмыстары жарылыстарсыз атқарылады.
Тармақ 75
75. Пішінді жарылыстан кейін бетін бетон төсеуге дайындауға арналған сақтандыру қабатын әзірлеуді жарылыссыз, шағын телімдермен орындау керек. Бетон төсеуге арналған телімдер көлемі жұмыстарды атқару жобаларында көрсетіледі.
Тармақ 76
76. Жаңадан төселген бетон (мерзімі 15 тәулікке дейін) және күзетілетін жер бетіндегі және астындағы құрылыстар, коммуникациялар және жабдықтар жанында бұрғылау-жару жұмыстарын орындау қажет болғанда, рұқсат етілген жарылыстар параметрлерін орнатқан жөн.
Тармақ 77
77. Бұрғылау-жару жұмыстарын атқару жерлерінің маңында орналасқан күзетілетін нысандардың және жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тербелістердің рұқсат етілген жылдамдықтарын белгілеу керек. Технологиялық жабдықтар үшін тербелістердің рұқсат етілген жылдамдықтары өндіруші зауыттармен келісілу керек.
Тармақ 78
78. Негізгі бұрғылау-жару жұмыстарын орындағанға дейін жарылыстардың технологиясы мен парметрлерін дайындау үшін тұрғызылатын құрылыстардың сипаттас телімдерінде тәжірибелік жарылыстарды атқарған жөн.
Тармақ 6. 6-параграф. Жер асты қазуларын (камераларды) орналастыру талаптары
6-параграф. Жер асты қазуларын (камераларды) орналастыру талаптары
Тармақ 79
79. Өзендік гидротехникалық құрылыстардың (гидроэлектр станцияларының, гидроаккумуляциялайтын және атом электр станцияларының машина залдары, турбиналық сутартқыштардың, қақпақтардың, трансформаторлардың, теңестіру резервуарларының, сорғы бөлмелерінің, жер асты бассейндердің, жинақтау камераларының) жер асты қазуларын (камераларын) осы параграфты және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын ескере отырып орналастырады.
Тармақ 80
80. Камераларды тартқан (қазған) кезде бұрғылау-жару жұмыстарын орындау үшін, жарылыс кезіндегі сақтандыру қабатының түрі мен қалыптастырылу қажеттілігін қоршаған жартасты топырақтардың сақталуының қамтамасыз етілуін ескере отырып атқару керек. Сонымен қатар бұрғылау-жару жұмыстары кезінде, сызаттардың бар-жоғы, және камераны қоршайтын жартасты топырақтарда дамуы және пайда болуы жобада көрсетіледі.
Тармақ 81
81. Камераларды қазған кезде, жартасты топырақты жобалық пішінінің шегінен тыс шығып кеткендегі шектен тыс алым жобада көрсетілетін рұқсат етілген көрсеткіштерден аспау керек. Камераның көтергіш элементтерінің қалыңдығын кішірейтетін шектен тыс жартасты топырақтарды алуға тыйым салынады.
Тармақ 82
82. Орналастырылатын камераларға құрылыстық жол есебінде жұмысты атқару кезінде құрылыстардың қолданыстағы қазуларын қолданған жөн (бұру, келтіру және транспорттық тоннельдер, жүк-шиналық, монтаждау және ауа тазарту және вентиляциялық шахталарды). Мұндай мүмкіндік болмаса немесе қолданыстағы қазулар жеткіліксіз болса, тиісті негізделген кезде (жобада), жаңа кіре беріс жолдарын орналастыруға болады.
Тармақ 83
83. Камераларды орналастыру бойынша жұмыстарды атқару тәртібі, жағдайы және тәсілдері камералардың биіктігі және аралығына байланысты, олардың өңделуіне және қоршаған жартасты топырақтардың беріктігі мен сызаттылығына байланысты қабылдану керек.
Тармақ 84
84. Камераларды әзірлеу үрдісі қабырғалардың жағдайы мен төзімділігін жүйелі бақылауды атқару арқылы орындалып отыру керек. Егер қабырғалардың ішке жылжып кетуі пайда болса, жылжулардың мерзімдік өзгеру сипаттарын анықтау қажет және қажет жағдайда қабырғалар беріктігін күшейту үшін шара қабылдап, керу арқалықтары мен анкерлерді орнату арқылы жүзеге асыру керек.
Тармақ 85
85. Камера элементтерінің жүктелген күй-жайына қабырғалар деформациясы әсерін төмендету жөніндегі шаралар, керме арқалықтарының материалы, және қауіпсіз жұмыс атқаруға қажетті анкерлердің ұзындығы мен басқа параметрлер жобада көрсетіледі.
Тармақ 86
86. Әзірлеу кезіндегі камералардың уақытша бекітілу түрін жартасты топырақтардың беріктігін, сызаттылығын және күй-жайын ескере отырып қабылдаған жөн.
Тармақ 7. 7-параграф. Бетон жұмыстарын орындау талаптары
7-параграф. Бетон жұмыстарын орындау талаптары
Тармақ 87
87. Монолитті және құрама-монолитті өзендік гидротехникалық құрылыстарды тұрғызу кезіндегі бетон жұмыстар осы параграф талаптары мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын ескере отырып атқарылады.
Тармақ 88
88. Құрылыстардың бетонын дайындауда, тасымалдауда және төсеуде оның жобалық сипаттарға жетуін қамтамасыз ететін шараларды атқарылады.
Тармақ 89
89. Құрылыстарды тұрғызу кезінде бетон қоспасын жаппай тасымалдау, әдеттегідей, арнайы авто бетон араластырғыштары бар машиналармен немесе бетон тасығыштармен жүзеге асырылады. Бетон қоспасын тасымалдауға машиналарды таңдауды құрылыс нысанының қашықтығы мен қоспаның қату мерзімін ескере атқарған жөн. Бетон қоспасын тасымалдауға қабылданған машиналардың сыйымдылығы бетон қоспасын алып беруге арналған қауғаның сыйымдылығына сәйкес болу керек.
Тармақ 90
90. Бетон қоспасын құрылыстардың дайындалған беттеріне төсеу керек.
Тармақ 91
91. Құрылысты тұрғызу кезінде құрылысты жекелеген құрылыстық блоктармен бетондайды. Блоктар шеңберінде бетон қоспасын төсеу тәртібі қатаю барысында температуралық әсерлерден сызаттанбауын ескере отырып қабылдану керек.
Тармақ 92
92. Блоктарды бетондау барысында жекелеген қабаттарды немесе алымдарды уақытылы жабу үшін, бетон қоспасы цементінің түрі мен сипатына байланысты және температуралық төсеу жағдайларына байланысты жабу мерзімдері белгіленеді.
Тармақ 93
93. Бетон қоспасын блоктарға төсеуді қабаттап, сатылай және жалғыз қабатты технологияларды қолдана отырып атқарған жөн. Оларды бетондау қарқындылығына, жоспардағы блоктар көлеміне және қабаттардың немесе алымдардың рұқсат етілген жабылу мерзімдеріне байланысты таңдау қажет.
Тармақ 94
94. Блоктардағы бетон қоспасын тығыздауды құрылыстар құралымдарының арматурамен толтырылуын ескере атқарылады.
Тармақ 95
95. Ауқымды бетон құрылыстарын бетондауды бетон қоспасының қатаюының жобалық температуралық режимін қамтамасыз ете отырып атқарылады.
Тармақ 96
96. Ауқымды бетон құрылыстарда бетонды салқындатуды екі кезеңмен орындаған жөн:
Тармақша 1
1) бірінші кезең – бетонның төселу және қатаю барысында блоктағы экзотермиялық қыздырылу температурасын төмендету үшін;
Тармақша 2
2) екінші кезең – құрылыс жіктерінің тұтасқұймалану мүмкіндігін туғызатын құрылыстағы бетонды сыртқы ауаның орташа көпжылдық температурасына дейін суыту.
Бұл ретте әр кезеңге қолайлы суыту тәсілдері белгіленеді.
Тармақ 97
97. Қысқы мерзімде жұмыс атқару үшін, құрылыстарды бетондаудың тиісті температуралық тәртібін орнату қажет және теріс температураның әсерінен бетон беттерін сақтау жөнінде шара қолданған жөн.
Тармақ 8. 8-параграф. Құрылыстардың технологиялық жабдықтарын жинақтау талаптары
8-параграф. Құрылыстардың технологиялық жабдықтарын жинақтау талаптары
Тармақ 98
98. Өзендік гидротехникалық құрылыстардың технологиялық жабдықтарын жинақтау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарын ескере отырып атқарылады.
Тармақ 99
99. Құрылыстардың технологиялық жабдығын қабылдап алу үшін монтаждау жұмыстарына дейін монтаждау ұйымдардың базалары және пайдалану кезеңінің монтаждау алаңдары дайындалады.
Тармақ 100
100. Құрылыстардың технологиялық жабдықтарын монтаждау үшін, ереже бойынша, кран асты жолдарының типі алдын ала белгіленіп пайдалану крандары қолданылады. Бұл ретте монтаждау кранын салмағын, өлшем және технологиялық жабдықтардың беріктігі мен сенімділігін қамтамасыз етумен монтаждау жағдайын ескере отырып таңдау керек.
Тармақ 101
101. Құрылыстардың механикалық және гидрокүштік жабдықтарының аралық бөлшектерін штрабсыз тәсілімен монтаждау кезінде, оларды орнату үшін негіздерінің алдын ала дайындығы жүргізіледі.
Тармақ 102
102. Технологиялық жабдықты монтаждау паздар мен олардың ішіндегі ысырма мен торлар бітелмей атқарылады.
Тармақ 103
103. Гидротурбиналардың және гидрогенераторлардың жекелеген тораптарын жинақтау және жұмыс механизмдерін монтаждау жұмыстарын атмосфералық жауын-шашындардан қорғалған және құрылыстық қоқыстардан қоршалған өңірде атқарылады.
Тармақ 104
104. Реттеу жүйесін жинақтау, статор орамаларын орау және дәнекерлеу, генератор роторының полюсаралық жалғауларды дәнекерлеу, генератордың тоқ өткізетін бөліктерінің салқындату жүйесін монтаждау, өкшелік пен мойынтірек, сонымен бірге жинақталған қондырғыны іске қосу, жөндеу және сынау жұмысы Цельсий бағамымен +5 градустан (бұдан әрі - °С) төмен емес температурада атқарылады.
Тармақ 9. 9-параграф. Топырақтарды цементтеу талаптары
9-параграф. Топырақтарды цементтеу талаптары
Тармақ 105
105. Өзендік гидротехникалық құрылыстарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту кезіндегі топырақтарды цементтеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын ескере отырып атқарылады.
Тармақ 106
106. Топырақтарды цементтеу жұмыстарын жалпықұрылыстық жұмыстармен араластырған кезде олардың технологияларының ерекшеліктерін ескере отырып цементтеу жұмыстарының жеткілікті көлемі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 107
107. Топырақтарды цементтеу кезінде тіреудің бар-жоғын, құрылыстарға толық немесе ішінара қысымын ескеру қажет.
Тармақ 108
108. Құрылыстардың негіздеріндегі цементтеу жұмыстары дренаждар орнатылғанша аяқталу керек. Топырақтарды цементтеуді жүргізу үшін оларды қолайлы өткізу жағдайлары белгіленеді.
Тармақ 109
109. Сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасы +5°С төмен болғанда, цементтеу жұмыстарын атқару үшін, цементтелетін топырақтардың және ұңғымаларға берілетін ерітіндінің рұқсат етілген температуралық шегі белгіленеді.
Тармақ 110
110. Барлық өңірлердің цементтелуі және ұңғымалардың жиынтық цементтелуін (егер ол жобада қарастырылса) өткізу аяқталған соң, ұңғымалар ерітіндімен толтырылады.
Тармақ 10. 10-параграф. Құрылыс кезеңіндегі өзен шығындарын өткізу және маңдайшаларды тұрғызу талаптары
10-параграф. Құрылыс кезеңіндегі өзен шығындарын өткізу және маңдайшаларды тұрғызу талаптары
Тармақ 111
111. Құрылыс кезеңіндегі өзен (мұз) шығындарын құрылысы бітпеген тұрақты және уақытша өзендік гидротехникалық құрылыстар арқылы өткізу сұлбасы жобада көрсетіліп және жұмыстарды атқару кезеңінде нақтыланады.
Тармақ 112
112. Өзен шығындарын өткізу сұлбасы негізгі құрылыстардың орналастырылуын, олардың кезектілігі мен реттілігін, құрылыс территориясының топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық жағдайларын және кеме қатынасы мен сал ағызу (қажет болған жағдайда) талаптарын ескере отырып әзірленеді.
Тармақ 113
113. Өзен шығындарын өткізу сұлбасын әзірлеу үшін, жобада өзен жағалауын су басу қауіптілігінің алдын ала отырып, жұмыстардың қауіпсіз және ыңғайлы атқарылуын қамтамасыз ететін өзен шығындарын өткізу тәсілі белгіленіп, қабылданады.
Тармақ 114
114. Маңдайшаларды тұрғызу бойынша жұмыстарды өзендегі судың ең аз шығындары және төменгі деңгейлері кезеңдерінде атқару керек.
Тармақ 115
115. Өзендегі судың деңгейінен жоғары орналасқан маңдайшалар негіздерін дайындауды Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарын ескере отырып орындау керек. Маңдайшаларды орнатқанға дейін өзен арнасындағы олардың негіздері күй-жайын және дайындық жұмыстарын атқару қажеттілігін бағалау үшін зерттелу қажет.
Тармақ 116
116. Топырақ материалдарынан құралған маңдайшалар пайдалы қазынды топырақтардан (қазаншұңқырлар, арналар) тұрғызылу керек. Негізгі ғимараттар құрамындағы маңдайшаларды осы құрылыстар жобаларында көрсетілген материалдар мен құралымдардан тұрғызу керек.
Тармақ 117
117. Қысқы мезгілде мұз жабынының үстінде транспорттық құралдар қозғалып, жұмыс атқаруға көтергіштік қабілеті жеткілікті болса, маңдайшаларды мұз үстінен тұрғызуға болады.
Тармақ 11. 11-параграф. Өзен арналарын бөгеу талаптары
11-параграф. Өзен арналарын бөгеу талаптары
Тармақ 118
118. Өзендік гидротехникалық құрылыстарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау, кеңейту кезінде өзен арнасын бөгеу сұлбасы жобада көрсетіліп, жұмыстарды атқару кезеңінде нақтылану керек.
Тармақ 119
119. Өзен арнасын бөгеу сұлбасы территорияның гидрологиялық және геологиялық жағдайларын, банкеттегі айырмасын, су ағысының шығыны мен жылдамдығын, су бұру арнасының өткізу қабілеттілігін, жабынға арналған материал ірілігін, транспорттық жағдайларын, транспорттық және тиегіш құралдардың жүккөтергіштігін ескере отырып әзірлену керек.
Тармақ 120
120. Кеме қатынайтын өзендерде арнасын бөгеу мерзімі мен жұмыс тәртібі:
Тармақша 1
1) өзен флотының ұйымдарымен;
Тармақша 2
2) жоғарғы бьефте орналасу кезіндегі реттеу бөгендерін пайдалану қызметімен келісілу керек.
Тармақ 121
121. Өзен арнасын бөгеуді өзендегі судың шығыны минимальды кезіндегі тасқын аралық кезеңде атқару керек, ал кеме қатынайтын өзендерінде – навигация аяғында немесе кеме қатынауы тоқтаған кезеңде.
Тармақ 122
122. Өзен арнасын бөгеу сұлбасын әзірлеу үшін, өзен жағасы су астында қалмайтындай, жобада қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін бөгеу тәсілі мен параметрлері белгіленіп, қабылдану керек.
Тармақ 123
123. Өзен арнасын бөгеу жұмыстарының алдында дайындық жұмыстарын орындау керек.
Тарау 6. 6-тарау. Сапаны бақылау мен жұмыстарды қабылдап алуды қамтамасыз ету талаптары
6-тарау. Сапаны бақылау мен жұмыстарды қабылдап алуды қамтамасыз ету талаптары
Тармақ 124
124. Сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдап алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және құжаттамалық қамтамасыздандыру құрылыстық ұйымдағы жүзеге асырылатын сапа менеджменті жүйесі аясында орындалады.
Тармақ 125
125. Өзендік құрылыстарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту кезінде жұмыс сапасы операциялық бақылау өткізу арқылы қадағаланады. Жұмыстарды қабылдап алу қабылдау бақылауының нәтижелері негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 126
126. Құрылыс үйінділеріне төселген топырақ сипаттары көрсеткіштерінің бақылауы үлгілерді іріктеп алу арқылы жүзеге асырылу керек. Бақыланатын топырақ сипаттары мен көрсеткіштерін Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 127
127. Қабат-қабат тас тастау арқылы орындалатын бөгеттің бүйіржақ призмаларын орналастыру сапасының бақылауын тастардың тығыздық көрсеткіштері мен түйіршікті-метрикалық құрам көрсеткіштері бойынша атқарылады.
Тармақ 128
128. Қайта көмулер (құрылыстар іргетастарының қуыстары) тығыздығы сапасының бақылауын құрғақ топырақтың тығыздығы мен ылғалдығы бойынша жүзеге асырылады. Бұдан бөлек қайта көмулер топырақтарының үлгілерін іргетастардан 20 сантиметр қашықтықта алу қажет.
Тармақ 129
129. Топырақтарды суға төсеу кезіндегі бақылауға жататындар:
Тармақша 1
1) төсеме қабатының қалыңдығы;
Тармақша 2
2) топырақтың су бетіндегі қабатын транспорттық құралдармен және механизмдермен бірқалыпты тығыздау;
Тармақша 3
3) картадағы судың тереңдігі;
Тармақша 4
4) карта негізі бетінің және ондағы судың температурасы;
Тармақша 5
5) төселетін су асты қабатының тығыздығы.
Тармақ 130
130. Құламалар мен жағалар бекіткіштерін асфальтбетон жабындардан орналастыру кезінде жобалық мөлшердегі жабын қалыңдығынан ауытқулар 10% аспау керек. Сонымен бірге асфальтбетонның физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері де бақылауға алынуы тиіс.
Тармақ 131
131. Бұрғылау-жару жұмыстарын атқару кезінде тұрақты немесе дүркін-дүркін сейсмикалық бақылаудың қажеттілігі, және оны өткізу тәртібі мен бақыланатын параметрлер бұрғылау-жару жұмыстарын атқару жобасында көрсетіледі.
Тармақ 132
132. Бетон қоспалар Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес болу керек, ал олардың сапасын бақылауды тиісті мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 133
133. Монолитті, құрама бетон және темірбетон құралымдарының бетондары беріктігінің, тығыздығының, су өткізбеушілігінің, аязға төзімділігінің бақылауын Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес орындау керек.
Тармақ 134
134. Топырақтарды цементтеудегі сүзілуге қарсы мақсаттағы жұмыстар сапасының бақылауын бұрғылау арқылы, гидравликалық жаттығу мен бақылау ұңғымаларын цементтеу арқылы жүзеге асыру керек. Сонымен бірге бақылау ұңғымаларының санын жұмыс ұңғымаларының жалпы санынан 5 және 10% көлемінде қабылдау керек.
Тармақ 135
135. Сүзуге қарсы шымылдық үлескісінде цементтеу жұмыстарының сапасын жеткілікті деп бақылау ұңғымаларындағы меншікті су сіңірушіліктер мөлшері мен рұқсат етілген ауытқулар бойынша жобаның талаптарына сәйкес болғанда, бағалаған жөн.
Тармақ 136
136. Бекітіп цементтеу бойынша жұмыс сапасын бақылау тәсілі жобада белгілену керек және бақылау ұңғымаларын гидравликалық тексеруден өтуін және цементтелуін немесе топырақтардың деформациялық қасиеттерін геофизикалық әдістермен анықтауды қарастыру керек. Аталған шараларды бір мезгілде қолдануға рұқсат етіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар
7-тарау. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар
Тармақ 137
137. Өзендік гидротехникалық құрылыстарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту бойынша жұмыстар атқару кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауды реттейтін, қолданыстағы заңнамаға, стандарттарға, нормалар мен басқару органдарының құжаттарына сәйкес жобада белгіленеді.
Тармақ 138
138. Бөгенді толтыру алдында оның өңірінен флора мен фаунаның сирек және жойылып бара жатқан түрлері жиналып алынады және олардың дамуы мен ұдайы өсуіне қажетті жағдайлар жасалады, сонымен бірге тарихи және мәдени ескерткіштерді ғылыми зерттеу, инженерлік қорғау немесе көшіру іс-шаралары орындалады.
Тармақ 139
139. Өзен арналарында бөгегенге дейін балық өткізу құрылыстарды салады, ал бөгенді толтыру алдында уылдырық шашу-өсіру шаруашылықтары мен балық шаруашылықтары салынады.
Тармақ 140
140. Жер құрылыстарын төсеуге арналған топырақ материалдарының кен орындарын (карьерлерді) судың астында қалатын өңірлерде орналастырған жөн.
Тармақ 141
141. Құрылыстық жұмыстарға, қоймалауға, материалдарды сақтауға немесе техниканы орналастыруға уақытша пайдалануға бөлінген территориялар құрылыстық жұмыстар аяқталған соң құнарлылығы қалпына келтіріліп (рекультивация), пайдалануға жарамды күйге келтірілу керек.
Тармақ 142
142. Габиондарды пайдалана отырып эрозияға қарсы құрылыстардың құрылысы кезінде қоршаған табиғи ортаны ластайтын құрылыстық материалдарды қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 143
143. Суаттардың су қорғау өңірлерінде жергілікті тас материалдар кен орындарын қазуға тыйым салынады.
Тармақ 144
144. Габиондық құрылыстар құрылысы кезінде ластаушы құралдар мен заттар суға түспейтіндей жұмыс атқару тәсілдері таңдалады. Су қорғау өңірі шеңберінде ластаушы материалдарды қоймалауға және сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 145
145. Хайуанаттардың миграция бағыттарында құрылыстық жұмыстар атқарған кезде, үркіту құрылғыларымен (катафоттар, сигналдық шамдармен, дыбыстық сигналдармен және тағы да басқалармен) жабдықталған қоршауларды орналастыру керек.
ӘОЖ 624/628; 630*384 МСЖ 93.160
__________________________________________________________________________
Түйінді сөздер: гидротехникалық құрылыс; су жолдары; жағалаулық гидротехникалық
құрылыстар, қорғау құрылыстары.
__________________________________________________________________________
Басқа 4. АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті төрағасының
2018 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 249-нқ бұйрығына
4-қосымша
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 249-нқ бұйрығымен
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН:
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
5 ПРЕДСТАВЛЕН:
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
6 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 5 декабря 2018 года № 249-нқ
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Мазмұны
1-тарау
Қолдану саласы
2-тарау
Нормативтік сілтемелер
3-тарау
Терминдер мен анықтамалар
4-тарау
Мақсаты мен фунционалдық талаптары
1-параграф
Нормативтік талаптардың мақсаты
2-параграф
Функционалдық талаптар
5-тарау
Жұмыс сипаттамаларына талаптар
1-параграф
Жалпы талаптар
2-параграф
Гидротехникалық көліктік ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
6-тарау
Құрылысқа қойылатын талаптар
1-параграф
Жалпы ережелер
2-параграф
Өндірістің дайындық жұмыстарына қойылатын талаптар
3-параграф
Құрылысқа және құрылыс-монтаж жұмыс өндірісіне қойлатын талаптар
4-параграф
Ғимаратты тұрғызуға қойылатын талаптар
5-параграф
Жаға қорғау ғимараттарын тұрғызу
6-параграф
Кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарында гидротехникалық көліктік ғимараттарды тұрғызу
7-параграф
Төтенше жағдайларды ескерту бойынша талаптар
7-тарау
Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
___________________________________________________
ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ӨЗЕН ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ КӨЛІКТІК ҚҰРЫЛЫСТАРЫ
ГИДРОТЕХНИЧЕСКИЕ МОРСКИЕ И РЕЧНЫЕ ТРАНСПОРТНЫЕ СООРУЖЕНИЯ
_____________________________________________________
Қолданысқа енгізілген күні - 2018-ХХ-ХХ
Тарау 1. 1-тарау. Қолдану саласы
1-тарау. Қолдану саласы
Тармақ 1
1. Берілген құрылыс нормалары қорғалған, сонымен қатар ашық акватория теңіздер мен өзендерде жаңа теңіз және өзен гидротехникалық көліктік ғимараттарының құрылысына, қолданыстағы ғимараттарды қайта құру және кеңейту кезінде қолданылады.
Тармақ 2
2. Берілген құрылыс нормаларының негізі теңіз және өзен гидротехникалық көліктік ғимараттар құрылысы, қайта құру және кеңейту, сонымен қатар құрылымдарды дайындау және полигонды құрылыс ұйымдары ғимараттарына осы элементтерді тұрғызу үшін қолданылатын жағажай бекіткіш, жағалық, айлақтық шектеуші құрылғылары мен іргетастарды, массивтерді, бермдерді салып беру, тіректерді тұрғызу, жалпы құрылыстық, түпті тереңдету және суасты техникалық жұмыстарын орындау кезіндегі даярлық және құрылыс жұмыстарына талап етілетін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірыңғай кешенді талаптар болып табылады.
Тармақ 3
3. Құрылыс нормаларының талаптары гидротехникалық электростанциялар, бөгеттер, порттар құрылыстарына және қайта жобалауына кеме жүзетін және кеме жөндейтін кәсіпорындарға қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік сілтемелер
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Берілген құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қажет:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Заң);
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 Қаулысы;
«Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығы. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген № 11347) (бұдан әрі - Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары);
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501).
Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын басып шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың көрсеткіші» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың көрсеткіші» ақпараттық каталогтары бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
Тарау 3. 3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Тармақ 4
4. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамаларымен келесі терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;
Тармақша 2
2) бьеф – өзендегі екі көрші бөгет арасындағы аймақ немесе екі шлюз арасындағы арна аймағы, бөгеттің жоғарғы бьеф – тіреуіш ғимараттың өзеннен биік орналасқан бөлігі, ал төменгі бьеф – тіреуіш ғимараттың өзеннен төмен орналасқан бөлігі;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
Тармақша 4
4) гидротехникалық құрылыстағы апат қаупінің рұқсат етілген деңгейі - гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігіне негізделетін құжат, оның сыныбын ескере отырып гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтайды және шаруашылық қызметінің мақсатында субъектімен қабылданатын апатты болдырмау үшін шаралар кешенін, сондай-ақ апаттарды және олардың салдарларын жоюды, оқшаулауға дайындықты қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) гидротехникалық ғимараттың қауіпсіздігі – қоршаған орта мен шаруашылық обьектілерінің, адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге рұқсат ететін гидротехникалық ғимараттардың қасиеті;
Тармақша 6
6) гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік декларациясы - гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне негізделген құжат, оның сыныбын ескере отырып гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтайды және шаруашылық қызметінің мақсатында субъектімен қабылданатын апатты болдырмау үшін шаралар кешенін, сондай-ақ, апаттарды және олардың салдарларын жоюды, оқшаулауға дайындықты қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы апаттардың туындауының алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) кешенді гидротехникалық құрылыстар (су тораптары) – бір тұста орналасқан түрлі мақсаттағы технологиялық байланысқан гидротехникалық құрылыстар тобы. Мелиоративтік гидротехникалық құрылыстар – магистральдық және таратушы арналар, шлюздер, реттегіштер;
Тармақша 8
8) су көлігіне арналған гидротехникалық ғимарат – кеме шлюздері, бөренелер, порттар, кеме көтергіштер, бөгет арналары, сонымен қатар көліктің қозғалысын қамтамасыз ететін арнайы құрылыстар- маяктар, плотоходтар, және порттық ғимараттар (молдар, толқын азайтқыш, пирстар, айлақтар, доктар, эллингтер, слиптер);
Тармақша 9
9) төтенше жағдай - адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.
Тарау 4. 4-тарау. Мақсаты мен фунционалдық талаптары
4-тарау. Мақсаты мен фунционалдық талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Нормативтік талаптардың мақсаты
1-параграф. Нормативтік талаптардың мақсаты
Тармақ 5
5. Нормативті талаптардың мақсаты теңіз және өзен гидротехникалық көліктік ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянын әкелетін қабылданбас қауіп − қатерлердің пайда болуына жол бермейтін механикалық қауіпсіздігі − беріктігі, пайдалану сенімділігі мен жарамдылығы, үнемділігі және ұзақ мерзімділігі болып табылады
Тармақ 2. 2-параграф. Функционалдық талаптар
2-параграф. Функционалдық талаптар
Тармақ 6
6. Теңіз және өзен гидротехникалық көліктік ғимараттарды техникалық, технологиялық және экологиялық параметрлері бойынша жобалауда олардың құрылысы мен пайдалану кезінде келесі функционалдық талаптар қамтамасыз етілуі қажет:
Тармақша 1
1) теңіз және өзен гидротехникалық көліктік ғимараттардың механикалық беріктілігі және тұрақтылығы ғимаратты пайдалану кезінде жобада қарастырылған барлық механикалық және технологиялық әрекеттерге зақым келтірмей және апатқа соқтырмай төтеп беруін қамтамасыз етуі қажет.
Тармақша 2
2) объектінің өрт қауіпсіздігі – бекітілген қолданыстағы нормативті уақыт аралығында құрылыс құрылымдарының қабілетін сақтауға әкелетін, өртке жол бермейтін, тұтануға және от пен түтіннің таралуына шек қоятын түтін жоюшы құрылғылар.
Тармақша 3
3) теңіз және өзен гидротехникалық көліктік ғимараттар құрылысы пен пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін апаттық жағдайлар мен қауіпті зақымдардың дамуын алдын-алу бойынша конструктивт-технологиялық шешімдермен қамтамасыз етілуі, көліктік құралдардың қозғалысына қауіпсіз шарттар жасалуы,ғимараттарды пайдалану кезінде санитарлы-гигиеналық қауіпсіз шарттар мен су ортасының ластану, улану немесе улы заттардың бөліну нәтижесінде адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен қоршаған ортаға зиян келтірілмеуін қамтамасыз ете отырып жобаланады және салынады
Тарау 5. 5-тарау. Жұмыс сипаттамаларына талаптар
5-тарау. Жұмыс сипаттамаларына талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
Тармақ 7
7. Берілген құрылыс нормаларының талаптары гидротехникалық көліктік ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Құрылыстар мен ғимараттардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне талаптар», «Өрт қауіпсіздігіне талаптар» Қазақстан Республикасының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес жаңа теңіз және өзен гидротехникалық көліктік ғимараттарының құрылысына, қолданыстағы теңіз және өзен гидротехникалық көліктік ғимараттардың қайта жобалануы және кеңейтілуіне (ары қарай – гидротехникалық көліктік ғимараттар) және гидротехникалық көліктік ғимараттар құрылысы мен пайдаланылуы кезінде қолайлы шарттарды жасауға, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіретін жойылмайтын қауіп - қатерлердің пайда болуына шек қоюға бағытталған.
Тармақ 8
8. Гидротехникалық көліктік құралдар Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен нормативті техникалық құжаттарының, сонымен қоса пайдалану кезінде құрылыс құрылымдарының зақымдануы мен қирау қатерлерінің пайда болмауы механикалық беріктігі мен тұрақтылығы, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігі, объектіні қамтамасыз етудегі үнемділігі, адам денсаулығын қорғау және қызмет ететін персоналдың қауіпсіздік шарттарын жасау мен қоршаған ортаны қорғау бойынша қамтамасыз ететін Заңның 20 бабы 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес келулері керек.
Тармақ 9
9. Гидротехникалық көліктік ғимараттар тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
Уақытша ғимараттарға тұрақты ғимараттың құрылысы мен жөндеуі кезінде ғана қолданылатын ғимараттар жатады.
Тармақ 10
10. Тұрақты гидротехникалық көлік құрылыстары, олардың зақымдануы немесе жойылуы құрылықтағы және теңіз порттарының, кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарының бұзылуына немесе жойылуына немесе тасымалдаудың тоқтатылуына немесе азаюына әкелетін теңіз және өзен көліктерінің қозғалысын тоқтатуға әкелуі мүмкін, өндірістік күштердің және өнеркәсіптік нысандардың орналасу құрылымын жетілдіру бағдарламаларын қамтитын деректер мен ережелерді ескере отырып, су ресурстарын кешенді пайдаланудың схемаларын, суды пайдалану схемаларын, қала құрылысының құжаттамасын және басқа да міндетті материалдарды пайдалану үшін жобаланады.
Тармақ 11
11. Гидротехникалық көліктік ғимараттардың типтері мен олардың параметрлерін, топтамаларын технико-экономикалық көрсеткіш нұсқаларын салыстыруға негіздеу және келесілерді:
Тармақша 1
1) функциональдық тағайындалуын;
Тармақша 2
2) тұрғызылу орнын, ауданның табиғи шарттарын (топографиялық, климаттық, гидрологиялық, инженерлі – геологиялық, гидрогеологиялық, сейсмикалы, биологиялық және тағы да басқа.);
Тармақша 3
3) жұмыс өндірісінің шарттары мен тәсілдерін, еңбек ресурсының бар болуын;
Тармақша 4
4) шаруашылық салаларын орнауы және дамуын, сонымен қоса көлік ағымдарын өзгеруі мен дамуын, жүк айналымын өсіруі, кеме жасау мен кеме жөндеуін, теңіз жаға аймақтарын кешенді игерілуін, шельфтегі мұнай және газ кенорындарын әзірленуін;
Тармақша 5
5) гидрологиялық су шаруашылық өзгерістерді болжауын, мұздық және термалдық, жоғары және төменгі бьефтегі өзен тәртібі; өзен, суқоймалар және теңіз арналары мен жағаларының қоқысқа толуы мен қайта қалпына келуін; аймақтар және инженерлік қорғаныста орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың суға кетуін;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаға әсерін;
Тармақша 7
7) обьектінің құрылысы мен пайдаланылуының халық денсаулығы мен әлеуметтік жағдайларына әсерін;
Тармақша 8
8) тұрақты және уақытша пайдалану жағдайларын;
Тармақша 9
9) негізгі құрылыс материалдарын тиімді шығындауға талаптарды;
Тармақша 10
10) пайдалы қазбаларды, жергілікті құрылыс материалдарын әзірлеу мүмкіндігі;
Тармақша 11
11) теңіздер мен су қоймалары, су ағындарының жағасында орналасқан обьектілерге сәулет және эстетикалық талаптардың қамтамасыз етілуін есепке алу арқылы таңдау қажет.
Тармақ 12
12. Гидротехникалық көліктік ғимараттардың жобалары қамтамасыз етуі қажет:
Тармақша 1
1) ғимараттың барлық құрылысы мен пайдалану деңгейлерінде сенімділігін;
Тармақша 2
2) құрылыстың максималды экономикалық тиімділігін;
Тармақша 3
3) ғимараттардың жай-күйін тұрақты құралды және визуалды бақылау, сонымен қатар оларға әсер ететін табиғи және техногенді әсерлерді;
Тармақша 4
4) пайдалы қазбалар кенорындарынының қауіпсіздігін;
Тармақша 5
5) кеме жүзуге қажетті жағдайларды;
Тармақша 6
6) жануарлар мен өсімдіктер әлемінің сақталуын, балықтарды қорғау шараларын ұйымдастыруды.
Тармақ 13
13. Гидротехникалық көліктік ғимараттарға су көліктік құралдарына тікелей қатысы бар, сонымен қатар порттар, кеме жүзетін шлюздер, су көтергіштер, бөгет арналары, гидротехникалық ғимараттардың әрекет етуін қамтамасыз ететін ғимараттар мен көліктік-порттық ғимараттар (молдар, толқын тосқауылдар, пирстар, айлақтар, доктар, эллингтар, слиптер), жағажай қорғаушы, жағалық, айлақтық және бөгет гимарат обьектілері жатады.
Тармақ 14
14. Тұрақты гидротехникалық көліктік ғимараттарды қайта құру келесі мақсаттармен жасалынады:
Тармақша 1
1) негізгі гидротехникалық ғимараттардың күшеюі және олардың тозуынан апаттық қауіп-қатерлердің көбеюі және сыртқы әселердің көбеюі немесе жоғарлауы, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік масштабтың үлкею салдарынан мүмкін болатын апаттар;
Тармақша 2
2) негізгі гидротехникалық ғимараттардың су өткізу қабілетін қамтамасыз ету (көтеру);
Тармақша 3
3) тозуына сәйкес құрылғыны ауыстыру;
Тармақша 4
4) кеме жүзетін ғимараттар мен порттардың жүк пен су өткізу қабілетінің жоғарлауы;
Тармақша 5
5) гидротүйіннің аймақтарға әсер ететін экологиялық шарттарды жақсарту, басқа да экономикалық мақсатты шараларды әзірлеу;
Тармақ 15
15. Қайта құру кезінде құрылыстың қалыпты пайдалану жағдайындағы элементтерін максималды пайдаланған жөн.
Тармақ 2. 2-параграф. Гидротехникалық көліктік ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
2-параграф. Гидротехникалық көліктік ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
Тармақ 16
16. Гидротехникалық көліктік ғимараттар жобаларының құрамына олардың жұмыстары мен құрылыс процестерін пайдалану кезінде пайда болған ақауды уақытында табу, жөндеу шараларын тағайындау, бас тарту мен апаттарды жою, пайдалану тәртібін жақсарту, қауіпсіздік деңгейі мен апат қаупін бағалау кезінде арнайы заттай қадағалау жобасы әзірленеді.
Тармақ 17
17. Заттай қадағалау жобалауы келесілерді қамтуы керек:
Тармақша 1
1) ғимараттарға бақыланатын әсерлер мен жүктемелердің тізімі;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік критерийін қоса алғанда, ғимарат жай-күйінің бақылаушы және диагностикалық көрсеткіштерінің тізімі;
Тармақша 3
3) құралды және визуалды қадағалау құрамы мен бағдарламасы;
Тармақша 4
4) өлшеу құралдары мен құрылғыларының тағайындалуына, бақылау-өлшеу аппаратураларын орнатуға арналған техникалық шарттар мен сызбалар;
Тармақша 5
5) құрамына негізгі техникалық және бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, табиғи және техногендік әсерлерден болатын ғимараттардың жай-күйін жүйелі мониторингтің техникалық шешімі және құрылымдық сұлбас;
Тармақша 6
6) ғимараттың жағдайы мен жұмысын заттай қадағалау бойынша нұсқаулық құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар.
Тармақ 17
17. Гидротехникалық ғимараттарды пайдалану алдында және пайдалану процесінде конструкциялық шешімдерге, ғимарат негізі мен материалдардың сипаттамаларының өзгеруіне, жүктемелер мен әсерлерге сүйене отырып ғимараттың жай-күйін заттай қадағалау негізінде қауіпсіздік критерийі анықталады.
Тармақ 18
18. Гидротехникалық көліктік ғимараттың уақытша ғимараттары мен құрылыстары, сонымен қатар қоймаларда (гараж) автокөлік құралдарын қою немесе құрылыс алаңында арнайы алаңдар өртке қарсы үзілістер мен анықталған тәртіпте бекітілген ережелер талаптары мен қолданыстағы жобалау нормаларын есепке ала отырып, құрылыс ұйымының жоба құрамында әзірленген құрылыс бас жобасына сәйкес орындалады.
Тармақ 19
19. Құрылыс алаңы, сонымен қатар өрт-жарылу қауіпті және өрт қауіпті орындарда (құрылғылар) қауіпсіздік белгісімен, өрт қауіпсіздік және қауіпсіз жұмыс жүргізу плакаттарымен қамтамасыз етіледі. Көрінерлік орындарда өрт қауіпсіздік шаралар нұсқаулығы, ерікті өрт сарбаздарының тізімі, өртті сөндіруге арналаған құралдар мен күш жинау реті және де ұйымдық құжаттар, плакаттар, жадынамалар ілінеді.
Тарау 6. 6-тарау. Құрылысқа қойылатын талаптар
6-тарау. Құрылысқа қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 20
20. Жаңа гидротехникалық көліктік ғимараттар обьектілерінің, қолданыстағы обьектілерді қайта құру және кеңейту үшін қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жобалық - қаржы есебі әзірленеді.
Тармақ 21
21. Гидротехникалық көліктік ғимараттардың құрылысын ұйымдастыру кәсіпорын жобасын әзірлеуден басталады және келесілерді ескеру қажет:
Тармақша 1
1) құрылыстың қиын инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық шарттарын, өзгерушілікке шарттылықты, сонымен қоса техногендік, қалақұрылыс-жобалау шарттарын;
Тармақша 2
2) отандық және шет ел өндірісінің қазіргі заманғы тиімділігі жоғарғы механиздерді енгізу, жаңа құрылыс әдістерін игеру, арнайы жұмыс әдістерін қолдану.
Тармақ 22
22. Гидротехникалық көліктік ғимараттарды тұрғызу кезінде құрылыс ұзындығы құрылысты ұйымдастыру жобасында аяқталмаған обьектілерде мұздың жылжуынан және дауылдардан болатын залалдардың минималды ықтималдығын тағайындау қажет.
Тармақ 23
23. Өзендер мен теңіздер аймағындағы жұмыс өндірісінің реті құрылыс кезінде жүзетін құралдар мен кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету керек. Кеме жүзетін акваториялық аймақтар өндіріс орнындағы құрылыс-монтаж жұмыстары навигациялы шектеу құрылғыларымен жабдықталады.
Тармақ 24
24. Құрылыс құралдарының қалқымалы базаларын қозғалмалы мұз әсерлері мен әрекеттерінен табиғи немесе жасанды қорғанысы бар жағаларда орнатқан жөн.
Тармақ 25
25. Құрылыста қолданылатын қалқымалы құралдар мен кемелердің қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін дер кезінде дауыл ескертпелерін және де шұғыл хабарламаларды жеткізушілермен жабдықталады.
Тармақ 26
26. Қолданыстағы гидротехникалық көліктік ғимараттарды қайта құру кезінде, сонымен қоса қолданыстағы кәсіпорын шартында қайта тұрғызу немесе кеңейту немесе оған тікелей жақын құрылыс жұмыстарын жүргізуде құрылыс алаңында тұрған және алып тастауға жатпайтын жұмыс жасап тұрған ғимараттар мен құрлыстардың, су асты және жер асты коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз ететін құрылыс кәсіпорынының жоба нұсқаулық әдістерін қолдану керек.
Тармақ 27
27. Кеме жүзетін өзендерде өндірістің реті өндіріс кезінде жүзетін құралдар мен кемелердің қарқынды өтуін қамтамасыз ету қажет. Кеме жүзетін акваториялық аймақтар құрылыс-монтаж жұмыстары жүретін орындар навигациялық шектеу белгілерімен жабдықталуы қажет.
Тармақ 28
28. Өзен гидротехникалық көліктік ғимараттардың құрылысы кезінде аяқталмаған немесе уақытша ғимараттар немесе олардың бөлігі тасқыннан, мұздардың қозғалысынан, дауылдар мен борандардан, толқындық қозғалыстардан, жүзетін құралдар мен қалқып тұратын заттардан қорғалуы қажет.
Тармақ 2. 2-параграф. Өндірістің дайындық жұмыстарына қойылатын талаптар
2-параграф. Өндірістің дайындық жұмыстарына қойылатын талаптар
Тармақ 29
29. Құрылыс және құрылыс - монтаж жұмыстарды жүргізу үшін кәсіпорынның құрылыс жұмыстарының жобасына негізделіп гидротехникалық көліктік ғимараттар құрылысының өндірістік жобасы әзірленгенде келесілер қамтылуы керек:
Тармақша 1
1) обьектінің нақты құрылыс бас жоспарында құрылысқа қажетті айлақтар, тұрақты және уақытша көлік жолдары, порттар (орын) – баспаналар, электрмен жабдықтау желілері, кран жолдары және олардың қозғалыс аймағы, жинақтау аймағы, қоймалар мен уақытша ғимараттар мен қондырғылар;
Тармақша 2
2) құрылыс ережелері мен нормалар талаптарына сәйкес техникалық қауіпсіздік бойынша шешімдер мен техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитарияның ведостволық ережесі.
Тармақ 30
30. Объектілердің негізгі жұмыстары басталғанға дейін келесі дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушімен тірек желісін құру (биік қадабелгі, ғимараттың бас осьтері, құрылыс тіреу торы, қызыл сызықтар);
Тармақша 2
2) тапсырыс берушінің есебінен құрылыс алаңдарының шекараларын бекіту және шекаралық белгілерді қондыру;
Тармақша 3
3) құрылыс алаңын игеру - құрылыс аймағын тазалау, жұмыс процесінде қолданылмайтын нысандарды алып тастау және басқа да жұмыстар;
Тармақша 4
4) құрылыс өндірісінде қолданылатын қоймалық шаруашылықты, көмекші өндірістер мен шеберханаларды құру;
Тармақша 5
5) өндірістік ғимараттар мен уақытша тұрғын аймағын монтаждау немесе қондыру, сонымен қатар құрылыс қажеттілігіне қолданылатын тұрықты объект порттарын (кәсіпорн) толығымен немесе бөлігін тұрғызу (мысалы, энергия желісі, суқұбыры, жолдар, тұрғын жайлар және тағы да басқалар);
Тармақша 6
6) құрылыс алаңының инженерлік дайындығы - жоғарғы су ағындарын ұйымдастыруды, қолданыстағы жер асты және жер үсті желілерді ауыстыруды, уақытша немесе тұрақты автокөлік жолдары мен теміржол жолдарын қондыруды, айлақтарды салу және кеме жүзетін трассаларды салуды, тұрақты немесе уақытша электр және сумен қамтамасыз ету жолдарын әзірлеуді, телефон және радио байланысты орнатуды қамтитын аймақты жоспарлау бойынша бірінші ретті жұмыстар болып табылады;
Тармақша 7
7) темірбетонды және бетон конструкцияларын әзірлеу бойынша полигондарды ұйымдастыру және құру;
Тармақ 31
31. Қалқымалы құрылыс құралдарының орнын ауыстыру қарастырылған акватория аймақтары протраленіп, сүңгуірлермен тексерілу қажет. Тексеру процесінде анықталған кеменің қалыпты жүзуіне қауіп төндіретін заттар мен кедергілер алынып тасталу қажет, егер де алынуы мүмкін болмаса – қалқымалы навигациялық таңбалармен белгілену қажет.
Тармақ 32
32. Осы аймақтарда құрылыстың барлық кезеңінде қалқымалы құрылыс құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тереңдік қолданылу керек.
Тармақ 33
33. Флот құрылысының барлық уақытында оперативті басқару және жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы барлық қалқымалы құралдар мен жағалау диспетчерлік пункт арасында радиобайланыс орнатылу қажет.
Тармақ 34
34. Дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде міндетті түрде құрылыс алаңындағы табиғи-климаттық, транспорттық және экономикалық шарттарды, онымен қоса қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескеру қажет.
Тармақ 35
35. Құрылыс кезінде жүргізілетін геодезиялық жұмыстары құрылыс объектісінің бас немесе негізгі осьтерін бөлу арқылы, сонымен қоса осьтер мен жауапты элемент нүктелерін бөлу арқылы жүргізілу керек. Негізгі ғимарат осьтерін шығару және де массалық бөлу жұмыстары құрылған жоспарлық бөлу желісінің жұмысына қолданылады.
Тармақ 36
36. Акваторияларда орналасқан жағалық бөлу негіздерін қондыру мүмкін болмайтын ғимараттар үшін геодезиялық негіз бөлу пунктерін бағана түріндегі белгілермен немесе маркалы бөлу массивтерімен орнату қажет.
Тармақ 3. 3-параграф. Құрылысқа және құрылыс-монтаж жұмыс өндірісіне қойлатын талаптар
3-параграф. Құрылысқа және құрылыс-монтаж жұмыс өндірісіне қойлатын талаптар
Тармақ 37
37. Түп тереңдету және жуу жұмыстарының өндіріс жобасы келесілерді қамту қажет:
Тармақша 1
1) талап етілген кеме құрамы мен басқа да техникалық құралдарға таңдалған өндіріс жұмыс тәсілінің негізделуі;
Тармақша 2
2) дайындық және көмекші жұмыстардың тізімі;
Тармақша 3
3) түп тереңдету жұмыстарының көлемі мен өндіріс шарттарының тізімі;
Тармақша 4
4) флоттың топырақ тасу және жер снарядтың негізгі өндірістік көрсеткішін есептеу;
Тармақша 5
5) жұмыс және календарлық мерзімді есептеу;
Тармақша 6
6) кеме жұмыстарының ұсынылатын тәртібі;
Тармақша 7
7) кемелерді отынмен, ауыз сумен, эксплуатациялық материалдармен және навигациялық жөндеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар;
Тармақша 8
8) технико-экономикалық көрсеткіштер және жұмыстардың тиімділігі;
Тармақша 9
9) түп тереңдету жұмыстарын орындауға арналған кесте-жоспар;
Тармақша 10
10) топырақ тасушы флоттың жұмыс тәртібі;
Тармақша 11
11) жер керуені құрамына кіретін жер снарядтар мен басқа да кемелердің навигациялық қауіпсіздігін қарастыратын шаралар кешені;
Тармақша 12
12) тіреу пунктері мен жармаларды қондыру сұлбалары мен өндіріс жұмысының сұлбалары, технологиялық жоспарлар.
Тармақ 38
38. Түп тереңдету жұмыстарының өндірісі кезінде халықаралық теңіздегі кемелердің қақтығысуын ескерту Ережесін (Теңізде қақтығыстардың алдын алу туралы халықаралық ережелер туралы конвенцияға қосымша (Лондон, 1972 жылғы 20 қазан) ішкі су жолдары бойынша жүзу Ережелерін, түпті тереңдету жұмыстары жүргізілетін порт бойынша бұйрық теңізде жүзушілерге хабарлама нұсқаулықты, түпті тереңдету флотында кемелерді апатсыз пайдадануды қамтамасыз ету бойынша ведомствалық нұсқаулықтарды, өрт қауіпті заттармен топырақтың ластану шартында түпті тереңдету жұмыстарының өндірісі кезінде сақтық шаралары туралы Нұсқаулықты немесе қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың техникалық тапсырмасын қадағалау қажет.
Тармақ 39
39. Бағаналы іргетастарды қондыру бойынша жұмыстар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары мен жергілікті шарттарды есепке алу арқылы құрылған жұмыс сызбаларына, кәсіпорын құрылысы жобасына, өндіріс жұмысының жобасына негізделе отырып жүргізілу қажет.
Тармақ 40
40. Бағаналы ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жобасы бағаналы іргетас кострукциясы бойынша шешімді, бағаналы жұмыстарды ұйымдастыру әдістері мен механизациялау құралдарын, сонымен қоса бағаналы ғимараттарды тұрғызудың ұйымдық-технологиялық сұлбаларын, бағаналы жұмыстардың қабылданған әдістеріне негізделген сипаттамаларды есепке ала отырып, ғимарат жобасын орындаған ұйыммен әзірленеді.
Тармақ 41
41. Гидрометеорологиялық және инженерлік-геологиялық қиын шарттарында (үш баллдан жоғары ашық акваторияларда, сырғып кетуі мүмкін тұрақсыз аудандар), сонымен қоса кемелер қозғалысының жоғарғы қарқындылық шарттарында бағаналы жұмыстарды құрылыс ұйымының жобасы негізінде жобалау ұйымдарының құрылыс ұйымының тапсырысы бойынша әзірленген өндіріс жұмыстарының жобасына сүйену қажет.
Тармақ 42
42. Суға табиғи тасты немесе шебінді сеппей тұрып су асты негіз (сүңгуірлермен тексеру жұмыстары мен қажетті тазалау) дайын болу қажет. Тексерісті және қажет болғанда тазалау жұмыстарын дауылдардан кейін немесе жұмыс кезінде ұзақ үзілістен соң қайталау қажет.
Тармақ 43
43. 4 м тереңдікте төгіндінің жоғарғы бөлігі орналасса су деңгейінен жоғары тасты шаланд арқылы себу қажет. Әрбір келген кеменің нақты орнын промер арқылы анықтап уақыт буйкаларымен белгілеу қажет.
Тармақ 44
44. Қалқыма бульдозер арқылы тасты себуге рұқат етіледі, бірақ қалқымадан бульдозердің құлау мүмкіндігін шектейтін құрылғы болған жөн.
Тармақ 45
45. Ғимарат негізіне арналған тасты материалдарды су астына себу кезінде себілген материалдың ағыс пен толқын әсерінен шашылуы мен жоғалуын шектейтін құрылғылар мен құралдарды пайдалану қажет.
Тармақ 46
46. Ғимарат ядросына тасты себуді өндіріс жұмысының жобасы мен жұмыстық сызбаларға сәйкес жүргізіледі. Ғимарат ядросына тасты себудің жұмыстық сызбасында келесілер болу керек:
Тармақша 1
1) жобалық осьтің жоспары, сонымен қатар ғимараттың негізгі бөлгіш сызыққа байланған жоғарғы және төменгі қастар;
Тармақша 2
2) ғимараттың болжамды шөгуіне есептелген, құрылыс көтергіш өндіріс жұмысы үшін қабылданған жоспарға сәйкес қима профильдер, сонымен қоса жоспар бойынша ядро профилі;
Тармақша 3
3) ұсынылған жобадағы тас сапасына қойылатын талаптар (салмағы, формасы, беріктік маркасы, аязға беріктігі және тағы да басқалар).
Тармақ 47
47. Шектеуші ғимараттың ядросы алдындағы құламалар мен жоталар өндіріс жұмысының жобасы мен жұмыс сызбаларына сәйкес орындалу қажет:
Тармақ 48
48. Құламалар мен жоталардың жұмыстық сызбаларында келесілер болу керек:
Тармақша 1
1) ғимараттың бөлуші сызықтарымен байланысқан ғимараттың жобалық сызықты жоспары (осьтер, жоғарғы және төменгі қастар, тастандылар шекарасы немесе кесек тастар және тағы да басқалар);
Тармақша 2
2) ғимараттың болжамды шөгуіне есептелген, құрылыс көтергіш өндіріс жұмысы үшін қабылданған жоспарға сәйкес қима профильдер, сонымен қоса жоспар бойынша ядро профилі;
Тармақша 3
3) ұсынылған жобадағы тас сапасына қойылатын талаптар (салмағы, формасы, беріктік маркасы, аязға беріктігі және тағы да басқалар).
Тармақ 49
49. Құламалар мен жобаларды фасонды блоктар жабу толқулар кезінде пайда болатын ақаулардан ғимарат ядросын дер кезінде қорғау қарастырылған жұмыс кестесі мен ғимараттың жұмыс сызбасына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 50
50. Фасонды блоктарды қаламай тұрып толтырылған тастардың күйі тексерілуі қажет.
Тармақ 51
51. Фасонды блоктарды қалауды келесі талаптарды сақтай отырып орындау қажет:
Тармақша 1
1) ең алдымен қаламаны шектейтін бүйірлік фасонды блоктар немесе массивтер қондырылады;
Тармақша 2
2) фасонды блоктардың соңғы қатарының ауытқуы жобалық сызық қаламасының рұқсат етілген мәнінен аспауы керек;
Тармақша 3
3) фасонды блоктарды қалау ең алдымен ғимараттың сыртқы жағынан (теңіз) басталады. Құламадағы фасонды блоктарды төменнен жоғары қарай бойлық қатармен қалау керек;
Тармақша 4
4) көлденең қиманың нақты ауытқуы қаламаның жоғарғы белгіленуді міндетті сақтай отырып рұқсат етілген жобалықтан аспау керек;
Тармақша 5
5) блоктарды қалау максималды мүмкін блоктардың ілінісуі мен жобалық тығыздық қамтамасыз етілетіндей болып жүргізіледі;
Тармақша 6
6) жұмыстар толқу кезінде рұқсат етілген шектерде жүргізілу керек.
Тармақ 4. 4-параграф. Ғимаратты тұрғызуға қойылатын талаптар
4-параграф. Ғимаратты тұрғызуға қойылатын талаптар
Тармақ 52
52. Ғимараттарды тұрғызуда бөлек дайындалған бетонды массивтерді кезекпен қалау жолымен құрылған кәдімгі массивтер қолданылады.
Тармақ 53
53. Массивтерді қалаудың жұмыс сызбасында болу керек:
Тармақша 1
1) массивтердің өлшемі мен типтері, қалама тігістерінің байланған және жауынды тігістердің орны көрсетілген негізгі бөлгіш сызықтармен байланысқан ғимарат массивінің бірінші (төменгі) курсының жоспары; сонымен қоса массивтердің бірінші курсында олардың түрлеріне байланысты теңестірілген шекаралары мен тасты қас төсемелері көрсетіледі;
Тармақша 2
2) әрбір келесі массив курсының жоспарында «а» бойынша массивтердің өлшемі мен типтері, қалама тігістерінің байланған және жауынды тігістердің орны көрсетілген, төменгі жатқан курстың деректері көрсетіледі;
Тармақша 3
3) массивтерден құралған қима профильдің қабырғаларының жоспары әрбір курс қаламасы мен төсемелердің қазаншұңқыр белгілеріне,төсемеде қондырылған бермендік және жоталы массивтерге, қалама тігісінің байлану мәні, құрылыс көтермелер мен көлбеулерге, массивтердің өлшемі мен типі көрсетілген бастарын немесе тіреулерді көлденең және бойлық профильдерді қалауға сәйкес жүргізіледі;
Тармақша 4
4) әрбір курс қаламасы мен төсемелердің, қазаншұңқыр белгілерінің, қалама тігісінің байлама мәні, массивтердің өлшемі мен типі көрсетілген массивтерден құралған қалама профилі мен жоспарға сай ғимарат фасады (қабырға үшін - бір фасад теңіз жақтан, тіреулер мен бастар үшін – фасадтар барлық периметр бойынша);
Тармақша 5
5) технологиялық талаптар мен жоспарда қарастырылған қаламаның шыдауы мен жүктеме нәтижесі рұқсат етілген шекті деформация мен қаламалардың орын ауыстыруы немесе қалама жүрісі бойынша тұрақтылығына қойылатын талаптар болып есептеледі.
Тармақ 53
53. Массивтерді қалаудан бұрын су асты төсемелерді куәландыруды жүргізу қажет. Егер де жөнсіздіктер болса төсемені қайта қалпына келтіру жұмыстарын орындау қажет.
54.Тіреудің бірінші массиві немесе ғимараттың бас жағы тіреу шекарасы немесе басына ғимараттың бойлық осіне перпендикуляр орнатылады. Бірінші орнатылған массивтің орналасуын төрт бұрышы бойынша геодезиялық құралдардың көмегімен орындау қажет.
Тармақ 55
55. Қорғаушы және айлақтық ғимараттарды тұрғызуда монолитті темірбетоннан немесе әрбір монтажды құрастыру арқылы жасалған алып массивтерді қолданады.
Тармақ 56
56. Алып массивтерді монтаждау арнайы ұйымдастырылған стапель орындарында жүргізеді.
Стапельдің сүлелері тіреулерге деңгейі бойынша орнатады. Сүлелердің төбесінің деңгейін әр түрлі қалыңдықтағы болат жапырақтарын орнату арқылы теңестіреді.
Тармақ 57
57. Алып массив элементтерін қондыру кезінде келесі талаптарды орнату қажет:
Тармақша 1
1) жобалық орынға жақын осьтік тәуекелдер бойынша тіреу орындарына тікелей монтажды механизмнің көмегімен орнатқан жөн;
Тармақша 2
2) көршілес элементтер бойынша соққы жібермей, элементтерді дүмпусіз орнату керек;
Тармақша 3
3) орнатылып жатқан элементті мықты бекітіліп, орнының мұқият тексерілгеніне дейін арқаннан босатпау қажет;
Тармақша 4
4) монтаждық электр доғасымен нүктелік дәнекерлеу арқылы элементтерді бекіткен дұрыс;
Тармақша 5
5) деңгейі мен құламасы бойынша элементтердің тік және көлденең күйін тексеру қажет.
Тармақ 58
58. Үлкен диаметрлі цилиндрлік темірбетонды қабықшадан қорғаушы және айлақтық ғимараттарды тұрғызу кезінде қабықшалар бетонды қоспалар мен арматура беріліп тұратын, қалыптарды монтаждау және демонтаждау жүргізілетін арнайы құрылғылардан тұратын стендті полигондарда дайындалған үлкен диаметрлі мүшелі буындар қолданылады.
Тармақ 59
59. Бұрыштық типті жағалықтарды тұрғызу кезінде «суға» немесе «құрлыққа» құрылыс әдісін қолдана отырып темірбетонды элементтер құрамасын пайдаланады (контрфорсты, ішкі немесе сыртқы анкерлер). Бірінші жағдайда әр бөліктен жағада толықтай құрастырылған үлкен блоктар жиналу керек.
Ғимаратты «құрлыққа» тұрғызуда орныққан топырақта алдын ала әлсіз топырақты ауыстыру бойынша немесе арнайы жоба бойынша қалыңдату жұмыстару жүргізілу керек.
Тармақ 60
60. Жоғарғы құрылымды тұрғызу бойынша жұмыстарды анықталған негіз материалдарын қадағалау, ғимараттың су асты бөлігін тұрақтандыру, жобада қарастырылған шұңқырларды топырақпен толтыру, шабатын және арқандайтын құрылғыларды орнатқан соң жүргізген жөн. Орнатылған блоктардың нақты күйін ескере отырып орындаушы жұмыс сызбасына сәйкес су үсті құрылымын бөлуді жүргізуге болады.
Тармақ 61
61. Болат тығыннан жасалған порттық гидротехникалық көліктік ғимарат құрылысын жергілікті жердің құрылыс шарттарын ескере отырып құрылған өндіріс жұмысының жобасына, құрылыс ұйымының жобасына, жұмыстық сызбаларға сәйкес орындалады.
Тармақ 62
62. Тығынды ғимаратының құрылыс ұйымы жобасы құрылыс материалдары мен құрастырмаларды пайдалану бойынша шешімі, алдын - ала құрылыс ұйымымен мақұлданған құрылыс - монтаж жұмыстарының ұйымдастыру әдістері, тығынды ғимараттарды тұрғызудың ұйымдастыру-технологиялық сұлбаларды, тығынды және қиын құрылыс-монтаж жұмыстарының негіздемесі мен сипатамасы ескеріле отырып дайындалады. Бұдан басқа, өте қиын ғимаратты жобалауды орындаған жобалаушы ұйым сызбаларды немесе тығынды батыру үшін қолданылатын құрылғылар мен шаблондарға бағытталған жобаны әзірлеуі керек.
63.Тығынды бекітудің қажеттілігі толқындар мен мұздардың әсерін, құрылыс кезінде тығынға түсетін мүмкін жүктемелерді, тығын профилін, оның еркін ұзындығын және де басқа да құрылыс шарттарын ескере отырып ғимарат құрылымының жобасын әзірлеген ұйым жобасымен анықталады. Жобалаушы ұйыммен қорғаныстың принциптік сұлбалары мен жұмыстық сықбалар немесе тығынды бекітудің жобасы әзірленеді.
Тармақ 64
64. Біранкерлі больверкті және екі анкерлі қима больверкті типті алақтардың құрылысын тікбұрышты және таңбалы көлденең қималы темірбетонды тығынды пайдалана отырып қалыпты және жеңілдетілген мұзды шарттарда құрылым үстіне жүргізеді.
Тармақ 65
65. Түпті тереңдету жұмыстарын орындау үшін өндіріс жұмысының жоба талаптарына сәйкес орындау қажет.
Тармақ 66
66. Ғимарат құдығын қондыруды тығынның бату әдісі мен жергілікті шарттардың ерекшеліктерін ескере отырып өндіріс жұмысының жобасына сәкес жүргізу керек. Байланысқан топырақ пен құрылыс жұмыстары кезінде құдық қондырғысын жуу мүмкін болмаған жағдайда топырақты толтырмай алу керек. Құмды және ұсақ дәнді байланыспаған топырақта тығынды батыру кезінде жуу керек және ағынның жылдамдығы елеулі болғанда құдықты қондыру акватория жақта жүргізілу қажет . Толтыра алмаудың мәні ағынның жылдамдығына, негізге алынған топырақ түріне, жуатын құрылғылар жұмысының қарқындылығына байланысты болады. Бұл мәнді тәжірибелі жолмен орнатқан жөн.
Тармақ 67
67. Эстакадты айлақтық ғимарат құрылысын алдын-ала күштеулі темірбетонды тіреуіштерді немесе бос денелі тіреуіш - қабықшаларды үстіңгі құрылымда құрастыру арқылы жүргізеді.
Темірбетонды тіреуіштерді немесе бос денелі тіреуіш - қабықшаларды жеткізу, беру және сақтау бойынша жұмыстарды, сонымен қатар жобалық күйге жайғастыруды өндіріс жұмысының жобасы талаптарына сәйкес орындау қажет.
Тармақ 68
68. Жоғарғы құрылым элементтерін монтаждаудан бұрын айлақ алдындағы жотаны бекіту, тіреуіш, тіреуіш - қабықшалар бастарын жобалық белгіге дейін кесу, тіреуіш, тіреуіш - қабықшаларды куәландыру, тіреуіш беттерінде анықталған ақауларды жою, айнымалы деңгей аймағындағы жылусуоқшаулау қорғанысын қондыру, сонымен қоса өндіріс жұмыс жобасына сәйкес элементтерді монтаждаудың дәлдігін және уақытша бекітудегі беріктілігін бетонның жобалық беріктігін жинауды қамтамасыз ететін дайындық жұмыстары бойынша жұмыстар орындалу қажет. (хомуттарды, байланыстарды орнату және тағы да басқалар).
Тармақ 69
69. Айлақ алды құлама топырағын орнату үшін тіреуіш, тіреуіш - қабықшалар тұрғызған соң және құлама топырағының жобалық профильге сәйкестігін промер арқылы алдын-ала тексеру қажет.
Тармақ 70
70. Құламаның қабаттық қорғанысын оның құмды толтырумен қатар жоғарғы құрылымды орнатқанға дейін себу қажет.
Тармақ 5. 5-параграф. Жаға қорғау ғимараттарын тұрғызу
5-параграф. Жаға қорғау ғимараттарын тұрғызу
Тармақ 71
71. Өзен және теңіз жағаларын, шектеуші жерлі құлама бөгеттерді, сонымен қоса ашық теңіздер, өзендер, көлдер мен суқоймалары портты акваторияларды қорғау бойынша жұмыстар өндіріс жұмысының жоба талаптарына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жауап беретіндей етіп жаға қорғауды ұйымдастыру керек.
Қорғалатын жағалық құламалардың жоғарыдан ағатын көктемгі және нөсерлі сулардың шайып кетуін алдын - алу үшін қорғау жұмыстарын жасамас бұрын және құрылыс процесінде беттік сулардың толықтай бөлінуі қажет.
Тармақ 72
72. Жабық жұмыстар (құламаны жоспарлау, кері фильтрлерді орнату және шебінді дайындамалар, монолитті темірбетонды тіреулер, арматуралар, толқынға шыдамды қабырғалы іргетас асты құдықтар, тасты төсемелер және тағы да басқалар) келесі жұмыстар басталмас бұрын қабылданып, сәйкесінше акттар толтырылу керек.
Тармақ 73
73. Су үсті құрғақ қорғалатын жер құламалар мен жағаларды топырақты себу немесе кесу қолданылатын қорғаныс түріне қарай қолданып жоспарлауды жүргізеді.
Тармақ 74
74. Егер де құламаларды жоспарлау кезінде артықшылық болса, топырақтың жиналуы, тереңдік жобалық құлама бетінен рұқсат етілген ауытқудан асып кетсе, онда тағы да қалыңдату үшін келесі топырақ себуді жүргізеді.
Тармақ 75
75. Талшықсыз фильтрлейтін синтетикалық материалдар ( дорнит, лавсанды қысқа талшықтан жасалған ине өтетін кенеп) жобаға сәйкес құлама бетін толықтай, тігіс үсті бөлек жолақтарды, саңылаулы жабындыларды, сонымен қатар преиметр бойынша бекітілген құрылым элементтерін жабатын кері фильтр ретінде қолданылады.
Тармақ 76
76. Бетонды және темірбетонды плиталармен қорғалған құламалар алдын-ала тек қана топырақты кесу арқылы жоспарлану керек.
Топырақты себуді жоспарлау тек қана қалыңдатушы себінді негіздің табиғи тығыздығына дейін рұқсат етіледі.
Тармақ 77
77. Су үсті құламалар, қорғаныс габиондары алдын-ала тасты ұсақтармен немесе топырақтармен, ойыстарды толтыру арқылы жүргізілу керек.
Габиондарға қолданылатын материалдар қолданыстағы стандарттар мен нормалар талаптарын қанағаттандыру керек.
Тармақ 78
78. Толып қалған жағалық құламалар топырақты кесу және байланыспаған топырақты себу арқылы жоспарлану керек.
Тармақ 79
79. Өзендердің жағаларының су асты бөлігін қорғау үшін темірбетонды және асфальтобетонды жабындылар толып қалған құламаның қалыпты жаға сызығын толық карта арқылы салыну керек. Ұзындықтары жоба бойынша тағайындалады. Ал картаның ені барабан ұзындығына сәйкес алыну керек.
Тармақ 80
80. Толқындарға төтеп беретін қабырғалы іргетас асты құдықтар жаға қорғау ғимараттары жобасының негізінде, нұсқаулардың орындалуын қадағалай отырып, әзірлену керек.
Тармақ 81
81. Толқындарға төтеп беретін қабырғалар тұрақсыз және сырғымалы жаға аймақтарында орналасса, жобаға сәйкес бөлек секциялар арқылы тұрғызылу керек.
Тармақ 82
82. Фасонды массивтерден және тастардан жасалған толқын өшіруші бөгеттерді дайындалуы технологиялы, жағалаудың сенімді қорғанысын қамтамасыз ететін, өзара жақсы ілінісетін және қажетті беріктігіне қарай қолдану керек.
Толқын өшіруші бөгеттердің ядросын сортталмаған тастардан орындаған жөн. Тасты материалдың ұсақ фракциясын ядроның төменгі және орта бөлігіне себу керек.
Тармақ 83
83. Толқын баяулатқыштар орнатылған негіз бетонды гравитациялық массивтерге орнатылады және толқын баяулатқыш массивтер ағынға қарсы орнатылады.
Тармақ 84
84. Жаға бекітуші шараларды жасанды құмды жаға қорғау құрылғысының көмегімен жүргізу қажет. Жасанды жағаларды толтыруды немесе салуды құрлық немесе су көліктерінің көмегімен карьерлер мен аккумуляциядан жағалық материалды тастау арқылы немесе реттеу арқылы жүргізеді.
Тармақ 85
85. Жағалық себуді жоспарлау теңіз сызығынан жоғары жүргізіледі. Шайылған немесе себілген құм толқындар әсерінен табиғи профильге айналады.
Тармақ 6. 6-параграф. Кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарында гидротехникалық көліктік ғимараттарды тұрғызу
6-параграф. Кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарында гидротехникалық көліктік ғимараттарды тұрғызу
Тармақ 86
86. Айлақтық, жаға қорғау және жаға бөгет ғимараттары, көтеру-түсіру ғимараттары: құрғақ және толысу доктары; толысу док-камералары; слиптер; кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарына қалқымалы доктарды жеткізу, кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарының жобасына сәйкес жасалған өндіріс жұмыс жобасы мен бөлек өндіріс жұмыс жобасы талаптарына сай орындалу керек.
Тармақ 87
87. Ғимараттарды тұрғызу жалпы құрылыстық және арнайы құрылыс жұмыстарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер құжаттар талаптарын орындай отырып жүргізіледі.
Тармақ 88
88. Жұмыс жасап тұрған кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындар шарттарында гидротехникалық көліктік ғимараттарды салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, кәсіпорын қызметінің өндірістік жобасына сәйкес болу керек.
Тармақ 89
89. Негізгі құрылыс жұмыстары басталғанға дейін құрылыстың календарлық кестесіне және ұйым жобасына сәйкес дайындық жұмыстары аяқталады.
Тармақ 90
90. Көтеру-түсіру ғимараттарының құрылысы құрғақ және толысу доктары, толысу док-камералары, слиптер, кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарына қалқымалы доктарды жеткізу, кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарының жобалық-қаржы есебіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7. 7-параграф. Төтенше жағдайларды ескерту бойынша талаптар
7-параграф. Төтенше жағдайларды ескерту бойынша талаптар
Тармақ 91
91. Ғимаратқа арналған жобалық - қаржылық есеп құжатының құрамында гидротехникалық көліктік ғимараттың табиғат және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан адамдар мен объектілерді қорғау саласында шаралар қарастырылған «Төтенше жағдайларды ескерту бойынша инженерлік - техникалық шаралар» бөлімі болады.
Тармақ 92
92. Төтенше жағдайлар ретінде осы саладағы шығыс деректеріне және нормативті құқықтық акттер мен нормативті - техникалық құжаттарға сәйкес өзендер мен теңіз акваторияларында, потенциалды қауіпті өзен және теңіз ғимараттарда жобалық, ішкі (объектіге тікелей байланысты) және сыртқы апаттарды есептеуге болады.
Тармақ 93
93. Барлық құру мен пайдалану кезеңдерінде гидротехникалық көліктік ғимараттардың бұзылуы төтенше жағдайға әкеп соғатын болса, олар қауіпсіздік декларациялауға жатады.
Тармақ 94
94. Қауіпсіздік декларациясы гидротехникалық ғимараттың қауіпсіздігін мақұлдау кезінде қадағалау органдарымен бекітілуге жататын жобаның міндетті бөлігі болып табылады.
Тармақ 95
95. Қауіпсіздік декларациясы түзетуге жатады:
Тармақша 1
1) объектіні пайдалануға енгізу алдында;
Тармақша 2
2) алғашқы екі жыл пайдаланғаннан кейін;
Тармақша 3
3) пайдалану кезінде әрбір келесі бес жылда бір реттен кем емес;
Тармақша 4
4) гидротехникалық ғимаратты қайта құрғаннан соң, күрделі жөндеуден кейін, қалпына келтіргеннен кейін немесе пайдалану шарттары өзгерген соң;
Тармақша 5
5) пайдаланудан және консервациядан шығарылған соң;
Тармақша 6
6) гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздік саласындағы нормативті құқықтық акттерге, ережелер мен нормаларға өзгерістер енген кезде;
Тармақша 7
7) апаттық жағдайдан соң.
Тармақ 95
95. Гидротехникалық көліктік ғимараттарда мүмкін болатын апаттар кезінде локализациялау мен жою үшін топырақ қорлары мен карьерлерді құрылыстық және пайдалану кезінде, өндірістік объектілерді, құрылыс базасының көліктері мен құрылғылары, электроберу желілері мен электр энергиясының автономды немесе резервті көздерін; басқа да апатқа қарсы оперативті әрекеттердің құралдарын пайдалану бойынша техникалық шешім қаралады.
96.Гидротехникалық көліктік ғимараттарының құрылысы процесінде құрылыс кезінде де, пайдалану кезінде де дер кезінде ақаулар мен жағымсыз процестерді табу, жөндеу шараларын тағайындау, апаттар мен бас тартуларды жою, пайдалану тәртібін жақсарту және қауіпсіздік деңгейі мен апаттар тәуекелін бағалау үшін оның күйі мен жұмысы заттай қадағаланады.
Тарау 7. 7-тарау. Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптар
7-тарау. Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптар
Тармақ 97
97. Жаңа гидротехникалық көліктік ғимараттарды салу кезінде, қолданыстағыларды қайта құру және кеңейту кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдылығына және инженерлік қызметтер кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша қойылатын талаптарды орнататын нормативті құжаттарға сүйену қажет.
Тармақ 98
98. Көрсетілген жұмыстарды орындау кезінде ғимаратты пайдалану нәтижесінде қоршаған ортада физико-геологиялық, геодинамикалық кері процестердің дамуына немесе іске қосылуына әкелетінін ескерген жөн.
Тармақ 99
99. Табиғатты қорғау шаралары: табиғи ортаның шығыс күйін зерделеуден, оның өзгерістерінің болжамын құрудан, рұқсат етілген антропогендік араласудың деңгейін орнатудан, қорғау шараларын әзірлеуден, сонымен қоса ортаның әрбір элементінің күйін бақылау және ғимаратты пайдалану процесінде экологиялық жағдайды жақсарту және сақтау бойынша қосымша мүмкін шаралардан тұрады.
Тармақ 100
100. Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар гидротехникалық көліктік ғимараттарды салу кезінде рұқсат етілмеген залалдарды жою және табиғи кешеннің экологиялық әсерлесуін оңтайландыруды қамтамасыз ететін кешенді шаралардан тұрады.
Тармақ 101
101. Шаралар су қоймаларындағы, төменгі бьефтер мен каналдардағы және тағы да басқа негізгі ғимараттарға тікелей әсер ететін аймақтардағы өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың сирек түрлерін сақтау бойынша шараларды қамту қажет. Сонымен қоса ғимараттардың құрылыс шарттары да, оларды пайдалану шарттары да және де қоршаған ортаға инфрақұрылым мен шаруашылық қызмет шарттарының әсері де қарастырылған жөн.
Тармақ 102
102. Қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы шаралар келесілерді орындау кезінде қарастырылу керек:
Тармақша 1
1) үйінділерді құру және топырақты тасу және алу түпті тереңдету жұмыстары;
Тармақша 2
2) суға тасты және құмды материалдарды себу жолымен жасалатын тасты төсемелерді кері себу, бөгеттерді, ұстатпаларды орнату;
Тармақша 3
3) өнеркәсіпті ұйымдардың сұйық қалдықтарын сақтайтын шектеуші ғимараттарды салу;
Тармақша 4
4) атқылау арқылы жасалған топырақты негізді қалыңдату;
Тармақша 5
5) қоршаған ортаны ластау көзі болып табылуы мүмкін материалдарды пайдалану арқылы ғимаратты салу;
Тармақша 6
6) химиялық тәсілмен немесе жасанды қатыру жолымен топырақты бекіту;
Тармақша 7
7) су асты бетондау.
ӘОЖ 69+626 (083.74) МСЖ 93.060
________________________________________________________________________________
Негізгі сөздер: Өзен және теңіз гидротехникалық көліктік ғимараттар, құрылыс нормалары,
қауіпсіздік, ғимарат, инженерлі-геологиялқ жұмыстар құрылыс, қата жобалау, түпті тереңдету
жұмыстары, бөгеттер, ұстатпалар, кеме жасу және кеме жөндеу кәсіпорындары, жаға қорғау
ғимараттары, төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны қорғау.
________________________________________________________________________________