Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по городу Капшагай Күшін жойған
Басқа 0
Қапшағай қаласы бойынша
мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қапшағай қаласының әкімдігінің «Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 993 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4461 тіркелген, 2018 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеліуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқықындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Қапшағай қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қапшағай қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ш. Нурғазиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10
Қапшағай қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «29» қарашадағы
«Қапшағай қаласы бойынша
мектепке дейiнгiтәрбие мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын, ата-ана
төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы» № 848
қаулысына қосымша
Қапшағай қаласында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшері
№
р/с
Атауы
Мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту ұйымдарының
тәрбиеленушілер
саны
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлем ақы мөлшері (теңге)
3 жастан – 7 жасқа дейін
1
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақдидар» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
370
13000
2
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдаурен» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
50
13000
3
«Қапшағай қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «Балауса»
балабақшасы мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
175
13000
4
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шеңгелді ауылындағы» «Ақбота» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
50
13000
5
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Искорка» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
50
13000
6
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гүлдер» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
50
13000
7
«Қапшағай қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «Малыш» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
300
13000
8
«Қепшеғай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұр-бөбек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
150
13000
9
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы № 2 гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
50
13000
10
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Орта мектеп- гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
125
13000
11
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
100
13000
12
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыбұлақ ауылындағы № 8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
25
13000
13
«Жеке балалар орталығы Лучик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
100
13000
14
«Академия детства жеке-балабақша»
жауапкершілігі шектеулі серіптестігі
125
13000
15
«Мектепке дейінгі даярлау орталығы «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60
13000
16
«Бэбисити 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
40
13000
17
«Ильгекбаева» жауапкершілігі шектеулі серіптестігі
40
13000
18
«Образовательный центр Теремок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
40
13000
19
«Дидар-1979» жауапкершілігі шектеулі серіптестігі
45
13000
20
«Нартай-2012» жауапкершілігі шектеулі серіптестігі
20
13000
Ескертпе:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы күтіп-бағу үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшымен белгіленеді.
Тармақша 2
2) Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшымен белгіленеді.