О корректировке базовых налоговых ставок по городу Экибастуз и сельской зоны города Экибастуз Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы(Салық кодексі)» Кодексінің 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы мен ауылдық аймағының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларының (сұлбаларының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері ұлғайтылсын.
Тармақ 2
2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы «Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласы ауылдық аймақтары бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» № 301/34 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4293 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 ақпанда жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Жер салығы базалық мөлшерлемелерінің өсу пайыздары
Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 302/35 шешіміне қосымша Жер салығы базалық мөлшерлемелерінің өсу пайыздары Жерлердің орналасу аймағы Өсу пайызы Екібастұз қаласы I +50% ІІ +50% ІV +40% Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы ІІ +50% ІV +50% Төрт-Құдық ауылдық округі ІІ +50% ІV +50% Шиқылдақ ауылы ІІ +50% ІV +50% Теміржол ауылдық округі I +50% ІІ +50% ІV +50% Бәйет ауылдық округі ІІ +50% ІV +50% Қоянды ауылдық округі I +50% ІІ +50% ІV +50% Екібастұз ауылдық округі ІІ +50% ІV +50% Ақкөл ауылдық округі ІІ +50% Сарықамыс ауылдық округі I +20% ІІ +50% ІV +50% Солнечный поселкесі I +50% ІІ +50% Шідерті поселкесі I +50% ІІ +50% жер қоры I +50% ІІ +30%