О геодезии и картографии Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Геодезия және картография туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 21.12.2022 № 166-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Осы Заң мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар арасындағы геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейдi.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) географиялық ақпарат жүйесi - Жер туралы, жер бетiнiң объектiлерi, табиғи, техногендiк және қоғамдық процестер мен нақты дүниенiң құбылыстары туралы кеңiстiкте ақпарат жинауды, жинақтауды, сақтауды, талдауды және таратуды қамтамасыз ететiн бағдарламалық жүйе;
Тармақша 2
2) геодезиялық және картографиялық қызмет - геодезия және картография саласындағы басқарушылық, өндiрiстiк, техникалық және ғылыми қызмет;
Тармақша 3
3) геодезиялық және нивелирлiк желi - жергiлiктi жерде арнаулы орталықтармен және белгiлермен бекiтiлген жер бетiндегi пункттер жүйесi, олардың өзара жағдайы жоспарлы қатынастарда және биiктiгi жөнiнен геодезиялық қызмет нәтижесiнде белгiленген;
Тармақша 4
4) геодезиялық пункт - орны белгiленген жерге (немесе жердегi құрылысқа) орнатылған орталығымен және оның үстiне тұрғызылған құрылыспен (белгiмен) белгiленген геодезиялық желi пунктi;
Тармақша 5
5) геодезия - Жердің пiшiнiн, көлемi мен сыртқы гравитациялық өрiсiн, жер бетi координаттары мен нүктелерiнiң биiктiктерiн және олардың уақыт iшiндегi өзгерiстерiн анықтау жөнiнде карталар мен жоспарлар жасау мақсатында, сондай-ақ жер бетiндегi түрлi инженерлiк мiндеттердi шешудi қамтамасыз ету үшiн жүргiзiлетiн ғылыми, техникалық және өндiрiстiк қызмет процесiнде туындайтын қатынастар саласы;
Тармақша 6
6) гидрография - су объектiлерiн, олардың сапа және сан жөнiндегi сипаттамаларын зерделеу және сипаттау;
Тармақша 7
7) делимитация - мемлекеттiк шекараның шектес мемлекеттер арасындағы келiсiм бойынша шартта белгiленiп көрсетiлген және шартқа қоса тiркелетiн карталарда графика түрінде бейнеленген жағдайлары мен бағыттарын айқындау;
Тармақша 8
8) демаркация - жергiлiктi жерде делимитация туралы шартқа сәйкес мемлекеттiк шекараны айқындау және оны тиiстi шекара белгiлерiмен белгiлеу;
Тармақша 9
9) картографиялық өнiм - картографиялық қызмет нәтижесiнде Жер бетiнiң және аспан денелерiнiң белгiлi бiр математикалық заңдар бойынша және шартты белгiлердiң қабылданған жүйесiнде құрылып, кiшiрейтiлген, өлшенетiн және жинақталған, қағазға және магниттiк жеткiзушiге түсiрiп алынған бейнелерi;
Тармақша 10
10) картография - картографиялық туындыларды зерделеу, жасау және пайдалану жөнiндегi ғылыми, техникалық және өндiрiстiк қызмет процесiнде туындайтын қатынастар саласы;
Тармақша 11
11) картографиялық-геодезиялық қор - геодезиялық және картографиялық қызмет нәтижесiнде жасалған, жалпы мемлекеттiк, салааралық маңызы бар және одан әрi пайдалану мақсатында ұзақ сақталуға тиiс материалдар мен деректер жиынтығы;
Тармақша 12
12) жерсерiктiк технологиялар - байқаушының немесе объектiнiң орналасқан жерiн координат-уақыт жағынан анықтау үшiн, сондай-ақ Жер бетiнiң учаскелерiн картографиялау үшiн ақпараттар алудың жерсерiктiк жүйесi;
Тармақша 13
13) топография - жер бетiн геометриялық жағынан зерделеу және осы жер бетiнiң жазықтықта топографиялық карталар немесе жоспарлар түрiнде бейнелену тәсiлдерiн жасау;
Тармақша 14
14) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы – нысаны, орналасқан жері мен қасиеттері туралы мәліметтерді қамтитын, картографиялық негізде көрсетілген, оның ішінде координаттар пайдаланыла отырып ұсынылған кеңістіктік объектілер туралы деректер. 📌 Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң объектiлерi мен субъектiлерi
3-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң объектiлерi мен субъектiлерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағы және онда орналасқан географиялық объектiлер, сондай-ақ жер шарының құрлықтары, Дүниежүзiлiк мұхит, оның iшiнде аралдар, табиғи аспан денелерi мен Жердiң жасанды серiктерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгi геодезиялық және картографиялық қызметтiң объектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң мемлекеттiк органдары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар геодезиялық және картографиялық қызметтiң субъектiлерi болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң негiзгi бағыттары
4-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң негiзгi бағыттары
Тармақ 1
1. Атқарылатын жұмыстардың мақсатына қарай геодезиялық және картографиялық қызмет:
Тармақша 1
1) нәтижелерiнiң жалпымемлекеттiк салааралық маңызы бар мемлекеттiк мақсаттағы қызмет;
Тармақша 2
2) жүргiзу қажеттiгi Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызметi субъектiлерiнiң қажеттерiмен айқындалатын арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы қызмет болып бөлiнедi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет:
Тармақша 1
1) Жердiң пiшiнiн, мөлшерi мен сыртқы гравитациялық өрiсiн анықтауды;
Тармақша 2
2) Жердi дистанциялық зондтауды және геодинамикалық зерттеудi;
Тармақша 3
3) тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды, қорғаныстық, ғылыми-зерттеу және өзге де міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін, іргелі астрономиялық-геодезиялық желі, дәлдігі жоғары геодезиялық желі, спутниктік геодезиялық желі, барлық сыныптағы нивелирлік желілер, іргелі және бірінші сыныптағы гравиметриялық желілер жататын мемлекеттік геодезиялық желілерді құруды, дамытуды және жұмыс жағдайында ұстауды;
Тармақша 4
4) дәлдiгi мен мазмұны жалпы мемлекеттiк, қорғаныс, ғылыми-зерттеу мiндеттерi мен өзге де мiндеттердiң шешiмiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк топографиялық карталар мен жоспарларды, оның iшiнде қалалардың және елдi мекендердiң жоспарларын графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нысандарда жасауды, жаңартуды және басып шығаруды;
Тармақша 5
5) геодезиялық жерсерiктiк технологияны енгiзудi және пайдалануды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды және оның сызығы өтуiн тексерудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңiз айдынын делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз етудi;
Тармақша 7
7) теңiздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарын картографиялауды және топографиялық, навигациялық теңiз карталарын, көмекшi құралдарды, теңiз, кеме жүзетiн өзендер мен сутоғандары лоцияларын жасауды;
Тармақша 8
8) мемлекеттiң, оның қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң мүдделерi үшiн геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық жұмыстар жүргiзудi, сондай-ақ теңiздерде, кеме жүзетiн өзендер мен сутоғандарында жалпы теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi;
Тармақша 9
9) шет мемлекеттер мен Дүниежүзiлiк мұхит аумағын қоса алғанда, топографиялық және арнаулы карталар мен жоспарлар жасау және жаңарту үшiн аэроғарыштық түсiрiлiм жұмыстарын;
Тармақша 10
10) Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды құруды және жүргiзудi;
Тармақша 11
11) географиялық ақпараттық жүйелерді жасауды және жүргізуді;
Тармақша 12
12) салааралық мақсаттағы жалпы географиялық, саяси-әкiмшiлiк, ғылыми-анықтамалық және басқа да тақырыптық карталар, жоспарлар мен атластар, картографиялық оқу құралдарын құрастыруды және басып шығаруды;
Тармақша 13
13) географиялық атауларды стандарттауды, есепке алуды және олардың қолданылуын ретке келтiрудi, Географиялық атаулардың мемлекеттiк каталогын жасауды және жүргiзудi;
Тармақша 14
14) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi және осы заманғы технологияларды енгiзудi;
Тармақша 15
15) геодезиялық және картографиялық қызмет саласында мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеудi, бекiту және қолданысқа енгiзудi;
Тармақша 16
16) геодезиялық және картографиялық техника өндiрiсiн ұйымдастыруды;
Тармақша 17
17) геодезиялық, картографиялық, топографиялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз етуді;
Тармақша 18
18) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құруды және дамытуды қамтиды.
Тармақ 3
3. Арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет:
Тармақша 1
1) түрлi объектiлердi, жерүстi және жерасты құрылыстары мен желiлерiн, құрылыс учаскелерiне үйлер мен құрылыстардың аралық бекiтпелерiн салу учаскелерiнiң бас жоспарларын жасауға, сондай-ақ өзге де арнаулы жұмыстарды орындауға арналған топографиялық жоспарларды жасауды және жаңартуды;
Тармақша 2
2) графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нысандарда арнаулы мақсаттағы тақырыптық карталар, жоспарлар мен атластар жасауды және басып шығаруды;
Тармақша 3
3) арнаулы мақсаттағы географиялық ақпараттық жүйелердi жасауды және жүргiзудi;
Тармақша 4
4) сызық және алаң үлгiсiндегi инженерлiк құрылыстарды, жерасты құрылыстары мен желiлерiн жобалау және iзденiстер жүргiзу, салу және пайдалану кезiндегi геодезиялық, топографиялық, аэротүсiрiлiм және басқа да арнаулы жұмыстар, кадастрлар мен өзге де iзденiстер және арнайы жұмыстар жүргізуді;
Тармақша 5
5) осы тармақта аталған бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi;
Тармақша 6
6) инженерлiк-геодезиялық және маркшейдерлiк жұмыстарды;
Тармақша 7
7) салалық (ведомстволық) деректер негізінде кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құруды және дамытуды қамтиды.
Тармақша 7
📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 490-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк басқару мен бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлеу;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 3
3) координаттардың, биiктiктiң, гравиметриялық және жерсерiктік өлшемдердiң, сондай-ақ мемлекеттiк топографиялық карталар мен жоспарлардың масштабтық қатарының бiрыңғай мемлекеттiк жүйелерiн белгiлеу;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6-1
6-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 8
8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау. 📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) геодезия және картография саласында бiрыңғай мемлекеттiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
Тармақша 1-1
1-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-2
1-2) мемлекеттік геодезиялық желіні құру және дамыту;
Тармақша 2
2) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң қызметiн үйлестіру;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк геодезиялық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының және жергiлiктi жерлерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер шекараларының дұрыс көрсетiлуiн және олардың картографиялық материалдарда көрсетiлуiн қадағалау;
Тармақша 6
6) алып тасталды - 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
7) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтіндерін қоспағанда, геодезия және картография саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу, бекіту;
Тармақша 7-1
7-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 7-2
7-2) бюджет қаражаты есебінен орындалатын аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың сметалық нормаларын, бағаларын, құнын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7-3
7-3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7-4
7-4) бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру мерзімділігін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7-5
7-5) бюджет қаражаты есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7-6
7-6) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7-7
7-7) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 8
8) аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 8-1
8-1) аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беруді жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) геодезиялық пункттердi есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылау;
Тармақша 10
10) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртiбiнiң анықталған жолсыздықтарын жоюды, сондай-ақ аталған жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсiрiлiм жүргiзу нәтижесiнде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердi топтастыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және iске асыруды талап ету;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жағдайда геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;
Тармақша 12
12) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрiлiм деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтарды, нормалар мен ережелердi бекiту;
Тармақша 14
14) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру;
Тармақша 15
15) геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру ережелерiн әзiрлеу;
Тармақша 15-1
15-1) геодезиялық және картографиялық қызметінің басталғандығы туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 15-2
15-2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 15-3
15-3) республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тiзбесiн бекiту;
Тармақша 15-4
15-4) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтiк құқықтық актiлерді бекіту.
Тармақша 16
16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 📌 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 23-тармағының 3) тармақшасының алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Геодезия және (немесе) картография саласындағы хабарлама
7-бап. Геодезия және (немесе) картография саласындағы хабарлама 📌 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 1
1. Геодезиялық және (немесе) картографиялық қызметтің мынадай түрлері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) геодезиялық жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 2
2) картографиялық жұмыстарды жүргізу.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 7-1-бабына сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар хабарламаға қоса беріледі. 📌 Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-1. 7-1-бап. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар
7-1-бап. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар 📌 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерде:
Тармақша 1
1) геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не зауыттық нөмірі көрсетілген, салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың;
Тармақша 2
2) штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы міндетті. 📌 Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 8. 8-бап. Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен техникалық талаптар
8-бап. Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен техникалық талаптар Нормативтiк құқықтық актiлер мен техникалық талаптар геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мемлекеттiк реттеуге және мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруға арналған бiрыңғай техникалық нормалар мен ережелер бойынша осы жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi және барлық геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
Бап 9. 9-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi метрологиялық қамтамасыз ету
9-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi метрологиялық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Техникалық реттеу саласындағы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен саймандарға метрологиялық бақылау жүргiзуге құқығы бар. 2. Шет мемлекет берген, топографиялық-геодезиялық және картографиялық мақсаттағы өлшем құралының типін бекіту (метрологиялық аттестаттау) туралы сертификат Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледi. 📌 Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi қаржыландыру
10-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi қаржыландыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет өнiмдердiң тапсырысшылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстардың тапсырысшылары және (немесе) орындаушылары болып табылатын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерi бұрын жасалған геодезиялық, топографиялық және картографиялық материалдар мен деректердi пайдалануға мiндеттi. 📌 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Бап 11. 11-бап. Картографиялық өнiмге авторлық құқық
11-бап. Картографиялық өнiмге авторлық құқық Картографияға, геодезияға, топографияға қатысты карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрацияларға және үш өлшемдi туындыларға авторлық құқықтар және соған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен реттеледi.
Бап 12. 12-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры
12-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған және жалпымемлекеттік салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсiрiлiм, гравиметриялық материалдар мен деректердiң жиынтығы болып табылады. Ведомстволық картографиялық-геодезиялық қорлар арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық, гравиметриялық және аэроғарыштық түсiрiлiмдiк материалдар мен деректердiң жиынтығы болып табылады және тиiстi орталық атқарушы органдардың қарамағында болады.
Тармақ 2
2. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор уәкілетті органның қарамағында болады және оны мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды жүргізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жергілік жердің геодезиялық және картографиялық зерделенуі және әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекаралардың, сондай-ақ географиялық объектілер атауларының өзгерістері көрсетіле отырып, кезекші анықтамалық картаны жүргізу;
Тармақша 2
2) геодезиялық пункттерді есепке алу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының географиялық атауларын мониторингтеу;
Тармақша 4
4) тақырыптық картографиялау;
Тармақша 5
5) қордың құрамына жатқызылған материалдар мен деректерді мемлекеттік есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорға әкімшілік-аумақтық бірліктер шекарасының өзгеруі туралы шешімдердің көшірмесін ұсынуға міндетті.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Картографиялық-геодезиялық қоры Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағында болады.
Тармақ 3
3. Белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттары мемлекеттiк меншiкте болады және оларды иеліктен шығаруға, сондай-ақ басқа мемлекетте тұрақты сақтауға әкетуге болмайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi. Ведомстволық (салалық) картографиялық-геодезиялық қорларда құжаттарды қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережелерiн және оларға енгiзiлетiн материалдар мен деректер тiзбесiн уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша тиiстi орталық атқарушы органдар бекiтедi.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының материалдары мен деректерiн пайдалану үшiн аталған материалдар мен деректердi (көшiрмелердi) жасауға, сақтауға және жеткiзiп беруге, сондай-ақ аталған материалдар мен деректердi iрiктеу және олардың көшiрмелерiн әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi көрсетуге жұмсалған шығындарды қамтитын ақы алынады. Мемлекеттiк органдарға аталған қызметтер тегiн көрсетiледi. Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен картографиялық және геодезиялық жұмыстарды жүргiзу мақсатында Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың материалдары мен деректерiн пайдалану үшiн аталған материалдар мен деректердi iрiктеу, олардың көшiрмелерiн әзiрлеу, сондай-ақ оларды жеткiзiп беру жөнiндегi қызметтер көрсетуге ғана жұмсалған шығындарды қамтитын ақы алынады. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың материалдары мен деректерiн пайдалану үшiн алынған қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджетке жiберiледi.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң көздерi болып табылатын құжаттарына қол жеткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 9
9. Геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздерi жасаған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердiң көшiрмелерiнiң бiр данасын Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына авторлық құқықтарын сақтай отырып, тегiн беруге мiндеттi.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының картографиялық және геодезиялық өнiмiн пайдаланушылар алынған материалдар мен деректердiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде қайтаруға, аталған материалдардағы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. 📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 13. 13-бап. Геодезиялық және картографиялық өнiмге мемлекеттiк меншiк
13-бап. Геодезиялық және картографиялық өнiмге мемлекеттiк меншiк Геодезиялық және картографиялық өнiм, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын геодезиялық және картографиялық қызмет нәтижесiнде алынған гидрографиялық, аэроғарыштық түсiрiлiм және гравиметриялық материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгi болып табылады. 📌 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Бап 14. 14-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiндегi геодезиялық және картографиялық қызмет
14-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiндегi геодезиялық және картографиялық қызмет Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiндегi геодезиялық және картографиялық қызметтi өзара келiсiлген жұмыс жоспарлары бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Бап 15. 15-бап. Жергiлiктi жер объектiлерi туралы ақпарат беру
15-бап. Жергiлiктi жер объектiлерi туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасының аумағындағы географиялық, топографиялық және өзге де карталар мен жоспарларға бейнелеп түсiрiлуге тиiстi жергiлiктi жер объектiлерi туралы ақпараттың иелерi болып табылатын жеке және заңды тұлғалар карталар мен жоспарларды дайындаушылардың немесе уәкiлеттi органның сауал салуы бойынша оларға осы ақпарат бар құжаттың көшiрмесiн бередi.
Бап 16. 16-бап. Мемлекеттiк геодезиялық желiлер пункттерiн қорғау
16-бап. Мемлекеттiк геодезиялық желiлер пункттерiн қорғау
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк геодезиялық желiнiң геодезиялық пункттерi (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлiк және гравиметриялық пункттер, жер бетiндегi белгiлер мен осы пункттердiң орталығы), сондай-ақ арнаулы геодезиялық желiлер пункттерi (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгiлер, бағдарлық пункттер) мемлекеттiк меншiк болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) уәкiлеттi органның рұқсатымен ғана жүргiзiледi.
Тармақ 1-1
1-1. Геодезиялық пункттердің тығыздығы, бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективалары болмаған кезде уәкілетті орган геодезиялық пункттерді бұзудан немесе қайта салудан (орнын ауыстырудан) бас тартуға міндетті.
Тармақ 2
2. Жер учаскелерiн оларға геодезиялық пункттердi орналастыру үшiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) геодезиялық пункттердiң бүлiнген немесе жойылған барлық жағдайлары туралы уәкiлеттi органға хабарлауға;
Тармақша 2
2) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық пункттерге кiруге (жақындап баруға) мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Геодезиялық, нивелирлiк пункттердi жою немесе бүлдiру Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 5
5. Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды уәкілетті орган бекітеді. 📌 Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Геодезия және картография саласындағы халықаралық ынтымақтастық
17-бап. Геодезия және картография саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы геодезия және картография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту ниетiн негiзге ала отырып жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының атынан халықаралық ұйымдарда өз құзыретi шегiнде өкiлдiк етедi.
Бап 18. 18-бап. Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
18-бап. Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.