О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;
Тармақша 2
2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-ы күніне қарай Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі
Тармақ 1
1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) 2018 – 2023 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.
Тармақ 2
2. Стратегиялық міндеттер Стратегиялық міндеттер:
Тармақша 1
1) өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде өндірісті кеңейту;
Тармақша 2
2) ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және көрсетілетін қызметтерімен толықтыру.
Тармақ 3
3. Нысаналы индикаторлар Нысаналы индикаторлар:
Тармақша 1
1) осы басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – тетік) 1-қосымшаға сәйкес тауар топтары бойынша импорт үлесін 2024 жылға қарай 2021 жылғы деңгейден 15 %-ға төмендету;
Тармақша 2
2) қарапайым заттар экономикасы өнімдерін шығаруды 2024 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға өсіру.
Тармақ 4
4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің көлеміне байланыстырылған және 1,5 пайыздық тармақтан асырылмай ұлғайтылған қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейін өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады. ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды сатып алудың ең жоғары лимиті 182 млрд теңгеден, бірақ бір ЕДБ-ға меншікті капиталдың 1,5 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, ал АКК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд, теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ лимитті ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін. АНК облигацияларын ең жоғары сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс, оның 140 млрд теңгеден аспайтын сомасы агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалуға тиіс. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалатын 70 млрд теңге сомаға АНК облигацияларын сатып алу үшін мемлекеттік кепілдіктің болуы талап етіледі. ЕДБ-ның, лизингтік компаниялардың (бұдан әрі – ЛК) және АНК-нің тартылған қаражаты мен өз қаражаты:
Тармақша 1
1) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;
Тармақша 2
2) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс;
Тармақша 3
3) 400 млрд теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға жұмсалуға тиіс. ЕДБ-мен, ЛК-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс пен қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларға кредит беруге 30 млрд теңгеден аспайтын сома жұмсалады. Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге және қаржылық лизингке кемінде 200 (екі жүз) млрд теңге жұмсалатын болады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ, ЛК мен АНК ШОБ жобаларын осы тетікте белгіленген шарттарда берілген кредиттер мен қаржылық лизингтің жалпы көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде қаржыландыруды және қаржылық лизингті қамтамасыз етеді. ЕДБ мен АНК ЖКС жобаларына өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады. ЛК қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен береді. Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі ЕДБ мен АНК шотына түскен күнінен бастап 12 айдан аспауға тиіс. Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі. Бұл ретте ЕДБ, ЛК мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының және қаржы лизингінің 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жібере алады. Бұл шектеу ЕДБ, ЛК мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға және қаржылық лизингіне қолданылмайды. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Осы тетіктің шарттары бойынша кредиттер беруді және қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-ға, ЛК-ға және АНК-ға қойылатын талаптар: ЕДБ және АНК меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 50 млрд теңгеден кем болмауы тиіс. Меншікті капитал мөлшері жөніндегі талап өз қаражаты есебінен кредит беруді жүзеге асыратын ЕДБ-ге қолданылмайды. ЕДБ, ЛК және АНК:
Тармақша 1
1) қарыз алушы бастама жасаған кредит беру немесе қаржылық лизинг шарттарының өзгеруіне байланысты;
Тармақша 2
2) ЖКС-қарыз алушының кредиттік келісімдер немесе қаржылық лизинг шарттары бойынша міндеттемелерін бұзуының/бұзуларының салдарынан алынатын;
Тармақша 3
3) кепіл нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
Тармақша 4
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитпен немесе қаржылық лизингпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды. Тетік шеңберінде қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Осы тетік бойынша ЖКС-ні қаржылық қолдау шараларын іске асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және оның аумақтық бөлімшелері осы тетік бойынша оператор болып табылады. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерінің ақысын «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33681 болып тіркелген) (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) бекітілген Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган төлейді.
Тармақ 7
7. ЖКС-ны қаржыландыру шарттары: бірлескен бұйрықпен бекітілген Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында айқындалған және осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесіне және осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесіне сәйкес жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС нысаналы тобы болып табылады. Жобаларға 10 (он) млрд теңгеден астам сомаға кредит берілген жағдайда тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет; ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды. Сыйақының шекті мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және ЕДБ/ЛК кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі; ЖКС үшін кредит беру валютасы – теңге; субсидиялау мерзімі – 5 (бес) жылды қоса алғанға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды ұсына алады. ЖКС жағдайын нашарлататын мән-жайлар туындаған жағдайда соңғылар кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру алуы мүмкін. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс. Бұл ретте:
Тармақша 1
1) кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінім беру кезінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар;
Тармақша 2
2) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынас арқылы байланысы бар тұлғалар болып табылатын;
Тармақша 3
3) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлер/акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған ЖКС-ны қоспағанда) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ЖКС жобалары қаржыландыруға жатпайды. Тетік шеңберінде ЕДБ, ЛК және АНК жеке қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз алушыны 100 % қаржыландырған жағдайда:
Тармақша 1
1) өтінім беру кезінде мерзімі өткен салықтық берешектің болмауы;
Тармақша 2
2) кредиттерге/қаржылық лизингке қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатына қаражат жұмсауға жол бермеу сияқты жобаларды іріктеу өлшемшарттары қосымша қолданылады. ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар бойынша ЖКС-ны қаржыландырған кезде жобаларды іріктеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады:
Тармақша 1
1) әрбір күнтізбелік жыл үшін тетікке қатысқанға дейінгі алдыңғы 3 (үш) жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салық төлемдерінің көлемі ЖКС-ның өндіріс объектісі орналасқан жер бойынша жергілікті бюджеттің жалпы кірісінің сомасына балама немесе оның кемінде 10 %-ын құрайды;
Тармақша 2
2) тетікке қатысқанға дейінгі соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салықтардың жыл сайынғы мөлшері 1 600 000 АЕК-тен төмен емес. ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатынн «3», «4» және «5» жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Осы шарт бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.
Тармақ 7-1
7-1. Қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) млрд теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін ЖКС қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) субсидиялаудан бас тартады.
Тармақ 8
8. Кредит/қаржылық лизинг мақсатына байланысты қарыз алушыларға қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) 100 % инвестициялық мақсаттарға: жұмыс органының/қаржы агенттігінің субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту немесе кірісті 10 %-ға өсіру;
Тармақша 2
2) қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға 50 %-дан аспайтын мөлшерде: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту және/немесе кірісті 10 %-ға өсіру (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды тетіктің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді);
Тармақша 3
3) айналым қаражатын 100 % толықтыруға: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту, өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту және кірісті 10 %-ға өсіру (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды тетіктің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді);
Тармақша 4
4) көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге: жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту және нақты көлем индексі деңгейін сақтау; 5) ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын тұлғалар үшін мынадай талаптар қойылады: 100 % инвестициялық мақсаттар: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын ұлғайту немесе кірісті 20 %-ға өсіру; қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 50 %-дан аспайтын мөлшерде толықтыруға: жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайтуға және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін табысты 20 %-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді).
Тармақ 9
9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары: Субсидиялау ЖКС-ны қаржылық қолдау шараларын іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады. Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 11,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады. ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды. Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды. Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды. Бұл ретте экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі экономиканың тиісті салаларына жетекшілік ететін уәкілетті органдардың жобалардың қаржылық орнықтылығы, орташа рентабельділігі, капитал сыйымдылығы және экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесіне енгізуге ұсынылатын ЭҚЖЖ бойынша кредиттерді қайтармау тәуекелдері бойынша талдау қорытындылары бар ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды. ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі, әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын «3», «4» және «5» жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды. Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу бірлескен бұйрықпен бекітілген Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Тармақ 10
10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары: Номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және ЕДБ/ЛК шешім қабылдаған күнге 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 миллиард теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды. Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері 1 миллиард теңгені қоса алғандағы сомадан аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі. Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды. Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепіл құнын) кәсіпкер жабады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді). Инвестицияларға, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (оның ішінде жаңартылатын негізде) ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады. Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЛК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те кепілдендіруге жатады. Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады. Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу бірлескен бұйрықпен бекітілген Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі. Кепілдік беру шеңберінде кәсіпкердің кредит бойынша қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.
Тармақ 11
11. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингтеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларымен (бұдан әрі – Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау) регламенттеледі. Осы тармақ шеңберінде ЕДБ, ЛК және АНК беретін кредиттер және қаржылық лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы трансферттер беру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қаржы агенттігі:
Тармақша 1
1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті және қаржылық лизингті мақсатты пайдалануын мониторингтеуді;
Тармақша 2
2) ЕДБ-ға, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ӨДҚ) және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады; ЕДБ-ға, ӨДҚ-ға және АНК-ге берілген қаражаттың мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ және АНК есебінің негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады. Бөлінетін қаражаттың экономикалық нәтижелеріне мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қаржы агенттігіне ЖКС келісімі болған жағдайда салықтық құпия болып табылатын және мынадай: салық салуға жатпайтын кірістерді ескере отырып, жиынтық жылдық кіріс; шетелдік көздерден алынатын, салық салынатын кіріс; өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша шығыстар; қызметкерлердің есептелген кірісі бойынша шығыстар; таза кіріс; қызметкерлердің (адамдардың) саны; бір қызметкерге шаққандағы орташа айлық жалақы; салық төлемдерінің сомалары туралы ақпарат қамтылған мәліметтерді береді. ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК бірлескен бұйрықпен бекітілген Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына және Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде қаржы агенттігіне есеп жіберіп тұрады. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және ЕДБ, ЛК және АНК ішкі саясатына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК ЖКС кредиттері мен қаржылық лизингін мониторингтеуді жүргізеді.
Басқа 1.1. Импорт үлесін төмендетуге арналған тауар топтарының тізбесі
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 1-қосымша Импорт үлесін төмендетуге арналған тауар топтарының тізбесі Р/с № Тауарлар тобының атауы Өнімнің атауы 2021 жылы тұтынудағы импорттың үлесі, % 2024 жылы тұтынудағы импорттың үлесі, % 1 2 3 4 АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ 1 Тамақ өнімдері және сусындар Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер 14,1 12,0 Балық 63,3 53,8 Көкөністер мен жемістер: алма, жүзім, саңырауқұлақтар, пияз, қырыққабат 23,6 20,1 Сусындар мен шырындар 15,1 12,8 Ет және ет өнімдері 21,7 18,4 Сүт және сүт өнімдері 21,7 18,4 Өсімдік майлары 31,0 26,4 Макарон және ұннан жасалған өнімдер 26,5 22,5 Кондитерлік өнімдер 65,8 55,9 АЗЫҚ-ТҮЛІК ЕМЕС ТАУАРЛАР 2 Үйге және кеңсеге арналған бұйымдар Шыныдан жасалған ыдыс 60,9 51,8 Санитарлық-гигиеналық бұйымдар 97,3 82,7 Тұрмыстық заттар 56,3 47,9 Көрпелер мен жамылғылар 97,2 82,6 Жиһаз 60,9 51,8 Матрастар 66,0 56,1 Тұрмыстық химия 96,0 81,6 Құрылыс материалдары Құрылыстық конструкциялар 39,0 33,2 Әйнек 62,5 53,1 Құрылысқа арналған металл бұйымдар 63,0 53,6 Қабырғааралық бөлімдер 95,5 81,2 Линолеум 100 85,0 Кірпіштер 98,4 83,6 Құрылыс қоспалары 21,4 18,2 Киім және аксессуарлар Киім 99,3 84,4 Аяқ-киім 97,6 83,0 Басқа Тыңайтқыштар 60,0 51,0 Тоқыма бұйымдары 77,1 65,5 Қағаз 36,7 31,2 Бакалея 58,2 49,5 _____________________
Басқа 1.2. Агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымша Агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі Р/с № Тауарлар тобының атауы Р/с № Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші 1 2 3 4 5 АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 1. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну 1. Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ дақылдарды және майлы тұқымдарды өсіру 0111 2. Күріш өсіру 0112 3. Көкөністер мен бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру 0113 4. Тоқыма дақылдарды өсіру 0116 5. Өзге де бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіру 0119 6. Жүзімді өсіру 0121 7. Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру 0124 8. Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру 0125 9. Сүтті бағыттағы ірі қара малды өсіру 0141 10. Өзге де ірі қара малды және енекелерді көбейту 0142 11. Жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастарды өсіру 0143 12. Түйелерді және өзге де түйе тектес жануарларды өсіру 0144 13. Қойларды және ешкілерді өсіру 0145 14. Шошқаларды өсіру 0146 15. Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру 0147 16. Жануарлардың өзге түрлерін өсіру 01491 17. Астықты өңдеу жөніндегі қызмет 0163 2. Балық аулау 18. Тұщы суда балық аулау 0312 19. Теңізде балық өсіру 0321 20. Тұщы суда балық өсіру 0322 ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 3. Тамақ өнімдерін өндіру 21. Тамақ өнімдерін өндіру 102 4. Сусындар өндіру 22. Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру 11013 23. Уыт өндіру 1106 24. Минералды суларды және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру 1107 5. Тоқыма бұйымдарын өндіру 25. Тоқыма бұйымдарын өндіру 13 6. Киім өндіру 26. Үлбірден тігілген киімді қоспағанда, киім өндіру 14.1 27. Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру 14.3 7. Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру 28. Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру 15 8. Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру 29. Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру 16 9. Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру 30. Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру 17 10. Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту 31. Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну 18.1 11. Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 32. Мұнай өңдеу өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру 19.2 12. Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 33. Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру 20.14 34. Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру 20.2 35. Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш заттар, баспаханалық бояулар мен мастикалар өндіру 20.3 36. Сабын, жуу, тазалау, жылтырату, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру 20.4 37. Сіріңке өндіру 20512 38. Желім өндіру 2052 39. Эфир майларын өндіру 2053 40. Фотоматериалдар өндіру 20591 41. Желатин өндіру 20592 42. Тоқыма бұйымдарын әрлеуде пайдаланылатын материалдарды өндіру 20593 43. Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелерді, наноталшықтарды және басқа көміртекті наноматериалдарды өндіру 20594 44. Басқа химиялық өнімдер өндіру 20599 45. Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру 2060 13. Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру 46. Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру 21 14. Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 47. Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 22 15. Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру 48. Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру 23 16. Металлургия өндірісі 49. Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру 2410 50. Болаттан құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, фитингтер өндіру 2420 51. Салқындай сымдау 2431 52. Суықтай қалыптау немесе ию 2433 53. Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру 2434 17. Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіру 54. Металл есіктер мен терезелер өндіру 2512 55. Орталық жылыту радиаторлары мен бу қазандықтарын өндіру 2521 56. Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия 25.5 57. Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері 25.6 58. Пышақ бұйымдарын, аспаптарды және темір бұйымдарын өндіру 25.7 59. Өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру 25.95 18. Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру 60. Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру 266 19. Электр жабдықтарын өндіру 61. Электр жабдықтарын өндіру 27 20. Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру 62. Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру 2812 63. Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру 2814 64. Лифт өндіру 28224 65. Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлер мен перифериялық жабдықты қоспағанда) 2823 66. Механикаландырылған қол аспаптарын өндіру 2824 67. Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру 2825 68. Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру 2829 69. Ауылшаруашылық машиналарын өндіру 28302 21. Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру 70. Автомобильдер өндіру 29.1 71. Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру 29201 72. Автомобильдердің бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру 2932 22. Өзге де көлік құралдарын өндіру 73. Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамды өндіру 30.2 23. Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру 74. Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру 30.9 24. Жиһаз өндіру 75. Жиһаз өндіру 31 25. Өзге де дайын бұйымдар өндіру 76. Өзге де дайын бұйымдар өндіру 32 26. Электр энергиясын өндіру 77. Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35112 78. Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35114 79. Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35115 80. Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 35119 Ескертпелер: 1 Ара өсіру, бал және ара балауызын өндіру жобалары ғана қаржыландырылады. 2 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктерін, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өнеркәсіптік тазалауды және шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты өңдеу және консервілеу. 3 Спирттік ішімдіктер өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту. 4 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды өндіру. 5 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру. 6 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациенттің мониторларын; телекардиографтарды; диализаторларды өндіру.
Басқа 1.3. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 3-қосымша Тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі Р/с № Тауарлар тобының атауы Р/с № Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші 1 2 3 4 5 ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ 1. Көмір өндіру 1. Тас көмірді байыту 051031 Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 2. Тұз өндіру 0893 СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ; ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ, ЛАСТАНУДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ 2. Суды жинау, өңдеу және тарату 3. Суды жинау, өңдеу және тарату 36 3. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 4. Қауіпсіз қалдықтарды жинау 3811 КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАУ 4. Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі 5. Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі 49392 5. Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі 6. Жүктерді қоймаға қою және сақтау 523 6 Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі 7. Жүктерді қоймаға қою және сақтау 52104 ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 7. Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету 8. Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі 55105 9. Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру 55205 10. кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі 55305 11. Тұруға арналған өзге де орындардың көрсетілетін қызметтері 55906 АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС 8. Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер 12. Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет 6201 9. Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет 13. Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет 63 БІЛІМ БЕРУ 10. Білім беру 14. Білім беру 857 15. Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері 85.59 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 11. Денсаулық сақтау саласындағы қызмет 16. Денсаулық сақтау саласындағы қызмет 868 Ескертпелер: 1 Үйіндіден бөліп алынған тас көмір. 2 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы және арқанды көтергіштері қалалық және қалааралық көлік тасымалы жүйесіне кірмесе, оларды басқару. 3 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу. 4 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу. 5 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), «Медеу» мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады. 6 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау. 7 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру. 8 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жарақтандыру, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру. ________________________
Басқа 1.4. Экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымша Экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі Р/с № Экономикалық қызмет түрлерініңжалпы жіктеуішінің атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші 1 2 3 1. Сүтті мал тұқымын өсіру 01410 2. Құс шаруашылығы 01471 3. Етті өңдеу және консервілеу 10110 4. Ауылшаруашылығы құсының етін өңдеу және консервілеу 10120 5. Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндіру 10130 6. Сүт өңдеу және ірімшік жасау 10511 7. Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндіру 10910 8. Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру 13102 9. Ағаштан шпон, фанералар, тақтайлар және панельдер өндіру 16210 10. Қағаз және картон өндіру 17120 11. Бедерленген қағаз және картон өндіру 17211 12. Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын өндіру 17220 13. Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндіру 20151 14. Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру 20200 15. Бояулар, лактар, эмальдар және оларға арналған минералды пигменттер өндіру 20301 16. Сабын және жуу, тазалау және жылтырату құралдарын өндіру 20410 17. Басқа химиялық өнімдер өндіру 20599 18. Фармацевтикалық препараттар өндіру 21201 19. Жұмсақ жабындық және гидрооқшаулау материалдарын өндіру 23993 20. Отыруға арналған орындықтарды және басқа да жиһазды қоспағанда, офистер мен сауда кәсіпорындары үшін жиһаз өндіру 31012 _____________________
Басқа 2. Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің жол картасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің жол картасы Р/с № Іс-ша­ра­ның ата­уы Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар Аяқ­та­лу ны­са­ны Орын­да­лу мер­зі­мі 1 2 3 4 5 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2016 жы­л­ғы 19 сәу­ір­де­гі № 234 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген «Биз­не­стің жол кар­та­сы-2020» биз­не­сті қол­дау мен да­мы­ту­дың мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі­нің бір бө­лі­гін суб­си­ди­я­лау қа­ғи­да­ла­ры­на өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу ҰЭМ, Қар­жы­ми­ні, Әді­лет­ми­ні, ИДМ, АШМ, «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша), «Да­му» КДҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­сы 2018 жы­л­ғы жел­тоқ­сан 2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2017 жы­л­ғы 1 ақ­пан­да­ғы № 50 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Кре­дит­тер және тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ма­лын са­тып алу­дың ли­зин­гі, сон­дай-ақ ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сы­ның ли­зин­гі бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рін суб­си­ди­я­лау қа­ғи­да­ла­ры­на өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу АШМ, ҰЭМ, Қар­жы­ми­ні, Әді­лет­ми­ні, ЖАО, «Қа­зА­гро» ҰБХ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша), «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің бұй­ры­ғы 2018 жы­л­ғы жел­тоқ­сан 3 Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің Ба­сым жо­ба­лар­ға кре­дит бе­ру те­ті­гі шең­бе­рін­де бе­рі­ле­тін қа­ра­жат­ты мақ­сат­ты пай­да­ла­нуы­на тал­дау жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ҰЭМ, Әді­лет­ми­ні, «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша), «Да­му» КДҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің бұй­ры­ғы 2018 жы­л­ғы жел­тоқ­сан 4 Ба­сым жо­ба­лар­ға қол­же­тім­ді кре­дит бе­ру мін­дет­те­рін ше­шу үшін ЕДБ-нің ұзақ мер­зім­ді тең­ге­лік өтім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету ҰБ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Үкі­мет­ке ақ­па­рат 2019 жы­л­ғы шіл­де­ден ба­стап әр жар­ты­жыл­дық негі­зін­де 5 Ба­сым жо­ба­лар­ға кре­дит бе­ру те­ті­гі шең­бе­рін­де бө­лі­не­тін ЕДБ-нің ұзақ мер­зім­ді тең­ге­лік өтім­ді­лі­гі­нің мақ­сат­ты пай­да­ла­ны­луын ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету Қар­жы­ми­ні, ИИДМ, АШМ, «Да­му» КДҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) ҰЭМ-ге ақ­па­рат 2019 – 2020 жыл­дар­да­ғы шіл­де, жел­тоқ­сан 6 Ұзақ мер­зім­ді тең­ге­лік өтім­ді­лік­ті қам­та­ма­сыз ету­дің жол кар­та­сы шең­бе­рін­де бө­лі­не­тін ЕДБ-нің ұзақ мер­зім­ді тең­ге­лік өтім­ді­лі­гін мақ­сат­ты пай­да­ла­ну жө­нін­де есеп ұсы­ну «Да­му» КДҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша), ЕДБ (ке­лі­сім бой­ын­ша) ҰЭМ-ге ақ­па­рат тоқ­сан сай­ын 7 «Биз­не­стің жол кар­та­сы-2020» биз­не­сті қол­дау мен да­мы­ту­дың мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де өң­деу са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің кре­дит­те­рі бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сін суб­си­ди­я­ла­уды ұсы­ну бө­лі­гін­де 2019 – 2021 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті нақ­ты­лау бой­ын­ша ұсы­ны­стар ҰЭМ, «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша), «Да­му» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) Қар­жы­ми­ніне ұсы­ныс 2018 жы­л­ғы жел­тоқ­сан 8 Кре­дит­тер және тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ма­лын са­тып алу­дың ли­зин­гі, сон­дай-ақ ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сы­ның ли­зин­гі бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­ле­ріне суб­си­ди­я­лар бе­ру бө­лі­гін­де 2019 – 2021 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті нақ­ты­лау бой­ын­ша ұсы­ны­стар АШМ, ҰЭМ, ЖАО Қар­жы­ми­ніне ұсы­ныс 2018 жы­л­ғы жел­тоқ­сан 9 Жол кар­та­сы іс-ша­ра­ла­ры­ның орын­да­лу ба­ры­сы ту­ра­лы ақ­па­рат ұсы­ну ИИДМ, АШМ, Қар­жы­ми­ні, «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша), «Да­му» КДҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) ҰЭМ-ге ақ­па­рат тоқ­сан сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 20-кү­ніне қа­рай 10 Ба­сым жо­ба­лар­ға кре­дит бе­ру те­ті­гі шең­бе­рін­де бө­лі­не­тін ұзақ мер­зім­ді тең­ге­лік өтім­ді­лік­ті ЖКС-нің мақ­сат­ты пай­да­ла­нуын мо­ни­то­ринг­теу бой­ын­ша есеп бе­ру АШМ, «Да­му» КДҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша) ҰЭМ-ге ақ­па­рат тоқ­сан сай­ын Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АӨК – аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ – «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы «Да­му» КДҚ» АҚ – «Да­му» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы ЕДБ – екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҰЭМ – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стр­лі­гі АШМ – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Әді­лет­ми­ні – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі Қар­жы­ми­ні – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі ҰБ – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі ЖАО – жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган ЖКС – же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі