О ветеринарии Қолданыста
Басқа 0
Ветеринария туралы
📌 Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"ветеринариялық қадағалау", "ветеринариялық қадағалауды", "ветеринариялық қадағалаудың", "ветеринариялық қадағалауға" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды", "ветеринариялық-санитариялық бақылаудың", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ветеринариялық инспекторлар", "ветеринариялық инспекторлары", "ветеринариялық инспекторларының", "ветеринариялық инспекторларымен", "ветеринариялық инспекторларын", "ветеринария инспекторларын", "ветеринариялық инспекторларды", "Ветеринариялық инспекторлардың", "ветеринариялық инспекторлардың", "ветеринариялық инспектор", "ветеринариялық инспектордың", "ветеринариялық инспекторының", "ветеринариялық инспекторда", "ветеринариялық инспекторы", "ветеринариялық инспекторын", "ветеринариялық инспекторларға" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық инспекторлар", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлары", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларының", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларын", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларды", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларды", "Ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың", "ветеринариялық-санитариялық инспектор", "ветеринариялық-санитариялық инспектордың", "ветеринариялық-санитариялық инспекторының", "ветеринариялық-санитариялық инспекторда", "ветеринариялық-санитариялық инспекторы", "ветеринариялық-санитариялық инспекторын", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"базарларда", "базарлардағы", "Базарларда", "Базарлардағы", "базардағы", "нарықтардағы", "нарыққа" деген сөздер тиісінше "ішкі сауда объектілерінде", "ішкі сауда объектілеріндегі", "Ішкі сауда объектілерінде", "Ішкі сауда объектілеріндегі", "ішкі сауда объектілеріндегі", "ішкі сауда объектісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өнімдерге" деген сөз "өнімдер мен шикізатқа" сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер", "басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк" деген сөздер тиісінше "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "ішкі сауда объектілерін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ветеринариялық бақылау", "ветеринариялық бақылауды", "ветеринариялық бақылауға" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның", "Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен", "Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "Уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "Уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы" деген сөздердің алдынан тиісінше "кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін", "Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін" деген сөздермен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
"ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды", "ветеринариялық-санитариялық бақыланатын", "ветеринариялық-санитариялық бақылаудың", "ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды" деген сөздер тиісінше "ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды", "ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын", "ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың", "ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мен қадағалау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
"ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)", "ауылдық (селолық)", "ауыл (село), ауылдық (селолық)" деген сөздер тиісінше "ауылдың, ауылдық", "ауылдық", "ауыл, ауылдық" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
"Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24. № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 1-1
1-1) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдаймен сипатталатын, ауру ошағының маңайында оның белең алуына байланысты немесе осы аумақты жұқпалы аурулардың пайда болуынан қорғау үшін ұйымдастырылатын эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
Тармақша 2
2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
Тармақша 3-1
3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
Тармақша 3-2
3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу;
Тармақша 3-3
3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 3-4
3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
Тармақша 3-5
3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;
Тармақша 3-6
3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi – лазерлiк станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 4
4) бақылау аймағы -
буфер (қорғаныш) аймағы пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;
Тармақша 4-1
4-1) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);
Тармақша 5
5) буфер (қорғаныш) аймағы – жануарлар ауруын қоздырғыштың әкелінуіне жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу арқылы қолайлы аймақта немесе мәртебесі белгіленбеген аймақта жануарлар субпопуляциясының зоосанитариялық мәртебесін қорғау үшін белгіленетін аймақ;
Тармақша 6
6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
Тармақша 7
7) ветеринариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және (немесе) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
Тармақша 8
8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;
Тармақша 9
9) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат, ветеринариялық-санитариялық қорытынды; жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
Тармақша 10
10) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында
жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі,
жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 11
11) ветеринариялық препараттар мыналар:
жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез әдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар;
фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар;
жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған заттар.
Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттарға қолданылады;
Тармақша 12
12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы – ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтары (ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары), сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану;
Тармақша 13
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу – уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын олардың сараптамасының, байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарын жүргізудің нәтижелерi бойынша ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізбелеріне енгізуі және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi;
Тармақша 14
14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі – уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
Тармақша 15
15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары – ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау;
Тармақша 16
16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу – ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу;
Тармақша 16-1
16-1) ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін
облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
Тармақша 17
17) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;
Тармақша 18
18) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының
ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
Тармақша 19
19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
Тармақша 19-1
19-1) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;
Тармақша 20
20) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
Тармақша 21
21) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 22
22) есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
Тармақша 23
23) ет өңдейтін кәсіпорын - жануарларды сою және сойылған өнімдерді өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндірістік цехы, өндірістік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімі және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін басқа да қосалқы объектілері бар өндірістік кешен;
Тармақша 24
24) жануарды ветеринариялық қарап-тексеру – жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор оған жүргізетін клиникалық қарап-тексеру;
Тармақша 25
25) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
Тармақша 26
26) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау), сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
Тармақша 27
27) жануарлардан алынатын өнімдер - ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығының өнімдері;
Тармақша 28
28) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексеру – қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер жүзеге асыратын, жануарлардың ұшасы мен ағзаларына, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа оларда көзге көрінетін өзгерістерді, аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін қарап-тексеруді жүргізу;
Тармақша 29
29) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім;
Тармақша 29-1
29-1) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері – өндірудің (жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндірудің, дайындаудың (мал союдың), сақтаудың, қайта өңдеудің) технологиялық циклінің екі және одан да көп процесін (сатысын) жүзеге асыру қызметіне кіретін өндіріс объектілері (ұйымдары);
Тармақша 29-2
29-2) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;
Тармақша 30
30) жануарлардың аса қауіпті аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
Тармақша 31
31) жануарлардың жұқпалы аурулары - жануардың организміне инфекцияның өзіндік ерекшелігі бар қоздырғышын (инвазия) енгізу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұғатын жануарлар аурулары;
Тармақша 32
32) жануарлардың жұқпалы емес аурулары - жануарларды азықтандыру, ұстау, күтім жасау және шаруашылық мақсатқа пайдалану ережелерін бұзу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұқпайтын жануарлар аурулары;
Тармақша 33
33) жануарлардың энзоотиялық аурулары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталанатын көрінісімен, әлеуметтік-экономикалық залалымен сипатталатын жануарлар аурулары;
Тармақша 34
34) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерін тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім;
Тармақша 35
35) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минералдық заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар;
Тармақша 36
36) карантин - эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
Тармақша 36-1
36-1) компартмент – сауда мақсатында ветеринариялық бақылау мен қадағалау, профилактика және биологиялық қауіпсіздік шаралары қолданылатын бір немесе бірнеше ауру бойынша белгілі бір зоосанитариялық мәртебеге ие, биологиялық қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесі бар бір немесе бірнеше мал өсіру шаруашылығы жануарларының субпопуляциясы.
Компартментке зарарсыздандырылуына кепілдік беретін технологиялық сатылардан өткен, жануарлардан алынатын өнім ғана сақталатын немесе қайта өңделетін объектілерді қоспағанда, аумақтарында аталған мал өсіру шаруашылықтарында ұсталатын жануарларды сою, осындай жануарлардан алынған жануарлардан алынатын өнімді қайта өңдеу мен сақтау жүзеге асырылатын объектілер жатуы мүмкін;
Тармақша 37
37) қолайлы аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ;
Тармақша 38
38) қолайсыз аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ;
Тармақша 38-1
38-1) алып тасталды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 39
39) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
Тармақша 39-1
39-1) мониторинг – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, оларды талдауды, бағалауды және болжауды қамтитын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйін байқаудың мемлекеттік жүйесі;
Тармақша 39-2
39-2) өңірлендіру – жануарлардың субпопуляциясы мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын объектілерді ветеринариялық бақылау мен қадағалау, олардың профилактикасы, жойылуы және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолданылатын жұқпалы ауру бойынша белгілі бір зоосанитариялық мәртебеге ие болатын жұқпалы ауру бойынша мемлекеттің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) мәртебесін айқындау процесі;
Тармақша 39-3
39-3) процессингтік орталық – функцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 40
40) сараптама актісі (сынақ хаттамасы) – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін құжат;
Тармақша 41
41) сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) - ет өңдейтін кәсіпорын немесе сою пункттері жоқ кезеңде, ветеринариялық-санитариялық ережелер сақталып және жануар мен оның сойылған өнімдеріне ветеринариялық тексеру жүргізе отырып, мал сою үшін белгіленетін бейімделген үй-жай (орын);
Тармақша 42
42) сою пункті - ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіле отырып, жануарларды соятын және жануарлардың сойылған өнімдерін бастапқы өңдейтін жабдықтармен жарақтандырылған, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін мамандандырылған үй-жай;
Тармақша 42-1
42-1) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын және оларды өндірушілер туралы дара нөмірлері бойынша деректер қорында бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станциялар, заттар (құралдар) мен нысандар туралы ақпаратты енгізу рәсімі;
Тармақша 42-2
42-2) алып тасталды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 43
43) ішкі сауда объектілері – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жем қоспаларын өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері;
Тармақша 44
44) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында эпизоотия ошағы мен қолайсыз пунктте шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
Тармақша 44-1
44-1) шұғыл шаралар – ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда айқындалған тәртіппен жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған аса қауіпті, экзотикалық ауруларының таралу ошақтарын дереу оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 45
45) эпизоотия - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
Тармақша 45-1
45-1) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі – эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат;
Тармақша 46
46) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
Тармақша 47
47) эпизоотия ошағы - инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай.
📌 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен
соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың
24-тармағы
1) тармақшсының он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер
3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер
Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:
Тармақша 1
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
Тармақша 2
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
Тармақша 3
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
Тармақша 5
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
Тармақша 6
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
Тармақша 8
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тарау 2. 2-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
2-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
Бап 4. 4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат:
Тармақша 1
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, сақтау және өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауға;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) iндет жағдайын объективтi түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, нормаларды және ветеринариялық нормативтердi ғылыми негiзде әзiрлеуге;
Тармақша 6
6) ғылыми негiздемесi болған жағдайда, ветеринариялық iс-шаралар өткiзудiң халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейiне жетуге;
Тармақша 7
7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өткiзуде негiзсiз шектеулерге жол бермеуге;
Тармақша 7-1
7-1) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) мыналардың:
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге бағытталған.
📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретi
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзыретіне:
Тармақша 1
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу кіреді.
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) - 7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 9
9) - 16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 18
18) - 18-18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
Тармақша 1-1
1-1) уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес құрылатын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
Тармақша 4
4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кiредi.
📌 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдары
7-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдары
Тармақ 1
1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдарына аумақтық бөлімшелері, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттері бар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын оның ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның басшысы ведомствоның басшысына "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы" деген арнайы атау беруге құқылы.
Ведомствоның басшысы "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары" деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына "бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор" және "бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары" деген арнайы атаулар беруге құқылы.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
📌 Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 8. 8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
Тармақша 1
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 1-1
1-1) ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 2-1
2-1) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
4) профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тiзбесiн әзірлеу және бекіту;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 6
6) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 10
10) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 11
11) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлау;
Тармақша 12
12) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;
Тармақша 13
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді, тіркеу сынақтарынан өткізуді ұйымдастыру және олардың мемлекеттік тізілімдерін жүргізу;
Тармақша 14
14) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына қорытындылар беру;
Тармақша 15
15) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының, егер бұл шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын тану;
Тармақша 18
18) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізу;
Тармақша 19
19) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өміріне және денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетін ветеринариялық нормативтерді бекіту;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 22
22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 22-1
22-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық
техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 23
23) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
Тармақша 24
24) өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу тәртібін айқындау;
24-1) аумақты компартментке бөлу туралы, өңірлендіру туралы шешім шығару;
Тармақша 25
25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісу;
Тармақша 26
26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару тәртібі мен нормативін бекіту;
Тармақша 27
27) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және оларды есептен шығаруды ұйымдастыру;
Тармақша 28
28) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекіту;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 30
30) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 31
31) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығару;
Тармақша 32
32) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
32-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 33
33) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушылары штаммдарының пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 34
34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 35
35) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту;
Тармақша 36
36) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 37
37) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 38
38) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 38-1
38-1) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 38-2
38-2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 39
39) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру ережелерін бекіту;
Тармақша 40
40) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
Тармақша 41
41) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат беру;
Тармақша 42
42) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 43
43) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 44
44) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 45
45) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46
46) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 46-1
46-1) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-2
46-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-3
46-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-4
46-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-5
46-5) жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекiту;
Тармақша 46-6
46-6) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін бекіту;
Тармақша 46-7
46-7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 46-8
46-8)
алып
тасталды- ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 46-9
46-9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндіруді лицензиялау;
Тармақша 46-10
46-10) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-11
46-11) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-12
46-12) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің жоспарын бекіту;
Тармақша 46-13
46-13) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-14
46-14) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-15
46-15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-16
46-16) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-17
46-17) жануарларды карантиндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-18
46-18) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-19
46-19) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-20
46-20) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-21
46-21) жануарларға қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-22
46-22) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-23
46-23) мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-24
46-24) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 46-25
46-25) ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-26
46-26) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-27
46-27) өңірлер бөлінісінде ветеринария саласындағы нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерін бекіту;
Тармақша 46-28
46-28) ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-29
46-29) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-30
46-30) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу;
Тармақша 46-31
46-31) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото- және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-32
46-32) ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46-33
46-33) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау кіреді.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
Тармақша 47
47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
📌 Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді);
24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен
соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың
24-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері
9-бап. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;
Тармақша 2
2) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады.
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырады және дербес бөлімшелер нысанында құрылады.
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің аудандар, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде бекітілген өкілдерінің болуына жол беріледі.
Тармақ 2-1
2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшесiнiң басшысы бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер болып табылады, ал өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер болып табылады.
Тармақ 3
3. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар ветеринария саласындағы мынадай қызметті:
Тармақша 1
1) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасын, оларды емдеуді;
Тармақша 2
2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімшелер құра алады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдардың осы баптың 3-тармағында көрсетілген бөлімшелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
📌 Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Тармақша 1-1
1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 3
3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
Тармақша 4-1
4-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік
цифрлық тізілімін жүргізу;
Тармақша 4-2
4-2) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4-3
4-3) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын,
үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4-4
4-4) мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық
іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 4-5
4-5) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
Тармақша 4-6
4-6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
Тармақша 4-7
4-7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
Тармақша 4-8
4-8) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
Тармақша 4-9
4-9) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
Тармақша 6
6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
Тармақша 7
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар
ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;
Тармақша 8
8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 10
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 10-1
10-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
Тармақша 10-2
10-2) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 11
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
Тармақша 11-1
11-1) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-2
11-2) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-3
11-3) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
Тармақша 11-4
11-4) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-5
11-5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
Тармақша 11-6
11-6) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-7
11-7) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-8
11-8) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 12
12) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 14
14) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру,
ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 17
17) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 17-1
17-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 17-2
17-2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
Тармақша 17-3
17-3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;
Тармақша 17-4
17-4) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;
Тармақша 17-5
17-5) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету, ұсыну;
Тармақша 17-6
17-6) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды оларды беру процесінде ішінара іріктеу;
Тармақша 17-7
17-7) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;
Тармақша 17-8
17-8) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;
Тармақша 18
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 1-1
1-1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Тармақша 1-1
1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 3
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
Тармақша 4-1
4-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік
цифрлық тізілімін жүргізу;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
Тармақша 6
6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
Тармақша 7
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар
ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;
Тармақша 8
8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 10
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
Тармақша 11-1
11-1) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-2
11-2) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-3
11-3) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-4
11-4) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
Тармақша 11-5
11-5) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-6
11-6) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
Тармақша 11-7
11-7) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-8
11-8) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-9
11-9) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-10
11-10) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;
Тармақша 12
12) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 14
14) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
Тармақша 16
16) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 19
19) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 20
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 22
22) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 23
23) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 24
24)
мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
Тармақша 25
25) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 26
26) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 27
27) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын,
үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 28
28) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 29
29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
Тармақша 30
30) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
Тармақша 31
31) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
Тармақша 32
32) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 32-1
32-1) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
Тармақша 32-2
32-2) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiту;
Тармақша 32-3
32-3) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;
Тармақша 32-4
32-4) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету, ұсыну;
Тармақша 32-5
32-5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды оларды беру процесінде ішінара іріктеу;
Тармақша 32-6
32-6) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;
Тармақша 32-7
32-7) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;
Тармақша 33
33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 2
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
Тармақша 1
1) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарларды асырау қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4
4) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
7) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8
8) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 9
9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 10
10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 10-1
10-1) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсету;
Тармақша 10-2
10-2) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 11-1
11-1) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-2
11-2) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-3
11-3) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-4
11-4) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-5
11-5) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-6
11-6) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11-7
11-7) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 12
12) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 13
13) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 14
14) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 14-1
14-1) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 15
15) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 16
16) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 17
17) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 19
19) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 20-1
20-1) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 20-2
20-2) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 20-3
20-3) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20-4
20-4) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 20-5
20-5) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 20-6
20-6) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20-7
20-7) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20-8
20-8) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну;
Тармақша 21
21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
📌 Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 98-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10-1. 10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыретіне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;
Тармақша 2
2) елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) - 6) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 7
7) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 8
8) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 9
9) - 14) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) - 17) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
📌 Ескерту. 10-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 11. 11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) мынадай функцияларды:
уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды;
аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды және жоюды;
осы Заңның 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың
функцияларын;
шұғыл шаралар жүргізуді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
Уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасына және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотикалық ауруларының диагностикасына технологиялық байланысты қызметке:
зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
өлшем құралдарын салыстырып тексеру және сынақ жабдығын аттестаттау;
дезинфекцияның сапасын бактериологиялық зерттеу;
биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату мен жою жатады;
Тармақша 3
3) мынадай функцияларды:
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
эпизоотиялық мониторингті;
Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясын жүргізуді;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін;
микроорганизмдердің штамдарын депонирлеуді;
жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті және экзотикалық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қызметтің лицензияланатын түрлерін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
Тармақ 4
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мынадай функцияларды:
жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;
ветеринариялық анықтама беруді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады.
Облыстардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда ветеринариялық пункттерімен құрылады.
Жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 13-бабында көрсетілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.
📌 Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 98-VII (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 12-1. 12-1-бап. Ветеринария саласындағы қызметке арналған
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау,
одан айыру (оны кері қайтарып алу)
12-1-бап. Ветеринария саласындағы қызметке арналған
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау,
одан айыру (оны кері қайтарып алу)
Тармақ 1
1. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтатыла тұрады:
Тармақша 1
1) ветеринария саласындағы лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезінде жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, біліктілік, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды бұзушылықтың (бұзушылықтардың) белгіленуі (мәлім болуы, анықталуы);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган тоқтата тұрады.
Тармақ 2
2. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұрған негіздер алты ай ішінде жойылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) мынадай негіздердің бірі бойынша жүзеге асыралады:
Тармақша 1
1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлардың, себептердің белгіленген мерзімдерде жойылмауы;
Тармақша 2
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуының соңғы екі жыл ішінде бірнеше рет (екі реттен артық) тоқтатыла тұруы;
Тармақша 3
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактісінің анықталуы;
Тармақша 4
4) соңғы екі жыл ішінде лицензиялық қызметтің жүзеге асырылмауы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Тармақ 4
4. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны кері қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. Кодекс 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 12-2. 12-2-бап. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және
(немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру
(оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы
екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның
қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату
12-2-бап. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және
(немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру
(оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы
екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның
қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату
Тармақ 1
1. Осы Заңда көзделмеген, ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің шығу (болу), жүру (бағыты) және (немесе) келу (межелі пункт) орнының эпизоотиялық ахуалының нашарлауы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтың анықталуы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының күші ветеринария саласындағы мынадай екінші санаттағы рұқсаттарға қолданылмайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіркелуімен жемшөп қоспаларына арналған тіркеу куәлігі;
Тармақша 2
2) ветеринариялық препараттарға арналған тіркеу куәлігі.
Тармақ 4
4. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар және (немесе) оларға қосымшалар иелерінің осы қолданылуы тоқтатыла тұрған, жүзеге асырылуына ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсат және (немесе) оған қосымша берілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруына жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың белгіленген мерзімде жойылмауы;
Тармақша 2
2) жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде қайтадан анықталуы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісі өндірісінің процесіндегі жүйелі іркілістің (соңғы он екі ай ішінде екі реттен артық) салдары болып табылатын және жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтардың анықталуы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның оларға берілген қолданылу мерзімінің өтуі;
Тармақша 2
2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттің (операцияның) толық көлемде жасалуы;
Тармақша 3
3) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу);
Тармақша 4
4) жеке тұлға қызметінің тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы;
Тармақша 5
5) өтініш берушінің ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасауы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларының пайда болу және таралу тәуекелінің жоғары болуы;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезден бастап ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу талап етілетін қызмет түрлерін немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жол берілмейді.
📌 Ескерту. Кодекс 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 12-3. 12-3-бап. Патогенді биологиялық агенттермен
жұмыс істеуге байланысты қызмет
12-3-бап. Патогенді биологиялық агенттермен
жұмыс істеуге байланысты қызмет
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша негізінде жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. Заң 12-3-баппен толықтырылды - ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 13. 13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет
Тармақ 1
1. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
1-1. Жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне:
Тармақша 1
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
Тармақша 2
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;
Тармақша 3
3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу;
Тармақша 4
4) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткiзу;
Тармақша 5
5) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлері кіреді.
Тармақ 2
2. Ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жасайды.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғалар өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi бойынша ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
Бап 13-1. 13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар
13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар
Тармақ 1
1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарлама жасауға жатады:
Тармақша 1
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
Тармақша 2
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;
Тармақша 2-1
2-1) жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару;
Тармақша 3
3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.
Тармақ 2
2. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
Тармақ 3
3.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
Тармақша 1
1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық жиынтығын иеленуі;
Тармақша 2
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
Тармақша 3
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Тармақ 4
4.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар хабарламаға:
Тармақша 1
1) тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірі мен берілген күнін қамтитын, ұйымның бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекемделген жиынтық кестені (заңды тұлғалар);
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесін (жеке тұлғалар);
Тармақша 3
3) мамандандырудан немесе біліктілігін жетілдіруден және оны арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификатты;
Тармақша 4
4) ветеринариялық-санитариялық қорытындының көшірмесін қоса береді.
Тармақ 5
5. Р
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу, жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
Тармақша 1
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі;
Тармақша 2
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
Тармақша 3
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) объектіге есептік нөмір берілгені туралы растаудың;
Тармақша 2
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 6
6.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
Тармақша 1
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қажетті үй-жайларының, жабдық жиынтығының және техникасын иеленуі;
Тармақша 2
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
Тармақша 3
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 7
7. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік
цифрлық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған кезде талап етілмейді.
📌 Ескерту. 2-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 13-2. 13-2-бап. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен
шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін
айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері
ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама
беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе
тоқтатқаны туралы хабарламалар
13-2-бап. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен
шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін
айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері
ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама
беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе
тоқтатқаны туралы хабарламалар
Тармақ 1
1. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруы хабардар етуге жатады.
Тармақ 2
2. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлері ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұл туралы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін хабардар етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің:
Тармақша 1
1) ветеринария саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі, немесе техникалық, немесе кәсіптік білімі болуға;
Тармақша 2
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс субъектісімен, жемшөпті өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйыммен еңбек қатынастары болуға міндетті.
Хабарламаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Тармақ 4
4. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтатыла тұрады:
Тармақша 1
1) ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды бұзушылықтың (бұзушылықтардың) белгіленуі (мәлім болуы, анықталуы);
Тармақша 2
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеудің анықталуы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың анықталуы;
Тармақша 4
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімімен алты айға тоқтатыла тұрады.
Тармақ 5
5. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген кезден бастап жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен олардың жойылғанын тексереді және соның нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде хабарламаның қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды не хабарламаның қолданылуын қайта бастаудан бас тарту туралы уәжді жауап ұсынады.
📌 Ескерту. 2-тарау 13-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді - ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 3. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
Бап 14. 14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
📌 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау – уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1-2
1-2. Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1-3
1-3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды;
Тармақша 2
2) бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткiзу) мен пайдалануға бақылау жасауды және қадағалауды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;
Тармақша 5
5) ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
Тармақша 6-1
6-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
Тармақша 6-2
"6-2) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды;
Тармақша 6-3
6-3) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметін бақылау мен қадағалауды;
Тармақша 6-4
6-4) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуын және өткізілуін, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін және ондағы ақпараттың жаңартылып отырылуын бақылау мен қадағалауды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
Тармақ 2-1
2-1. Алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
Тармақ 3-1
3-1. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi уәкілетті орган әзiрлейді және бекiтедi.
📌 Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 14-1. 14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
14-1-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1
1. Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
Тармақша 1
1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
Тармақша 1-1
1-1) ішкі сауда объектілерінде;
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік, оның ішінде лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
Тармақша 4
4) ветеринариялық бақылау бекеттерінде;
Тармақша 5
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
Тармақша 6
6)
жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
Тармақша 7
7)
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
Тармақша 8
8) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
Тармақша 8-1
8-1) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), күтіп-ұстауға, көбейтуге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
Тармақша 9
9) жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тергеп-тексеру, тексеру және профилактикалық бақылау нысанында, оның ішінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 3-1
3-1. Жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуының және олардың тамақтан улануының себептері мен жағдайларын анықтау және белгілеу үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарауды жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау органдарына жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлаған;
Тармақша 2
2) эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізілген;
Тармақша 3
3) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен әкетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің партиясында анықталғаны туралы нотификациялар, хабарлар, хабарламалар келіп түскен;
Тармақша 4
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкетуге немесе әкелуге тыйым салулар мен шектеулерді, уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды бұзу фактілері анықталған кезде қабылдайды.
Тармақ 3-2
3-2. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Облыс аумағында орналасқан екі және одан да көп аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Екі және одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағын қамтитын тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары қабылдайды.
Тармақ 4
4. Алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және Еуразиялық экономикалық одақтың жануарлардың жұқпалы ауруларының өршуіне, таралуына жол бермеу, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының басқа мемлекеттерден әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі құқығын құрайтын актілер талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау осы Заңға сәйкес:
1) тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізетін сауда базарларында;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында, сондай-ақ ветеринариялық бақылау бекеттерінде;
3) карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде, жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша ошақтарда күн сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 5-1
5-1. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған және (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызған жағдайларды қоспағанда, жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау осы Заңда айқындалған тәртіппен жылына кемінде екі рет бару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актісін жасайды.
Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, бақылау және қадағалау субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіпті жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
Тармақ 7-1
7-1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
Тармақша 1
1) цифрлық жүйелерден;
Тармақша 2
2) ветеринариялық есепке алу мен есептіліктен;
Тармақша 3
3) басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларынан;
Тармақша 4
4) ветеринария жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
Тармақша 5
5) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылауға жататын өнімді әкелуге, әкетуге, орнын ауыстыруға, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, жергілікті атқарушы органдар және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ай сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ұсыным жасайды, ол бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Ұсынымда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсіндірмелер, орындау мерзімі көрсетіледі.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып беріледі немесе төменде санамаланған тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) қолма-қол – алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап жіберіледі және табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімдерде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері есепке алуға тиіс.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай өз нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
Тармақ 9
9. Тексеру нәтижелері туралы акт Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау актісі тексеру нәтижелері туралы актілерді тіркеудің арнайы журналында тіркеледі, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жедел ден қою шараларын қолдануға бағытталған қызметі болып табылады.
📌 Ескерту. 14-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 14-2. 14-2-бап. Ветеринария саласындағы жедел ден қою шаралары
және оларды қолдану тәртібі
14-2-бап. Ветеринария саласындағы жедел ден қою шаралары
және оларды қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлардың өмірі мен саулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
Тармақ 2
2. Осы бапта көзделген, тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және тергеп-тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізуді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
Тармақ 3
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес келмейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, (орын ауыстыруға), өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді қайтару;
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (оны кері қайтарып алу), тоқтату;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу, оларды тоқтата тұру;
Тармақша 4
4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою;
Тармақша 5
5) көлік құралын тоқтату және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстау.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына және 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуына қатысты ғана қолданылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағы 4) және 7) тармақшаларының, 9-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша қадағалау актісі ресімделгеннен кейін ветеринариялық-санитариялық инспектор жедел ден қою шарасын қолдануды тікелей жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
Тармақ 8
8. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
Тармақ 11
11. Тергеп-тексеру актісінде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Қадағалау актісінің қолданысы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 12
12. Жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
Тармақ 13
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, тергеп-тексеру актісінде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 15
15. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
Тармақша 2
2) осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
Тармақ 16
16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
📌 Ескерту. Заң 14-2-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 15. 15-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерi
15-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерi
Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерi болып табылады:
Тармақша 1
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене жасушалары;
Тармақша 2
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
Тармақша 3
3) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;
Тармақша 4
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
Тармақша 5
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;
Тармақша 6
6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметі;
Тармақша 7
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;
Тармақша 8
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;
Тармақша 9
9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама;
Тармақша 9-1
9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);
Тармақша 10
10) ішкі сауда объектілері;
Тармақша 10-1
10-1) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
Тармақша 11
11) процессингтік орталық.
📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
Тармақша 2
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
Тармақша 3
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
Тармақша 3-1
3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 4
4) шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 2
2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
Тармақша 1
1) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
Тармақша 3
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
Тармақша 4
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
Тармақ 3
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
Тармақша 1
1) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
Тармақша 3
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
Тармақша 3-1
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
Тармақша 6
6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
Тармақ 4
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
Тармақша 1
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
Тармақша 3
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
Тармақша 3-1
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
Тармақша 4
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
📌 Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары
17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары
📌 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер
енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз кiруiне;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргiзуге;
Тармақша 4
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
Тармақша 5
5) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
Тармақша 6
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
Тармақша 6-1
6-1) ветеринариялық жете тексеруді, қарап-тексеруді, диагностиканы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідіртуге;
Тармақша 6-2
6-2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде:
фото- және бейнетүсірілім үшін техникалық құралдарды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдалануға;
өзге де техникалық құралдарды (жабдықтар, аспаптар, өлшем құралдары, құрылғылар, құралдар және өзге де техникалық құралдар) оларды пайдалану (қолдану) жөніндегі нұсқаулықтарға және өзге де құжаттарға сәйкес пайдалануға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
📌 Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі; өзгерістер енгізілген жоқ); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі);
05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 18. 18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi
18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi
📌 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер
енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мынадай актiлер:
Тармақша 1
1) нұсқамалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу туралы нұсқама;
жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы нұсқама;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, шаруашылық қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқама;
ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқама;
ауру жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқама;
Тармақша 1-1
1-1) эпизоотиялық зерттеу актісі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңнамасы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы;
Тармақша 3
3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою туралы қаулы шығарады.
Тармақ 2
2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртiбiн уәкілетті орган бекiтедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
📌 Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 19. 19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тәуелсiздiгi
19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тәуелсiздiгi
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
📌 Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Бап 20. 20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау
Тармақ 1
1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында, сондай-ақ ветеринариялық бақылау бекеттерінде міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілер сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына эпизоотикалық тұрғыдан қолайлы басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi.
Тармақ 3
3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi тиiстi аумақтардың iндеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады.
Тармақ 5
5. Жануарлардың аса қауiптi ауруларының шығуы тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген кезең мен тәртiп бойынша мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
Тармақ 6
6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді.
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 7
7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитiне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнен экспорт, импорт және транзит елiндегi iндеттiлiк жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетудi болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесiнiң жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
Тармақ 8
8. Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау құжаттық, физикалық және зертханалық ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Құжаттық бақылау орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкелуге (әкетуге) немесе транзиттеуге рұқсаттардың болуын; ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сәйкестігін, шектеулер мен тыйымдардың болмауын растайтын құжаттарды тексеруден тұрады.
Физикалық бақылау орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жете тексеруді (қарап-тексеруді); орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға, ашып көрсетілген құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін, оның ішінде ілеспе құжаттарда көрсетілмеген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің болуын жоққа шығару және үйлеспейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің бірлесіп орын ауыстыруын болғызбау мақсатында тексеруді; көлік құралының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау үшін қажетті белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігін бақылауды; орын ауыстыру (тасымалдау) шарттары мен режимін бақылауды; ораманың және таңбалаудың белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтиды. Жете тексеру (қарап-тексеру) нәтижелері бойынша тиісті акт жасалады.
Зертханалық бақылау орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жете тексеру (қарап-тексеру) кезінде көрінетін органолептикалық өзгерістер анықталған және жануарлардың жұқпалы ауруларын жоққа шығару жағдайларында зерттеулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Көрсетілген бақылау түрлерін жүзеге асыру нәтижелері бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қатысты: рұқсат беру (өткізу) туралы; қозғалысты тоқтата тұру туралы; әкелуге тыйым салу туралы; қайтару туралы шешімдердің бірі қабылданады.
Тармақ 10
10. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелу кезін қоса алғанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импорты кезінде оның түпкілікті межелі пунктінде сынамалар алуды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы қоса алғанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні толық жете тексере отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.
📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Тармақ 1
1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
Тармақ 2
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде оларға мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиеу, түсiру жүргiзiлетiн аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келiсе отырып ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшiн пайдаланылатын және пайдаланылған көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
Тармақ 5
5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
📌 Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Бап 22. 22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Тармақ 1
1. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мiндеттi болып табылады.
Тармақ 2
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
Тармақ 3
3. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға:
Тармақша 1
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қоса жiберiлетiн ветеринариялық құжаттарға сәйкестiгiн тексеру;
Тармақша 2
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық тексеріп қарау;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру;
Тармақша 4
4) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қою және жою;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыру кiредi.
Тармақ 4
4. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 7
7. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде, ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.
📌 Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 23. 23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Тармақ 1
1. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізілуі міндетті.
Тармақ 2
2. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтайды және өткізеді.
Тармақ 3
3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшіліктері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде қызметтік үй-жай беруге міндетті.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының және Еуразиялық экономикалық одақтың, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, осы Заңды, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтай отырып, импорттаушы елдердің құқығын құрайтын актілердің талаптарын сақтау тұрғысынан жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезеңі тексеру басталған кезден бастап бес күннен аспауға тиіс.
Тармақ 7
7. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сәйкестігін; экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қағидаларға сәйкестігін; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринарлық есепке алу есебін жүргізуді және ұсынуды; ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді; дезинфекция, дератизация, дезинсекция жүргізуді ұйымдастыруды; жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіріп-өсіру, дайындау (мал сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды, техникалық регламенттерді сақтауды; биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды растайтын құжаттарды тексеруден тұрады.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы шешімді осы Заңның 14-1-бабының 5-1-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша осы Заңға, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құжаттар жасалады, сондай-ақ осы Заңға сәйкес жедел ден қою шаралары қабылданады.
Бақылау және қадағалау субъектілері құжаттарда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 8
8. Экспорттаушыларды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау импорттаушы елдің ветеринариялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Экспорттаушылар болып табылатын, жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері импорттаушы елдердің талаптарын сақтау тұрғысынан оларды алдын ала хабардар етпестен, жылына кемінде екі рет инспекциялауға, осы объектінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерінің қауіпсіздігін мониторингтеуге жатады. Мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына және импорттаушы елдердің талаптарына сәйкес жүргізіледі және зертханалық мониторингті, клиникалық мониторингті (тек жануарларды әкеткен кезде), ветеринариялық құжаттарды ресімдеудің дұрыстығына және айналымдағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді таңбалаудың дұрыстығына мониторингті қамтуға тиіс.
Инспекциялау аяқталғаннан кейін экспорттаушы болып табылатын, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің басшылығына анықталған сәйкессіздіктер туралы мәліметтер және мерзімдерін көрсете отырып, оларды түзету жөнінде шаралар қабылдау бойынша ұсынымдар беріледі.
Субъектілер ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.
Инспекциялауды жүзеге асырған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор инспекциялау аяқталғаннан кейін жүргізілген инспекциялау туралы есепті қалыптастырады.
📌 Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 24. 24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар айналысын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар айналысын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған, таралуы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына алып келуі мүмкін аса қауіпті және экзотикалық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды екі жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркеуге жол беріледі.
Ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеу қолданылатын кезеңде ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті тіркеу сынақтары өткізілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
Тармақ 3
3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар өндiру жөнiндегi ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн құруға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестiгiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
📌 Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Адамдар үшiн тағам ретiнде қолданылмайтын жануарларға арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп қоспаларына қойылатын қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
3-1-тарау. Адамдар үшiн тағам ретiнде қолданылмайтын жануарларға арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп қоспаларына қойылатын қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
📌 Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 29.12.2006 № 209 Заңымен.
Бап 24-1. 24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру және өлшеп орау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру және өлшеп орау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру және өлшеп орау кезiнде техникалық регламенттердiң талаптары сақталуға тиiс.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өлшеп орау сақтау, тасымалдау (орнын ауыстыру) және өткiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 3
3. Орау материалы ветеринарлық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасына әсер етпеуге тиiс.
📌 Ескерту. 24-1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 24-2. 24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) олардың қауіпсіздігін және олардың сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілердің талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) құрғақ, таза, жемдік қорлардың зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс.
📌 Ескерту. 24-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 24-3. 24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары олардың қауiпсiздiгiн барлық сақтау мерзiмi iшiнде қамтамасыз ететiн жағдайларда арнайы қойма үй-жайларында сақталуға тиiс.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау шарттары ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көзделген талаптарды ескере отырып, дайындаушы белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтау мерзiмдерi және (немесе) жарамдылығы, сақтау шарттары туралы ақпарат берiлуге тиiс.
📌 Ескерту. 24-3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 24-4. 24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде техникалық регламенттерге, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес оларды қолдану технологиясының талаптары ескерілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Жануарлардан алынған, оларға қатысты қолданылған өнiмдегi заттардың және ветеринариялық препараттар құрамдас бөлiктерiнің қалдықтары техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерде белгiленген нормативтерден аспауға тиiс.
Тармақ 3
3. Жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат етiлмейдi.
📌 Ескерту. 24-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 24-5. 24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезiнде өндiрушiлер мен сатушылар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiк және сапа көрсеткiштерi туралы толық және дұрыс ақпарат беруге тиiс.
Тармақ 2
2. Мынадай:
Тармақша 1
1) осы Заңның, техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілердің талаптарына сәйкес келмейтін;
Тармақша 2
2) бүлiнудiң анық белгiлерi бар;
Тармақша 3
3) олардың шығарылу тегiн растайтын өндiрушiнiң құжаттары жоқ және оларға қатысты ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiркелуi туралы ақпараты жоқ;
Тармақша 4
4) берiлген ақпаратқа сәйкес келмейтiн және оларға қатысты олардың шығарылу тегiн растайын құжаттардың жалғандығы туралы негiзделген күмәнi бар;
Тармақша 5
5) белгiленген жарамдылық мерзiмi жоқ немесе жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен;
Тармақша 6
6) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерде көзделген мәлiметтермен таңбаланбаған не оларға қатысты осындай ақпараты жоқ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне шығаруға болмайды.
📌 Ескерту. 24-5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 24-6. 24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен олардың бұдан әрi пайдаланылуы немесе кәдеге жаратылуы, жойылуы тұрғысынан сараптама жасалуға тиiс.
Тармақ 2
2. Сараптама жасауға және оны бұдан әрi пайдалану немесе кәдеге жарату, жою ықтималдығы туралы шешiм қабылдауға қажеттi кезеңде ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары партиясының көлемi көрсетiлiп және ветеринариялық препараттарға, жемшөпке және жемшөп қоспаларына қол жеткiзуге мүмкiндiк бермейтiн жағдайларды сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға тиiс.
Тармақ 3
3. Ветеринарлық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары иiсi күштi шығатын заттармен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе осы өнiмге тән емес рең беретiн бояғышпен жарамсыздандырылуға тиiс.
📌 Ескерту. 24-6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Тарау 4. 4-тарау. ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ, ОНЫҢ IШIНДЕ ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
4-тарау. ЖАНУАРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ, ОНЫҢ IШIНДЕ ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМҒА ОРТАҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
Бап 25. 25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi
Жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
Тармақша 4
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
Тармақша 7
7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;
Тармақша 10
10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;
Тармақша 11
11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;
Тармақша 11-1
11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;
Тармақша 12
12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;
Тармақша 12-1
12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;
Тармақша 13
13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті.
📌 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 26. 26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар
26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар
Тармақ 1
1. Ветеринариялық iс-шаралар:
Тармақша 1
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;
Тармақша 2
2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын,
буфер (қорғаныш) аймағын қоса алғанда, iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық iс-шараларды өткізу тәртiбi, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып әзірленетін және қолданылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалармен айқындалады.
📌 Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 26-1. 26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
Тармақ 1
1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, уәкілетті орган қатерді басқару жөнінде қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануға құқылы.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдар, биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі ескеріле отырып анықталатын ғылыми деректерге, жануарлар мен адамның өмірі мен денсаулығы үшін қатерді объективті бағалауға негізделуге тиіс.
Тармақ 3
3. Қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға баламалылығын бағалау кезінде ғылыми деректер, зерттеулердің (оның ішінде зертханалық зерттеулердің), нақты аурулардың таралу мониторингінің нәтижелері және
аймақтардың, компартменттің болуы, өңірлендіру ескерілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Басқа мемлекеттердің ветеринариялық-санитариялық шаралары мынадай шарттар болған:
Тармақша 1
1) қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келген;
Тармақша 2
2) жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасы аумағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігінің тиісті деңгейі қамтамасыз етілген кезде, баламалы деп танылады.
📌 Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 26-2. 26-2-бап. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру
26-2-бап. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру
📌 Ескерту. 26-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру:
Тармақша 1
1) басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу;
Тармақша 2
2) ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау;
Тармақша 3
3) халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына және өткізілетін ветеринариялық іс-шараларға қарай аймақтардың мынадай түрлері анықталады:
Тармақша 1
1) қолайлы аймақ;
Тармақша 2
2) бақылау аймағы;
Тармақша 3
3) буфер (қорғаныш) аймағы;
Тармақша 4
4) қолайсыз аймақ;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған өзге де аймақтар.
Тармақ 3
3. Аумақты аймақтарға, компартмент пен олардың шекараларына бөлу және өңірлендіру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 26-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 27. 27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
Тармақ 1
1. Алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 № 116 Заңымен.
Тармақ 2
2. Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
Тармақ 3
3. Алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 № 116 Заңымен.
Тармақ 4
4. Тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен карантин тоқтатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, уәкілетті орган шектеу iс-шараларын белгілейді.
📌 Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 Заңымен (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 28. 28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
Тармақ 1
1. Эпизоотика ошақтарын жою және уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзілген жануарлардың аса қауiптi ауруларының таралу қаупінің алдын алу кезiнде пайдаланылатын, үнемi жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгiлi бiр көлемi ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемiнен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлерi бойынша қордың нормативiн уәкілетті орган белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
📌 Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Бап 29. 29-бап. Ветеринариялық нормативтер
29-бап. Ветеринариялық нормативтер
Тармақ 1
1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеринариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.
Тармақ 3
3. Ветеринариялық нормативтер iндеттердiң объективтi және негізделген эпизоотиялық мониторингін жүргiзу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткiзуге арналған ветеринариялық iс-шаралардың көлемi мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкiндiктерiн болжау үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 4
4. Ветеринариялық нормативтерді уәкілетті орган бекітеді және ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
📌 Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 30. 30-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу
30-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу
Тармақ 1
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзат, олардың қауiптілік дәрежесiне қарай, уәкілетті орган бекiткен тәртiппен мiндеттi түрде алып қоюға және жойылуға не алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) және өңделуге тиіс.
Тармақ 2
2. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
Тармақ 3
3. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда:
Тармақша 1
1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
Тармақша 2
2) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеттіруге құқығы бар.
📌 Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Бап 31. 31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келiсе отырып, уәкілетті орган белгiлейдi.
📌 Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 32. 32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру
32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті сәйкестендіруге жатады.
Тармақ 1-1
1-1. Процессингтік орталық:
Тармақша 1
1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;
Тармақша 2
2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеуді;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындауды;
Тармақша 4
4) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөнінде дерекқор жүргізуді;
Тармақша 4-1
4-1) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII
(01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5)
алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6)
алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті бақылау және қадағалау мақсатында есептік нөмірлер беруге жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар жатады.
📌 Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 5. 5-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ, ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МЕН ОЛАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТ
5-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ, ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МЕН ОЛАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТ
📌 Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 33. 33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
Тармақ 1
1. Жануарларды пайдалану рәсiмдерiн, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуға тиiс.
Тармақ 2
2. Ғылыми зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың және жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатымен олар байқаудан өткiзiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Микроорганизмдердiң Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижесiнде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезiнде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс.
📌 Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 34. 34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру
34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру
Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бағдарламалар мiндеттi түрде уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.
📌 Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 34-1. 34-1-бап. Әлеуметтік қолдау
34-1-бап. Әлеуметтік қолдау
Тармақ 1
1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына әлеуметтік қолдаудың мынадай қосымша шаралары:
Тармақша 1
1) жергілікті өкілді органдар айқындаған мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;
Тармақша 2
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу;
Тармақша 3
3) малы барларды жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен және мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз ету ұсынылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, ветеринария қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілей алады.
📌 Ескерту. Заң 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.01.2012 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 6. 6-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ YШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
6-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ YШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
📌 Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 35. 35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi
Тармақ 1
1. Мыналарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органды ұстауға арналған шығыстар;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк ветеринариялық мекемелердi ұстауға арналған шығыстар;
Тармақша 3
3) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
Тармақша 3-1
3-1) осы Заңның 11-бабына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға бекітіп берілген функцияларды орындауға арналған шығыстар;
Тармақша 4
4) ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы;
Тармақша 4-1
4-1) импорттаушы ел өкілдерінің ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бір бөлігін инспекциялауын және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүйесінің аудитін қоса алғанда, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру рәсімін ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 4-2
4-2) импорттаушы ел өкілдерінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын жүзеге асыру мақсатында жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды инспекциялауын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 4-3
4-3) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті, экзотикалық ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
Тармақша 5
5) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою;
Тармақша 6
6) мыналардың:
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
Тармақша 7
7) ветеринарияда пайдаланылатын Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруды, жүргізуді және күтіп-бағуды қамтамасыз етуге арналған шығыстар.
Тармақша 8
8) алып тасталды;
Тармақша 9
9) ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіру үшін пайдаланылатындарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алуға арналған шығыстар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері иелерінің есебінен мыналар орындалады:
Тармақша 1
1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткiзу, серияларын бақылау және оларға тiркеу сынағын жүргiзу;
Тармақша 2
2) алып тасталды-
ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) ветеринариялық-санитариялық сараптама;
Тармақша 4
4) дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция (ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiндегi дезинфекцияны қоспағанда);
Тармақша 5
5) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
Тармақша 6
6) ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың бланкілерін түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне есепке жатқыза отырып беру, ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алу;
Тармақша 6-1
6-1) тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген көлемінен тыс іс-шаралар өткізу (өтініш жасалған жағдайда);
Тармақша 6-2
6-2) ветеринарияда пайдаланылатын, Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясында сақталуға жатпайтын микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу;
Тармақша 6-3
6-3) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша референцияларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын олардың көлемінен асыра жүргізу (өтініш жасалған жағдайда);
Тармақша 7
7) жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулерді және ветеринариялық дауалауды жүргізу.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағының 4-2) тармақшасында көзделген
іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен оларды қаржыландыру көлемінен асыра қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 36. 36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
📌 Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 37. 37-бап. Осы заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 2376 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 24, 443-құжат; N 23, 931-құжат) күші жойылды деп танылсын.