О повышении ставок земельного налога по городу Текели Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Текелі қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 504, 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 20 пайызға арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.