О повышении ставок земельного налога по Глубоковскому району Күшін жойған
Басқа 0
Глубокое ауданы бойынша жер салығының
мөлшерлемелерін арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Глубокое ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» 2015 жылғы 20 қазандағы № 40/8-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4240 болып тіркелген) сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабында белгіленген, жер салығының мөлшерлемелері жер салығының базалық мөлшерлемелерінен арттырылсын.
Тармақ 2
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 506 – бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемелері жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызына арттырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері
Глубокое аудандық мәслихатының
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 26/7-VI шешіміне
қосымша
Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері
№ аймақтар
Аймаққа кіретін елді мекендер
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелерін арттыру пайызы
1
Глубокое кенті, Белоусовка кенті,
Прапорщиково ауылы, Опытное поле ауылы, Солнечное ауылы
50%
2
Верхнеберезовский кенті, Алтайский кенті, Предгорное ауылы, Кожохово ауылы
49%
3
Веселовка ауылы, Березовка ауылы, Секисовка ауылы, Прогресс ауылы, Уварово ауылы
48%
4
Перевальное ауылы, Белокаменка ауылы, Бобровка ауылы, Тарханка ауылы
47%
5
Ушаново ауылы, Степное ауылы, Быструха ауылы, Планидовка ауылы, 226 км разъезді, Черногорка ауылы
46%
6
Ново Михайловка ауылы, Заречное ауылы, Каменный Карьер ауылы, Новая Ульба ауылы, Ульба Перевалочная станциясы, Винное ауылы, Малоубинка ауылы
45%
7
Черемшанка ауылы, Горная Ульбинка ауылы, Зимовье ауылы
44%
8
Калинино ауылы, Сметанино ауылы, Красная Заря ауылы
43%
9
Веселое ауылы, Аврора станциясы
42%
10
Волчиха ауылы, Топиха ауылы, Карагужиха кенті
40%