О корректировке базовых ставок земельного налога Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 510 - бабы 1 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1- тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес түзету коэффициенттерін қолдана отырып, Курчатов қаласының жер - бағалау аудандары бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелері арттырылсын.
Тармақ 2
2. Курчатов қалалық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16/120-IV «Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-68 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 17 наурызда «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған), 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/154-VІ «Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16/120-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-122 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 23 мамырда «Мой край» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Курчатов қаласының жер - бағалау аудандары бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 26/198-VI шешіміне қосымша Курчатов қаласының жер - бағалау аудандары бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері № р/с Жер - бағалау аудандары Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері 1 I 1.5 2 II 1.5 3 III 1.5 4 IV 1.5 5 V 1.4 6 VI 1.4 7 VII 1.4 8 VIII 1.4 9 IX 1.3. 10 X 1.3. 11 XI 1.3.