Құжат мәтініне өту

Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа Толебийского района

Қаулы · № 663 · қабылданған 20.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-126825/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа Толебийского района Қолданыста Қаулы ·№ 663 ·20.11.2018
20.11.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа Толебийского района

Қолданыста Қаулы ·№ 663 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа Толебийского района
Атауы (қаз.)
Төлеби ауданының жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасмалдаудың тарифін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
663
Қабылданған күні
20.11.2018
Көрсетілген редакция
20.11.2018 126825_377691.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UM004821
ЭКБ идентификаторы
126825
Редакция идентификаторы
126825_377691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:34

0 Төлеби ауданының жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасмалдаудың тарифін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығына  сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Төлеби ауданы және Ленгер қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының тарифі бір шақырымға 5,0 тенге көлемінде белгіленсін.

2 2. «Төлеби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулы Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Төлеби аудандық
мәслихатының хатшысы
______________Н.Қойбағаров
«___»__________ 2018 жыл

Қолданыстағы