Об утверждении схемы пастбищеоборотов на основании геоботанического обследования пастбищ по Акжаикскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжайық ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Умитов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Шиниязовқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Ақжайық ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы
Ақжайық ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №340 қаулысына қосымша Ақжайық ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы: а/о – ауылдық округ.