О повышении ставок земельного налога по Ескельдинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Ескелді ауданы бойынша жер салығының
мөлшерлемелерін арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 40 пайызға жоғарлатылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.