Некоторые вопросы лицензирования деятельности на транспорте в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөніндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілiк талаптары;
Тармақша 2
2) кемелерге, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктілiк талаптары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.08.11. N 842 , 2005.09.02. N 893 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 6. Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 17 шiлдедегi
N 794 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары
📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.02. N 893 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Тармақ 1
1. Темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, сондай-ақ жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутанығыш аспаптар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi;
Тармақша 2
2) темiр жол жылжымалы құрамының жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.02. N 893 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қауіптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутапқыш приборлар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi;
Тармақша 2
2) қауіпті жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердің жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.
📌 Ескерту. 2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.02. N 893 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Басқа 13. Кемелерге жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын білiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 17 шiлдедегi
N 794 қаулысымен
бекiтiлген
Кемелерге жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын білiктiлiк талаптары
📌 Ескерту. Өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.08.11. N 842 қаулысымен .
Тармақ 1
1. Кемелерге, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) техникалық қадағалау органдарының тиiстi қорытындылары бар мамандандырылған машиналар мен жүк көтергiш тетiктер;
Тармақша 2
2) кемелерге мен жүктерге қызмет көрсететiн теңiз және өзен порттарының әрбiр қызметi бойынша бiлiктi мамандар (бiлiктiлiгiн растайтын құжаттардың болуы);
Тармақша 3
3) жүктердi сақтауға арналған жабық үй-жайлар (қоймалар) мен аумақтар;
Тармақша 4
4) жолаушыларға қызмет көрсету үшiн жабдықталған үй-жайлар (сапаржай);
Тармақша 5
5) теңiз және өзен порттарында жүзу қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беретiн навигациялық ахуал құралдары;
Тармақша 6
6) тапсырыс берушiнiң экологиялық және санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын экологиялық және санитарлық қадағалау органдарының қорытындылары.
Басқа 21. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 17 шiлдедегi
N 794 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
Тармақша 1
1) лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 3-жолдың 3-бағаны:
"теңiз" деген сөзден кейiн "және темiр жол" деген сөздермен толықтырылсын;
"әуе" деген сөзден кейiнгi "және темiр жол" деген сөздер алынып тасталсын;
"қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу; теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi" деген сөздермен толықтырылсын:
реттiк нөмiрi 40-жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде:
1-бөлім мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Теңiз кемелерiне жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi.";
2-бөлім мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Теңiз кемелерiне жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi.".
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат):
Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте:
2 және 18-тармақтарда "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. күші жойылды
Тармақ 4
4. күші жойылды
📌 Ескерту. 3,4-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.
Тармақ 5
5. күші жойылды
📌 Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.