О переименовании государственного учреждения "Республиканская психиатрическая больница строгого наблюдения Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесi "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Мекеменiң жарғысына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 17 шілдедегі
N 795 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
Тармақ 1
1.
📌 Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .
Тармақ 2
2. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 P011715_ қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" бөлiмiнде:
5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
3 "Мамандандырылған медициналық көмек" iшкi функциясында:
226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
036 "Мамандандырылған медициналық көмек көрсету" бағдарламасында:
036-кiшi бағдарламасында "Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана" деген сөздер "Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық аурухана" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3.
📌 Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1117 қаулысымен.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына :
көрсетiлген қаулыға 19-қосымшада:
6-тармақтың 036-бағдарлама 036-кiші бағдарламасының 4, 5, 7-бағандарында "қатаң бақылаудағы" деген сөздер алынып тасталып, "республикалық" деген сөзден кейiн "жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi" деген сөздермен толықтырылсын.