О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Р.Е.Исақұлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы ________________ А.Меңдіғалин 2018 ж. «23» қараша
Басқа 6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері
2018 жылғы «26» қарашадағы №268 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен оларға ақшалай сыйақының мөлшерлері
Тармақ 1
1. Құрмет грамотасы.
Тармақ 2
2. Алғыс хат.
Тармақ 3
3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.
Басқа 10. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
2018 жылғы «26» қарашадағы №268 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілді Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы Осы Қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін айқындайды.
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – БҚО ПД) енгізеді.
Тармақ 3
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша БҚО ПД бастығының бұйрығы шығарылады.
Тармақ 6
6. Ақшалай сыйақыны төлеу БҚО ПД облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Құрмет грамотасын, Алғыс хатты, ақшалай сыйақы беруді БҚО ПД салтанатты жағдайда жүзеге асырады.