Об утверждении цен на товары (работы, услуги) военных, специальных учебных заведений органов национальной безопасности Республики Казахстан, предоставляемые на платной основе Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2018 жылғы
13 желтоқсандағы № 102 қ/е
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар
Тармақ
№
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы
Өлшем
бірлігі
Бағасы
(теңгемен)
Тарау 1
1-тарау. Ғылыми зерттеулер жүргізу
1.
Гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
жұмыс
Ғылым және технологиялық саясат туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындалған гранттық қаржыландыруға өтінімнің шығыс сметасына сәйкес
2.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
жұмыс
Ғылым және технологиялық саясат туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындалған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға өтінімнің шығыс сметасына сәйкес
Тарау 2
2-тарау. Қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу
3.
«Талдамалық ойлау дағдылары» курстарында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
4 000***
4.
Полиграфолог-мамандарды бастапқы даярлау курстарында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
4 000***
5.
«Профайлинг. Жалғандықты байланыссыз анықтау» курстарында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
4 000***
6.
Шет тілін үйрету курстарында оқыту (араб, қытай, парсы, тәжік, урду және хинди қоспағанда), 1 адамға
академиялық сағат
2 500***
7.
Шет тілін үйрету курстарында оқыту (араб, қытай, парсы, тәжік, урду және хинди), 1 адамға
академиялық сағат
4 000***
8.
«Объектілердің кешенді қауіпсіздігі» курстарында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
4 000***
9.
«RedHat Linux» операциялық жүйені сүйемелдеу бойынша курстарында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
5 000***
10.
«Киберинциденттерді талдау» курстарында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
10 000***
11.
«Ақпаратты криптографиялық қорғау» курстарында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
5 000***
12.
Футбол спорттық секциясында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
1 200****
13.
Волейбол спорттық секциясында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
1 200****
14.
Баскетбол спорттық секциясында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
1 200****
15.
Жеңіл атлетика спорттық секциясында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
1 200****
16.
Теннис спорттық секциясында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
1 200****
17.
Фитнес спорттық секциясында оқыту, 1 адамға
академиялық сағат
1 200****
Тарау 3
3-тарау. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе)
полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу
18.
Мәтінді редакциялау
бет
400
19.
Аудару (орысша, қазақша)
бет
1000
20.
Корректура
бет
80
21.
Мәтінді теру А4 форматта
бет
150
22.
Беттеу
бет
100
23.
Түзету
бет
40
24.
Салыстыру
бет
30
25.
Дизайн
1 сағат
3000
26.
Сканерлеу А4
бет
70
27.
Басып шығару А4 форматта (қара-ақ, 5% бояқ құю, 80 грамм)
бет
8
28.
Басып шығару А4 форматта (түрлі-түсті, 5% бояқ құю, 80 грамм)
бет
13
29.
Басып шығару А3 форматта (қара-ақ, 5% бояқ құю, 80 грамм)
бет
10
30.
Басып шығару А3 форматта (түрлі-түсті, 5% бояқ құю, 80 грамм)
бет
18
31.
Басып шығару А4 форматта (қара-ақ, 5% бояқ құю, 160 грамм)
бет
15
32.
Басып шығару А4 форматта (түрлі-түсті, 5% бояқ құю, 160 грамм)
бет
22
33.
Басып шығару А3 форматта (қара-ақ, 5% бояқ құю, 160 грамм)
бет
26
34.
Басып шығару А3 форматта (түрлі-түсті, 5% бояқ құю, 160 грамм)
бет
35
35.
Басып шығару А4 форматта (қара-ақ, 5% бояқ құю, 300 грамм)
бет
26
36.
Басып шығару А4 форматта (түрлі-түсті, 5% бояқ құю, 300 грамм)
бет
35
37.
Басып шығару А3 форматта (қара-ақ, 5% бояқ құю, 300 грамм)
бет
47
38.
Басып шығару А3 форматта (түрлі-түсті, 5% бояқ құю, 300 грамм)
бет
56
39.
Мәтінді тираждау (қара/ақ)
парақ
15
40.
Түптеу (термобиндер, серіппе)
дана
160
41.
Ламинаттау А4, А3 (ыстық пакетті)
парақ
70
42.
Қағазды кесу (электрлі)
парақ
10
43.
Фальцовка
биг
10
44.
Припресс
бет
90
45.
Кеңформатты басып шығару
(20 %-дан аспайтын бояқ құйылған баннер)
шаршы метр
1800
46.
Кеңформатты басып шығару
(20 %-дан аспайтын бояқ құйылған оракал)
шаршы метр
1800
47.
Кеңформатты басып шығару (20 %-дан аспайтын бояқ құйылған кенеп)
шаршы метр
4750
48.
Қатты түптеу А5 форматта
дана
200
49.
Қатты түптеу А4 форматта
дана
500
50.
Қатты түптеу А3 форматта
дана
700
51.
Ыстықтай өрнектеу
1 соққы (биг)
200
Ескертпе:
1. Алып тасталды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 29.12.2025 № 132/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Алып тасталды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 29.12.2025 № 132/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. ***Жұмыскерлерді тиісті курстарға оқуға жіберген коммерциялық ұйымдар үшін мынадай мөлшерлерде жеңілдік беріледі:
10-нан 20 адамға дейін – 10 пайыз;
20-дан және одан да көп адам – 20 пайыз.
Коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі ұйымдар, жіберетін қызметкерлер үшін 20 пайыз мөлшерінде жеңілдік беріледі.
4. ****Спорт секцияларының оқулары үшін ақы төленген жағдайда мынадай мөлшерлерде жеңілдік беріледі:
8 академиялық сағаттан кем емес - 10 пайыз;
24 академиялық сағаттан кем емес - 20 пайыз;
48 академиялық сағаттан кем емес - 30 пайыз.