О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на неиспользуемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған
Басқа 0
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Семей қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 5/45-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4692 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған және 2016 жылғы 4 қазанда Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің 79 (1052) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.