О политических партиях Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Саяси партия ұғымы 2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары 3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы 4-бап. Мемлекет және саяси партиялар 5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi 2-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 6-бап. Саяси партияны құру 7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi 8-бап. Саяси партияға мүше болу 9-бап. Саяси партияның жарғысы 10-бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу 11-бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту 12-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар 13-бап. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру 14-бап. Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату 3-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI 15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi 15-1-бап. Саяси партиядан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну ерекшеліктері 16-бап. Саяси партияның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) органдары 17-бап. Саяси партияның меншiгi 18-бап. Саяси партияны қаржыландырудың көздерi және оның қаражатын пайдалану 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 19-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық 20-бап. Саяси партиялардың халықаралық байланыстары 21-бап. Өтпелi ережелер 22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi Саяси партиялар туралы 📌 Ескерту. Кіріспе алып тасталды - ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «заң актілерінде», «заң актiлерiне сәйкес», «заң актілеріне көзделген», «заңнамалық актілерінде» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «заңдарына сәйкес», «заңдарында көзделген», «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Саяси партия ұғымы
1-бап. Саяси партия ұғымы
Тармақ 1
1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.
Тармақ 2
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
Бап 3. 3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
Тармақ 3
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
Тармақ 4
4. Әркiм азамат өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы. 📌 Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 4. 4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
Тармақ 1
1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Құрылтай депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.
Тармақ 6
6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс істейтін органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады. 📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.05.2007 № 253; 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi
5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi
Тармақ 1
1. Саяси партияларды құрудың құқықтық негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, олардың қызметінің кепілдіктерін айқындау Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен қатынастарын реттеу Заңның негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 3
3. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық және жариялылық қағидаттарына негiзделедi. Осы Заңда белгiленген шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн айқындайды.
Тармақ 4
4. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиiс.
Тармақ 5
5. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа кандидаттар тiзiмiнде өкiлдiк етуi үшiн және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге бiрдей мүмкiндiктер жасауға тиiс. Саяси партияның жарғысында саяси партияның басшы органдарына тиісті партияның мүшелері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының өзге азаматтарын сайлау тәртібі көзделуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық қағидат бойынша құрылады.
Тармақ 7
7. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиiс.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының қызметiне жол берiлмейдi.
Тармақ 9
9. Мақсаты немесе әрекеті конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын, қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни араздықты қоздыруға бағытталған саяси партия құруға және оның қызметіне тыйым салынады.
Тармақ 10
10. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этностық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
Тармақ 11
11. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құралымдар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi. 📌 Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 2. 2-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
2-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
Бап 6. 6-бап. Саяси партияны құру
6-бап. Саяси партияны құру
Тармақ 1
1. Саяси партия саны жеті жүз адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезіне (конференциясына) жеке өзі қатысады. Азаматтардың саяси партияның құрылтай съезінде (конференциясында) сенімхат бойынша өкілдік етуіне жол берілмейді. Саяси партияның құрылуын, оның ішінде құрылтай съезінің (конференциясының) өткізілуін ұйымдастыруды қаржыландыру осы Заңның 18-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) дайындау және өткізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамашы тобы мүшелерінің қатарынан құрамында кемінде он адам болатын ұйымдастыру комитеті құрылады.
Тармақ 3
3. Ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға мынадай ақпаратты:
Тармақша 1
1) тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашы тобының тізімін және ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтерді;
Тармақша 2
2) ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжалды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастыру мен пайдаланудың болжалды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдастыру комитетінің мүшесі (бұдан әрі - ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамы) туралы мәліметтер көрсетілген ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасын қоса тіркей отырып, саяси партия құру ниеті туралы тіркеуші орган белгілеген нысандағы хабарламаны табыс етеді.
Тармақ 4
4. Тіркеуші орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарламаны және өзге де құжаттарды алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамына олардың табыс етілгенін растайтын құжатты (бұдан әрі - растама) береді.
Тармақ 5
5. Ұйымдастыру комитеті тіркеуші орган растама бергеннен кейін ғана өз қызметіне кірісуге құқылы.
Тармақ 6
6. Ұйымдастыру комитеті растама берілген күннен бастап үш айдың ішінде саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) өткізуге тиіс. Бұл мақсатта ұйымдастыру комитеті:
Тармақша 1
1) растама берілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында саяси партияны құру ниеті, саяси партия құрылтай съезінің (конференциясының) өтетін орны мен күні туралы мәліметтерді жариялайды;
Тармақша 2
2) ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамы арқылы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде есеп айырысу шотын ашады;
Тармақша 3
3) саяси партияны құруға бағытталған өзге де ұйымдастырушылық және ақпараттық-насихаттық қызметін жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Құрылтай съезінде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешімдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады.
Тармақ 8
8. Саяси партия жарғылық қызметін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Ұйымдастыру комитеті өзінің қызметін мынадай жағдайлардың бірі туындаған:
Тармақша 1
1) тіркеуші орган растама берген күннен бастап жеті ай өткен;
Тармақша 2
2) саяси партия мемлекеттік тіркелген;
Тармақша 3
3) саяси партияны мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде;
Тармақша 4
4) азаматтардың бастамашы тобының шешімі бойынша тоқтатады.
Тармақ 10
10. Саяси партия мемлекеттік тіркелген жағдайда ұйымдастыру комитетінің ақшасы және өзге де мүлкі, сондай-ақ ақша қаражаты мен өзге де мүліктің түсу көздері көрсетілген олардың пайдаланылуы туралы қаржылық есеп құрылған саяси партияға табыс етіледі. Саяси партияны мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе ұйымдастыру комитетінің қызметі азаматтардың бастамашы тобының шешімі бойынша тоқтатылған жағдайда ұйымдастыру комитетінің қалған ақшасы мен өзге де мүлкі Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарына енгізілген қайырмалдықтарға пропорционалды түрде беріледі. 📌 Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.02.2009 № 122-IV (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi
7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi
Тармақ 1
1. Саяси партияның атауында "саяси партия" немесе "партия" деген сөздер болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол берiледi. Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгiн қайталамауға тиiс.
Тармақ 2
2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ.
Тармақ 4
4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 5
5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс.
Тармақ 6
6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға тиiс. 📌 Ескерту. 7-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009 жылғы 6 ақпандағы № 122-IV (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Бап 8. 8-бап. Саяси партияға мүше болу
8-бап. Саяси партияға мүше болу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады.
Тармақ 2
2. Саяси партияға шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және өзге де сот төрағалары мен судьяларының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағалары мен мүшелерінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, құқық қорғау органы және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің саяси партияда болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ. Құқық қорғау органы және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерін, әскери қызметшілерді қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар тағайындалған, сайланған, қызметке кірген күннен бастап он күн ішінде саяси партиялардан шығуға міндетті.
Тармақ 3-1
3-1. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс. Халыққа ант беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенті саяси партияда тұрған жағдайда, ол ант берген күннен бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға тиіс.
Тармақ 4
4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және тiркелетiн тәртiпте болады.
Тармақ 5
5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк, нәсiлдiк, рулық, ұлттық немесе дiни белгiлер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс.
Тармақ 7
7. Саяси партияның мүшелерi саяси партияның басшы органдарына сайлауға және сайлануға, саяси партия мен оның басшы органдарының қызметi туралы ақпарат алуға құқылы.
Тармақ 8
8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға кiру, әскери қызметке қабылдану, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады. Әскери қызметке қабылданған немесе құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген жағдайда саяси партияға мүшелік автоматты түрде тоқтатылады. 📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Саяси партияның жарғысы
9-бап. Саяси партияның жарғысы
Тармақ 1
1. Саяси партияның жарғысында мыналар болуға тиiс:
Тармақша 1
1) саяси партияның атауы, мақсаттары мен мiндеттерi, сондай-ақ рәмiзiнiң сипаттамасы;
Тармақша 2
2) саяси партияның орталық аппаратының орналасқан жерi;
Тармақша 3
3) саяси партияға мүше болудың және мүшелiктен шығып қалудың шарттары мен тәртiбi, оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
Тармақша 4
4) саяси партия мүшелерiн есепке алу тәртiбi;
Тармақша 5
5) саяси партияны және оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құру, қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi;
Тармақша 6
6) саяси партия мен оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшы және бақылау-тексеру органдарын сайлау тәртібі, аталған органдардың өкілеттік мерзімі мен құзыреті. Бұл тәртіп тиісті саяси партияның мүшелері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының өзге азаматтарын басшы органдарға сайлауды көздеуі мүмкін;
Тармақша 7
7) саяси партияның жарғысына және оның бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
Тармақша 8
8) осы Заңның талаптары ескеріле отырып, депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге саяси партиядан кандидаттар (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну тәртiбi;
Тармақша 9
9) саяси партиядан сайланған депутаттарды керi шақырып алу негiздерi;
Тармақша 10
10) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) ақшаны және өзге де мүлiктi басқару саласындағы құқықтары, саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қаржылық жауапкершiлiгi және саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) есептiлiк тәртiбi.
Тармақ 2
2. Саяси партияның жарғысында өзiнiң қызметiне жататын және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Саяси партияның жарғысына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар мемлекеттiк тiркелуге жатады. 📌 Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 336-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу
10-бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуге қажеттi құжаттар саяси партияның құрылтай съезi (конференциясы) өткiзiлген күннен бастап төрт айдан кешiктiрiлмей тiркеушi органға табыс етiледi.
Тармақ 3
3. Саяси партия мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он екі айдың iшiнде өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткiзуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен саяси партияның мемлекеттiк тiркелуiнiң күшiн жоюға әкеп соғады.
Тармақ 5
5. Саяси партияны тiркеу мен қайта тiркеу, сондай-ақ оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және мен астанадағы әрқайсысында кемiнде екі жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде бес мың партия мүшесi болуға тиiс.
Тармақ 7
7. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органға мынадай құжаттарды тапсырған жағдайда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
Тармақша 2
2) саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның екi дана етiп жасалған жарғысы мен бағдарламасы;
Тармақша 3
3) саяси партияның құрылтай съезiнiң (конференциясының) хаттамасы;
Тармақша 4
4) саяси партия мүшелерiнiң тiркеушi орган белгiлеген нысандағы және осы баптың 6-тармағының талабына сай келетiн электрондық және қағаз жеткiзгiштегi тiзiмдерi;
Тармақша 5
5) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алымның төленгенi туралы құжат.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік тіркеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктерді есептiк тiркеу туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрады. Мемлекеттік тіркеу мерзімінде үзіліс жасауға себеп болған негіздемелер жойылған кезде тіркеуші орган саяси партияны мемлекеттік тіркеу не мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 📌 Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 08.07.2005 № 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.06 № 122-IV (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 336-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 11. 11-бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
11-бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
Тармақ 1
1. Тiркеушi орган Қазақстан Pecпубликасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзған, берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) тiзімдерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады. Тiркеуші орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшенi (филиалы мен өкiлдiгiн) құрудың заңдарда белгіленген тәртібін бұзған, есептік тіркеуге берілген құжаттар, соның iшiнде партия мүшелерінiң тiзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда саяси партияның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден бас тартады.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көзделген, партия мүшелерінің жалпы санына әсер етпейтін саяси партия мүшелерінің тізімі бойынша анықталған бұзушылықтар саны саяси партияны мемлекеттік тіркеуден бас тартуға негіз бола алмайды. Осы тармақтың күші осы Заңның 8-бабының 1, 2, 3 және 5-тармақтары бұзылған жағдайларға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай өткен соң оны мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды қайтадан бере алады.
Тармақ 3
3. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден, оның құрылымдық бөлiмшелерін (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. 📌 Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009 жылғы 6 ақпандағы № 122-IV (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
12-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуына, сондай-ақ саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн бақылауды:
Тармақша 1
1) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн растайтын құжаттарын берудi талап ету немесе оларға қол жеткiзу құқығы бар тiркеушi органдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда басқа мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашы тобының, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын осы Заңның 6-бабы 1-тармағының, 8-бабының, 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкестігіне тексерудi Қазақстан Республикасының Әділет министрлігi айқындайтын тәртіппен тиiстi мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 13. 13-бап. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру
13-бап. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру
Тармақ 1
1. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;
Тармақша 2
2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;
Тармақша 3
3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi орын алған;
Тармақша 4
4) саяси партия мүшелерiнiң саны осы Заңның 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Саяси партияның қызметі тоқтатыла тұрған кезеңде партияның басшылары мен мүшелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында партия атынан сөз сөйлеуге, бейбіт жиналыстар мен өзге де жария сөз сөйлеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады, сондай-ақ саяси партияның банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары, қызметінің нәтижесінде келтірілген залалдардың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу бойынша есеп айырысулар кірмейді.
Тармақ 3
3. Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия өз қызметiн қайта бастайды.
Тармақ 4
4. Саяси партияның орын алған тәртiп бұзушылықты жойғандығы фактiсiн саяси партияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот анықтайды. 📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.02.23. № 33; 08.07.2005 № 67-ІІІ (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.05.2020 № 334-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 14. 14-бап. Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату
14-бап. Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 1
1. Саяси партияны қайта ұйымдастыру (қосылу, бірігу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құрылу) оның жоғары органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында және саяси партияның жарғысында көзделген тәртіппен жүргізіледі. Өз қызметін тоқтатқан саяси партияның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) саяси партияның жоғары органының қайта ұйымдастыру (тарату) туралы шешімінің негізінде тіркеуші органда есептік тіркеуден шығарылуға жатады.
Тармақ 2
2. Қайта ұйымдастырылғаннан кейiн жаңадан құрылған саяси партияны тiркеу саяси партияны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2-1
2-1. Саяси партия бөлінген немесе саяси партияның құрамынан бөліп шығарылған кезде қайта ұйымдастырылған саяси партия мен жаңадан құрылған саяси партиялар мүшелерінің жалпы саны осы Заңның 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Саяси партия:
Тармақша 1
1) өзiнiң жоғары органының шешiмi бойынша;
Тармақша 2
2) аймақтардың кемiнде жартысының өкiлi болып табылатын мүшелерiнiң кемiнде елу бiр процентiнiң ұсынысы бойынша;
Тармақша 3
3) соттың шешiмi бойынша таратылады.
Тармақ 4
4. Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сот жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Соттың шешiмi бойынша саяси партия:
Тармақша 1
1) осы Заңның талаптарын орындамаған;
Тармақша 2
2) саяси партияның қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп бұзушылықты сот белгiлеген мерзiмде жоймаған;
Тармақша 3
3) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған не қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше рет (кемiнде екi рет) немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған кезде саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң заңсыздығы танылған не саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң күшi жойылған;
Тармақша 6
6) саяси партия Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспаған;
Тармақша 7
7) шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырған, саяси партия осы Заңда тыйым салынған қайырмалдықтарды қабылдаған;
Тармақша 7-1
7-1) саяси партия, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта тiркеусiз жүзеге асырған;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда таратылуы мүмкiн. 📌 Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 08.07.2005 № 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.02.2009 № 122-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 3. 3-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI
3-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI
Бап 15. 15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi
15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында анықталған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға;
Тармақша 2
2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының және мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімі болуға кандидаттар ұсынуға құқылы. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары бөлініп шығу немесе бөліну арқылы өзгерген жағдайда, саяси партия: мәслихат бөлген мандаттарды ескере отырып, қайта ұйымдастырылған мәслихат депутаттарының дербес құрамын; тіркелген партиялық тізімге енгізілген кандидаттарды бөледі;
Тармақша 4
4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
Тармақша 5
5) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;
Тармақша 6
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Саяси партия:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) әрбiр азаматтың өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) тiркеушi органға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тұрақты жұмыс iстейтiн орган орналасқан жердің және оның басшылары туралы деректердiң өзгергені жөнінде хабарлауға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдер мен көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы есепті табыс етуге мiндеттi. 📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.05.2020 № 334-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) заңдарымен.
Бап 15-1. 15-1-бап. Саяси партиядан Қазақстан Республикасының Құрылтайы, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну ерекшеліктері
15-1-бап. Саяси партиядан Қазақстан Республикасының Құрылтайы, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну ерекшеліктері 📌 Ескерту. 15-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Саяси партия Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға үш санат өкілдерін: әйелдерді, жастарды, мүгедектігі бар адамдарды жиынтығында кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде енгізеді.
Тармақ 2
2. Саяси партия мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға әйелдерді және жастарды жиынтығында кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде енгізеді. Еcкерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 25.05.2020 336-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 07.02.2022 № 106-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Саяси партияның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) органдары
16-бап. Саяси партияның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) органдары
Тармақ 1
1. Саяси партияның төрт жыл iшiнде кемiнде бiр рет шақырылатын съезi (конференциясы) саяси партияның жоғары басшы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Саяси партияның съезiнде (конференциясында):
Тармақша 1
1) саяси партияның жарғысы мен бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi;
Тармақша 2
2) саяси партияның мүшелері Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Құрылтай депутаттығына кандидаттар ретiнде ұсынылады, депутаттыққа кандидаттардың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тiркеу үшін ұсынылатын партиялық тiзiмi бекiтiледi;
Тармақша 3
3) саяси партияның басшы органдары сайланады;
Тармақша 4
4) партияның мүшелiк жарналарының мөлшерi бекiтiледi.
Тармақ 3
3. Саяси партияның филиалы мен өкiлдiгiнiң конференциясы (жалпы жиналысы) саяси партия филиалы мен өкiлдiгiнiң жоғары басшы органы болып табылады.
Тармақ 4
4. Саяси партияның филиалы мен өкiлдiгiнiң конференциясында (жалпы жиналысында):
Тармақша 1
1) олардың басшы органдары сайланады;
Тармақша 2
2) тиісті мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімі болуға кандидаттар, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттары депутаттығына кандидаттар ұсынылады.
Тармақ 5
5. Саяси партия съезiнiң (конференциясының) шешiмi саяси партияның съезiне (конференциясына)саяси партияның барлық облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы филиалдары мен өкiлдiктерiнiң өкiлдерi қатысқан кезде көпшiлiк дауыспен қабылданады. 📌 Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Саяси партияның меншiгi
17-бап. Саяси партияның меншiгi Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған объектiлердi қоспағанда, саяси партияның меншiгiнде оның жарғысында көзделген қызметтi материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер, сондай-ақ оның қаражаты есебiнен құрылатын ұйымдар болуы мүмкiн. Саяси партия тұтас алғанда, саяси партия мүлкiнiң, соның iшiнде оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) мүлкiнiң меншiк иесi болып табылады. Саяси партия мүшелерiнiң саяси партияның мүлкiне қатысты құқықтары болмайды. Саяси партияның мүлкi саяси партияның жарғысы мен бағдарламасында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру және мiндеттердi шешу үшiн пайдаланылады. Саяси партияның мүлкi ол таратылған жағдайда оның жарғысына сәйкес пайдаланылуға тиiс. Егер саяси партияның жарғысында мұндай тәртiп көзделмесе, онда бұл мәселенi шешудi саяси партияны тарату туралы шешiм қабылдаған орган жүзеге асырады.
Бап 18. 18-бап. Саяси партияны қаржыландырудың көздерi және оның қаражатын пайдалану
18-бап. Саяси партияны қаржыландырудың көздерi және оның қаражатын пайдалану
Тармақ 1
1. Саяси партияның қаражаты:
Тармақша 1
1) мүшелiкке кiру және мүшелiк жарналардан;
Тармақша 2
2) қайырмалдықтар құжатпен расталып, олардың шығу көздерi көрсетiлген жағдайда мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес ұйымдарының қайырмалдықтарынан;
Тармақша 3
3) кәсiпкерлiк қызметтен түскен кірістерден;
Тармақша 4
4) бюджет қаражатынан құралады.
Тармақ 2
2. Саяси партияға және оның құрылымдық бөлiмшелерiне (филиалдары мен өкiлдiктерiне):
Тармақша 1
1) шет мемлекеттерден, шетелдiк заңды тұлғалардан және халықаралық ұйымдардан;
Тармақша 2
2) шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан;
Тармақша 3
3) шетел қатысатын заңды тұлғалардан;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк ұйымдардан;
Тармақша 5
5) дiни бiрлестiктерден және қайырымдылық ұйымдарынан;
Тармақша 6
6) иесi көрсетiлмеген қайырмалдық жасаушылардан;
Тармақша 7
7) халықаралық немесе шетелдік үкіметтік емес ұйымдардан гранттар және өзге де қаражаттар алатын Қазақстан Республикасының азаматтарынан немесе мемлекеттік емес ұйымдарынан қайырмалдық алуға жол берілмейді. Осы тармақта көрсетiлген адамдардан келiп түскен қайырмалдықтар соттың шешiмi бойынша мемлекеттің кiрiсiне аударылады.
Тармақ 3
3. Саяси партиялардың ақшасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген банктердiң шоттарына орналастырылады.
Тармақ 4
4. Саяси партияның ақшасы мен өзге де мүлкi оның мүшелерi арасында бөлiнбейдi және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалуға тиiс. Саяси партияның өз қаражатын қайырымдылық көмекке пайдалануына жол берiледi.
Тармақ 5
5. Саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады. 📌 Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 08.07.2005 № 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.02.2009 № 122-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 18-1. 18-1-бап. Саяси партияларға бөлінетін бюджет қаражаты
18-1-бап. Саяси партияларға бөлінетін бюджет қаражаты
Тармақ 1
1. Соңғы сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Құрылтайында өкілдік ететін саяси партияларға бюджет қаражаты жыл сайын бөлінеді.
Тармақ 2
2. Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда айқындалады.
Тармақ 3
3. Саяси партияларды қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Тармақ 4
4. Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.02.2009 № 122-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 19. 19-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
19-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған кiнәлi жеке және заңды тұлғалар, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары және саяси партияның басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауаптылықта болады.
Бап 20. 20-бап. Саяси партиялардың халықаралық байланыстары
20-бап. Саяси партиялардың халықаралық байланыстары Қазақстан Республикасының саяси партиялары халықаралық байланыстар орнатып, жасай алады, тиiстi келiсiмдер жасасып, дiни бiрлестiктердi қоспағанда, халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге ұжымдық мүшелер ретiнде кiре алады.
Бап 21. 21-бап. Өтпелi ережелер
21-бап. Өтпелi ережелер Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған саяси партиялар алты ай iшiнде осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттiк қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
Бап 22. 22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 1-1
1-1. Мыналардың: 9-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде: «9) бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжiлiсінің саяси партиядан сайланған депутаттарын керi шақырып алу немесе ротациялау негiздерi;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, 9-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының; 16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде: «2) тиiстi мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынылады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, 16-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Тармақ 2
2. "Саяси партиялар туралы" 1996 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 260-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат). 📌 Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.