Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бюджеттік бағдарламаларын бекітуге қатысты облыс әкімиятының кейбір каулыларына өзгерістер енгізу туралы
"Бюджет жүйесі туралы" Z990357_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N№357-1 Заңына сәйкес, сондай-ақ "Бюджеттік бағдарламаның паспортын жасау ережесін бекіту туралы" P011743_ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N№1743 қаулысын басшылыққа алып және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бюджет қаражаттарын бөлу туралы" облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 мамырдағы N№243 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бюджеттік бағдарламаларын бекітуге қатысты облыс әкімиятының кейбір каулыларына өзгерістер енгізу туралы от 02.06.2002 г. № 255 (Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бюджеттік бағдарламаларын бекітуге қатысты облыс әкімиятының кейбір каулыларына өзгерістер енгізу туралы)
1. Мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы N№180 V02L1709 9 "Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту мәселесі бойынша облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысында: "Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының халқына атаулы әлеуметтік көмек көрсету" 6 қосымша алынып тасталсын;
"Есепке алынған қызметтер бойынша төлем жәрдемақыны және басқа әлеуметтік төлемдерді төлеу және жеткізу паспорты 8 қосымшасында "1033000 (бір миллион отыз үш мың) теңге" деген сөздер "532000 (бес жүз отыз екі мың) теңге" деген сөздерімен ауыстырылсын;
2) Облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 наурыздағы N№200 V02L1710 0 "Облыс
әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы N№180 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" қаулысында:
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" паспорты 6 қосымшасында
"139741000 (жүз отыз тоғыз миллион жеті жүз қырық бір мың) теңге" деген
сөздер "56742000 (елу алты миллион жеті жүз қырық екі мың) теңге" деген
сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары
Б.Қуандықовқа жүктелсін.