О введении временного запрета на вывоз дизельного топлива Қолданыста
Басқа 0
Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы
Мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногын тұрақтандыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегi Z952368_ Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештiк отыннан басқа, дизель отынын (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 610 - 2710 00 690) әкетуге 2002 жылғы 1 қарашаға дейiн тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасының
тыйым салу енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.