Об утверждении Стандартов и требований к оснащению организаций дошкольного и среднего образования системами видеонаблюдения Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін ведомстволық интернет-ресурстарда орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «____»____________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «____»____________
Басқа 0. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптар мемлекеттік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында орнатылатын бейнесигналдарды беруге арналған құрал-жабдықтар мен байланыс желілеріне стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне стандарттар
2-тарау. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне стандарттар
Тармақ 3
3. Бейнебақылау жүйесі көрнекі ақпаратты арнайы бөлінген үй-жайында не орталықтандырылған күзет пунктінде (болған жағдайда) орналасқан техникалық құралға немесе жинауға, өңдеуге, көрсетуге және тіркеуге арналған техникалық құрал жиынтығына беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Бейнебақылау жүйесі жұмысты автоматтандырылған режимде қамтамасыз етеді және Жедел басқару орталықтарының цифрлық жүйелеріне қосылуды, не бейнені аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беру мүмкіндігін көздейді.
Тармақ 5
5. Бейнебақылау жүйесі білім беру ұйымдарының үй-жайларындағы және оған іргелес аумақтардағы ахуалға бақылау жүргізуге, жағдайды бағалауға және адамдар мен объектілерді сәйкестендіруге, сондай-ақ объектіге рұқсатсыз ену фактісін көзбен шолып растауға мүмкіндік береді.
Тармақ 6
6. Ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрауы тиіс.
Тармақ 7
7. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесімен:
Тармақша 1
1) ұйымға іргелес жатқан аумақтың периметрі;
Тармақша 2
2) бас және қосалқы кіру есіктері;
Тармақша 3
3) адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар);
Тармақша 4
4) білім беру ұйымы басшысының (меншік иесінің) қарауы бойынша басқа да үй-жайлар жабдықталады.
Тармақ 8
8. Білім беру ұйымының үй-жайларындағы және оған іргелес аумақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса, тәуліктің қараңғы уақытында көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының жарықтандырылуы (болған жағдайда) қосылады.
Тарау 3. 3-тарау. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптар
3-тарау. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптар
Тармақ 9
9. Террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне кірмейтін мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелері мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) бір және одан көп жазып алу режимінің болуы: қозғалыс детекторының жұмыс істеуі бойынша, сыртқы дабыл белгісі, сондай-ақ үздіксіз жазу, жоспар бойынша жазу, циклды жазу;
Тармақша 2
2) құрылғыны іске қосуға қол жетімділікті қорғау және архивті жоюдан және редакциялаудан қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) бейнежазбаны нақты уақыт режимінде беру;
Тармақша 4
4) бірыңғай нақты уақыт жүйесімен жағдайларды үйлестіру;
Тармақша 5
5) бейнені сихронизациялаумен біруақытта бірнеше камерадан архивті қарау;
Тармақша 6
6) негізгі электр көзін сөндіру кезінде кемінде 1 сағат ішінде құрал-жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі;
Тармақша 7
7) барлық кіретін бейнеағындар үшін жазып алудың жылдамдығы – бір серверге кемінде 450 мегабит/бір секундта;
Тармақша 8
8) шығыс бейнеағынның жиынтық жылдамдығы – бір серверге кемінде 150 мегабит/бір секундта;
Тармақша 9
9) бір мониторда біруақытта 4 және одан көп бейнекамерадан бейне көрсету, сондай-ақ әрбір бейнекамерадан бейнеақпаратты толық экранды көрсету;
Тармақша 10
10) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары қолданушылардың жүйенің ресурстарына қолжетімділігі құқығын шектеу (жедел және архивтік бейнеақпарат, камераларды басқару және тағы басқалар);
Тармақша 11
11) адамдарды, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және нейрондық жүйелер негізінде құрылған басқа да аналитикалық функцияларды айырып тану жүйелерімен біріктіру мүмкіндігінің болуы;
Тармақша 12
12) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келеді;
Тармақша 13
13) Бейнебақылау телекамераларына талаптар: ажырату қабілеті – кемінде 1920х1080 пиксель; объектив: варифокалды, мегапиксельді; қысу стандарты – Н.264, MJPEG; бейнесигналды құрудың жылдамдығы – кемінде 25 fps; қолдайтын желілік хаттамалар – TCP/IP, UDP/IP (Unicast, Multicast, IGMP), RTSP/RTP, NTP, SNMP v2c/v3; қос ағынды қолдау (ағын сипаттамалары тәуелсіз күйге келтіріледі); деректерді беру хаттамасын қолдау ONVIF профиль S; ең төмен сезімталдық – кемінде 0,02 лк; тағылықтан қорғау; жұмыс температурасы: құрал-жабдық жергілікті ауа райы үшін қарастырылған климаттық орындауға сәйкес болуы тиіс. Жұмыс сипаттамалары климаттық факторлар - жоғары/төмен темпуратура, дымқылдық, жаңбыр, қар, қату, шаң, қырау, тұман, атмосфералық қысым әсеріне сәйкес сақтау; инфрақызыл жарық – ұзақтығы кемінде 30 метр жарықдиодты жарық әсерінің бұрышы камераның көру бұрышына сәйкес болуы тиіс, ішкі орындау бейнебақылау камералары үшін – қажет болған жағдайда.
Тармақша 14
14) Террористік тұрғыдан осал объектілер санатына жататын мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес жабдықталады.