Об установлении единых ставок фиксированного налога по обменным пунктам уполномоченной организации, расположенные в городе Аксай Бурлинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уәкілетті ұйымның Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан айырбастау пункті бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес уәкілетті ұйымның Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан айырбастау пункті бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Уәкілетті ұйымның Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан айырбастау пункті бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №32-9 шешіміне қосымша Уәкілетті ұйымның Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан айырбастау пункті бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері Р/с № Салық салу объектісінің атауы Салық салу объектісінің бірлігі Тіркелген салықтың мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіштермен) 1 2 3 4 1 Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті бір айырбастау пункті 25