О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Бородулихинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509- бабының 5- тармағына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 503- бабымен белгіленген жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. «Бородулиха ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Бородулиха аудандық маслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-7-VI (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4857 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 ақпанда, «Аудан тынысы», «Пульс района» аудандық газеттерінде 2017 жылғы 3 ақпанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.