Об утверждении Правил проведения опроса респондентов и пользователей с целью мониторинга уровня удовлетворенности деятельностью уполномоченного органа Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-58) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г. М. Керімханова) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 15 бұйрығымен бекітілді Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның (бұдан әрі – ведомство) қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңда көрсетілген мәнінде қолданылады.
Тармақ 3
3. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды ведомство ерікті негізде сауалнама жүргізу түрінде өткізеді.
Тармақ 4
4. Респонденттерге сауал салуды ведомство осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес жүзеге асырады. Пайдаланушыларға сауал салуды ведомство осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу тәртібі
2-тарау. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. Респонденттерге сауал салу тиісті жылға ведомство бекітетін Статистикалық жұмыстар жоспарына (бұдан әрі – Статистикалық жұмыстар жоспары) сәйкес ведомствоға және оның аумақтық органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсынатын респонденттер арасында өткізіледі.
Тармақ 6
6. Пайданушыларға сауал салу Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемдерде, жыл сайын бекітілетін Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес таратылатын ресми статистикалық ақпараттың пайдаланушылары арасында өткізіледі.
Тармақ 7
7. Сауал салуға жататын респонденттер мен пайдаланушылардың тобын әр өңірден біркелкі кездейсоқ іріктемелі әдіспен ведомствоның тиісті құрылымдық бөлімшесі айқындайды.
Тармақ 8
8. Белсенді жұмыс істейтін заңды тұлғалардың кемінде 1%-ын құра отырып, бас жиынтықтың параметрлерінен және республика бойынша деректердің репрезентативтілігінен іріктеменің көлемі есептеледі.
Тармақ 9
9. Респонденттердің іріктемесі шағын, орта және ірі кәсіпорын өкілдерімен әр топта кем дегенде 10%-ы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Пайдаланушылардың іріктемесі пайдаланушылардың әр түрлі топтарының (мемлекеттік органдар, бизнес, оқу орындары және басқалары) өкілдерімен әр топта кем дегенде 10%-ы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салудың жүргізілуі туралы жыл сайын 1 маусымнан кешіктермей:
Тармақша 1
1) электрондық пошта;
Тармақша 2
2) ведомствоның ресми интернет-ресурсы;
Тармақша 3
3) телефонмен хабарландыру;
Тармақша 4
4) аумақтық статистика органдарының қызметкерлерімен және (немесе) интервьюермен жеке байланыс арқылы хабарланады.
Тармақ 12
12. Хабарлау кезінде сауал салудың тақырыбы және мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу бойынша сауалнамалар мынадай тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) байланыс арналары арқылы электрондық түрде;
Тармақша 2
2) телефон арқылы сауал салуды жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
Тармақша 3
3) қағаз жеткізгіштерде қолма-қол;
Тармақша 4
4) интервьюердің жеке сауал салуды жүргізуі арқылы ұсынылады.
Тармақ 14
14. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу нәтижелерін ведомствоның басшысына тиісті құрылымдық бөлімшесімен есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 15
15. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу нәтижелері бойынша ведомствоның жұмысын жақсартатын ұсыныстар жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандарын актуалдандыру, Статистикалық жұмыстар жоспарын қалыптастыру кезіңде ескеріледі.
Басқа 1. Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидаларына 1- қосымша форма нысан Респонденттерге сауал салу (сауалнама) Опрос респондентов (анкета) Аумақтық статистика органына тапсырылады Представляется территориальному органу статистики Жылына бір рет Один раз в год Статистикалық нысандарды тапсыратын заңды және жеке тұлғалар тапсырады Представляют юридические и физические лица, представляющие статистические формы Тапсыру мерзімі 10 қыркүйекке дейін Срок представления до 10 сентября 1. Кәсіпорынның нақты мекен-жайын көрсетіңіз Укажите, пожалуйста, фактический адрес предприятий Тізімнен таңдау Выбрать из списка 2. Статистикалық нысандарды қандай түрде тапсырасыз? В каком виде Вы сдаете статистические формы? Электрондық В электронном № 4 сұраққа көшу Переход к вопросу № 4 Қағаз В бумажном 3. Статистикалық нысандарды электрондық түрде тапсырмауыңыздың себебін көрсетіңіз? Укажите причину, по которой Вы не сдаете статистические формы в электронном виде? Ресурстардың (техниканың, мамандардың, интернет желісімен қамту аймағының және т.б.) шектеулігі Ограниченность ресурсов (техники, специалистов, зоны покрытия сети интернет и т.д.) Техникалық себептер (байланыс сапасы, есептілікті электрондық тапсыру жүйесіндегі істен шығулары және т.б.) Технические причины (качество связи, сбои в системе электронной сдачи отчетности и т.д.) Қағаз түрінде тапсыруды қалаймын Предпочитаю сдавать в бумажном виде 4. Қандай статистикалық нысандарды толтыру ең қиын? Укажите, какие статистические формы наиболее трудно заполнять? Тізімнен таңдау Выбрать из списка 5. Сіз берген деректердің құпиялылығы жеткілікті қамтамасыз етілген бе? Достаточно ли обеспечена конфиденциальность Ваших данных? Иә Да Жоқ Нет 6. Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының «Респонденттерге» айдарын пайдаланасыз ба? Пользуетесь ли Вы рубрикой «Для респондентов» Интернет-ресурса Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан? Иә Да Жоқ Нет № 9 сұраққа көшу Переход к вопросу № 9 7. Сізге қажетті ақпарат «Респонденттерге» айдарында бар ма? Имеется ли в рубрике «Для респондентов» необходимая для Вас информация? Иә Да № 9 сұраққа көшу Переход к вопросу № 9 Жоқ Нет 8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының «Респонденттерге» айдарына нені қосу қажет деп санайтыныңызды хабарлаңызшы Пожалуйста, сообщите, что считаете необходимо включить в рубрику «Для респондентов» Интернет-ресурса Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан 9. Сіз статистика органдарына кеңес алуға жүгінесіз бе? Обращаетесь ли Вы за консультацией в органы статистики? Иә Да Жоқ Нет № 11 сұраққа көшу Переход к вопросу № 11 10. Статистика органдарына кеңес алу үшін қандай сұрақпен жиі жүгінетіңізді хабарлаңызшы Пожалуйста, сообщите, с каким вопросом Вы чаще всего обращаетесь в органы статистики за консультацией Статистикалық нысандарды толтыру бойынша консультация Консультация по заполнению статистических форм Сайт бойынша навигация Навигация по сайту Техникалық сұрақтар бойынша По техническим вопросам 11. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің жұмысын жақсарту үшін не істеу қажет деп санайтыныңызды хабарлаңызшы Пожалуйста, сообщите, что считаете нужным сделать для улучшения работы Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан сауал салудың соңы конец опроса Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Басқа 2. Кұрметті ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушы! Сізден осы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Алынған мәліметтер статистика органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланылатын болады.
Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидаларына 2-қосымша форма нысан Пайдаланушыларға сауал салу (сауалнама) Опрос пользователей (анкета) Кұрметті ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушы! Сізден осы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Алынған мәліметтер статистика органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланылатын болады. Аумақтық статистика органына тапсырылады Представляется территориальному органу статистики Жылына бір рет Один раз в год Ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылар тапсырады Представляют пользователи официальной статистической информации Тапсыру мерзімі 10 қыркүйекке дейін Срок представления до 10 сентября 1. Сіз пайдаланушылардың қандай санатына жатасыз? К какой категории пользователей вы относитесь? Мемлекеттік органдар Государственные органы Бизнес Оқу орындары, ҒЗИ Учебные заведения, НИИ Басқасы Другое 2. Сіз қолжетімді (жарияланған) статистикалық ақпараттың көлемімен қаншалықты қанағаттанасыз? Насколько Вы удовлетворены объемом доступной (публикуемой) статистической информации? Негізінде қанағаттанамын В основном удовлетворен Жартылай қанағаттанамын Частично удовлетворен Қанағаттанбадым Не удовлетворен Жауап беруге қиналамын Затрудняюсь ответить 3. Сіз ақпарат ұсыну нысанымен қаншалықты қанағаттандыңыз? Насколько Вы удовлетворены формой представления информации? Негізінде қанағаттандым В основном удовлетворен Жартылай қанағаттанамын Частично удовлетворен Қанағаттанбадым Не удовлетворен Жауап беруге қиналамын Затрудняюсь ответить Басқасын көрсетіңіз Другое, укажите ___________________ 4. Мемлекеттік статистика деректеріне сенім деңгейін бағалаңыз. Оцените уровень доверия данным государственной статистики. Сенемін Доверяю Негізінде сенемін В основном доверяю Жартылай сенемін Частично доверяю Сенбеймін Не доверяю Жауап беруге қиналамын Затрудняюсь ответить 5. Ақпаратты қандай тәсілмен алғыңыз келеді? Каким способом хотели бы получать информацию? Статистика органдарының Интернет-ресурсында На Интернет-ресурсе органов статистики Қағаз жеткізгіште На бумажном носителе Электрондық тарату бойынша По электронной рассылке Басқасын көрсетіңіз Другое, укажите 6. Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсын пайдаланасыз ба? Пользуетесь ли Вы Интернет-ресурсом Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан – www.stat.gov.kz? Иә Да Жоқ Нет 7. Сізге қажетті ақпарат www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында бар ма? Имеется ли на Интернет-ресурсе www.stat.gov.kz необходимая для Вас информация? Иә Да Жоқ Нет 8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және аумақтық органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру үшін Сіздің көзқарасыңыз бойынша не қажет? Что, на Ваш взгляд, необходимо для дальнейшего совершенствования работы Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан и территориальных органов? сауал салудың соңы конец опроса Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз!