О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 282 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 2 қарашадағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14479 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларында: мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын: «9-1. Уәкілетті орган уәкілетті тұлғалардан ұсыныстар алынған күннен бастап оларды он жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияға жолдайды. 9-2. Ұлттық комиссия материалдарды қарайды және: 1) «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісімен еңбек шартын ұзарту туралы; 2) «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісімен еңбек шартын бұзу туралы; 3) «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісімен еңбек шартын бұзу және оны екі жыл мерзімге «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы ұсынымдар шығарады. 9-3. Уәкілетті орган Ұлттық комиссияның шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті тұлғаларға шығарылған ұсынымдарды жолдайды.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Ұлттық комиссия ұсынымының негізінде уәкілетті тұлға еңбек шартының мерзімін ұзарту немесе оны бұзу туралы шешім қабылдайды. Растайтын құжаттардың көшірмелері шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолданады.».
Тармақ 2
2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14487 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстар және Шымкент қаласы бойынша департаменттерінде (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органы) басшының бұйрығымен топтар, ал Астана және Алматы қалалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарында штаттық айдауылмен алып жүру бөлімшелері құрылады.».
Тармақ 3
3.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14488 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларында: 9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қызметтік куәліктері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарына кіру құқығы болатын лауазымды тұлғалар тізбесінде (бұдан әрі – Лауазымды тұлғалар тізбесі) көрсетілген жекелеген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;»; 3-қосымшада: 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері.».
Тармақ 4
4. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағының нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;»; көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14620 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттарында: 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29. Тізілімнің А блогының қызметшілері үшін тестілеу мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша: Қазақстан Республикасының Конституциясы (20 сұрақ) бойынша, Еңбек кодексі (20 сұрақ) бойынша, «Білім туралы» (20 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (20 сұрақ), «Мемлекеттік мүлік туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары (10 сұрақ) бойынша өткізіледі.»; 37-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.
Тармақ 6
6. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14819 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларында: 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Келісілген тағылымдамадан өту кестесін жолдаушы мемлекеттік органның лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға, немесе оған уәкілетті басқа тұлға (бұдан әрі – лауазымды тұлға) жыл сайын жарты жылда бір рет 20 желтоқсанға және 20 маусымға дейін бекітеді.».
Тармақ 7
Басқа 1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1- қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығына 1- қосымша Нысан «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарлайды. Іріктеу «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне ______________________________________________________________ _______________________________________________________________ («А» корпусының санаттары және егер Ұлттық комиссиямен белгіленсе, «А» корпусы лауазымдарының әрбір санаттары бойынша «А» корпусының кадр резервіне алынатын тұлғалардың шекті саны көрсетіледі) бойынша алу үшін өткізіледі. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ («Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын талаптары көрсетіледі) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық органдары: 20____ж. «____»________ бастап, 20____ж. «____»________ дейінгі кезеңде құжаттарды қабылдайды. _____________________________________________________________ ______________________________________________________________ (құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар көрсетіледі) Құжаттар қолма-қол, поштамен немесе электрондық пошта арқылы келесі мекен - жайда________________________________________________________ (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының пошта және электронды пошта мекен-жайы көрсетіледі) қабылданады. Толық ақпаратты _________________________________________ (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының қала коды және телефондары мен факс номірлері көрсетіледі) телефондары бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында ________________________ алуға болады. (интернет-ресурс көрсетіледі) Қосымша ақпарат:_______________________________________________ _______________________________________________________________ (қажет болған жағдайда «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізумен байланысты қосымша ақпарат көрсетіледі)
Басқа 2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2 - қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығына 2 - қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш Мен, _______________________________________, ЖСН _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне_______________________________________________________________ (лауазымының санаты көрсетіледі) мені іріктеуге қатыстыруыңызды сұраймын. Мен: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы № 151 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды; мемлекеттік қызметке менің кіруіме және «А» корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кедергі келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін; өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін; мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау туралы мәліметтердің және «А» корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды; «А» корпусының кадрлық резервінен тағайындалған жағдайда өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды; өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (тегім, атым және әкемнің аты (бар болған жағдайда), туған күнім, тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, білімім мен мамандығым, атқарып отырған лауазымым, «А» корпусының лауазымының санаты) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынына келісетінімді мәлімдеймін; атқарып отырған лауазым, ағымдағы жұмыс орны, байланыс телефондары, білім алған жағдайда көрсетілген деректердің өзгерген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктермей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлаймын. Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі: 1.________________________________________________________ 2.________________________________________________________ 3.________________________________________________________ 4.________________________________________________________ 5.________________________________________________________ 6.________________________________________________________ 7.________________________________________________________ Байланыс деректері: Қаланың коды, телефон______________________________________ Ұялы телефон ______________________________________________ Тұратын жерінің мекен-жайы (пошта мекен-жайы): ________________ Тіркелген жерінің мекен-жайы: ________________________________ Электронды мекен-жайы: _____________________________________ ___________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) 20__ ж. «____»_______________
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағы
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3 - қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығына 3 - қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағы Ұлттық комиссияның мүшесі:________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Кан­ди­дат­тың те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) Са­на­ты Қо­ры­тын­ды ше­шім («ұсы­на­мын» неме­се «ұсын­бай­мын») өз қо­лы­мен тол­ты­ры­ла­ды 1. 2. 3. ... ... ____________________ 20 __ жылғы «___» ______________ қолы
Басқа 4
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4 - қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығына 4 - қосымша Ұлттық комиссияның мүшесі:______________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Кан­ди­дат­тың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) Ба­ға («оң» неме­се «те­ріс»),өз қо­лы­мен тол­ты­ры­ла­ды 1. 2. 3. ... ____________________ 20 __ жылғы «___» ______________ қолы
Басқа 5. «А» КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ АЛУ ҮШІН КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА ДЛЯ ЗАЧИСЛЕНИЯ В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА «А»
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы М емлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша 5 - қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығына 5 - қосымша Нысан «А» КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ АЛУ ҮШІН КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА ДЛЯ ЗАЧИСЛЕНИЯ В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА «А» ______________________________________________ (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да))/ фа­ми­лия, имя, от­че­ство (при его на­ли­чии) ФО­ТО (түр­лі тү­сті/ цвет­ное, 3,5х4,5) ______________________________________________­жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы/долж­ность, са­на­ты/ме­сто ра­бо­ты ка­те­го­рия (болған жағ­дай­да/при на­ли­чии) _____________________________________ (же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ин­ди­ви­ду­аль­ный иден­ти­фи­ка­ци­он­ный но­мер) ЖЕ­КЕ МӘ­ЛІ­МЕТ­ТЕР / ЛИЧ­НЫЕ ДАН­НЫЕ 1. Ту­ған кү­ні және же­рі/ Да­та и ме­сто рож­де­ния 2. Ұл­ты (қа­ла­уы бой­ын­ша)/ На­ци­о­наль­ность (по же­ла­нию) 3. Бі­лі­мі/ Об­ра­зо­ва­ние 4. Оқу ор­нын бі­тір­ген жы­лы және оның ата­уы/ Год окон­ча­ния и на­име­но­ва­ние учеб­но­го за­ве­де­ния 5. Ма­манды­ғы бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гі, ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы/ Ква­ли­фи­ка­ция по спе­ци­аль­но­сти, уче­ная сте­пень, уче­ное зва­ние 6. Ше­тел тіл­де­рін бі­луі/ Вла­де­ние ино­стран­ны­ми язы­ка­ми 7. Мем­ле­кет­тік на­гра­да­ла­ры, құр­мет­ті атақ­та­ры/ Го­су­дар­ствен­ные на­гра­ды, по­чет­ные зва­ния 8. Ди­пло­ма­ти­я­лық дә­ре­же­сі, әс­ке­ри, ар­найы атақ­та­ры, сы­нып­тық ше­ні, бі­лік­ті­лік сы­ны­бы (бе­ру кү­ні) (болған жағ­дай­да)/ Ди­пло­ма­ти­че­ский ранг, во­ин­ское, спе­ци­аль­ное зва­ние, класс­ный чин, ква­ли­фи­ка­ци­он­ный класс (да­та при­сво­е­ния) (при на­ли­чии) 9. Ар­найы тек­се­ру нәти­же­лерi (болған жағ­дай­да)/ Ре­зуль­та­ты спе­ци­аль­ной про­вер­ки (при на­ли­чии) 10. Жа­за тү­рі, оны та­ғай­ын­дау кү­ні мен негі­зі/ Вид взыс­ка­ния, да­та и ос­но­ва­ния его на­ло­же­ния 11. Сы­бай­лас жем­қор­лық құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ға­ны үшiн әкім­ші­лік жа­за қол­да­ны­л­ға­ны ту­ра­лы мәлi­мет (қол­да­ны­л­ған және орын­дал­ған кү­ні)/ Све­де­ния о на­ло­же­нии ад­ми­ни­стра­тив­но­го взыс­ка­ния за со­вер­ше­ние кор­руп­ци­он­но­го пра­во­на­ру­ше­ния (да­та на­ло­же­ния и ис­пол­не­ния) 12. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір кел­ті­ре­тін терiс қы­лық жа­са­ға­ны үшін тәр­тiп­тiк жа­за қол­да­ны­л­ға­ны ту­ра­лы мәлi­мет (тәр­тiп­тiк сы­бай­лас жем­қор­лық құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ға­ны ту­ра­лы)/ Све­де­ния о на­ло­же­нии дис­ци­пли­нар­но­го взыс­ка­ния за со­вер­ше­ние дис­ци­пли­нар­но­го про­ступ­ка, дис­кре­ди­ти­ру­ю­ще­го го­су­дар­ствен­ную служ­бу (о со­вер­ше­нии кор­руп­ци­он­но­го дис­ци­пли­нар­но­го пра­во­на­ру­ше­ния) 13. Соң­ғы үш жыл­да­ғы қыз­ме­ті­нің ти­ім­ді­лі­гін жыл сай­ын­ғы ба­ға­лау кү­ні­мен нәти­же­сі, егер үш жыл­дан кем жұ­мыс іс­те­ген жағ­дай­да, нақ­ты жұ­мыс іс­те­ген ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы көр­се­ті­ле­ді (мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­кер­лер үшін)/ Да­та и ре­зуль­та­ты еже­год­ной оцен­ки эф­фек­тив­но­сти де­я­тель­но­сти за по­след­ние три го­да, в слу­чае, ес­ли про­ра­бо­тал ме­нее трех лет, ука­зы­ва­ют­ся оцен­ки за фак­ти­че­ски от­ра­бо­тан­ный пе­ри­од (для ад­ми­ни­стра­тив­ных го­су­дар­ствен­ных слу­жа­щих) ЕҢ­БЕК ЖО­ЛЫ/ТРУ­ДО­ВАЯ ДЕ­Я­ТЕЛЬ­НОСТЬ Кү­ні/Да­та қыз­ме­ті, жұ­мыс ор­ны, ме­ке­ме­нің ор­на­лас­қан же­рі/долж­ность, ме­сто ра­бо­ты, ме­сто­на­хож­де­ние ор­га­ни­за­ции қа­был­дан­ған/ при­е­ма боса­ты­л­ған/ уволь­не­ния _____________________ Кан­ди­дат­тың қо­лы/ Под­пись кан­ди­да­та _______________ кү­ні/да­та Тек­се­ріл­ді/ Про­ве­ре­но _____________________ қо­лы/под­пись _________________ кү­ні/да­та Мөр­дін ор­ны ме­сто пе­ча­ти ___________________________________________ Пер­со­нал­ды бас­қа­ру қыз­ме­ті (кадр қыз­ме­ті) жұ­мыс­ке­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты/ Фа­ми­лия, имя, от­че­ство ра­бот­ни­ка служ­бы управ­ле­ния пер­со­на­лом (кад­ро­вой служ­бы)