Об утверждении Правил проведения с участием респондентов на добровольной основе тестирования и обсуждения проектов статистических форм по общегосударственным и (или) ведомственным статистическим наблюдениям и инструкций по их заполнению Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 6-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың  жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігi КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігi КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігi КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігi КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқа 1. Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың  жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың  жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар уәкілетті орган тиісті жылға бекітетін статистикалық жұмыстар жоспарына (бұдан әрі – статистикалық жұмыс жоспары) сәйкес, жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік статистика органдарына таралады.
Тармақ 3
3. Қағидалар ерікті негізде ықтимал респонденттермен жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың (бұдан әрі – статистикалық нысандарды тестілеу) тәртібін айқындайды.
Тармақ 4
4. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеу және талқылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде (бұдан әрі – Комитет) статистикалық нысандарды тестілеуге арналған арнайы дайындалған бөлмеде өткізіледі.
Тармақ 5
5. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуді және талқылауды ұйымдастыруға жауапты Комитеттің құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – тиісті басқарма) статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуді және талқылауды үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Осы Қағидаларда Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар пайдаланылады.
Тарау 2. 2-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуді және талқылауды өткізуге негіздемелер
2-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуді және талқылауды өткізуге негіздемелер
Тармақ 7
7. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуді және талқылауды өткізуге негіздемелер болып:
Тармақша 1
1) жаңа статистикалық байқаудың енгізілуі;
Тармақша 2
2) қолданыстағы статистикалық нысандарға (жаңа бөлімді, көрсеткіштерді қосу) өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 3
3) статистикалық байқау әдіснамасының өзгеруі;
Тармақша 4
4) деректерді жинау әдісінің өзгеруі;
Тармақша 5
5) респонденттерде статистикалық нысанды толтыру кезінде үнемі туындайтын қателердің бар болуы жағдайларында өткізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуді және талқылауды өткізу әдістері
3-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуді және талқылауды өткізу әдістері
Тармақ 8
8. Статистикалық нысандардың жобаларын талқылау және тестілеу екі әдіспен өткізіледі:
Тармақша 1
1) ауызша талқылау әдісі – респонденттер сұрақтарды қалай түсінеді және түсіндіретінін респонденттермен ауызша талқылау жүргізілетін, статистикалық нысандарда пайдаланылатын түсіндіру аппараты. Бұл әдіс статистикалық нысандарда құрастырылған сұрақтардың орындылығын, олардың респонденттерге түсініктілігін және қолжетімділігін анықтау үшін пайдаланылады;
Тармақша 2
2) көз қозғалысын бақылау әдісі – электрондық түрдегі статистикалық нысандарды респонденттердің көзбе-көз қабылдауымен байланысты проблемаларды анықтау бойынша әдіс. Бұл әдіс респонденттермен электрондық түрдегі статистикалық нысандарды бағдарламалық қамтамасыз ету мен арнайы камера арқылы толтыру кезінде курсордың қозғалысын, ымдауды, мимиканы, көз қозғалысын белгілеуге мүмкіндік береді.
Тарау 4. 4-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуден және талқылаудан өткізуге дайындық
4-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуден және талқылаудан өткізуге дайындық
Тармақ 9
9. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуден және талқылаудан өткізуге дайындық процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуден және талқылаудан өткізу графигін қалыптастыру және бекіту;
Тармақша 2
2) тестіленетін статистикалық нысанға сұрақтар тізбесін әзірлеу;
Тармақша 3
3) ерікті негізде статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуге және талқылауға қатысуға тілек білдірген респонденттер тобын айқындау;
Тармақша 4
4) тестіленетін респонденттердің деректер базасын құру;
Тармақша 5
5) ұйымдастыру іс-шаралары.
Тармақ 10
10. Тиісті басқармаларға статистикалық нысандарды қайта қарау жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуден және талқылаудан өткізу үшін статистикалық нысандардың тізбесін статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне және мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкіне (әрі қарай – МО және ҚР ҰБ) ұсыну туралы сұрату жолдайды.
Тармақ 11
11. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, МО және ҚР ҰБ сәйкес басқармаға статистикалық нысандарды қайта қарау жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 30 қарашасына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға, статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуден және талқылаудан өткізу үшін өтінімге сәйкес ұсыныстарын береді.
Тармақ 12
12. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен, МО және ҚР ҰБ-дан алынған ұсыныстар негізінде тиісті басқарма статистикалық нысандарды қайта қарау жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде Статистикалық нысандарды тестілеуден өткізу графигін қалыптастырады. Статистикалық нысандарды тестілеуден өткізу графигін Комитет басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам бекітеді.
Тармақ 13
13. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен, МО және ҚР ҰБ-дан алынған ұсыныстардың негізінде тиісті басқарма жеке әр статистикалық нысанға Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуден және талқылаудан өткізу үшін сұрақтар тізбесін әзірлейді. Сұрақтар тізбесі Комитеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, МО және ҚР ҰБ-мен келісіледі.
Тармақ 14
14. Респонденттер тобын тиісті статистикалық нысанды әзірлеуге жауапты Комитеттің мүдделі құрылымдық бөлімшесі, МО және ҚР ҰБ айқындайды.
Тармақ 15
15. Статистикалық нысандарды тестілеуден өткізу үшін қажетті респонденттер саны 10-нан 30 адамға дейін өзгереді.
Тармақ 16
16. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеу және талқылау үшін респонденттер тобын айқындағаннан кейін тиісті басқарма Комитеттің ресми интернет-ресурсына тестілеуге өз еркімен қатысуды қалайтын респонденттер үшін хабарландыру орналастырады. Сондай-ақ статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуге және талқылауға ерікті негізде қатысуға респонденттерді тарту үшін аумақтық статистика органдарына, МО және ҚР ҰБ-ға сұрау жолданады.
Тармақ 17
17. Тестілеу күніне дейін бір апта мерзімде тиісті басқарма мынадай ұйымдастыру іс-шараларын жүргізеді:
Тармақша 1
1) респонденттерге электрондық пошта және (немесе) мобильді байланыс арқылы тестілеу күні мен уақыты жөнінде хабарлама жолдайды;
Тармақша 2
2) тестілеу процесінің аудио-бейне жазбалары бойынша техникалық жабдықтарын дайындайды;
Тармақша 3
3) тестілеуге қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындайды;
Тармақша 4
4) тестілеуге жататын статистикалық нысандардың қағаз нұсқаларын дайындайды;
Тармақша 5
5) үлестірме материалды басып шығарады.
Тарау 5. 5-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеу және талқылау процесі
5-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеу және талқылау процесі
Тармақ 18
18. Жобаларды тестілеу және талқылау процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) респондентке тестілеуді өткізудің мақсаттары мен процесін түсіндіру;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес аудио және бейнежазбаға келісім туралы өтінішке қол қою;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес респонденттің сауалнамалық деректерін толтыру;
Тармақша 4
4) респонденттің статистикалық нысанды толтыруы;
Тармақша 5
5) респондентті бақылау;
Тармақша 6
6) статистикалық нысандарды тестілеуді және талқылауды өткізу үшін Сұрақтар тізбесіне тиісті белгілер қою.
Тарау 6. 6-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеудің және талқылаудың нәтижелерін өңдеу және сақтау процесі
6-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеудің және талқылаудың нәтижелерін өңдеу және сақтау процесі
Тармақ 19
19. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеудің және талқылаудың нәтижелерін өңдеу процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) тиісті басқарманың статистикалық нысандардың жобаларын тестілеу және талқылау материалдарын бір апта мерзімде өңдеуі;
Тармақша 2
2) статистикалық нысандардың жобаларын тестілеу және талқылау нәтижелері бойынша Есепті дайындау;
Тармақша 3
3) статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуден және талқылаудан өткізген сәттен бастап 3 жыл ішінде тестілеудің материалдарын электрондық түрде, қағаз түрінде тиісті статистикалық нысанды белгіленген тәртіппен бекіту сәтіне дейін сақтауды қамтамасыз ету.
Тарау 7. 7-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеу және талқылау қорытындыларын шығару
7-тарау. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеу және талқылау қорытындыларын шығару
Тармақ 20
20. Өткізілген тестілеудің қорытындылары бойынша тиісті басқарма барлық өткізілген іс-шараларды егжей-тегжейлі сипаттаумен, статистикалық нысанның әрбір сұрағын, ескертулер мен оған ұсынымдарды талдаумен толық есеп жасайды. Есеп Комитет төрағасының жетекшілік етуші орынбасарына, ал есептің көшірмелері Комитеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, МО және ҚР ҰБ-ға қарау және шешім қабылдау үшін жіберіледі.
Тармақ 21
21. Тиісті статистикалық нысандарды әзірлеуге жауапты Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, МО және ҚР ҰБ тестілеу қорытындылары бойынша ескертулермен және ұсынымдармен келіскен жағдайда статистикалық нысанға тиісті өзгерістер енгізіледі. Тестілеу қорытындылары бойынша берілген ескертулер және ұсынымдармен келіспеген жағдайда сәйкес басқармаға ескертулер мен ұсынымдарды қабылдай алмаудың негіздемесімен жауап жолдайды.
Басқа 1.1. Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуді және талқылауды өткізуге арналған өтінім
Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидаларына 1-қосымша Статистикалық нысандардың жобаларын тестілеуді және талқылауды өткізуге арналған өтінім (тестілеу объектісінің атауы 1) ___________________________ 1. Тестілеуді өткізудің мақсаты:_____________________________________ _______________________________________________________________ 2. Тестілеудің міндеті:____________________________________________ _______________________________________________________________ 3. Тестілеу үшін респонденттер тобы:_______________________________ _______________________________________________________________ 4. Тестілеуді өткізудің негіздемесі:__________________________________ _______________________________________________________________ 5. Статистикалық нысандағы өзгерісті көрсетіңіз (бөлімдер, көрсеткіштер):____________________________________________________ ________________________________________________________________ 6.Тестілеу объектісінің проблемалық аймақтары_______________________ ________________________________________________________________ ______________________________________________________________/______________ ТАӘ (құрылымдық бөлімше басшысының) қолы, күні
Басқа 1.2. Аудио және бейнежазбаға келісім туралы өтініш
Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың  жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидаларына 2-қосымша Аудио және бейнежазбаға келісім туралы өтініш Осы арқылы Мен, өзімнің тестілік сауал салудың аудио және бейнежазбасына келісімім туралы мәлімдеймін. Бұл файл қол қойылған күнінен бастап үш жыл ішінде сақталатын болады. Ғылыми әдістемелік деректер ретінде, оқыту мақсатында, сондай-ақ статистикалық нысандарды әзірлеуге жауапты қызметкерлермен талқылауға арналған материал ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде ғана қайта шығарылуы мүмкін. ____________________________________________________________/________________ Аты, Тегі, Әкесінің аты қолы, күні
Басқа 1.3. Келісім туралы өтініш
Жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың  жобаларын тестілеуді және талқылауды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізу қағидаларына 3-қосымша Сауалнамалық деректер Келісім туралы өтініш Осы арқылы Мен, жоғарыда көрсетілген деректерді сақтауға келісім беретіндігім туралы мәлімдеймін. Бұл ақпарат жеке адамдарға да, мемлекеттік органдарға да берілмеуі тиіс. Жазбаша сұрау арқылы мен келісім туралы берілген өтінішті кері қайтара аламын және менің деректерім тиісті түрде жойылатын болады. ____________________________________________________________/________________ Аты, Тегі, Әкесінің аты қолы, күні Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз!