Об утверждении стандартов государственных услуг в области связи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандартов государственных услуг в области связи
- Атауы (қаз.)
- Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 549
- Қабылданған күні
- 27.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2020 127589_469008.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800018078
- ЭКБ идентификаторы
- 127589
- Редакция идентификаторы
- 127589_469008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:40
0 Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін:
1
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
3
4
2 2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 549 бұйрығына
1-қосымша
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2 «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 549 бұйрығына 2-қосымша
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды
алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде.
6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы бұйрық;
дәлелді бас тарту болып табылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған, электрондық құжат түрінде жіберіледі.
7 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8
8. Порталдың жұмыс кестесі–техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9 9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілдің: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
оператор қатысатын әрбір өңірде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын таңдау мақсатында желілерді қосудың стандартты нүктелері болып табылатын оператор желісінің коммутациялық станциялары;
жаңадан енгізілетін немесе бұрын қолданыста болған қызметте қызметке қол жеткізу кодын 1, 2, 3 және 4 пайдалана отырып, байланыс қызметтерін көрсететін "ХХХ" операторының кодын алу үшін құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
көрсетілетін қызметтің толық сипаттамасы;
нөмірлеу ресурсын алу үшін негіздеме:
1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы ресімдеген бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге өтініш;
2 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазба;
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау префиксін алу үшін құжаттар тізбесіне қосымша байланыс қызметін ұйымдастырудың транзиттік мақсаттылығының тізбесі ұсынылады;
ұсынылатын байланыс қызметін көрсету тәсілінің нақты сипаттамасы;
қоңырауларды тарифтеу және бағыттау бойынша ұсыныстар.
"ХХХХ" қызметі абоненттерінің логикалық нөмірлері қызметті абоненттеу кезінде байланыс операторларына (4, 5, 6 және 7 қызмет провайдерлеріне) бөлінеді.
нөмірлеу ресурсын алу үшін:
1
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің нөмірлеу ресурсын бөлу туралы бұйрығы туралы мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ресімдеген бірыңғай телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын алуға өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.miс.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, 14- кіреберіс, 8 (7172) 74-03-64 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес жазбаша нысанда поштамен, көрсетілетін қызметті берушінің немесе кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өндеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен мерзімі көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
11 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1 1) www.miс.gov.kz – Министрліктің интернет-ресурсында;
2 2) порталда орналастырылған.
13 13. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты ала алады.
14
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.miс.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
2.1 Бірыңғай телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге өтініш
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және
нөмірлерді беру, сондай-ақ
оларды алып қою» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Бірыңғай телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге
өтініш
1 1. Өтініш беруші (заңды тұлғалар үшін – толық және қысқаша атауы, жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)).
2 2. Жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi.
3 3. Пошталық мекенжайы.
4 4. Байланыс деректемелері (телефон, факс, телекс).
5 5. Банктік деректемелер.
6 6. Уәкілетті орган берген лицензиясының және оның қосымшасының деректемелері (лицензияланатын байланыс қызметтерін көрсеткен жағдайда).
7 7. Желінің толық және қысқартылған атауы (егер болса).
8 8. Желіні құруға және пайдалануға жауапты тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).
9 9. Сұратылатын нөмірлеу ресурсының көлемі.
10 10. Сұратылатын нөмірлеу ресурсын пайдалану болжанып отырған аумақ.
Қоса берілетін құжаттар:
1 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделген түсіндірме жазба;
____________________________ ______________________________
(өтінішке қол қоюға уәкілетті (лауазымды тұлғаның тегі, аты,
тұлғаның лауазымы) әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны
(болған жағдайда)
2.2 Түсiндiрме жазба
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және
нөмірлерді беру, сондай-ақ
оларды алып қою» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Түсiндiрме жазба
1 1. Желiнiң атауы және түрi.
2 2. Желiнiң жұмыс істеуін қамтамасыз етудің әкiмшiлiк-ұйымдық қағидаттары (меншiк нысандары, иесi, пайдаланатын ұйымдар, ұйым – халықаралық оператор, олардың құқықтық және функционалдық қатынастары).
3 3. Өтiнiм берілген кезде желiнiң пайдалануға әзірлігі (немесе пайдалануды бастау мерзiмi).
4 4. Желi құрудың қысқаша техникалық қағидаттары:
1 1) құрылымы, оның iшiнде қалааралық (халықаралық, аймақiшiлiк) желiлермен өзара iс-қимылды жүзеге асыратын элементтер;
2 2) қалааралық (халықаралық) желiлермен түйiндесудi техникалық қамтамасыз ету (желiаралық түйiндесу хаттамалары, тiкелей түйiндесу, байланыс арналарының түрлерi және оларды ұйымдастыру тәсiлдерi).
5
5. Желінің қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн, Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін, IP-телефония қызметтерiне (Интернет-телефония) және байланыстың зияткерлік желiлер қызметтерiне ұсыну үшiн ұйымдастыру-техникалық дайындығы (шет елдердiң түйiндесу желiлерiнiң операторларымен, отандық желiлермен немесе транзит беру туралы халықаралық транзиттiк тораптармен, халықаралық арналар жабдықтаушыларымен келiсiмдердiң бар-жоғы, техникалық құралдардың бар-жоғы және функционалдық дайындығы).
6 6. Желiнің жұмыс істеу ауқымы:
1 1) желi топологиясы (желi қамтитын Қазақстан Республикасының, ТМД елдерiнiң, басқа да шет елдердiң қалалары мен өңірлерінің тiзбесi);
2 2) пайдаланушылардың, оның iшiнде қалааралық (халықаралық) байланыс қызметтерiн пайдаланатындардың саны;
3 3) тiкелей түйiндесу жүргiзiлетiн шетел желiлерi мен транзиттiк тораптарының тiзбесi;
4 4) пайдаланушыларға мәлімделген желiмен тiкелей түйiндесуi жоқ шетел желiлерiнiң абоненттерiне шығуды ұсыну мүмкiндiгi;
5 5) қалааралық (халықаралық) трафик (кiрiс, шығыс);
6 6) көрсетілетін қызметтердiң құрамы.
7 7. Желiнi нөмiрлеу жоспарын құру қағидаттары.
8 8. Көрсетілетін қызметтердiң сипаттамасы.
Ескертпелер:
1 1) 4, 5-тармақтар бойынша мәлiметтер өтiнiш беру кезiндегi жағдайы бойынша жазылады және желiнi дамыту жоспарлары бойынша деректер келтiрiледi;
2
2) 5-тармақ тек нөмiрлеу аймағының "DEF" кодтарын, "DEFХ1" және "DEF Х1 Х2" кодтарын, көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік кодттарында "Х1Х2Х3(Х4)" байланыс операторларының (көрсетілетін қызметтер провайдерлерiнiң) кодтарын сұрататын операторлар үшiн, оператордың таңдау префиксiн сұрататын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары үшiн қолданылады;
3 3) 6-тармақтың 3) – 5) тармақшалары тек нөмiрлеу аймағының "DEF" кодтарын, "DEF Х1" және "DEF Х1Х2" кодтарын сұрататын операторлар үшiн қолданылады;
4 4) егер бұрын лицензия алуға түсiндiрме жазбадағы нөмiрлеу жоспары өзгертiлсе, осы түсіндірме жазбаның 7-тармағы бойынша жаңа нөмiрлеу жоспары қоса берiледi.
2.3 Бірыңғай телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын алып қоюға өтініш
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және
нөмірлерді беру, сондай-ақ
оларды алып қою» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Бірыңғай телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын алып қоюға
өтініш
1 1. Өтініш беруші (заңды тұлға үшін – толық және қысқаша атауы, жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты).
2 2. Жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi.
3 3. Пошталық мекенжайы.
4 4. Байланыс деректемелері (телефон, факс, телекс).
5 5. Алып қоюға ұсынылатын нөмірлеу ресурсының көлемі.
6 6. Нөмірлеу ресурсын алып қоюға өтініш берген аумақ.
7 7. Нөмірлеу ресурсын алып қоюға өтініш беру себептері.
____________________________ ______________________________
(өтінішке қол қоюға уәкілетті (лауазымды тұлғаның тегі, аты,
тұлғаның лауазымы) әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны
(болған жағдайда)
3 «Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 549 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға
рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
4 «Импорттан өзгеше жағдайларда азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру және (немесе) олардың импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 549 бұйрығына
4-қосымша
«Импорттан өзгеше жағдайларда азаматтық мақсаттағы, оның
ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру және
(немесе) олардың импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
5 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 549 бұйрығына
5-қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1
1.«Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11380 болып тіркелген, 2015 жылы 20 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2
2. «Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13237 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. «Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 429 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16218 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық акті эталондық бақылау банкінде жарияланған).