О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Костанайской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің қағидалары
Әкімдіктің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 қаулысына 1-қосымша Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қостанай облысының әкімдігі құрған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Полиция департаменті» (бұдан әрі – облыстың ПД) мемлекеттік мекемесі енгізеді.
Тармақ 4
4. Комиссияның хаттама нысанында қабылдаған шешімі көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Көтермелеудің нақты түрі, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшері Комиссияның хаттамасында көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан азаматтарға алғыс жариялауды, оларды грамотамен марапаттауды, сондай-ақ ақшалай сыйақы төлеуді облыстың ПД салтанатты түрде жүзеге асырады.
Басқа 17. Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақының мөлшері
Әкімдіктің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 қаулысына 2-қосымша Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 1
1. Алғыс жариялау.
Тармақ 2
2. Грамотамен марапаттау.
Тармақ 3
3. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде ақшалай сыйақы беру.