Об утверждении Правил назначения и участия представителей государства (государственных служащих) в органах управления акционерных обществ и товариществ с участием государства Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік қатысуымен акционерлік қоғамдардың және серіктестіктердің басқару органдарына мемлекет өкілдерінің (мемлекеттік қызметкерлердің) қатысу және тағайындау Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 29.06.2005 № 34 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарғы арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2001 жылға арналған іс-шаралар жоспарын 1.2. тармағын орындауда, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
Қоса беріліп отырған мемлекеттік қатысуымен акционерлік қоғамдардың және серіктестіктердің басқару органдарына мемлекет өкілдерінің (мемлекеттік қызметкерлердің) қатысу және тағайындау Ережесі бекітілсін.
Басқа 2. Мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың және серіктестіктердің басқару органдарына мемлекет өкілдерінің (мемлекеттік қызметкерлердің) қатысу және тағайындау Ережесі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 13 маусымдағы
№ 60 шешімімен бекітілген
Мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың және серіктестіктердің басқару органдарына мемлекет өкілдерінің (мемлекеттік қызметкерлердің) қатысу және тағайындау Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың және серіктестіктердің басқару органдарына мемлекет өкілдерінің (мемлекеттік қызметкерлердің) қатысу және тағайындау Ережесі Қостанай облысының коммуналдық меншігі болып табылатын акционерлік қоғамдардың және мемлекеттің қатысуымен серіктестіктердің басқару органдарына мемлекеттің өкілдерінің (мемлекеттік қызметкерлердің) жауапкершілігі мен өкілеттіктерін, тағайындаудың тәртібі мен шартын белгілейді.
Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 281 "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 "Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Ережеде пайдаланатын ұғымдар
2. Ережеде пайдаланатын ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
Куратор - акционерлік қоғамды немесе мемлекеттік қатысу үлесі бар серіктестікті бақылайтын мемлекеттік орган;
Акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы - акционерлік қоғамды немесе мемлекеттің қатысу үлесі бар серіктестікті басқарудың жоғары органы;
Қоғам - акциялардың мемлекеттік пакеттері бар, акционерлік қоғам;
Мемлекеттің өкілі - мемлекеттің қатысу үлесі бар серіктестікті немесе акционерлік қоғамды басқару кезінде мемлекеттің мүддесін ұсынатын мемлекеттік қызметкер;
Мемлекеттік үлестің иесі - акционерлік қоғамдағы немесе серіктестіктегі мемлекеттік үлеске қатысты меншік иесінің құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Серіктестік - Жарғы капиталында мемлекеттік үлесі бар жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.
Тарау 3. 3. Ереженің мақсатты мен міндеттері
3. Ереженің мақсатты мен міндеттері
Тармақ 2
2. Осы Ереженің мақсатты болып Серіктестіктер мен қоғамдарды тиімді басқару, Серіктестіктер мен қоғамдарды басқару кезінде мемлекеттік мүддені ұсыну табылады.
Тармақ 3
3. Осы ереженің негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) серіктестіктер мен қоғамдардың басқару органдарының жұмысына қатысу үшін мемлекет өкілінің іріктеуін жетілдіруі;
Тармақша 2
2) серіктестіктер мен қоғамдардың басқару органдарындағы жұмысы кезінде мемлекет өкілінің жауапкершілігі мен өкілеттігін, міндеттерін анықтау.
Тарау 4. 4. Серіктестіктер мен қоғамдардағы мемлекет өкілдерінің қызмет қағидалары
4. Серіктестіктер мен қоғамдардағы мемлекет өкілдерінің қызмет қағидалары
Тармақ 4
4. Өзінің міндеттерін атқарған кезде мемлекет өкілдері, мемлекеттің және қоғамдардың немесе Серіктестіктердің мүддесін ен көп дәрежеде көрсетіледі деп дәлелді есептейтін тәсілдерді қолданып адал және парасаты (ақылды) қызмет көрсету керек.
Мемлекет өкілдерінің қоғамдар мен серіктестіктердегі жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) мемлекет мүддесінің басымдылығы;
Тармақша 3
3) қоғамдардың және Серіктестіктердің тиімді қызметі үшін мемлекет өкілінің жауапкершілігі.
Тарау 5. 5. Мемлекеттің өкілдері тағайындалатын қоғамдар мен Серіктестіктердің басқару органдары
5. Мемлекеттің өкілдері тағайындалатын қоғамдар мен Серіктестіктердің басқару органдары
Тармақ 5
5. Мемлекеттің өкілдері қоғамның директорлар кеңесіне, ревизор болып немесе ревизиялық комиссияның құрамына тағайындалуға мүмкін.
Заңнамамен қарастырылған жағдайларда Мемлекеттің өкілі қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалуына мүмкін.
Тармақ 6
6. Мемлекеттің өкілдері Серіктестіктің байқаушы кеңесіне тағайындалуына мүмкін. Байқаушы кеңестің құрылуы Серіктестіктің Жарғысымен қарастырылмаған жағдайда мемлекеттің өкілі Серіктестіктің басқару органына тағайындалмайды.
Тарау 6. 6. Мемлекет өкілдерін қоғамның және Серіктестіктің басқару органына тағайындау
6. Мемлекет өкілдерін қоғамның және Серіктестіктің басқару органына тағайындау
Тармақ 7
7. Мемлекеттің өкілі жүз пайыздық акциялардың мемлекеттік пакеті бар қоғамдардың немесе жүз пайыздық қатысудың мемлекеттік үлесі бар Серіктестіктердің басқару органдарына Куратордың ұсынысы бойынша мемлекеттік үлестің Иесімен тағайындалады.
Мемлекеттік үлестің Иесіне қоғамдағы акциялар пакеттерінің немесе Серіктестіктегі үлестің барлығы жатпаған жағдайда, Куратордың ұсынысы бойынша онымен акционерлердің (қатысушылардың) Жалпы жиналысының қарастырылуына шығарылатын үміткерлер бекітіледі.
Тармақ 8
8. Куратор мемлекеттік қызметкерлерді іріктеудің дәлелдемесін келесі критериялар есебімен мемлекеттік үлестің Иесіне ұсынуға қажет: білімі, біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, мемлекеттік қызметтің өтілі және басқалар.
Тармақ 9
9. Қоғамға немесе Серіктестікке қатысты тағайындалатын лауазымды тұлғаларға жақын туыс (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, аға-інілер, апа-сіңілілер, балалар) болып табылатын тұлғалар және жекжаттары (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, аға-інілер, апа-сіңілілер, ерлі-зайыптылардың балалары) болатындар мемлекеттің өкілі бола алмайды.
Мемлекеттік қызметкер мемлекет өкілі болып тағайындалатын алдында ол тағайындалатын қоғамның немесе серіктестіктің лауазымды тұлғаларымен туыстық және басқа да байланыстары жоқ екендігі туралы қолхат береді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің қызметкері болып табылатын мемлекет өкілінің басшысы қоғамның немесе серіктестіктің басқару органдарының жұмысына қатысуын қамтамасыз ету керек. Мемлекеттің өкілдеріне қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес қоғамның немесе Серіктестіктің басқару органдарының жұмысына қатысуымен байланысты шығындардың орындары толтырылады. қоғамның немесе Серіктестіктің басқару органдарының жұмысына тікелей қатысқан үшін мемлекеттік қызметкерлерінде - Мемлекет өкілдеріне сыйақы немесе қосымша төлемдер төлембейді.
Тармақ 11
11. Қоғамдағы немесе серіктестіктегі мемлекет өкілінің өкілеттік мерзімі заңнама талаптарының сақталуымен мемлекеттік үлесінің Иесімен белгіленеді.
Мемлекет өкілінің қоғамдағы немесе Серіктестіктегі өкілеттігі өзінің міндеттерін әділетсіз орындаған жағдайда және заңнамамен қарастырылған басқа да жағдайларда мерзімімен бұрын тоқтатылады.
Тарау 7. 7. Қоғамдағы немесе Серіктестіктегі мемлекет өкілдерінің құзыреті
7. Қоғамдағы немесе Серіктестіктегі мемлекет өкілдерінің құзыреті
Тармақ 12
12. Мемлекет өкілдерінің құзыреті Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының қоғамдар немесе Серіктестіктер туралы қолданылып жүрген заңнамасымен, қоғамдардың немесе Серіктестіктердің құрылтай құжаттамаларымен анықталады.
Тармақ 13
13. Мемлекет өкілі куратормен және мемлекеттік үлесінің Иесімен келісусіз қоғам директорларының кеңесі құзыретіне жататын келесі мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға құқылы емес:
Тармақша 1
1) қоғам қызметінің басымды бағыттарын анықтау;
Тармақша 2
2) акционерлердің Жалпы жиналысын өткізбей сырттай дауыс беру кезінде есеп комиссиясын құру;
Тармақша 3
3) акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
Тармақша 4
4) қоғамның шығарылған (төленген) капитал мөлшерін азайту туралы және қоғаммен шығарылған акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздарды өтеп алу туралы шешімді қабылдау;
Тармақша 5
5) қоғамның атқарушы органың сайлау және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, оған төленетін сыйақылар мен өтемақылардың мөлшерін белгілеу, егер қоғамның жарғысымен бұл мәселелер акционерлердің Жалпы жиналысының құзыретіне жатпаса;
Тармақша 6
6) жартыжылдың немесе тоқсанның қорытындысы бойынша үлеспайданың мөлшері, көзі және төлеу тәртібі туралы шешімді қабылдау;
Тармақша 7
7) таза пайданы қолдану тәртібін, резерв капиталының және қоғамның басқа да қорларының қаражаттарын анықтау;
Тармақша 8
8) қоғамның өкілдіктері мен филиалдарын құру туралы шешімді қабылдау;
Тармақша 9
9) басқа ұйымдардың құрылуына және олардың қызметтеріне қоғамның қатысуы туралы шешімді қабылдау;
Тармақша 10
10) ірі мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдау;
Тармақша 11
11) жарғы капиталынан 10 пайыз артық сомадағы қоғамның мүлігін иеліктен айыруға әкеп соғатын басқа мәселелер.
Қоғам қызметінің басқа мәселелері бойынша шешімдерді Мемлекеттің өкілі дербес өзі қабылдауға құқылы.
Мемлекет өкілінің өкілеттігі оны ревизор немесе ревизиялық комиссияның құрамына тағайындаған кезде қолданылып жүрген заңнамамен және қоғамның Жарғысымен реттеледі.
Тармақ 14
14. Мемлекет өкілінің өкілеттігі оны Серіктестіктің бақылаушы кеңесінің құрамына тағайындаған кезде қолданылып жүрген заңнамамен және Серіктестіктің Жарғысымен реттеледі.
Тармақ 15
15. Қоғамдағы немесе Серіктестіктегі мемлекеттің өкілі қоғамның немесе Серіктестіктің атқарушы органымен қабылданған шешімдер туралы, сондай-ақ қоғамның немесе Серіктестіктің лауазымды тұлғаларының өзінің жұмысына әділетсіз қатынасы туралы Кураторды және мемлекеттік үлестің Иесін уақытында ескертуге қажет.
Тарау 8. 8. Мемлекет өкілдерінің жауапкершілігі
8. Мемлекет өкілдерінің жауапкершілігі
Тармақ 16
16. Мемлекеттің өкілдері мемлекетке, қоғамға немесе серіктестікке зиян немесе шығын келтірілген өзінің әрекеті үшін қолданылып жүрген заңнамамен қарастырылған тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті.
Мұның ішінде қоғамға немесе Серіктестікке шығын әкелген шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған тұлғалар жауапты емес. Басшылықтың жазбаша нұсқауы бойынша Мемлекетке, қоғамға (Серіктестікке) зиян әкелген шешім үшін дауыс берілген жағдайда, осындай нұсқауға қол қойған басшылық жауапты болады.
Тармақ 17
17. Қолданылып жүрген заңнамада қарастырылған тәртіпте өкілдер тәртіптік жауапкершілікке мыналар үшін тартылады:
Тармақша 1
1) қоғам мен Серіктестіктің басқару органдарындағы жұмысқа ықылассыз қатынас білдіру;
Тармақша 2
2) қоғам мен Серіктестіктің қызмет нәтижелері туралы мемлекеттік үлестің Иесіне толық ақпаратты бермеу немесе жасыру.
Тармақ 18
18. Қоғам мен Серіктестіктің басқару органдарындағы жұмыстың барысында алынған, коммерциялық құпияны құратын мәліметтер жариялануға жатпайды.
Мемлекеттің өкілдері, сәйкестік мемлекеттік органдарға олардың талаптары бойынша мәліметтерді беру жағдайдан басқа, қоғам мен Серіктестіктің коммерциялық құпиясын құратын мәліметтерді жариялаған үшін, заңнамалық актілерімен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 19
19. Қоғамды немесе Серіктестікті жойған жағдайда Мемлекеттің өкілдері, заңнамамен қарастырылған жағдайлардан айрықша, олардың мүлігінің жеткіліксіздігі кезінде қоғамдар немесе Серіктестіктердің міндеттері жөнінде кредиторлардың алдында мүліктік жауапкершілікке тартылады.
Тарау 9. 9. Қоғамдардың немесе Серіктестіктердің басқару органдарындағы Мемлекет өкілдерінің қызметің бағалау
9. Қоғамдардың немесе Серіктестіктердің басқару органдарындағы Мемлекет өкілдерінің қызметің бағалау
Тармақ 20
20. Қоғамдар мен Серіктестіктердің басқару органдарындағы қоғамдар мен Серіктестіктердің тиімді табысты қызметін немесе қоғамдар мен Серіктестіктердің қызметіне жағымды өзгерістерді қамтамасыз еткен мемлекет өкілдерінің қызметі, Мемлекеттік үлес Иесінің ұсынысы бойынша мемлекет өкілі қызметкері болып табылатын мемлекеттік мекеменің басшысымен