Об определении перечней товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются едиными организаторами государственных закупок Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16127 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 1. Мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі* р/с № Ата­уы 1 Та­у­ар­лар: 1.1 тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер ор­та­лық ат­қа­ру­шы және өзге де ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар (ве­дом­ство­лар мен олар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі, рес­пуб­ли­ка­лық заң­ды тұ­лға­лар, сон­дай-ақ да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рі­нің) елу және одан да көп пай­ы­зы мем­ле­кет­ке ти­е­сі­лі заң­ды тұ­лға­лар және олар­мен үле­стес заң­ды тұ­лға­лар) бо­лып та­бы­ла­тын кон­курс/аук­ци­он өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы­ның рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген се­гіз мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­қан кез­де­гі та­у­ар­лар 2 Жұ­мыстар: 2.1 тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер ор­та­лық ат­қа­ру­шы және өзге де ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар (ве­дом­ство­лар мен олар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі, рес­пуб­ли­ка­лық заң­ды тұ­лға­лар, сон­дай-ақ да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рі­нің) елу және одан да көп пай­ы­зы мем­ле­кет­ке ти­е­сі­лі заң­ды тұ­лға­лар және олар­мен үле­стес заң­ды тұ­лға­лар) бо­лып та­бы­ла­тын кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы­ның рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген жиыр­ма мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­қан кез­де­гі жұ­мыстар 3 Көр­се­ті­ле­тін кыз­мет­тер: 3.1 тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер ор­та­лық ат­қа­ру­шы және өзге де ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар (ве­дом­ство­лар мен олар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі, рес­пуб­ли­ка­лық заң­ды тұ­лға­лар, сон­дай-ақ да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рі­нің) елу және одан да көп пай­ы­зы мем­ле­кет­ке ти­е­сі­лі заң­ды тұ­лға­лар және олар­мен үле­стес заң­ды тұ­лға­лар) бо­лып та­бы­ла­тын кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы­ның рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген жиыр­ма мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­қан кез­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер Ескертпе: * Осы Тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі, оның ведомстволары және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады; Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алуды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды қоспағанда жүзеге асырады.
Басқа 2. Мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі* р/с№ Ата­уы 1 Та­у­ар­лар: 1.1 об­лы­стық бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың әкім­ші­ле­рі және олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы ұй­ым­да­ры тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер бо­лып та­бы­ла­тын кон­курс/аук­ци­он тә­сі­лі­мен мем­ле­кет­тік са­тып алу жү­зе­ге асы­ры­ла­тын та­у­ар­лар 1.2 тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер аудан­дық (қа­ла­лық) бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың әкім­ші­ле­рі, аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, ауыл­дың, кент­тің, ауыл­дық округ­тің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның әкім­ші­ле­рі және олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры бо­лып та­бы­ла­тын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген қы­рық мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен кон­курс/аук­ци­он өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы ас­қан кез­де­гі та­у­ар­лар 2 Жұ­мыстар: 2.1 об­лы­стық бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың әкім­ші­ле­рі және олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер бо­лып та­бы­ла­тын кон­курс тә­сі­лі­мен мем­ле­кет­тік са­тып алу жү­зе­ге асы­ры­ла­тын жұ­мыстар (2.4-тар­мақ­та көз­дел­ген жұ­мыстар­ды қо­с­па­ған­да) 2.2 тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер аудан­дық (қа­ла­лық) бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың әкім­ші­ле­рі, аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, ауыл­дың, кент­тің, ауыл­дық округ­тің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның әкім­ші­ле­рі және олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры бо­лып та­бы­ла­тын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген қы­рық мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы ас­қан кез­де­гі жұ­мыстар (2.3-тар­мақ­та көз­дел­ген жұ­мыстар­ды қо­с­па­ған­да) 2.3 тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер аудан­дық (қа­ла­лық) бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың әкім­ші­ле­рі және олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы ұй­ым­да­ры, аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, ауыл­дың, кент­тің, ауыл­дық округ­тің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның әкім­ші­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген төрт мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы аса­тын жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ны және (неме­се) тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ні әзір­леу 2.4 об­лы­стық ма­ңы­зы бар ав­то­мо­биль жол­да­рын ор­та­ша және ағым­да­ғы жөн­деу мен олар­ды кү­тіп-ұстау 3 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 3.1 об­лы­стық бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың әкім­ші­ле­рі және олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер бо­лып та­бы­ла­тын кон­курс тә­сі­лі­мен мем­ле­кет­тік са­тып алу жү­зе­ге асы­ры­ла­тын қыз­мет­тер (3.3-тар­мақ­та көз­дел­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да) 3.2 тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер аудан­дық (қа­ла­лық) бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың әкім­ші­ле­рі, аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, ауыл­дың, кент­тің, ауыл­дық округ­тің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның әкім­ші­ле­рі және олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры бо­лып та­бы­ла­тын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген қы­рық мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы ас­қан кез­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (3.3-тар­мақ­та көз­дел­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да) 3.3 осы Тіз­бе­нің 2.1, 2.2 және 2.4-тар­мақ­та­ры­на сәй­кес мем­ле­кет­тік са­тып алу жү­зе­ге асы­ры­ла­тын жұ­мыстар бой­ын­ша ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер (тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау және жо­ба­лар­ды бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер) Ескертпе: * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс, облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық мәні бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде облыстық және аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар); Осы Тізбенің 1.1, 2.1 және 3.1-тармақтарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелері үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кезде мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырады; Осы Тізбеге енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссияларды (аукциондық комиссияларды) құру арқылы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізумен келіскен жағдайда орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады; Осы Тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алуды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.
Басқа 3. Мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына 3-қосымша Мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі* р/с№ Ата­уы 1 Та­у­ар­лар: 1.1 рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің жиыр­ма мың есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен кон­курс/аук­ци­он өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы ас­қан кез­де­гі та­у­ар­лар 2 Жұ­мыстар: 2.1 рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің жиыр­ма мың есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы ас­қан кез­де­гі жұ­мыстар (2.2-тар­мақ­та көз­дел­ген жұ­мыстар­ды қо­с­па­ған­да) 2.2 жыл­дық кө­ле­мі құн­дық ша­ма­да рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің он мың есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы ас­қан кез­де­гі жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ны және (неме­се) тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ні әзір­леу 3 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 3.1 рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің жиыр­ма мың есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы ас­қан кез­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (3.2-тар­мақ­та көз­дел­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да) 3.2 рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің екі мың есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот со­ма­сы аса­тын ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер (тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау және жо­ба­лар­ды бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер) Ескертпе: * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті республикалық маңызы бар қала мен астананың тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырады (оның ішінде коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар); Осы Тізбеге енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссияларды (аукциондық комиссияларды) құру арқылы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізумен келіскен жағдайда орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады; Осы Тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алуды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.
Басқа 4. Мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына 4-қосымша Мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі* р/с№ Ата­уы 1 Та­у­ар­лар: 1.1 кон­курс/аук­ци­он өт­кізу­ге бө­лін­ген лот­тың со­ма­сы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген қы­рық мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­пай­тын та­у­ар­лар 2 Жұ­мыстар: 2.1 кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот­тың со­ма­сы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген қы­рық мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­пай­тын жұ­мыстар (2.2 және 2.3-тар­мақ­тар­да көз­дел­ген жұ­мыстар­ды қо­с­па­ған­да) 2.2 кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот­тың со­ма­сы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген төрт мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­пай­тын жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ны және (неме­се) тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ні әзір­леу 2.3 аудан­дық ма­ңы­зы бар ав­то­мо­биль жол­да­рын, ел­ді ме­кен­дер­дің кө­ше­ле­рін ор­та­ша және ағым­да­ғы жөн­деу мен олар­ды кү­тіп-ұстау 3 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 3.1 кон­курс өт­кізу­ге бө­лін­ген лот­тың со­ма­сы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген қы­рық мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­пай­тын қыз­мет­тер (3.2-тар­мақ­та көз­дел­ген қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да) 3.2 осы Тіз­бе­нің 2.1 және 2.3-тар­мақ­та­ры­на сәй­кес мем­ле­кет­тік са­тып алу жү­зе­ге асы­ры­ла­тын жұ­мыстар бой­ын­ша ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер (тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау және жо­ба­лар­ды бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер) Ескертпе: * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігінің ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар); Осы Тізбенің 1.1, 2.1, 2.2 және 3.1-тармақтарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен мекемелері үшін жүзеге асырады; Осы Тізбеге енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссияларды (аукциондық комиссияларды) құру арқылы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізумен келіскен жағдайда орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады; Осы Тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алуды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.