О присуждении в честь «Дня печати» ежегодной премии акима области имени основоположника казахской журналистики, профессора Т.С. Амандосова за цикл публикаций в средствах массой информации области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Баспасөз күні" мерекесі құрметіне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік журналистік мақалалар топтамасына қазақ журналистикасының негізін салушы, профессор Т.С. Амандосов атындағы облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлығы беру туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 29 бабына сәйкес және облыс әкімінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 227 "Бұқаралық баспасөз құралдарында "Баспасөз күні" кәсіптік мерекесі құрметіне үздік журналистік мақалалар топтамасына қазақтың журналистикасының негізін салушы, профессор Т.С. Амандосов атындағы жыл сайынғы облыс әкімінің сыйлығын тағайындау туралы" шешімі негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Баспасөз күні" мерекесі құрметіне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік журналистік мақалалар топтамасына қазақ журналистикасының негізін салушы, профессор Т.С. Амандосов атындағы облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлығы берілсін.
Тармақ 2
2. Кейбір мүшелердің шығып кетуіне байланысты журналистік үздік жұмыстар анықтау комиссиясы құрамына тиісті өзгерістер енгізіліп, N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (А.әжіғалиева) облыстық мәдениет басқармасын (Б.Иманғалиев) 2002 жылға арналған бюджетте қарастырылған қаржы шегінде 2634100 "Жергілікті деңгейде халықтың мәдени демалысын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша және есептерге сәйкес 400,0 мың теңге көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2002 жылғы 24 маусымдағы N 456 шешіміне N 1 қосымша Қазақ журналистикасының негізін салушы, профессор Т.С.Амандосов атындағы облыс әкімінің сыйлығын беруде үздік журналистік шығармаларды айқындау жөніндегі комиссиясының құрамы Мүрсәлиева Тасқира Қабиқызы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия Төрайымы Қуанышқали Қабиболла Жұмабекұлы - облыстық қоғамдық қатынастар ісі жөніндегі басқармасының бастығы, төрайым орынбасары Төлеушов Әбілхан Сейтімұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бұқаралық ақпарат бөлімінің бас маманы, хатшы Комиссия мүшелері: Дәулетов Болат - Қазақстан Журналистер одағы Атырау филиалының төрағасы Елешева Гүлжан Мырзагерейқызы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бұқаралық ақпарат бөлімінің бастығы Искендирова Жұмазия Сәндібекқызы - облыс әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қорқытов Берік Ыбырашұлы - ардагер, драматург-жазушы Перов Федор Николаевич - журналистика ардагері.