О поправочных коэффициентах к ставкам платы за землю и границах зон города Уральска Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер және Орал қаласы аймағының шекаралары үшін төлемнің базалық мөлшерлемесіне түзетілген коэффициенттер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 08.02.2005 № 14-24 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 – ЗРК Заңының 6 бабындағы 13 тармағына, Қазақстан Республикасының "Жер туралы" 2001 жылғы 24 қаңтардағы №152-11- ЗРК Заңының 8 бабындағы 6 тармағына сәйкес облыстық мәслихат шешiм ЕТТI:
Тармақ 1
1. Мемлекеттiң жеке меншiкке беретiн жер учаскелерiнiң орналасқан орны, инженерлiк жабдықталу деңгейi, абаттандырылуы, жер бедерiнiң тұтастығы, қоршаған ортаның жағдайы және басқа да факторларға байланысты бағалау құнын анықтау үшiн жер және Орал қаласы аймағының шекаралары үшiн төлемнiң базалық мөлшерлемесiне түзетiлген коэффициенттер бекiтiлсiн (жалғанады).
Басқа 2. Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау үшiн жер және Орал қаласы аймағын шекаралары үшiн төлемнiң базалық мөлшерлемесiне түзетiлген коэффициенттер
Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 29 маусымдағы №22-4 шешiмiне ҚОСЫМША Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау үшiн жер және Орал қаласы аймағын шекаралары үшiн төлемнiң базалық мөлшерлемесiне түзетiлген коэффициенттер Аймақтар Аймақтың шекаралары Базалық мөлшерлемеге түзетiлген коэффиценттер 1 Шаған өзенiнiң батысынан шығысқа қарай Пугачев көшесiнiң бойымен Орал өзенiне дейiн; Орал өзенi жағалауының бойымен оңтүстiкке Горький шоқ тоғайына дейiн; шоқ тоғай бойымен Шаған өзенiне дейiн 1,0 2 Шаған өзенiндегi темiржол көпiрiнiң солтүстiк- батысынан темiр жол жерi шекарасының бойымен шығысқа Депо көшесiмен темiр жол өткелiне, АТП-1 шекарасына дейiн; оның батыс шекарасының бойымен Переволочный шоқ тоғайына дейiн; старица бойымен Орал өзенiне дейiн және оның жағалауынан Пугачев көшесiне дейiн; Пугачев көшесi бойымен Шаған өзенiне дейiн, Шаған өзенiнiң бойымен Шаған өзенiндегi темiржол көпiрiне дейiн 2,0 3 Шаған өзенiндегi темiржол көпiрiнiң солтүстiк батысынан бастап өзен жағалауымен Орал қаласының солтүстiк шекарасы бойымен Орал-Самара жолына дейiн; одан әрi осы жолмен Шолохов көшесiнiң бойымен Циалковский көшесiне дейiн; Циалковский көшесiнiң бойымен темiр жол жерiне дейiн; темiр жол жерiнен батысқа қарай (Магистрал, Локомотив көшелерi бойымен) Шаған өзенiндегi темiр жол көпiрiне дейiн 1,75 4 Депо ауданынан шығысқа темiр жол жерлерi шекарасы бойымен С. Датов көшесiне дейiн; С. Датов көшесi бойымен оңтүстiкке қарай Орал өзенiндегi көпiрге дейiн; Орал өзенiнiң бойымен старицаға дейiн; оның бойымен АТП-1-дiң батыс шекарасына Депо көшесiне дейiн; Депо көшесi бойымен Депо ауданына дейiн 1,6 5 Циалковский және Шолохов көшелерiнiң қиылысынан бастап, Шолохов көшесiнiң бойымен шығысқа, одан әрi Мәскеу көшесi бойымен жеке құрылыстар шекарасына дейiн; одан әрi оңтүстiкке темiр жол жерлерiне дейiн; темiр жол бойымен батысқа қарай Циалковский көшесiне дейiн; Циалковский көшесi бойымен солтүстiкке қарай Шолохов көшесiне дейiн 2,0 6 Орал-Самара көшесiнен бастап қаланың солтүстiк шекарасы бойымен шығысқа қарай, солтүстiк-шығыс тұрғын ауданның және Желаев өнеркәсiп торабының шағын қабатты құрылыстарын қоса отырып, қаланың шығыс шекарасы бойымен (Желаев селосынсыз) темiр жолға дейiн; темiр жол жерлерi бойымен батысқа қарай солтүстiк-шығыс ауданның жеке құрылыстар шекарасына дейiн және оның шекарасымен Мәскеу көшесi бойымен Орал-Самара трассасына дейiн 1,5 7 Чкалов және автопарк ауданындағы С. Датов көшелерiнiң қиысынан бастап темiр жол жерлерiнiң шекарасы бойымен шығысқа қарай Орал өзенiнiң Поймасына дейiн; жағалау бойымен Орал өзенiндегi көпiрге дейiн; С. Датов көшесi бойымен солтүстiкке қарай темiр жол жерлерiне дейiн 1,4 8 Зачаган поселкесiнiң жерiне аумақтың солтүстiгiн қоса отырып, Деркөл поселкесiндегi өтпе жолдан бастап темiр жол бойымен Шаған өзенiне дейiн; оның оң жағалауымен оңтүстiкке қарай сағасына дейiн; одан әрi Анисин көлiнiң, қала жерi шекарасы бойымен ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы жерлерiнiң шекарасына дейiн және одан әрi өтпелi жолға дейiн 1,4 9 Деркөл поселкесiнiң жерiне ГРС-2, Цыган поселкесi, "Белая казарма" ауданы, Деркөл, Шаған өзендерi жайылмасының жерлерiн қоса отырып, Шаған өзенiндегi темiр жол көпiрiне дейiн 1,0 10 Круглоозерный, Серебряков, Желаев, Меловые горки селоларының, басқа да елдi мекендердiң жерлерi 0,6 11 Темiр жол жерлерi