О естественных монополиях Қолданыста
Басқа 0
Табиғи монополиялар туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу;
Тармақша 2
2) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындау.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) тарифтің негізділігі;
Тармақша 2
2) табиғи монополиялар және табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтер көрсетуі салаларындағы мемлекеттік реттеудің жариялылығы мен ашықтығы.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы
заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3
3-бап. Осы Заңның қолданылуы
Тармақ 1
1. Осы Заң табиғи монополиялар субъектiлерi ұсынатын Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер нарығында туындайтын қатынастарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңда қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 3
3. Осы Заңмен табиғи монополиялар салаларына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісіне қызметті мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатысты ғана қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Заңның күші табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:
Тармақша 1
1) қызметі өз мұқтаждарына ғана арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;
Тармақша 2
2) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызметі жиынтығында мынадай:
осындай қызметтен түсетін кірістер күнтізбелік бір жылда барлық қызметтен түсетін кірістердің 1 пайызынан аспауға тиіс;
2012 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болған тарифтің деңгейін ұстап-тұру шарттары сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды.
Бап 4
4-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау – бекітілген тарифте және (немесе) бекітілген тарифтік сметада амортизациялық аударымдар есебінен көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтердегі күрделі қаржы салымдарымен және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтарумен байланысы жоқ мақсаттарға жіберу;
Тармақша 3
3) бақыланатын шығындар – табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты, шамасы табиғи монополия субъектісінің қызметіне қатысты болатын шығындары;
Тармақша 4
4) бақыланбайтын шығындар – табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты, шамасы табиғи монополия субъектісінің қызметіне қатысты емес шығындары;
Тармақша 5
5) есепке алу аспабы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке және (немесе) үй бойынша ортақ тұтынуды коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
Тармақша 6
6) жария тыңдаулар – тариф жобасын, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын талқылау және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер беруді өткізу рәсімі;
Тармақша 7
7) инвестициялық бағдарлама – инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуден немесе табиғи монополия субъектісі қызметінің көрсеткіштерін қолда бар деңгейде сақтаудан көрінетін техникалық-экономикалық және (немесе) экологиялық нәтиже алу мақсатында табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, ұстап-тұруға және жаңа активтерін жасауға бағытталатын қаражатты салу және қайтару жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Тармақша 8
8) индекстеу әдісі – қуаты аз табиғи монополия субъектісінің бекітілген тарифті жыл сайын индекстеуі арқылы тарифті қалыптастыру;
Тармақша 9
9) қоғамдық мониторинг – қоғамдық ұйымдар мен өзге де мүдделі тұлғалардың бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталу және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу барысын байқау тетігі;
Тармақша 10
10) қуаты аз табиғи монополия субъектісі – мынадай:
орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын, жалпы белгіленген қуаты сағатына жиырма Г/кал-ды қоса алғанға дейін болатын жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі;
көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;
көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;
бәсекелес кірме жол болмаған кезде көлемі жылына елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар;
көлемі жылына жиырма бес миллион кВт сағатқа дейін электр энергиясын беру жөніндегі;
әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылардың саны жылына үш жүз мың адамнан аз болатын әуежайлар бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектiсi.
Қуаты аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жылда табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің 5 пайызынан аспайтын ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаты аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;
Тармақша 11
11) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері – магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге индекстер түрінде тарифтердің ең жоғары және ең төмен деңгейлері;
Тармақша 11-1
11-1) негізделмеген кіріс – уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті асырып көрсету, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспабының көрсеткіштері, тұтыну көлемі, шамасы және нормалары бойынша құқыққа сыйымсыз есепке жазу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану, уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшердің бес пайызынан астамға тарифтік смета шығындарының баптарын орындамау, инвестициялық бағдарламаларды орындауға тарифтік сметада көзделген қаражатты игермеу немесе мақсатсыз пайдалану нәтижесінде субъект алған қосымша кіріс;
Тармақша 12
12) өтінім – табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға тарифті бекіту туралы өтініші;
Тармақша 13
13) реттеліп көрсетілетін қызметтер – табиғи монополиялар салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын және уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 14
14) тарифтің болжамды индексі – тарифтің жол берілетін деңгейін оның болжамын есептеу жолымен айқындайтын көрсеткіш;
Тармақша 15
15) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштері – тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну процесінің технологиялық және өзге де объективтік өлшемдерін қамтитын реттеліп көрсетілетін қызметтерді бағалау, оның ішінде тәуелсіз сыртқы бағалауға жататын өлшемшарттарының жиынтығы;
Тармақша 16
16) стратегиялық тауарлар:
табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут және дизель отыны;
топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде ысырапты өтеу үшін электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру, беру және тарату және өткізу салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер ескерілген электр энергиясы;
жылу энергиясын өткізу саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы;
тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ;
сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – су;
Тармақша 17
17) стратегиялық тауар өндірушілер – мынадай:
стратегиялық тауарларды өндіретін;
стратегиялық тауарларды өндіруге (қайта өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иелері болып табылатын;
тікелей шетелдік өндірушінің атынан Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды өткізетін жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 18
18) табиғи монополия – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі;
Тармақша 19
19) табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер – ғимараттарда табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың, жылыту және (немесе) ыстық сумен жабдықтау мақсаттары үшін
жылу энергиясын өткізудің реттеліп көрсетілетін қызметтері;
Тармақша 20
20) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштері – табиғи монополия субъектісі қызметі нәтижелерінің және тарифті қалыптастыру кезінде ескерілетін оның экономикалық, басқарушылық, өндірістік шығасыларының арақатынасы;
Тармақша 21
21) табиғи монополия субъектісі – тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 22
22) тариф – реттеліп көрсетілетін қызмет құнының ақшалай мәні;
Тармақша 23
23) табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісі – тарифті қалыптастыру кезінде қолданылатын әдіс;
Тармақша 24
24) тарифтік реттеудің шығындық әдісі – табиғи монополия субъектісінің баптар бойынша айқындалған, экономикалық негізделген шығындарына және пайдасына қарай тарифті қалыптастыру әдісі;
Тармақша 25
25) тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі – реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін сақтауға және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қарай тарифті қалыптастыру әдісі;
Тармақша 26
26) тарифтік смета – уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің кірістерінің, шығыстарының және көлемдерінің тізбесі;
Тармақша 27
27) тарифті саралау – тұтынудың, оның ішінде тұтынушылар тобының шарттарына қарай тарифтің әртүрлі деңгейін белгілеу;
Тармақша 28
28) тозуды есепке жазудың тікелей әдісі – амортизацияның жылдық сомасы амортизацияланатын құнды негізгі құралдар мен материалдық емес активтер объектісінің пайдалы қолдану мерзіміне бөлумен айқындалатын амортизация әдісі;
Тармақша 29
29) тұтынушы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалану ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 30
30) уақытша өтемдік тариф – тұтынушыларға қаражатты қайтару мақсатында уәкілетті орган белгілі бір мерзімге бекітетін тариф;
Тармақша 31
31) уақытша төмендету коэффициенті – тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган бекіткен және тарифке қолданылатын шама;
Тармақша 32
32) уәкілетті орган – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 32-1
32-1) уәкілетті органның
цифрлық жүйесі – табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы тарифтік реттеу жүйесі;
Тармақша 33
33) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық жүйе.
Бап 5
5-бап. Табиғи монополиялар салалары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар салаларына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;
Тармақша 3
3) электр энергиясын беру жөнiндегi;
Тармақша 4
4) топырақтың жылуын,
жерүсті және жерасты су объектілерін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі;
Тармақша 5
5) электр энергиясын желiге беруді техникалық диспетчерлендiру және тұтыну жөніндегі;
Тармақша 6
6) электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 7
7) жүктерді контейнерлермен тасу, бос контейнерлерді тасу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;
Тармақша 8
8) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың;
Тармақша 9
9) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;
Тармақша 10
10) халықаралық және транзиттік ұшуға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның;
Тармақша 11
11) портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттардың;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтері;
Тармақша 13
13) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 14
14) сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері жатады.
Тармақ 2
2. Табиғи монополиялар субъектiлерi реттеліп көрсетiлетiн қызметтерін көрсете отырып, Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзуге жатады.
Тармақ 3
3. Табиғи монополиялар салаларын кеңейту Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ
ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ
ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 6
6-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті
мемлекеттік реттеу
Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу:
Тармақша 1
1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту;
Тармақша 3
3) табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістерін айқындау;
Тармақша 4
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау;
Тармақша 5
5) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Бап 7
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Бап 8
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи монополиялар салаларының жай-күйі туралы, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер ұсынады;
Тармақша 4
4) Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 4-1
4-1) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылған деректері негізінде сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 5
5) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7-1
7-1) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7-2
7-2) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты
іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7-3
7-3) қызметтер көрсету регламенттерін үлгілік регламентке сәйкестігі тұрғысынан келіседі;
Тармақша 7-4
7-4) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) өтінімді қарауға қабылдайды не оны қабылдаудан бас тартады;
Тармақша 9
9) өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды
және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, жария тыңдаулар өткізеді;
Тармақша 10
10) осы Заңда көзделген жағдайларда тарифті бекітеді;
Тармақша 11
11) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындайды;
Тармақша 12
12) тарифтік сметаны бекітеді және өзі бекіткен тарифтік сметаға өзгерістер енгізеді;
Тармақша 13
13) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және
13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын өзге мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру
және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер бөлігінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітуді және бекітілген бағдарламасына өзгерістер енгізуді су қорын
қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
Тармақша 15
15) уақытша өтемдік тарифті бекітеді;
Тармақша 16
16) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім береді, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдайды;
Тармақша 17
17) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17-1
17-1) энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17-1
17-1) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптарды айқындайды;
Тармақша 18
18) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен және табиғи монополия субъектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін, оның ішінде өтініштерді қарау және мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;
Тармақша 20
20) табиғи монополиялар субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізеді;
Тармақша 20-1
20-1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін келіседі;
Тармақша 21
21) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнеді;
Тармақша 22
22) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізеді;
Тармақша 23
23) табиғи монополиялар субъектілері мен тұтынушылардың өтініштерін қарайды;
Тармақша 24
24) тарифті қалыптастыру бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобаларын, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;
Тармақша 24-1
24-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі;
Тармақша 24-2
24-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық
меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі;
Тармақша 24-3
24-3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға,
жергілікті атқарушы органға мүлікті сенімгерлік басқару шартын және (немесе) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті беру шартын келіседі;
Тармақша 24-4
24-4) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келіседі;
Тармақша 24-5
24-5) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келіседі;
Тармақша 25
25) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік жергілікті атқарушы органдардан
немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан өтеусіз пайдалануға алу кезінде, оның ішінде электр желілері басқа энергия беруші ұйымдардан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алынған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен асырмай өзгеріс енгізеді;
Тармақша 26
26) уақытша төмендету коэффициентін бекітеді;
Тармақша 27
27) табиғи монополиялар салалары бойынша бес жылдық кезеңге тарифтің болжамды индексін айқындайды;
Тармақша 28
28) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерін бекітеді;
Тармақша 29
29) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін бекітеді;
Тармақша 30
30) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектеріне жыл сайын түзету жасайды;
Тармақша 31
31) табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісін айқындайды;
Тармақша 32
32) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 33
33) тарифтері тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді;
Тармақша 33-1
33-1) энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 33-2
33-2) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 34
34) табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп айына бір реттен сиретпей тұтынушыларды қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 35
35) жергілікті атқарушы органдарға есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларына келісім береді;
Тармақша 35-1
35-1) жергілікті атқарушы органдарға
немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын келіседі;
Тармақша 36
36) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау және беру жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісіне осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін төлемақы алу мөлшеріне келісім береді;
Тармақша 37
37) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9
9-бап. Өзге мемлекеттік органдардың құзыреті
Энергетика, теміржол көлігі, газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және көтерме саудада өткізу, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және тұтыну,
су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің, сондай-ақ Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
Тармақша 2-1
2-1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 2-2
2-2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру
және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 2-3
2-3) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру
және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы, сенімділігі және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін белгілеуге қатысады;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10
10-бап.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 1-1
1-1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көзделген салалардағы табиғи монополиялар субъектілерімен және энергия өндіруші ұйымдармен бірлесіп, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен салу жөніндегі инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын айқындай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 9), 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын уәкілетті органмен бірлесе отырып бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
Тармақша 2-1
2-1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 2-2
2-2) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміндегі табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша, ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 3
3) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді және олар бекітілгенге дейін бір ай бұрын жария тыңдаулар өткізеді;
Тармақша 3-1
3-1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11
11-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік
тіркелімін қалыптастыру
Тармақ 1
1. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың уәкілетті орган қалыптастыратын тізімі Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі болып табылады.
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілмеген тұлғалардың реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуына жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға реттеліп көрсетілетін қызметті тұтынушыларға ұсынуды бастаған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне өзін енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
Тармақ 3
3. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу оған табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі республикалық және жергілікті бөлімдерден тұрады.
Тармақ 5
5. Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне екі және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.
Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдеріне бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.
Аэронавигацияның, порттардың, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізіледі.
Тармақ 6
6. Реттеліп көрсетілетін қызметті өзі ұсынатын орны бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілуге жататын шетелдік заңды тұлғаны қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне табиғи монополия субъектісі дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша енгізіледі.
Тармақ 7
7. Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтатқан жағдайда, табиғи монополия субъектісі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға өзін Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен алып тастау туралы өтініш береді.
Бап 12
12-бап. Табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістері
Тармақ 1
1. Тарифті қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар салаларының мынадай тарифтік реттеу әдістері қолданылады:
Тармақша 1
1) шығындық;
Тармақша 2
2) ынталандыру;
Тармақша 3
3) индекстеу;
Тармақша 4
4) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тарифті айқындау.
Тармақ 2
2. Табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісі жиынтығында мынадай шарттар сақталған:
Тармақша 1
1) табиғи монополия саласын тарифтік реттеудің тиісті әдісін қолдануға табиғи монополия субъектісінің экономикалық және технологиялық әзірлігі болған;
Тармақша 2
2) табиғи монополия субъектісі мен тұтынушыларға олар орындай алмайтын міндеттерді жүктеуге жол берілмеген жағдайда қолданылады.
Бап 13
13-бап. Табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді
жасауына келісім беру
Тармақ 1
1. Табиғи монополия субъектісі:
Тармақша 1
1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
Тармақша 1-1
1-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
Тармақша 2
2) қайта ұйымдастыруға немесе таратуға уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
Тармақ 2
2. Табиғи монополия субъектісінің осы баптың 1-тармағында көзделген жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беруден, егер:
Тармақша 1
1) бұл тарифті жоғарылатуға алып келсе;
Тармақша 2
2) бұл тұтынушылармен жасалатын шарттардың бұзылуына алып келсе;
Тармақша 3
3) бұл тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келсе;
Тармақша 4
4) бұл реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың тығыз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуына немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуіне алып келсе;
Тармақша 4-1
4-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлік табиғи монополия субъектісінің меншігінде реттеліп көрсетілетін қызметті көрсету күнінен бастап он сегіз айдан аз болса;
Тармақша 4-2
4-2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға бекітілген уақытша өтемдік тарифке сәйкес өтеуді жүргізбесе;
Тармақша 5
5) осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылса не ұсынылған құжаттарда анық емес ақпарат (мәліметтер) қамтылса, бас тартылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста
есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының
0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну
үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға уәкілетті органның келісімін алу үшін табиғи монополия субъектісі иеліктен шығарылатын объектілер бойынша бөліністе иеліктен шығарылатын мүліктің атауы, типі, түрі, түгендеу нөмірі, бастапқы, қалдық құны көрсетіле отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан үзінді көшірме-растауды қоса тіркей отырып қоса өтінішхат ұсынады.
Тармақ 4
4. Табиғи монополия субъектісі қайта ұйымдастыруға немесе таратуға уәкілетті органның келісімін алу үшін:
Тармақша 1
1) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің көшірмесін;
Тармақша 2
2) бөлу, бөлініп шығу кезінде – бөлу балансының көшірмесін;
Тармақша 3
3) тарату кезінде – тарату балансының көшірмесін тіркей отырып қоса өтінішхат ұсынады.
Тармақ 5
5. Осы баптың 1-тармағында көзделген жекелеген әрекеттерді жасау үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша осындай әрекеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы өтінішхатты және осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынуға міндетті.
Қуаты аз табиғи монополия субъектісі қайта ұйымдастырылғанға немесе таратылғанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпаратты жіберуге міндетті.
Тармақ 6
6. Табиғи монополия субъектісі өтінішхатқа қоса берілетін құжаттарды тізімдеме бойынша ұсынады.
Бап 14
14-бап. Табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органды
реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті
жүзеге асыруы туралы хабардар ету тәртібі
Тармақ 1
1. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде бұл жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламасы уәкілетті органға тікелей де, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы да берілуі (жіберілуі) мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. ТАРИФТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3-тарау. ТАРИФТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бап 15
15-бап. Тарифті қалыптастыру тәртібі
Тармақ 1
1. Тариф реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну бойынша шығындардың орнын толтыруды және табиғи монополия субъектісін дамытуға және оның тиімді жұмыс істеуіне және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мақсаттарға бағытталатын пайда алуды қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 2
2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тариф бес және одан көп жыл мерзімге белгіленеді.
Тармақ 2-1
2-1. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісі дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан жағдайда, уәкілетті орган тарифтерді белгілеу кезінде электр энергиясын сатып алу-сату шартының қолданылу мерзімі ішінде электр энергиясын сатып алуға табиғи монополия субъектісінің шығындарын есепке алады.
Тармақ 2-2
2-2. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көзделген салалардағы табиғи монополия субъектісінің энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, қолдау және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатын қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган тарифті бекітудің алдағы кезеңіне және табиғи монополия субъектісі борышты өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындағанға дейін тарифті бекітудің кейінгі кезеңдеріне арналған шығындарды тарифке енгізуді қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, қарыз шартының талаптары өзгерген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің тартылған қарыздары бойынша бекітілген тарифтегі шығындар көлемі өзгертілуге жатпайды.
Табиғи монополия субъектісі энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде бекітілген инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаның іс-шаралары орындалған кезде қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Тарифтің қолданылу мерзімі өткен жағдайда, табиғи монополия субъектісі, бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға тартылған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бағытталған қаражатты қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталған қаражатты (амортизациялық аударымдар мен пайданы) есепке алмастан, уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органның тарифті бекітуі үшін табиғи монополия субъектісі өтінім ұсынады.
Тармақ 5
5. Өтінім электрондық нысанда ұсынылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган өтінімді ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 7
7. Өтінімге мыналар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) тарифтің (не салалық ерекшеліктерді есепке ала отырып прейскуранттың) жобасы;
Тармақша 2
2) негіздейтін материалдар уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қоса тіркеле отырып тарифтік сметаның жобасы;
Тармақша 3
3) тарифті бекіту қажеттігі туралы анықтама-негіздеме;
Тармақша 4
4) инвестициялық бағдарламаның жобасы немесе бекітілген инвестициялық бағдарлама;
Тармақша 4-1
4-1) инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар субъектілерді жөндеу картасы;
Тармақша 5
5) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін жөндеуге бағытталған шығындар сметасы;
Тармақша 6
6) алдыңғы күнтізбелік екі жыл үшін қаржылық есептілік;
Тармақша 7
7) мыналар:
қаржы-шаруашылық қызметі туралы, инвестициялық қызмет туралы;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша алдыңғы күнтізбелік екі жыл үшін негізгі қорларының
жай-күйі туралы, еңбек бойынша жалақының құрылымы мен бөлінуі
туралы есептер;
Тармақша 8
8) шығыстардың баптар бойынша есеп-қисаптары;
Тармақша 9
9) пайданың есеп-қисабы;
Тармақша 10
10) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген персонал санының, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігінің және техникалық ысыраптардың есеп-қисаптары;
Тармақша 11
11) алдыңғы күнтізбелік жыл үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялар шешімдерінің көшірмесі;
Тармақша 12
12) бекітілген инвестициялық бағдарлама (жоба) іске асырылғанға дейін пайдаланылатын және жылдарға бөле отырып, ұзақ мерзімді кезеңде бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде пайдалануға берілетін негізгі құралдарға амортизациялық аударымдардың есеп-қисабы;
Тармақша 13
13) қарыз ресурстарын қаржыландыру және олардың орнын толтыру шарттары туралы растайтын құжаттар;
Тармақша 14
14) табиғи монополия субъектісінің жобалық қуаты және оны нақты пайдалану туралы деректер;
Тармақша 14-1
14-1)
цифрлық объектілерден алынған табиғи монополия субъектісінің қуатын нақты пайдалану туралы деректер;
Тармақша 15
15) реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын көлемін растайтын құжаттар (реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынудың
нақты көлемдері көрсетілген шарттардың тізілімі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемдерінің төмендегенін растайтын
құжаттар, жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті және табиғи монополия субъектісінің мүмкіндіктері, тарифтер деңгейін ұстап-тұру немесе өсіру мақсатында көлемдерді төмендетуге жол бермеу негізінде
реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемдерінің есеп-қисаптары, тұтынушылық сұранысты маркетингтік зерттеу материалдары);
Жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген жылумен жабдықтауды дамыту схемалары да реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған көлемін растайтын құжаттар болып табылады;
Тармақша 16
16) өтінім ұсынудың алдындағы төрт тоқсан үшін және алдыңғы күнтізбелік жыл үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің шығындары туралы және көлемдері туралы нақты деректерді растайтын құжаттар.
Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып тарифті бекіту кезінде өтінімге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 6), 7),
9), 10), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген құжаттар,
сондай-ақ негіздейтін материалдарды қоса тіркей отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің жобалары қоса беріледі.
Тармақ 8
8. Тізбесін уәкілетті орган айқындайтын табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданылатын тарифтерді бекіту жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданылатын тарифті бекітуге өтінім ұсынуға құқылы.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей қоса берілетін есеп-қисаптар мен негіздейтін материалдардың толықтығын осы баптың 7-тармағына сәйкестігіне тексереді және табиғи монополия субъектісіне өтінімнің қарауға қабылданғаны немесе осы баптың 11-тармағына сәйкес бас тарту себептерін көрсете отырып, оны қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 10
10. Осы баптың 7-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін есеп-қисаптар мен негіздейтін материалдар мынадай рәсімдер сақтала отырып ұсынылады:
Тармақша 1
1) тігіледі, нөмірленеді және табиғи монополия субъектісінің басшысы не оны алмастыратын адам, не табиғи монополия субъектісі басшысының орынбасары қол қояды. Бұл талап өтінімді электрондық нысанда ұсынуға қолданылмайды;
Тармақша 2
2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындалады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектісі тарифті, тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінімге қоса берілетін, сондай-ақ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерге қоса берілетін есеп-қисаптардың, құжаттардың, ақпараттың және басқа да материалдардың толықтығы, негізділігі мен анықтығы үшін жауапты болады.
Тармақ 11
11. Өтінімді қабылдаудан бас тартуға мыналар негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектісінің осы баптың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың осы баптың 10-тармағына сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) осы Заңның 25-бабының 7-тармағында көзделмеген мәліметтерді коммерциялық құпияға жатқызу.
Тармақ 12
12. Өтінімді қараған кезде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны табиғи монополия субъектісінен мерзімді, бірақ кемінде бес жұмыс күнін белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.
Тармақ 13
13. Жария тыңдауларды уәкілетті орган тарифті бекіту кезінде – тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, тарифті оңайлатылған тәртіппен бекіту кезінде, сондай-ақ осы Заңның 22-бабы
1-тармағының 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізеді.
Тармақ 14
14. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
тарифтің және тарифтік сметаның жобаларын;
экономикалық негізделген есеп-қисаптармен бірге тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган өтінімді қараудың қорытындысы бойынша тарифтің, тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның жобаларын түзетуге құқылы.
Тармақ 16
16. Бекітілетін кезде тариф:
Тармақша 1
1) тұтынушының есепке алу аспабының болуына немесе болмауына;
Тармақша 2
2) тұтынушылар тобына;
Тармақша 3
3) таситын жүктердің түріне, жылжымалы құрамның типіне, тасудың арақашықтығына, таситын жүктердің көлеміне (салмағына) қарай саралануы мүмкін.
Тармақ 16-1
16-1. Табиғи монополия субъектісі тарифті саралауды қолдану кезінде алынған қосымша кірісті инвестициялық бағдарламаны ұлғайтуға жұмсауға міндетті.
Тармақ 17
17. Тарифті бекіту туралы шешім табиғи монополия субъектісіне оны бекіту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жіберіледі.
Тарифті бекіту туралы шешіммен бірге табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге ұсынған шығындар, пайда және бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының баптарына өзгерістер мен нақтылаулардың негіздемесі жіберіледі.
Тармақ 18
18. Тариф, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тариф бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 19
19. Табиғи монополия субъектісі тарифтің бекітілгені туралы ақпаратты ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.
Тармақ 20
20. Егер табиғи монополия субъектісі осы Заңда белгіленген мерзімдерде тұтынушыға тарифтің енгізілетіні туралы хабарламаса, онда көрсетілген тариф уәкілетті органның шешімінде көрсетілген күннен бастап енгізілмейді. Бекітілген тарифті енгізу тариф бекітілген айдан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға тарифті жоғарылатпай бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы электрондық нысандағы өтінішпен ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейін жүгінуге құқылы.
Тармақ 22
22. Тарифтерді қалыптастыру қағидалары мыналарды айқындайды:
Тармақша 1
1) осы Заңда көзделген табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістері ескерілген тарифті есептеу тетігі;
Тармақша 2
2) уақытша өтемдік тарифті бекіту тәртібі;
Тармақша 3
3) тарифті саралау тәртібі;
Тармақша 4
4) тарифті оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібі;
Тармақша 5
5) инвестициялық бағдарламаны және оның өзгерісін бекіту тәртібі;
Тармақша 6
6) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тарифті айқындау тәртібі;
Тармақша 7
7) уақытша төмендету коэффициентін бекіту тәртібі;
Тармақша 8
8) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібі;
Тармақша 8-1
8-1) үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алуға, орнатуға, салыстырып тексеруге және ағымдағы пайдалануға арналған шығындарды жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және іске асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифіне ендіру тәртібі;
Тармақша 9
9) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу тәртібі;
Тармақша 10
10) табиғи монополия субъектісі пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау тәртібі;
Тармақша 11
11) уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібі;
Тармақша 12
12) тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесі, тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу тәртібі;
Тармақша 13
13) тарифті индекстеу тәртібі;
Тармақша 14
14) тариф, тарифтік смета, инвестициялық бағдарлама жобаларының, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептердің нысандары;
Тармақша 15
15) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін есептеудің және оларды жыл сайынғы түзетудің тетігі;
Тармақша 16
16) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін қолдану тәртібі;
Тармақша 17
17) тарифтің болжамды индексін есептеу және қолдану тәртібі.
Тармақ 23
23. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары мыналарды айқындайды:
Тармақша 1
1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және одан алып тастау тәртібі;
Тармақша 2
2) жария тыңдаулар өткізу тәртібі;
Тармақша 3
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау тәртібі;
Тармақша 4
4) табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды өткізу тәртібі;
Тармақша 5
5) реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету тәртібі;
Тармақша 6
6) тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін өткізу тәртібі;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің бар екендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтердің инженерлік коммуникацияларының схемаларын орналастыру тәртібі;
Тармақша 8
8) есепке алу аспабын сатып алу және орнату үшін төлемақыны келісу тәртібі;
Тармақша 9
9) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін бекіту тәртібі;
Тармақша 10
10) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 11
11) мыналардың:
егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмiлелер жасауға және табиғи монополия субъектiсін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру туралы өтінішхаттардың;
табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы:
бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы;
бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы;
реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы;
табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерінің нысандары;
Тармақша 12
12) тұтынушыларға және (немесе) уәкілетті органға тариф, оның өзгергені туралы хабарлау тәртібі;
Тармақша 13
13) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін бекіту тәртібі;
Тармақша 13-1
13-1) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптар;
Тармақша 14
14) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізу тәртібі;
Тармақша 15
15) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібі;
Тармақша 16
16) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес табиғи монополия субъектісіне берілетін мүлікті беру шартын келісу тәртібі;
Тармақша 17
17) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын келісу тәртібі.
Тармақ 24
24. Тарифтерді қалыптастыру тәсілдері:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның тарифті бекітуі;
Тармақша 2
2) табиғи монополия субъектісінің тарифті белгілеуі;
Тармақша 3
3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тарифті айқындау.
Бап 16
16-бап. Тарифтік реттеудің шығындық әдісі
Тармақ 1
1. Тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданылатын тарифті уәкілетті орган экономикалық негізделген шығындар мен пайданы айқындау жолымен бес және одан көп жыл мерзімге бекітеді.
Тармақ 2
2. Тарифтік реттеудің шығындық әдісі мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) экономикалық негізділігін ескере отырып, тарифте есепке алынатын шығындардың түрлері мен мөлшерлерін шектеу;
Тармақша 2
2) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде айқындалған, олар болған жағдайда шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды, персоналдың нормативтік санын қолдану;
Тармақша 3
3) жылдарға бөле отырып тарифтік сметаны бекіту;
Тармақша 4
4) тозуды есепке жазудың тікелей әдісін қолдану;
Тармақша 5
5) осы Заңның 23-бабына және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес табиғи монополия субъектісінің сатып алуларды өткізуі;
Тармақша 6
6) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде тартылған активтерінің баланстық немесе қайта бағаланған құнын және уәкілетті орган айқындаған әдіс бойынша есептелген пайда мөлшерлемесін және бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражат көлемін ескере отырып пайданың жол берілетін деңгейін айқындау;
Тармақша 7
7) инвестициялық бағдарламаны бекіту;
Тармақша 8
8) бекітілген тарифтік смета шығындарының баптарын орындамағаны, амортизациялық аударымдардың және бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының қаражатын мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту.
Бап 17
17-бап. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі
Тармақ 1
1. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданылатын тарифті уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін ескере отырып, бес және одан көп жыл мерзімге бекітеді.
Тармақ 2
2. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) экономикалық негізділігін ескере отырып, тарифте есепке алынатын шығындардың түрлері мен мөлшерлерін шектеу;
Тармақша 2
2) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде айқындалған, олар болған жағдайда шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды, персоналдың нормативтік санын қолдану.
Осы тармақшаның күші тарифтік реттеудің шығындық әдісінен тарифтік реттеудің ынталандыру әдісіне өткен жағдайда тарифті бекіту кезінде қолданылады;
Тармақша 3
3) бақыланатын және бақыланбайтын шығындарды айқындау;
Тармақша 4
4) бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін уақытша өтемдік тарифті және бақыланбайтын шығындарды бекіту;
Тармақша 5
5) инвестицияланған капиталды қайтаруды және инвестицияланған капиталдың кірістілік нормаларын, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуы кезінде тартылған активтерінің баланстық құнын және уәкілетті орган айқындаған әдіс бойынша есептелген пайда мөлшерлемесін ескере отырып пайданы айқындау;
Тармақша 6
6) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін айқындау;
Тармақша 7
7) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін айқындау;
Тармақша 8
8) тозуды есепке жазудың тікелей әдісін қолдану;
Тармақша 9
9) инвестициялық бағдарламаны бекіту;
Тармақша 10
10) экономикалық және технологиялық тұрғыдан оң әсер алу мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге, қазіргі заманғы инфрақұрылым құруға және оны дамытуға бағытталған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде инновацияларды енгізу.
Тармақ 3
3. Осы Заңда және тарифтерді қалыптастыру қағидаларында белгіленген тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті есептеу тетігіне қолданылмайтын осы Заңның жекелеген талаптары, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тариф бекітілген табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
Бап 18
18-бап. Индекстеу әдісі
Тармақ 1
1. Индекстеу әдісі қолданылатын тарифті қуаты аз табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифті уәкілетті орган айқындайтын деңгейден асырмай индекстеу жолымен жыл сайын белгілейді.
Тармақ 2
2. Тарифті индекстеу деңгейі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму өлшемдері ескеріле отырып, жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей айқындалады.
Бап 19. 19-бап. Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік
шарты негізінде тарифті айқындау
19-бап. Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік
шарты негізінде тарифті айқындау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын қарау кезінде тариф реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті шығындар құнынан төмен болмауға, сондай-ақ мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес салған инвестициялардың қайтарылуын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес салынған инвестициялардың кірістілік деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 2
2. Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, бекітілген инвестициялық бағдарлама негізінде тарифті айқындау тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Тарифті айқындау мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің немесе уәкілетті органның бастамасымен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Тарифтің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламаны және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын іске асыру мерзімінен аспайтын кезеңге белгіленеді.
Бап 20
20-бап. Тарифтi оңайлатылған тәртiппен бекiту
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) алғаш рет құрылған табиғи монополия субъектісінің;
Тармақша 2
2) жаңа реттелетін қызметті (жаңа реттелетін қызметтерді) көрсететін табиғи монополия субъектісінің;
Тармақша 3
3) егер қолданыстағы тариф объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерді және (немесе) учаскелерді сатып алған (салған) жағдайда;
Тармақша 3-1
3-1) көрсетілетін қызметтеріне субъектіге тариф бекітілген кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдардың жаңа учаскелері сатып алынған (салынған) жағдайда;
Тармақша 4
4) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетiлетiн қызметiне тарифтi оңайлатылған тәртiппен бекітедi.
Тармақ 2
2. Өтінімді қарау ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.
Тармақ 4
4. Оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифті қолданысқа енгізу тариф бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Осы баптың 1-тармағында аталған табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тариф тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданыла отырып, күнтізбелік бір жылға бекітіледі.
Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері үшін оңайлатылған тәртіппен бекітілген тариф көтерілген жағдайда, уәкілетті орган жаңа тарифтерді енгізумен бір мезгілде табиғи монополиялар субъектілерінің негізсіз алған кірісін тұтынушыларға өтеу туралы шешім қабылдауға міндетті.
Тармақ 6
6. Осы баптың 1-тармағында аталған табиғи монополиялар субъектілері тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін қамтитын ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарлайды.
Тармақ 7
7. Жасалған мәміленің немесе банкрот деп танылған борышкер − табиғи монополия субъектісінің мүліктік массасын өткізудің нәтижесінде оның активтері өз меншігіне түскен табиғи монополия субъектісі жаңа тариф бекітілгенге дейін, бірақ активтер түскен күннен бастап алты айдан асырмай, осы активтердің алдыңғы меншік иесі үшін бекітілген тариф бойынша тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуды жалғастырады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган тариф оңайлатылған тәртіппен бекітілетін кезде ол бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.
Бап 21
21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгерту
Тармақ 1
1. Инвестициялық бағдарлама Қазақстан Республикасының даму басымдықтары және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері ескеріле отырып әзірленеді және:
Тармақша 1
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, жаңа активтерді жасауға;
Тармақша 2
2) энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға;
Тармақша 3
3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды көздейді.
Тармақ 2
2. Инвестициялық бағдарламаны:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуі тұрғысынан;
Тармақша 2
2) құзыреті осы Заңның 9 және 10-баптарында көзделген өзге мемлекеттік орган не жергілікті атқарушы орган, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында технологиялық негізділік және реттеліп көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру тұрғысынан қарайды.
Тармақ 3
3. Инвестициялық бағдарламаның жобасын қараған кезде:
Тармақша 1
1) осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін;
Тармақша 2
2) қаржыландыру көзімен қамтамасыз етілмеген;
Тармақша 3
3) негіздейтін құжаттармен расталмаған іс-шаралар алып тасталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес инвестициялық бағдарламаның барлық іс-шараларын алып тастау инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Құзыреті осы Заңның 8, 9 және 10-баптарында көзделген уәкілетті органның, өзге мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тартуы тарифті бекітуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 4-1
4-1. Уәкілетті органның және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту қабылданады.
Тармақ 5
5. Инвестициялық бағдарлама тарифтің қолданылу мерзіміне бекітіледі.
Тармақ 6
6. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы және оны іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатының қайтарылуы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру үшін тартылған қаражаттың қайтарылуы:
тарифте есепке алынған пайданың және амортизациялық аударымдардың есебінен;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Табиғи монополия субъектісі құзыреті осы Заңның 8, 9 және
10-баптарында көзделген уәкілетті органға және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны тарифті жоғарылатпай өзгерту туралы өтінішпен ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін бір мезгілде жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік бағдарламалар және (немесе) ұлттық жобалар, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары іске асырылған жағдайда, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Уәкілетті органның және (немесе) тиісті салаларда мемлекеттік реттеуді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың табиғи монополия субъектісінің энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішін қарау тәртібі мен мерзімдері тарифті қалыптастыру қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 8
8. Табиғи монополия субъектісі бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер (шарттың екінші тарапы міндеттемелерін орындамауы, конкурсты (тендерді) өткізілмеді деп тану, еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдары) бойынша орындамаған жағдайда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдері олар іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін келесі күнтізбелік жылға ауыстырылуы мүмкін.
Бекітілген ивестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдерін қайта ауыстыруға жол берілмейді.
Бап 22
22-бап. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі
өткенге дейін өзгерту тәртібі
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге мыналар негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;
Тармақша 1-1
1-1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның және (немесе) шығындары бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген жасалған қарыз шарты талаптарының, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының өзгеруі;
Тармақша 5
5) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;
Тармақша 6
6) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе)
онымен жабдықтау жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі;
Тармақша 7
7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы;
Тармақша 8
8) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 9
9) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізбеу;
Тармақша 9-1
9-1) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік өтеусіз пайдалануға алынған жағдайда мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алуы;
Тармақша 9-2
9-2) осы тармақтың 9-3) және 9-4) тармақшаларында көзделген жағдайды қоспағанда, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі;
Тармақша 9-3
9-3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісінің бір жұмыскерінің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі.
Бұл ретте осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі өзгертуге негіз болып табылады;
Тармақша 9-4
9-4) жыл статистикасының деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің номиналдық жалақысы
Қазақстан Республикасы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің номиналдық жалақысының деңгейіне жетпеген жағдайда, бекітілген тарифтік сметада Қазақстан Республикасы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша тиісті деңгейге жеткенге дейін бір жұмыскердің жалақысы деңгейін жылына жиырма пайыздан асырмай ұлғайту есеп-қисабы қолданылады;
Тармақша 10
10) табиғи монополия субъектісіне «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» маршруты бойынша магистральдық газ құбырын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 7), 8), 9), 9-1), 9-2), 9-3), 9-4) және 10) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, шығындардың тиісті бабы өзгереді.
Осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген кезде бекітілген тарифтік сметадан тарифтерді қалыптастыру қағидаларында айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады.
Тармақ 3
3. Тарифті өзгерту уәкілетті органның бастамасы бойынша – жылына екі реттен жиілетпей, ал табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган бекіткен тарифті бекітілген энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту негізі бойынша табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге өтінім беру жөнінде қосымша бастамамен бір жыл ішінде жүгінуге құқылы.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға негіздейтін материалдармен қоса өтінім ұсынады.
Уәкілетті органның тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:
Тармақша 1
1) осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 9-2) 9-3) және 9-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
Тармақша 2
2) осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 9-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
Тармақша 3
3) осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайда, оның ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Тариф уәкілетті органның бастамасы бойынша өзгерген жағдайда, табиғи монополия субъектісі тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есеп-қисаптар мен материалдарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 5
5. Егер өтінімді қараған кезде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны мерзімді, бірақ кемінде бес жұмыс күнін белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.
Бұл ретте өтінімді қарау табиғи монополия субъектісін бұл
жөнінде хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Тармақ 6
6. Осы баптың 1-тармағына сәйкес өзгертілген тарифті қолданысқа енгізу уәкілетті орган белгілеген күннен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Осы баптың 1-тармағының 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда тариф бекітілетін кезде уәкілетті орган ол бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.
Тармақ 8
8. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда табиғи монополия субъектісі тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік
бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарлайды.
Бап 23
23-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды
жүзеге асыруы
Тармақ 1
1. Осы бап және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары мыналарды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сатып алуды;
Тармақша 2
2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алуды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын, электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта, спот-нарықта сатып алуды;
Тармақша 5
5) қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын;
Тармақша 6
6) шығындары тариф бекітілетін кезде есепке алынбайтын табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын;
Тармақша 7
7) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің сатып алуына қолданылады.
Тармақ 2
2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу электрондық сатып алудың цифрлық жүйелерінде мынадай тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) конкурс;
Тармақша 2
2) баға ұсыныстарын сұрату;
Тармақша 3
3) бір көзден алу тәсілімен;
Тармақша 4
4)
биржалық тауарды сатып алушы ретінде тауар биржаларында жүзеге асырылады.
Биржалық тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2-1
2-1. Табиғи монополия субъектісі біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөліктерге (лоттарға) бөледі.
Тармақ 2-2
2-2. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның цифрлық сатып алу платформасында жүзеге асырылады.
Тармақ 2-3
2-3. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға байланысты құқықтық қатынастардың ерекшеліктері мен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында айқындалады, оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аяқталғанға дейін қолданылады.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-12-бабына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өткізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
Тармақ 5
5. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу:
Тармақша 1
1) конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған;
Тармақша 2
2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша сатып алынған;
Тармақша 3
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған;
Тармақша 4
4) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау, оның ішінде төтенше жағдайлардың зардабын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан, аварияларды жою үшін сатып алынған;
Тармақша 5
5) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) мынадай:
Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткізілетін мүлік (активтер) сатып алынған;
Тармақша 8
Тармақша 8-1
8-1) егер тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде тартылған желілер мен жабдықтардағы аварияларды жою мақсатында осындай тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынған;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушінің бірдейлендіру, стандарттау немесе сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігі туындаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңдары арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Осы бапта реттелмеген бөлікте сатып алу табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Тармақ 8
8. Стратегиялық тауарлар сатып алуды табиғи монополия субъектiсi:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) тұтынушыларға қойылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға табиғи монополия субъектісінің сай келмеу;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алу;
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 7
8) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілдермен сатып алуға табиғи монополия субъектісі алдында міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактісін растайтын өзіне қатысты соттың шешімі заңды күшіне енген тұлғаның соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл бойы қатысуына жол берілмейді.
Бап 24
24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке
қолжетімділігі
Тармақ 1
1. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі:
Тармақша 1
1) осы Заңның 25-бабында көзделген ақпаратты табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырумен, ол болмаған жағдайда, оны уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынумен, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде орналастырумен және (немесе) оны жаңартып отырумен;
Тармақша 2
2) бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау (құрылыс салу схемасы) жобасына сай инженерлік коммуникацияларды дамыту жоспарына сәйкес табиғи монополия субъектісінің: электр, жылу энергиясын беру, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, сондай-ақ магистральдық газ құбырларына және мұнай құбырларына, газ тарату жүйелеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар берумен;
Тармақша 3
3) тұтынушының реттеліп көрсетілетін қызметке қосуға арналған техникалық шарттарды орындауымен;
Тармақша 4
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қосумен немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтумен;
Тармақша 5
5) реттелетін қызметті көрсетуге шарт жасасумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Табиғи монополия субъектісінің: электр, жылу энергиясын беру, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, сондай-ақ магистральдық газ құбырларына және мұнай құбырларына, газ тарату жүйелеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды табиғи монополия субъектісі осы Заңда белгіленген мерзімде береді.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талабы осы Заңның
5-бабы 1-тармағының 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу осы Заңның 24-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосуды қоспағанда, мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) сәулет-жоспарлау тапсырмасын, топографияны дайындау кезінде сәулет және қала құрылысы органы қалыптастыратын және электрондық нысанда табиғи монополия субъектісіне
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жіберетін, техникалық шарттарды беруге өтініш;
Тармақша 2
2) табиғи монополия субъектісінің сәулет және қала құрылысы органының техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға өтінішін қарауы;
Тармақша 3
3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы органына
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жіберуі;
Тармақша 4
4) сәулет және қала құрылысы органдары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасымен және топографиямен бірге жүзеге асыратын, техникалық шарттарды беруге өтінішті қарау нәтижесін беру;
Тармақша 5
5) тұтынушының техникалық шарттарға сәйкес жұмыстарды жүргізуі;
Тармақша 6
6) тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны және табиғи монополия субъектісі желілеріне қосуға әзірлігі туралы хабарлауы.
Тармақ 5
5. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация «цифрлық үкіметтің» веб-порталы немесе уәкілетті органның цифрлық жүйесі немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға өтінішті қабылдау астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда электрондық нысанда ғана жүзеге асырылады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін арналған ұлғайтуға техникалық шарттарды беруге өтініш қабылданған және оны қарау нәтижелері берілген кезде Мемлекеттік корпорация тұтынушыдан осы қызметтерді көрсеткені үшін төлемақы алады.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруді табиғи монополия субъектісі:
Тармақша 1
1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;
Тармақша 2
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар үш жылға беріледі және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде ұсынылады.
Тармақ 7-1
7-1. Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар ұсынылмаған жағдайда, техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініштің нысаны мен өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
Техникалық шарттар табиғи монополия субъектісінің қосылатын желілеріне, материалдарға, жабдықтарға, құрылғыларға, есепке алу аспаптарына қойылатын талаптардың түбегейлі тізбесін айқындауға тиіс.
Тармақ 9
9. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтінішті табиғи монополия субъектісі құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде «цифрлық үкімет» веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы қайтарады.
Тармақ 10
10. Реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне:
Тармақша 1
1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға;
Тармақша 2
2) реттелетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге;
Тармақша 3
3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоюға;
Тармақша 4
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасауға;
Тармақша 5
5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге;
Тармақша 6
6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтініш осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қаралады, оны қараудың қорытындылары бойынша табиғи монополия субъектісі:
Тармақша 1
1) техникалық шарттарды береді;
Тармақша 2
2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.
Тармақ 12
12. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға:
Тармақша 1
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттері болмаған;
Тармақша 2
2) табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүлік болмаған жағдайда жол беріледі.
Тармақ 13
13. Техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісі:
Тармақша 1
1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге уәжді негіздемені қоса береді;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға техникалық шарттар беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің тапшылығы немесе табиғи монополия субъектісі желілерінің немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүліктің жоқ екені есептелген уәжді негіздеме жібереді.
Тармақ 14
14. Құрылыс объектісін қосуға арналған техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосудың балама көздерін табиғи монополия субъектісі ұсынады және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес инженерлік инфрақұрылымды дамыту жоспарына сәйкес орталықтандырылған коммуникация желілеріне қосылу мерзімдерін көрсетеді.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алуға байланысты:
Тармақша 1
1) жеті жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушыға табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беруден бас тартудың негізділігін растайтын немесе табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеруге бастамашылық жасау үшін уәкілетті органға шағым берудің қажеттігі туралы хат жібереді;
Тармақша 2
2) бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің болмау фактісі анықталған немесе табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін табиғи монополия субъектісінің қажетті өзге де мүлкі болмаған кезде табиғи монополия субъектісіне экономикалық жағынан орынды болған кезде бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту және реттеліп көрсетілетін қызметке қосу үшін жағдайлар жасау қажеттігі туралы хабарлайды.
Тармақ 15-1
15-1. Техникалық шарттарды монополистердің тікелей түзетуіне жол берілмейді.
Тармақ 16
16. Жұмыстар аяқталғаннан кейін тұтынушы табиғи монополия субъектісіне жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы хабарлайды, ол ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігін тексеруді жүзеге асырады.
Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде реттеліп көрсетілетін қызметке қосу үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі құрылыс объектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзір емес екендігі туралы тұтынушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін тұтынушы жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы қайта хабарлайды.
Тармақ 18
18. Реттеліп көрсетілетін қызметке қосу мынадай жұмыстарды қамтиды:
табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні ажыратуы;
тұтынушыны қолданыстағы желіге қосуды жүргізу;
табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні қосуы.
Тармақ 19
19. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуы реттелетін қызметті көрсету туралы шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бап 24-1
24-1-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты
200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларының
энергия беруші ұйымдардың электр
желілеріне қолжетімділігі
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік субъектілерінің энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш беруі;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосу шартын жасасу және орындау.
Бұл ретте энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосылу құны (шығындар тізбесі) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосу шығындарын айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.
Бап 25
25-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін
мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы
Тармақ 1
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы:
Тармақша 1
1) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуге қатысты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырумен;
Тармақша 2
2) жария тыңдаулар өткізумен;
Тармақша 3
3) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер беруін өткізумен;
Тармақша 4
4) тұтынушылар мен уәкілетті органға тарифті қолданысқа енгізу туралы хабарлаумен;
Тармақша 5
5) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг
және техникалық сараптама жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Табиғи монополия субъектісі осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында
және (немесе) өзінің интернет-ресурсында
тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және негіздемелермен бірге табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін, оның ішінде қаржылық есептілікті орналастырады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында:
Тармақша 1
1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның құқықтық актілерін;
Тармақша 3
3) осы баптың 7-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, электрондық жеткізгіште ұсынылған қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді;
Тармақша 4
4) бекітілген, белгіленген және айқындалған тарифтерді;
Тармақша 5
5) бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды;
Тармақша 6
6) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін;
Тармақша 7
7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына берілген келісімдердің, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы қабылданған хабарламалардың тізілімін;
Тармақша 8
8) табиғи монополиялар субъектілерін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулыларды;
Тармақша 9
9) уәкілетті органның қатысуымен өткен талқылаулардың қорытындысы бойынша соттардың шешімдерін;
Тармақша 10
10) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін;
Тармақша 11
11) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін;
Тармақша 12
12) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты өзге де ақпаратты орналастырады.
Тармақ 4
4. Тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы
Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырыла отырып өткізіледі.
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi орган мерзімді баспасөз басылымында – тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулардың өткізілетін күнi мен орны туралы ақпаратты олар өткізілетін күннен күнтізбелік отыз күн бұрын, ал өзінің интернет-ресурсында тарифтің жобасын талқылау бойынша өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелерін, оның ішінде талқылаулардың стенограммаларын, қаралатын мәселелер бойынша қабылданған шешімдерімен бірге отырыстардың хаттамаларын олар өткізілген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде орналастырады.
Егер жария тыңдаулар табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді белгілеуге өтінімдер қаралатын кезде өткізілсе, уәкілетті орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты қосымша жариялайды.
Тариф индекстеу әдісімен белгіленген кезде және жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тариф айқындалған кезде табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізілерден күнтізбелік отыз күн бұрын олардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында не тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырады.
Тармақ 6
6. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың
1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер беруді өткізеді.
Тармақ 6-1
6-1. Табиғи монополия субъектілері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестер тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ақпарат береді.
Тармақ 6-2
6-2. Табиғи монополиялар субъектілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде:
Тармақша 1
1) мыналар:
резерв;
белгіленген қуат және (немесе) сыйымдылық;
бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың бар-жоғы;
желілердің өткізу қабілеттілігі;
орналасқан жері (елді мекен көшелерінің атауын көрсете отырып);
ұзындығы;
брондалған қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны және олардың брондау мерзімдері;
көрсетілетін қызметтерді түпкі тұтынушыларға ұсыну үшін технологиялық процесте пайдаланылатын бос емес қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны туралы ақпаратты;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын машинамен оқылатын түрде орналастырады және (немесе) жаңартып отырады.
Тармақ 7
7. Табиғи монополия субъектісі тарифті бекіту үшін және осы Заңда көзделген міндеттерін орындаған кезде ұсынған кез келген ақпарат коммерциялық деп танылмайды.
Тармақ 8
8. Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру жария тыңдау нысанында өткізіледі.
Тармақ 9
9. Алда есеп беруді өткізу туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі – аптасына бір реттен сиретпей шығарылатын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында, ал Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына бір реттен сиретпей шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында
және (немесе) өзінің интернет-ресурсында
ол өткізілгенге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды және ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері;
Тармақша 2
2) есеп берудің өткізілетін күні мен орны;
Тармақша 3
3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі.
Тармақ 10
10. Есеп беру өткізілуден бір ай бұрын табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға хабарлайды.
Тармақ 11
11. Алдағы есеп беруді өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін табиғи монополия субъектісі осы баптың 13-тармағында көзделген ақпаратты есеп беру өткізілуден бес жұмыс күні бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал ол болмаған жағдайда, уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынады.
Тармақ 12
12. Табиғи монополия субъектісі есеп беруге қатысуға ниет білдіргендердің барлығына өткізілетін орынға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Жария тыңдаулар, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептері онлайн-трансляция ұйымдастыру арқылы да жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіле отырып өткізіледі.
Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, табиғи монополиялар субъектілері жария тыңдауларды, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептерді онлайн-трансляциялар арқылы өткізеді.
Жария тыңдаулар онлайн-трансляциялар арқылы өткізілген кезде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жария тыңдаулардың күнін, уақытын және онлайн-трансляцияға сілтемені көрсете отырып, алдағы жария тыңдау туралы хабарландыруды орналастырады.
Егер табиғи монополия субъектісінің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті аудитке жататын болса, оны бұқаралық ақпарат құралдарында осы баптың 2-тармағында көзделген орналастыру аудит аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Табиғи монополия субъектісінің сөйлейтін сөзі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес негіздемелері бар ақпаратты қамтуға тиіс.
Тармақ 14
14. Табиғи монополия субъектісі тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы өз сөйлейтін сөзінде ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы толық түсіндірме береді.
Тармақ 15
15. Осы баптың 2-тармағында, 5-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде және 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген талаптар қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
Тарау 4. 4-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНА
ҚАТЫСУШЫЛАР
4-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНА
ҚАТЫСУШЫЛАР
Бап 26
26-бап. Табиғи монополия субъектісінің құқықтары мен
міндеттері
Тармақ 1
1. Табиғи монополия субъектісі:
Тармақша 1
1) тұтынушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілеген техникалық талаптардың сақталуын талап етуге;
Тармақша 2
2) тарифтiң қолданылу кезеңiнде барлық тұтынушылар үшiн тарифтi төмендетуге;
Тармақша 3
3) анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге немесе ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде пайда болған, іс-шаралар орындалған жағдайда бекітілген инвестициялық бағдарламада және бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес билік етуге;
Тармақша 3-1
3-1) уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ете отырып, төтенше жағдайлардың немесе авариялардың алдын алу үшін шұғыл жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген тарифтік сметада шығындар баптарын дербес қайта бөлуге;
Тармақша 3-2
3-2) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған үйге ортақ коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, салыстырып тексеру және пайдалану шығындарын тарифке енгізуге;
Тармақша 4
4) тұтынушылардан көрсеткіштерді алу және пломбалауды жүзеге асыру үшін есепке алу аспабына қолжетімділікті талап етуге;
Тармақша 5
5) уәкілетті органға – бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізу туралы өтінішпен, сондай-ақ уәкілетті және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге;
Тармақша 6
6) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне өтініммен бір мезгілде тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерінің жобасын ұсынуға;
Тармақша 7
7) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектері шеңберінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді дербес төмендетуге және жоғарылатуға;
Тармақша 8
8) уәкілетті органға тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектеріне өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес реттелетін қызметтерді көрсетуге және реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) уәкілетті органның құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, жаңаларын қабылдау немесе қолданыстағыларының күшін жою туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқамаға шағым жасауға;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге құқықтарды иеленуге құқылы.
Тармақ 2
2. Табиғи монополия субъектісі:
Тармақша 1
1) уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы, одан алып тастау туралы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішпен жүгінуге;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға осы Заңға сәйкес өтініммен жүгінуге;
Тармақша 3
3) осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға;
Тармақша 4
4) осы Заңның 24-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға;
Тармақша 5
5) тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға;
Тармақша 6
6) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге;
Тармақша 7
7) тұтынушылардан өзі ұсынатын табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшiн төлемдерді өз кассалары және (немесе) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар немесе терминалдар, ал қажет болған жағдайда төлем агенттері және (немесе) төлем ұйымдары арқылы қабылдауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 7-1
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алу аспаптарының көрсеткіштері немесе көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бойынша тұтынушыларға көрсетілген қызмет үшін есепке жазуды жүргізуге;
Тармақша 8
8) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен үлгiлік шарттарға сәйкес жеке шарттар жасасуға;
Тармақша 8-1
8-1) үлгілік шартқа сәйкес астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты
200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын электрондық нысанда ғана жасасуға;
Тармақша 9
9)
уәкілетті органмен немесе уәкілетті органның ведомствосымен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің
әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібіне сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдiстемелерiн әзiрлеуге және бекітуге;
Тармақша 10
10) реттеліп көрсетілетін қызметтердiң әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзуге;
Тармақша 11
11) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге;
Тармақша 12
12) тариф, реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты тұтынушылардың талабы бойынша ұсынуға;
Тармақша 13
13) бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп беруге;
Тармақша 14
14) осы Заңда белгіленген мерзімдерде тұтынушыларға тариф, оның өзгергені туралы хабарлауға;
Тармақша 15
15) бекітілген тарифтік сметаның шығындар баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерлердің бес пайызынан аз орындамауды және осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген тарифтік сметаны орындауға;
Тармақша 16
16) осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға;
Тармақша 17
17) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді электрондық нысанда, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті электрондық нысанда ұсынуға;
Тармақша 18
18) тариф бекітілген кезде шығындары есепке алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 23-бабына сәйкес сатып алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 18-1
18-1) сатып алу бойынша ақпаратқа бірыңғай қол жеткізу нүктесін қалыптастыру мақсатында электрондық сатып алудың цифрлық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы ақпаратты, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының цифрлық жүйесіне беруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 19
19) тұтынушылардың талабы бойынша бекітілген тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламада қамтылған ақпаратты ұсынуға;
Тармақша 20
20) тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып тариф бекітілген кезде жыл сайын, есепті кезеңнің 1 мамырынан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға есепті жылда нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді ұсынуға;
Тармақша 21
21) мыналарды:
бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің резерві, бар-жоғы туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді және осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемасын;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты (объектілер орналасқан жерлері, фото-бейне түсірілімдермен қоса орындалу сатылары, инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындау мерзімдері және құны) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыруға не ол болмаған жағдайда уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынуға;
Тармақша 21-1
21-1) осы Заңның 25-бабының 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тұрақты негізде орналастыруға және (немесе) жаңартып отыруға;
Тармақша 22
22) уәкілетті органның талабы бойынша қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынуға;
Тармақша 23
23) уәкілетті органға тариф, оның өзгергені туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабарлауға;
Тармақша 24
24) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес осы Заңның
25-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімдердегі тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында
және (немесе)
өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей орналастыруға;
Тармақша 24-1
24-1) уәкілетті органмен табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын келісуге;
Тармақша 24-2
24-2) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын уәкілетті органмен келісуге;
Тармақша 24-3
24-3) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін кредиттік келісімдерді уәкілетті органмен келісуге;
Тармақша 25
25) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы табиғи монополиялар саларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі есепті мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жыл сайын орналастыруға;
Тармақша 26
26) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 және 2-тармақтарында, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 6-1-тармағында көзделген жағдайларды және осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген реттелетін қызметті қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну, табиғи монополия субъектісінің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерін кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға беру кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) бермеуге міндетті.
Шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, сенімгерлік басқарушы суды каналдар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уәкілетті орган бекіткен тариф деңгейінен аспайтын бағада каналдар бойынша су беру жөнінде қызметтер көрсетеді;
Тармақша 27
27) тарифтің жоғарылауына алып келмеген жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелері бойынша талап ету құқығын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке байланысты талап ету құқығын басқаға бермеуге;
Тармақша 28
28) мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-1-бабының 1-тармағында көрсетілген электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сауда-саттықта иеліктен шығаруға міндетті.
Реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополия саласына жатқызылатын кірме жол иеліктен шығарылған жағдайда, осы кірме жолды иеленуші:
кірме жолдар қызметтерін көрсетуге жасалған шарттары бар тұтынушыларды тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тендердің өткізілетіні туралы жазбаша хабардар етуге;
тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алу шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп жүрген тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алу бойынша артықшылық құқық беруге міндетті.
Жұмыс істеп тұрған тұтынушылар екі және одан көп болған кезде артықшылық құқық, тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алу шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, соңғы он екі айда реттеліп көрсетілетін қызметтердің үлкен көлемін (мың вагон/км, вагон/сағат) алған тұтынушыға беріледі.
Тармақша 29
29) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифке қоспауға;
Тармақша 30
30) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау мен беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының
8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын тұтынушыларға сатып алу мен орнатуға;
Тармақша 30-1
30-1) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, бұрын пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлердің осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес үйге ортақ жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын сатып алуға, орнатуға, оларға салыстырып тексеру жүргізуге және ағымдағы пайдалануға;
Тармақша 30-2
30-2) көппәтерлі тұрғын үйдің үйге ортақ жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспабы пайдалануға берілгеннен кейін оны өтеусіз негізде өз балансына қабылдауға;
Тармақша 31
31) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау мен беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының
8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспабын сатып алғаны және орнатқаны үшін тұтынушылардан төлемақы алуға;
Тармақша 32
32) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген тұлғаларға бекітілген инвестициялық бағдарлама объектілеріне қолжетімділікті және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 33
33) кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін жеке төлемақы алмауға;
Тармақша 34
34) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар қызметтерін көрсеткені үшін тұтынушыға (контрагентке) дейінгі нақты ұзындығы бойынша төлемақы
алуға;
Тармақша 35
35) кредиттік бюроға коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің
13), 18), 21), 24) және 25)
тармақшаларында көзделген міндеттер қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
Бап 27
27-бап. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Тұтынушы:
Тармақша 1
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді осы Заңға сәйкес тарифтер бойынша сатып алуға;
Тармақша 2
2) жария тыңдауларға қатысуға;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның құқықтық актілеріне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы, жаңаларын қабылдау және (немесе) қолданыстағыларының күшiн жою туралы өтінішпен уәкiлеттi органға жүгінуге құқылы.
Тұтынушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады.
Тармақ 2
2. Тұтынушы:
Тармақша 1
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерге осы Заңға сәйкес тарифтер бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
Тармақша 2
2) есепке алу аспабы болуға;
Тармақша 3
3) табиғи монополия субъектісі өкілінің есепке алу аспабына қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау мен беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспабын сатып алуға және орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне табиғи монополия субъектісімен жеке шарттар жасасуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілеген техникалық талаптарды орындауға міндетті.
Бап 28
28-бап. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес
Тармақ 1
1. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес уәкілетті органның жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттары, уәкілетті органның және өзге мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері, сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар кіруі мүмкін.
Тармақ 3
3. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес табиғи монополиялар салаларындағы тариф белгілеудің проблемалық мәселелері жөніндегі комиссияны құруға құқылы.
Тармақ 4
4. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 5
5. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес:
Тармақша 1
1) уәкілетті органға табиғи монополиялар салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға консультативтік, әдістемелік және өзге де қолдау көрсетеді;
Тармақша 3
3) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына қатысуға қоғамдық, ғылыми және өзге де ұйымдарды тартуға жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға тарифті индекстеу деңгейін және тарифтің болжамды индексін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) уәкілетті органға табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) уәкілетті органға тарифтері тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерін тізбеге енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 7
Тармақша 8
Тармақша 9
9) уәкілетті органның қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шарттарын келіседі.
Бап 29
29-бап. Қоғамдық бірлестіктер
Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға табиғи монополиялар салаларындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар жібереді;
Тармақша 3
3) тарифтің және инвестициялық бағдарламаның жобаларын, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді уәкілетті органның қарауына қатысады;
Тармақша 4
4) тұтынушылардың және табиғи монополиялар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты таратады;
Тармақша 5
5) уәкілетті органмен, өзге мемлекеттік органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен, соттармен және өзге де тұлғалармен қатынастарда тұтынушылардың мүдделерін білдіреді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де функцияларды орындайды.
Тарау 5. 5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
Бап 30
30-бап. Мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субьектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай ден қою шараларын қолданады:
Тармақша 1
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарады;
Тармақша 3
3) материалдарды құқық қорғау және өзге де органдарға береді.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезде құқық қорғау органдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасайды.
Бап 30-1
30-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай
профилактикалық бақылау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектісі) болып табылады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды талдау және цифрлық жүйелердің, ашық дереккөздердің, бұқаралық ақпарат құралдарының деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, оларды жою туралы ұсыным жасалады.
Тармақ 6
6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Тармақ 7
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 10
10. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
Тармақ 11
11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 31
31-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы
заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқаманы табиғи монополия субъектісі нұсқамада белгіленген, алған күнінен бастап кемінде күнтізбелік он күн болуға тиіс мерзімде орындайды.
Тармақ 2
2. Табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқаманы орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган сотқа табиғи монополия субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап арызбен жүгінеді.
Тарау 6. 6-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
6-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Бап 32
32-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 33
33-бап. Уақытша өтемдік тариф
Тармақ 1
1. Уақытша өтемдік тариф:
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеру;
Тармақша 2
2) табиғи монополия субъектісі ұсынатын бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді жыл сайынғы талдау нәтижелері бойынша бекітіледі.
Тармақ 2
2. Уақытша өтемдік тарифті бекітуге мыналар негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) осы Заңға сәйкес бекітілген тарифтің асып кетуі;
Тармақша 2
2) амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;
Тармақша 3
3) бекітілген инвестициялық бағдарламаның тарифте ескерілген іс-шараларын орындамау, бұған мынадай:
бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арнап бекітілген тарифтік сметада көзделген қаражаттың толық алынбауына алып келген көлемдердің төмендеу жағдайлары жатпайды. Бұл ретте бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаудың жалпы сомасынан көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес толық алынбаған кіріс сомасы алып тасталады, негізсіз кірістің қалған сомасына уәкілетті орган уақытша өтемдік тариф енгізеді;
өткізілген конкурстық (тендерлік) рәсімдердің нәтижелері бойынша пайда болған ақшаның үнемделуі;
анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды енгізуге байланысты шығындарды үнемдеу жағдайлары жатпайды;
Тармақша 4
4) бекітілген тарифтік смета шығындары баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 5 пайызынан астамын орындамау, бұған мынадай:
анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге байланысты шығындарды үнемдеу;
табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерінің төмендеуімен байланысты шығындарды үнемдеу жағдайлары жатпайды. Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаны орындамаудың жалпы сомасынан көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес толық алынбаған кіріс сомасы алып тасталады, негізсіз кірістің қалған сомасына уәкілетті орган уақытша өтемдік тариф енгізеді;
өткізілген конкурстық (тендерлік) рәсімдердің нәтижелері бойынша пайда болған ақшаның үнемделу жағдайлары жатпайды.
Тармақ 3
3. Уақытша өтемдік тариф табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға өзі негізсіз алған кірісті, оның ішінде соттың шешімі бойынша толық өтеген жағдайда қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Уақытша өтемдік тариф шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ескеріле отырып бекітіледі.
Бап 34
34-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан
келтiрген залалдарды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар туралы заңнамасына қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға, оның iшiнде тарифтi көтеру, реттеліп көрсетiлетiн қызметті ұсынуға шарт жасасудан және орындаудан негiзсiз бас тарту арқылы залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң залалдарды өтеуiне алып келеді.
Бап 35
35-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ
оның лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз
шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген
залалдарды өтеу
Уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) табиғи монополия субъектiсiне залал келтiрілген жағдайда, ол бұл залалдардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуін талап етуге құқылы.
Тарау 7. 7-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 36
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 23-бабы 6-тармағының қолданысы 2020 жылғы
1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуы, сауда-саттықтардың нәтижелерін жеке интернет-ресурстарында орналастыруды жүзеге асыратын тауар биржалары, электрондық сауда алаңдары арқылы сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, қағаз жеткізгіште немесе сатып алу процесінің әрбір сатысы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда, уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсына отырып электрондық нысанда жүзеге асырылады.».
Тармақ 3
3. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4,
66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж.,
№ 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3,
22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3,
20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат;
№ 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3,
21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16,
83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11,
64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V,
156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат;
№ 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17, 22-құжаттар; № 14,
54-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат) күші жойылды деп танылсын.